Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері
II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер
БҰҰ-ның Жарғысының 75-бабына сәйкес міндетінде ешқандай нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан баршаның құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеуге арналған Халықаралық қамқор жүйесі құрылды. Сондай-ақ бұл жүйе де экономикалық және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жарғы негізінде бекітілген Халықаралық әділеттік сотының көмегі арқасында әйел құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі екі халықаралық келісім де заңдық күшіне ие болды. 15 тәуелсіз соттардан тұратын БҰҰ-ның бұл мекемесі әйел құқықтарына қатысты тек біраз жағдайда ғана шешім қабылдағанымен, оның әр шешімдері түбірлі парықтардың негізін қалады. Әйел құқықтарын қорғау мәселесінде сот жағынан дүркін-дүркін шешімдер қабылданған. Бұл мәселелерді соттың қарауы, оның шешімдері әйел құқықтарына қатысты халықаралық заңдылықтарды айқындауда аса зор маңызға ие болып отыр.
БҰҰ-ның Жарғысы Хатшылықтың
міндетін де қарастырған, оған басшылық
етуге Бас Хатшы бекітілген. Бас
хатшы ұйымның әкімшілік
Сондықтан да, Кеңес өзінің бірінші сессиясында-ақ әйел құқықтары жөніндегі комиссияны құруды алға қойды. Осы кезеңнен бастап бұл «орталық комиссия» деп аталып, құрамы әрқайсысының өз жеке міндеті бар 9 мүшеден тұратын болды. Орталық комиссия Кеңеске жіберген өзінің баяндамасында комиссияның барлық мүшелері үкіметтік емес өкілдер ретінде әрекететуін ұсынғанымен, Кеңес жағынан қолдау таппайды. Кеңес өзінің екінші сессиясында Әйел құқықтары жөніндегі комиссия құрамында Кеңес сайлаған БҰҰ-на мүше 18 мемлекеттің әрқайсысынан бір өкіл болуға тиіс деп шешеді. 1946 жылғы Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің бірінші және екінші сессиясының шешімі бойынша Комиссия :
да мәселелерге сәйкес Кеңеске баяндама, ұсыныс беруге құқылы мандатқа ие болды. Сонымен бірге Кеңес комиссияға арнайы салада үкіметтік емес сарапшылардың жұмысшы тобымен немесе жеке сарапшылармен байланыс жасауға құқық береді. Бұрын 18 мүшеден тұрған Комиссияның қатарында бүгінгі күні Кеңестің бөлуімен жағрафиялық бөлініске сәйкес 53 мүше бар. Комиссия жылына бір рет шақырылып, алты апта көлемінде жұмыс жасайды. Кейінгі уақытта «Комиссия заңды түрде міндетті болатын жағдайды қамтитын, ұзаққа арналған халықаралық келісімдерді дайындау мен бірге ұсыныс жасау ықыласында өз қолына алады». Ол 1947 жылғы келісім жобасымен жұмыс жасайды. Келісімдерді дайындау шешімі, кейіннен екі жеке келісімге бөлініп, Кеңес және Бас Ассамблеядан қолдау табады. Бұл келісімдер келесі бөлімдерге жан-жақты талқыланатын болады.
Әйелдер құқықтарына байланысты жедел мәселелердің бірі-ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті сақтауға жету, сол ретте Комиссия осыны іске асыру жолын көрсетуге тиіс екендігін Кеңес ашық мәлімдейді.
Комиссия мүшелерін, үкіметтік сарапшыларын, Кеңес сайлайды. Басында 15 адамдық мүшелік қазір 45 мүшеге жетті; мүшелер Кеңес пен әйел құқықтары жөніндегі Комиссияны басқаруды сайлағандай, жағрафиялық белгіге қарай сайланады. Комиссия жылына бір рет сессия шақырады деп шешілген. 1974-1989 жыл аралығында бұл сессиялар екі жылда бір рет өткізілсе, енді 1989-2000 жыл аралығында Комиссия қайтадан жыл сайын сессия өткізетін болған.
Басынан бастап үкіметтік емес ұйымдарда болған бақылаушылар Әйел құқықтары жөніндегі Комиссияда да белсенді рөл атқарды.
1947-1948 жылғы бірінші
жиналыста, Комиссия жұмыс
1946 жылы Кеңес Әйел құқықтары жөніндегі Комиссияға жеке түрде аз ұлттарды қорғау және жікшіліктің алдын алу жөніндегі бөлімшелер құруға рұқсат еткенімен, жан-жақты талқылаулардан кейін бұл екі қызмет өте бір-біріне жақын деп шешті. Осыған байланысты, 1947 жылы қаңтар-ақпан айларындағы 1-ші сессияда, Комиссия осы екі қызметті бірден атқаратын ұйым құруға дауыс береді. Ол кейін Кеңес жағынан бекітіледі.
1949 жылы 5-сессияда қабылданған Комиссия тұжырымы бойынша, Комиссияның қызметі төмендегідей болып шешіледі:
Комиссия мен Кеңес ие болған шексіз көлемдегі өкілдік, субкомиссиялардың жікшілдікке және аз ұлттарға қатысты өкілеттілігін кеңейтті. Соңғы он жылда, субкомиссия жылына 1 рет жиналып, Комиссияға баяндама береді. Субкомиссияның мүшелері (басында 12, қазір 16) жеке мемлекет өкілдері ретінде емес, жеке қабілеттеріне байланысты сайланады. Соған қарамастан, мемлекеттер өз өкілдерін ұсынады, оларды таңдап алу ерекше ережелерге сүйеніледі (жағрафиялық өкілеттілік).
Бұл үкіметтік емес мүшелік –
субкомиссиялардың бұған
1998 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Президент! жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия БҰҰ-ның даму бағдарламасының арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Комиссияны нығайту бойынша жоба дайындалды. Осы кезден бастап БҰҰ-ның даму бағдарламасы Комиссиямен бірге белсене жұмыс істейді. Комиссия өз қызметі аясының шектелгендігі салдарынан адам құқықтары проблемалары бойынша оз мандаты шеңберінде жұмыстарды тиімді жүргізуде көп қиыншылықтар көрді. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия 12 наурыз 2003 ж ҚР-сы Президентінің Жарлығымен құрылған. Бұл Комиссия өзінің статусы бойынша елбасы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады16. Комиссияның міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық мәртебесін іске асыру үшін жағдай жасау; адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу; орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың адам жәйе азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жоніндегі қызметіне жәрдемдесу; адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясат түжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.
Комисияның
қүзіреттілігіне мыналар жатады: ҚР-сы
Президентіне және
тікелей Комиссияға жолданған өтініштерді;
адам құқықтары мен
бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша
жылдық және арнайы баяндамалар жасау;
адам құқықтарын қорғаудың тетіктерін
жетілдіру ұсыныстарын зерттеу; Қазақстанның
мүддесін қозғайтын адам құқықтары туралы
халықаралық құқықтық құжаттар бойынша
аналитикалық материалдарды, сараптамалық
қорытындыларды дайындау, адам құқықтары
бойынша маманданған халықаралық ұйымдардың
жұмысына қатысу.
Бұл Комиссияның тиімділігі шектеулі және елдегі адам құқықтары бойынша жағдайға әсерін нығайту үшін оның қызметін реформалау қажет. Ал егерде Қазақстанда омбудсман институты құрылатын болса, онда Комиссияның ролін қайта қарау қажет. Екі мекеме бір бірін толықтыра білуі керек. Адам құқықтары мәселелері бойынша үкімет құрылымында жұмыс істейтін орган, осы құрылымға тәуелді болады. Адам құқықтары бойынша тәуелсіз мекеме құру қажет, сонымен қатар осы тәуелсіз мекеменің жұмысын толықтыратын, үкімет құрылымында адам құқықтары бойынша мәселелерді қарауға міндетті үкіметтік орган құру керек. Омбудсман институты көптеген Европа, Америка, Азия елдерінде қалыптасқан. Әлемдік тәжірибе осы институттың жогары тиімділігін дәлелдеді. Тұрлі мемлекеттерде Бұл институт әр тұрлі аталады, бірақ негізгі мәні бір - адам құқықтарын мемлекеттегі шенеуніктер жағынан билікті теріс пайдалану және немқұрайлылықтан қорғау. 1992 ж Маастрих келісімі Европалық Одақ органдарының жүйесіне омбудсмен институтын енгізді. II дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігінің тәжірибесінде және қоғам санасьшда үлкен өзгерістер орын алды. Адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын атқару билігі органдарының қызметіне бақылауды және қадағалауды эқүзеге асыратын органдар жүйесінде маңызды орынды омбудсмен институты алады. Институттың негізгі принципі, оның функционалды мақсаты - адам және азаматтың құқықтарын қорғаудың құралы ретінде болу. Омбудсмен институты соттан тыс бақылау нысаны, Конституциялық қауіпсіздікті, атқару билігі қызметінің әкімшілігіне, заңдылығы мен құқықтық негізіне жария сенімді нығайтудың «адам -мемлекет, азаматтық қоғам - мемлекет» тұрғысында қалыптасқан мәселелерді жеңудің маңызды факторы. «Омбудсмен» швед сөзі, басқа адамдардың агенті, адвокаты, өкілі болған тұлға деген мағынаны білдіреді. Теорияда «омбудсмен» термині адам құқықтарын қорғау бойынша арнайы қызметтің бейнесі17. 2003 жылғы 1-қаңтардағы «Адам құқықтары жөніндегі өкілетті туралы» ҚР-ның заңының 1-бабының 1-бөлігінде былай деп көрсетілген: «Адам құқықтары жөніндегі өкілетті (бүдан әрі өкілетті) - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылау жасайтын, азаматтардың жүгінулері бойынша және өз бастамасы бойынша мемлекеттік органдар мен басқада ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік қызметкерлердің, заңды тұлғалардың' шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тексеріс жүргізуге, сонымен қатар адам және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға қүзіреттілік берілген тәуелсіз лауазымды тұлға». Омбудсмен институты немесе адам құқықтары жөнінде өкілетті - формальды емес институт, сотқа балама болып келеді, бірақ оның орнын баса алмайды. Ол адам құқықтарын белгілемейді. Омбудсмен өз қүзіреті шегінде органдардың әрекеттеріне шағымдарды алып, тергеу жүргізетін тәуелсіз, әділ үшінші жақ болып табылады. Өзінің статусы, мандаты, өкілдіктері бойынша ҚР-сы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия толық мағынада елдегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекеме болып табылмайды. Өзінің құрылу механизмі және қызмет етуі бойынша Комиссия - бұл елдегі адам құқықтарының жағдайына баға беруге, адам құқықтарының дамуындағы негативті және позитивті тенденцияларды табуға және өзінің түжырымдары жөнінде Президентті хабардар етуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Нақты адамның немесе адамдар тобының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибе жүзінде қорғауды алатын болсақ Бұл мекеменің қызметінің тиімділігі томен. Басқа елдердің әлемдік тәжірибесін ескере отырып және Париж принциптерін басшылыкка ала отырып адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелер адам құқықтары аясында нақты функцияларды жүзеге асыру үшін конституция немесе заңмен құрылатын орган болуы керек. Сонымен бірге мұндай ұлттық мекемелер жеткілікті міндеттерге және өкілеттіктерге ие болады, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша тиімді қьізмет жасау үшін қажетті тәртіппен қамтылады. Осылайша консультативті-кеңесші орган ретінде адам құқықтары жөніндегі Комиссиямен жария билікпен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша функцияларды жүзеге асыратын ұлттық мекеме ретінде омбудсмен институтының ролінің айырмашылықтары байқалады. Қазақстанда омбудсман институтын құру және қызмет ету әдістерін, нәтижесін талқылау үшін ең алдымен не қажет?
Біріншіден, осы жағдайды декларация деңгейінде емес, тәжірибеде жүзеге асыру деңгейінде жақсарту үшін жеткілікті саяси ерік қажет. Осы екі шарт билік орындарымен мойындалған жағдайдй, адам құқықтары жөніндегі бағалы, тиімді қызмет ететін ұлттық мекеме құру мәселесі қойылды. Ол мекеме кез келген атаумен құрылуы мүмкін: омбудсмен, адам құқықтары жөнінде өкілетті, азаматтар қорғаушысы, халық қорғаушысы, адам құқықтары жөніндегі өкіл және т.б. Париж принциптерін және Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы стандарттарын басшылыққа ала отырып Мұндай институт Конституцияда немесе заңда бекітілуі керек. ҚР-сы Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтарымен бостандықтары деп, ал 12-бабының 2-бөлігінде адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсалютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады деп көрсетілген, бұл осындай институтты құруға құқықтық негіз болады. Сонымен, біздің адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау аясындағы тарихи тәжірибемізді және реформалау кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып омбудсмен институтының конституциялық бекітілуі аса маңызды. Омбудсманды тагайындау не сайлаумен және осы адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекеменің есеп беруімен байланысты мәселеде маңызды. Нақты қызмет ететін омбудсмен институтын құру Бұл азаматтардың негізгі құқықтар мен бостандықтарын ең алдымен олардың жария биліктің теріс пайдалануы және бұзылуынан қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйенің қалыптасуы аясындағы үлкен талпыныс.
Адам құқықтары жөніндегі өкілеттіні Қазақстанда құру келесі негіздер бойынша қажет.
Қазіргі уақытта жұмыс істейтін ҚР-сы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия консультативті - кеңесші орган болып табылады. Оның негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы Президентінің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау. Бұл міндет комиссия мен мемлекеттің адам құқықтары аясындағы саясатын анықтауды, адам құқықтарының бұзылуының себептерін айқындау, оларды жою жөнінде ұсыныстарды зерттеуді білдіреді.
Құқық қорғау органдарына өзінің құқықтарын қорғау үшін жүгіну және шағымдар мен арыздарды қарау көптеген тәртіптік ережелерді сақтаумен бірге жүреді. Бұл органдардың коп профильді қызметі олардың әр бір бағытының тиісті тұрде процессуалды рәсімделуін заңды талап етеді.
Халықтың билікке сенімінің жоқтығы. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі көптеген қателіктер, адам құқықтарын ашықтан - ашық елемеушілік фактілері олардың құқықтары қорғалатынына сенімдерін жояды. Сондықтанда мемлекеттік органдарға құқықтарын қорғау үшін жүгіну жаппай сипатқа ие емес, өте аз. Онда да құқық бұзушылықтар төзімсіз болған жағдайда ғана.
Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі