Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы мүмкіндігінше адам құқықтары мен бостандықтары қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған заң жүйесін құруға ұмтылады. ҚР-сы Конституциясында-мемлекеттің ата заңында-Қазақстан азаматының құқықтары мен бостандықтарына жеткілікті баптар саны арналған. Халықаралық -құқықтық актілер қатарында ерекше орыңды 10 желтоқсан 1945 жылғы адам құқықтарының Жалпы Декларациясы алады. Бұл декларация БҰҰ-ның мүшесі ретіндегі Қазақстан Республикасы үшін белгілі бір мәнге ие .

Аталған құжаттың баптарын Қазақстан Республикасы заңдарымен салыстыра қарайтын болсақ, адам құқықтарының Жалпы Декларациясында ресми мәлімделген табиғи-ажыратылмайтын және тартып алынбайтын құқықтар ең алдымен ҚР-сы ата заңы-Конституциясында белгіленгендігін айтуға болады. Сонымен, декларацияның 3-бабы мынаны айтады: «әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына және қадір-қасиетіне қол сүғылмауына құқығы бар. Бұл бап ҚаЗақстан Конституциясының екінші бөлімінің 15, 16 және 17-баптарында өз көрінісін тапқан. 17-бабының 2-бөлімі Декларацияняң 59-бабын сөзбе-сөз қайталайды- «ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды».

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-14 баптарында Жалпы Декларацияның 6, 7 және 8-баптарының ережелерінің мәнісі біріктірілген, яғни адамның құқық субъектісі ретінде танылу құқығы, бәрінің заң алдындағы теңдігі, еш кемсітусіз заң көмегін алу құқығы, белгілі бір кемсітушіліктерден және кемсітушілікке арандатудан тең қорғйнысқа құқығы және адамның негізгі құқықтары бұзылған жағдайларда ұлттық соттар арқылы тиімді қалпына келтіру құқығы. «Ешкімді өз юетінше қамауға алуға, ұстауға немесе қуғынға

Права человека. Учебное пособие. Алматы. Дэнекер. 2000.

жіберуге жол берілмейді» - адам құқықтары Декларациясының 9-бабы. Бұл баптың нормасы ҚР-сыКонституциясыньщ 16-бабы 2-бөліміне сәйкес келеді: «Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен түтқындауға және қамауда ұстауға болады, түтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі». Бұл баптың мазмұны адам бостандықтарын заңсыз шектеу мүмкін еместігін көрсетеді. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясының 10 және 11-баптары ҚР-сы Қылмыстық кодексінде нақты көрсетілген. Аталған нормативтік құқықтық актінің міндеттері: «адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан; Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу» болып табылады (ҚРҚК 2-бабы, 1-бөлігі).

Қылмыстық жауаптылыққа тартылу кезінде адам әділ сотқа, кінәсіздік презумпциясына, өз құқықтарын қорғауға құқылы және аналогияны қолдануға, бір қылмыс үшін қайталап қылмыстық жауапқа тартуға жол берілмейтіндігі ҚРҚК-нің 2-6 баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 5-бабында гуманизм принциптері бекітілген: «Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланатындығын жоятын, жауаптыльіқты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзгеде жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады». Ал жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды. ҚРҚІЖК-нің 10-31-баптарында адам және азаматтың келесі құқықтары мен бостандықтары бекітілген: «адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау»(12-бап), «жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қүрметтеу» (13-бап), «адамның жеке басына тиіспеушілік» (14-бап)? «кінәсдздік презумпциясы» (19-бап), қарап шығып, қылмыстық- процессуалдық өндірістегі адам құқықтары мен бостандықтарын тиісті қорғауды қамтамасыз ететін қылмыстық процестің

негізгі принциптерін атап көрсетуге болады.

Декларацияның 12-бабы адамның жеке және отбасы өміріне өз еркімен араласуға тыйым салу принципі, тұрғын үйге қол сүғылмаушылық, оның жазысқан хаттарының құпиялылығына немесе оның абыройы мен ар намысы принциптері бекітілген. Конституцияның 18-25 баптарында Бұл құқықтар нақтыланып жазылған. Сонымен Конституцияның 18-бабы, 1-бөлігінде : «әркімнің жеке өміріне қол сүғылмауына, өзінің және отбасының құпиясының болуына, абыройы мен ар намысының қорғалуына құқығы бар» - делінген. Екінші бөлігінде «әркімнің жеке салымдар мен жинаған қаражаттарының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы» бекітілген. Аталған құқықты шектеуге тек заңда көзделген жағдайда ғана және тәртіпте жол беріледі. Конституцияның 25-бабына сәйкес: «Тұрғын үйге қол сүғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді». Дәл осылай ҚР-ның Азаматтық кодексінде айтылган. ҚРАК-нің Жалпы бөлімінің 141-146 баптары бірқатар мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау мәселелерін реттейді, яғни абырой мен ар намыс, іскерлік бедел, хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқықтарын бекітеді. ҚРҚК-нің «Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтары» деп аталатын 3-тарауында азаматтардың тең құқықтылығьің, олардың азаматтық және басқада құқықтарын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін жазалау шараларын бекіту жолымен адам және азаматтың құқықтарын қорғауға кепілдік беріледі. Конституциясының 18-бабы9 3-бөлігінде әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу құқығы бекітілген.

Адам құқықтырының Жалпы Декларациясының 13-бабында «әр мемлекеттің аумағында еркін жүріп тұру және өз қалауынша тұргылықты мекенді таңдап алу» құқыгы көрсетілген. Бұл ереже ҚР-сы Конституциясының 21-бабы5 1-

бөлігінде бекітілген, онда «ҚР-сы аумағында заңды тұрде жүрген әрбір адамның заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар»- деп жазылған. Конституциясының 13-бабының, 2 пунктісі «кез келген мемлекеттен, соның ішінде өз мемлекетінен тыс жерлерге кетуі және өз мемлекетіне қайтып оралуына» құқығы мен ұқсас. ҚР-сы заңдарындағы азаматтардың қоныс аударуын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актісі болып 13 желтоқсан 1997 ж «Халық миграциясы туралы» ҚР-ның заңы табылады.

ҚР-сы Конституциясы бойынша адамға саяси баспана берілмеседе, 1996 ж, 15 шілдедегі ҚР-сы Президентінің Жарлығымен ҚР-дағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі бекітілген. Осы Ереженің «Жалпы ережелер 1-бөлімінің 2пунктісіне сәйкес: «ҚР-сы қоғамдық-саяси қызметі, нәсілдік және ұлттық тиістілігі үшін қудалаудың баспана және қорғаныс іздейтін немесе қүрбаны болу қаупі бар, сонымен қатар халықаралық құқық нормаларында көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайларда, тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерше саяси баспана береді. Аталған құқықтық акті Жалпы Декларацияның 14-бабынның ережесін заңдастырады: «әр адамның қудалаудан басқа елдерден баспана іздеуге және сол баспананы пайдалануға құқығы бар». Екі құжаттада БҰҰ-ның принциптері мен мақсаттарына қайшы келетін әрекеттері үшін қудалауға үшырағандарға саяси баспана бермеу негіздері қарастырылған.  Әрбір адамның азаматтыққа құқығы бар.

2. Ешкімді ешқандай жағдайда азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды» - Бұл Декларацияның 15-бабында жазылған адамның ең басты азаматтық құқығы. ҚР-сы Конституциясының 10-бабының 3-бөлігінде ҚР-сы азаматының мәртебесін, азаматтықты таңдау құқығын және ҚР-сы заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген реттерді қоспағанда, бипатризманың мүмкін еместігі айқындалды.

20 желтоқсан 1991 ж «ҚР-ның азаматтығы туралы» заңы азаматтыққа қатысты пайда болатын мәселелерді шешуде басты заң актісі болады, құқықтық акті азаматтықтың ұғымына толық түсінік береді, оны алу, өзгерту және тоқтату шарттары мен әдістерін көрсетеді. ҚР-сы Конституциясының 27-бабы, 1-бөлігінде былай делінген: «неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады». Осы бап Декларацияның неке және отбасы мәселелерін реттейтін 16-бабының ережелеріне сәйкескеледі және осы халықаралық-құқықтық актінің 25-бабының 2-бөлігін қамтиды, онда «ана мен бала ерекше қамқорлық көмек алуға құқылы: некеде және некесіз туылған барлық сәбилер бірдей көмек алуы керек»-деп жазылған. Бұл мәселелер ҚР-ның 17 желтоқсан 1998 ж «Неке және отбасы» туралы заңында нақты белгіленген.

ҚР ҚК-нің 2-тарауының 131-140 баптарында отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстыр тобы және олар үшін жаза тұрлері айқындалған. Бұл тарау алғаш рет ҚРҚК-нің жобасын а енгізілген. Аталған тарауда кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс әрекеттер жасауға тарту сияқтықұқыққа қайшы әрекеттерді анықтайды. Кәмелетке толмағандарды саудаға салғаны үшін ауырлататын жағдайларды ескеріле отырып Қылмыстық кодекс мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тұрінде жаза тағайындайды. Баланы ауыстыру, бала асырап алу құпиясын жария ету, балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану, еңбекке жарамсыз жүбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару қылмыс болып танылады.

Бұл дегеніміз біздің мемлекетіміздегі адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы алға қадам.қазақстан жеке меншікке құқықты қамтамасыз ету және қорғауды жалпы мойындалған халықаралық стандарттарға ұмтыла отырып, өз заң актілерінде оның нақты анықтамасын жазған. «ҚР-сыазаматтары заңды тұрде алынған қандайда болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады»-деп жазылған ҚР-сы Конституциясының 26-бабы,  1-бөлігінде.  Әрі қарай 3бөлігінде - «соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды»-делінген.

Айта берсек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен адам құқықтары туралы халықаралық құжаттарда Мұндай сәйкестіктер көп. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қолдану және сақтаудың жолын қуушы екендігінің бір дәлелі. Мысалға, ҚР-ның 9-қыркүйек 1994 жылы қол қойған ТМД бойынша «Әлеуметтік жәнердемдерді төлеу, балалары бар отбасыларға компенсация және алимент төлеу туралы», 5 сәуір 1994 жылы қол қойылған «Ұлы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, басқа мемлекеттердің территориясындағы соғыс әрекеттерінің қатысушылары, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары үшін өзара жеңілдіктер мен кепілдіктер туралы», 26 маусым 1994 жылғы « Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы» және көптеген басқада бүрынғы ССР Одағының территориясындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында және дамытуға бағытталған келісімдерді айтуға болады. ҚР-сы адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын сақтауда халықаралық құқықтық актілердің ұлттық заңдар алдындағы басымдығын мойындайды. ҚР-сы 29 маусым 1998 жылы Қазақстан Республикасы 7 наурыз 1966 ж «Нәсілдік дискриминацияның барлық нысандарын жою туралы», 18 желтоқсан 1979 ж «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық нысандарын жою туралы», 9 желтоқсан 1948 ж «Геноцид қылмысын ескерту және ол үшін жаза туралы», 10 желтоқсан 1984 ж «Азаптауға және басқа қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір корсету не жазалау тұрлеріне қарсы» - Конвенцияларына қосылды.

Адам құқықтарының Жалпы Декларациясының 29-бабына сәйкес, «Әр адамның қоғам алдында міндеттері болады», ҚР-сы Конституциясының 34-38 баптарында Қазақстан азаматының ҚР-ның Конституциясын және заңдарын сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, заңды тұрде белгіленген салықтарды төлеу, Қазақстан Республикасын қорғау және тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау міндеттерін айқындайды.

Конституцияның «Адам және азамат» бөлімінің 39-бабында және Декларацияның 29-бабының 2-бөлігінде былай делінген: «адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін».

Адам құқықтарын қорғаудың маңызды құралы - сот. Бірақ құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету үшін жүгіну тәртіптік қиыншылықтарымен қатар сот шығындарын төлеу қажеттілігімен жүреді. Мұны шетел сарапшыларыда мойындайды, яғни демократиялық дамыган мемлекеттерде де сот процестерінің қымбаттылығына байланысты өз құқықтарын қорғауүшін адам құқықтары жөнінде өкілеттілерге ( омбудсмендерге) жүгінгенді артық көреді.

 

1.2 Әйелдер  құқықтарын қорғаудың халықаралық  механизмдері

 

   Әйел құқығын қорғау механизмдері және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.

   Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді.

   Сонымен  қатар, келіп түскен өтініштер  куәландырғандай көп жағдайларда  әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты. Неғұрлым ақталды деп мемлекет саясатының гендерлік сезімтал қоғамдық сананың дамуына жалпы бағыттылығы саналады.

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі