Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

   Әйелдер  құқығын қорғау және көтермелеу  бойынша Уәкіл қызметті іске  асыру тетіктерінің бірі болып  халықаралық ұйымдармен және  қорлармен бірлесе отырып, омбудсмен  мекемелерінің жүзеге асыратын  жобалары саналады. 2005 жылғы сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның “Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.

Жоба Швецияның (классикалық  үлгі) және Литваның (аталмыш бастаманы  транзитті мемлекетте іске асыру  үлгісі) тең мүмкіндіктері бойынша  омбудсмен институтының жұмыс істеу  тәжірибесін неғұрлым терең зерделеуге, Қазақстандағы тең құқықтар мен мүмкіндіктер бойынша Уәкіл мекемесін құру мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба қызметтің арнаулы саласы – гендерлік теңдікті қамтамасыз етуде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлерін даярлау деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.

   Жоба  шеңберінде Астана және Алматы  қалаларында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл офисінің қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері – Атырау, Петропавл, Өскемен, Алматы және Шымкент қалаларындағы омбудсмен мекемелерінің серіктестері, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері үшін үш күндік тренингтер топтамасы өтті.

   Оқыту  “Көру-Түсіну-Қолдану” әдісінде  құрылған, яғни гендер туралы  хабардар болу, ерлер мен әйелдер  арасындағы теңсіздік және айырмашылық себептерін түсіну, алуан түрлі құрал-саймандарды пайдалану арқылы күнделікті жұмыста осы білімдерді қолдану Тренингте мемлекеттік басқару жүйесінде және еңбек қатынастары саласында тең мүмкіндіктер қағидасын сақтау, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау саласында жауапкершілікті енгізу, “оң кемсітушілікті” қолдану мәселелері өзектілендірілді.

   “Омбудсмен  және тең мүмкіндіктер” жобасы  шеңберінде 2005 жылдың 30 қарашасында  Уәкілдің жанындағы Консультауиялық  кеңес мүшелері және Қазақстанның әр түрлі қалаларының серіктес қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен үйрету семинары өткізілді. Семинарға қатысушылар гендерлік теңдік мәселелерін, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қорғау мен көтермелеудің, халықаралық заңнамаларында көзделген тетіктерін талқылады.

Жұмыстың келесі бағыты әйелдер құқығын қорғауға қатысты  халықаралық стандарттарды Қазақстанның орындау қажеттігі өзектілеу  болып табылады. Уәкіл мекемесі Қазақстан  Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясын өңдеуге белсенді түрде қатысты.

Әйел құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелерді халықаралық қатынастарда көптеген ұйымдар мен мемлекеттердің басты мақсаттарына айналып, олардың заңдарында, кейбір ұйымдардың бірқатар құжаттарында орын алып келеді. Алғаш рет салада қабылданған басты құжат «Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948ж.) болды.

Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының бірінші тармағында: адам баласының құндылығы: «бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізгі болып табылады»- деп көрсетілген.

Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы – адам баласы үйелменінің барлық мүшелерінің құқықтары тартып алынбайтындығын, мызғымастығын жария ететін көрнекті құжат болып табылады. Декларацияның мақсаты – осында реттелген құқықтар мен бостандықтардың жалпыға бірдей тиімді түрде мойындалуы мен сақталуын, бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы қамтамасыз ету. Әр-қилы қиянаттарға қарсы және адамның ар-намысы үшін үздіксіз күрес ғасырлар бойы келісім шарттарда, жарғыларда, үндеулерде, мәлімдемелерде орын табуы-ішкі дүниенің үстем болып, адам санасына, заңға және қоғамдық салтқа енуінің өзіндік жеңісінің белгісі. 1946 жылдың маусым айынан 1948 жылдың желтоқсан айына шейін жаңа ғана құрылған БҰҰ-ның қамқорлығымен бірқатар белгілі қоғам қайраткерлерінің үздіксіз еңбек етуінің нәтижесінде адам құқын қорғайтын ең маңызды құжат жарыққа шықты. Нью-Йорктегі, Женевадағы, тіпті Париждегі кездесулер нәтижесінде осы қайраткерлер фәлсәфәлік, құқықтық, мәдени және саяси стратегиялар мәселесін талқылады. Тіл және әдіс мәселелерін шеше отырып, олар өздерінің алдында тұрған аса мәнді де, маңызды мақсаттарға жетуді жүзеге асыра алды. Олардың күш салуының нәтижесінде 1948 жылы 10-желтоқсан күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады.

1941 жылдан бастап әйел құқықтары жөніндегі көптеген мәселелер үкіметтік емес ұйымдар, оқу орындары, кейбір мемлекеттер жағынан көтеріліп жатты.

1944 жылы 10-мамырда бірауыздан  Халықаралық жұмысшы ұйымы жікшілдікке  бөлмей, еркіндік пен адамгершілік  жағдайында баршаға бірдей әлеуметтік әділеттілікті жариялайтын Филадельфия декларациясын қабылдайды.

Сан-Францискідегі конференция  талас туғызбау ниетінде әйел құқықтарына анықтама беруге ұсыныс жасамайды. Конференция төрағасы, мұндай декларацияның жобасын бүкіләлемдік жаңа ұйымның ұсынуы ұйым үшін өте зор бедел екендігін атап өтеді.

Бүкіләлемдік әйел құқықтары туралы декларацияны дайындау жұмысы халықаралық деңгейдегі тиімді ережелердің айқын мысалы.

Декларация мәтіні 2,5 жылдай уақытта дайындалды. 1946 жылы ақпандағы адам құқығы жөніндегі Комиссияның алғашқы мандатынан, 1949 жылы 10 желтоқсанда Бас Ассамблеяның қабылдағанына дейін, осы Декларацияны қабылдау барысындағы қоғам қайраткерлерінің істеген жұмыстары, олардың қандай қиыншылықтарға тап болғанын, қандай таластар, қысымдарға кездескенін, айналып келгенде мемлекеттердің әйел құқықтары мен еркіндіктеріне деген көзқарастарын көрсетіп, мемлекеттер арасындағы қатынастармен қатар жүретін қайшылықтарды да байқатады.

БҰҰ-ның Бас хатшылығы  ең алдымен арнайы әйел құқықтары бөлімін құрды. Бұл бөлімнің басты міндеті – Әйел құқықтары жөніндегі Декларацияны дайындау барысында туған мәселелерді шешу. Осы құжатты дайындауда бұл бөлім БҰҰ-ның басқа ұйымдарына қарағанда үлкен жұмыс атқаруы қажет болды.

Бірінші тармақта атап өткендей, 1946 жылдың ақпан айында ЭКОСОС (БҰҰ) Әйел құқықтары жөнінде Комиссия құрған болатын. Ең алғашқы күннен бастап бұл Комиссияға болашақтағы жасалынатын «Адам құқы жөніндегі декларациясына» пікірлер мен нұсқаулар дайындау міндеті тұрды. Осы мақсатта 1946 жылдың ақпан айында ЭКОСОС (БҰҰ) өзінің 1-ші мәжілісінде жиналғаны белгілі. Ол өзінің әйел құқықтары саласындағы мандатын іске асыруды, тек Әйел құқықтары жөніндегі Негізгі Комиссия құру арқылы шешпекші болды. Бұл Комиссияға арнайы жүктелген міндет, халықаралық құқық декларациясына байланысты пікірлер сонымен қатар зерттеулер, талқылаулар жүргізумен айналысуы тиіс. Ал басты мақсат – адамзат тарихында теңдесі жоқ тапсырманы орындау:  яғни, біздің жер шарының әр сәбиі үшін, әр әйел мен еркек заты үшін Бүкіләлемдік әйел құқықтарының декларациясының жобасын дайындау. Бұл міндетті орындау 1947 жылдың қаңтарынан 1948 жылдың шілдесіне дейін созылған еді. Әйел құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Комиссиясы 1947 жылдың қаңтарындағы Нью-Йорк қаласында өзінің бірінші отырысын өткізгенімен, ешқайсысы оның жұмысы нәтижелі болады дегенге кепілдік бере алмаған болатын. Комиссияның ең алғашқы Төрайымы Элеонора Рузвельт ханым, БҰҰ-ның Әйел құқықтары жөніндегі комиссияда АҚШ мемлекетінің өкілі, орынбасары Рене Кассэн мырза, баяндамашы К.Неоги мырза болып сайланады. Декларация мәтіні Париж қаласында дайындалды. Декларация мәтінін жазатын өкілдер бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі мемлекеттер өкілі, яғни Ливаннан, Чилиден, Франциядан, Қытайдан, АҚШ-тан, Украинадан және т.б. болды.

Сонымен қатар бұл  Комиссияға Тұрақты Комиссия құруды дайындау және оның өкілеттік құқын, қызметінің өзгешелігін анықтау тапсырылған. Комиссия өзінің дайындаған баяндамасын арнайы талқылауға ЭКОСОС-қа жіберген болатын. 1946 жылдың маусым айындағы ЭКОСОС-тың II-ші сессиясында, баяндаманың негізінде 18 мүше мемлекеттер осы жаңа Комиссияның құрамына ұсынылады. 1946 жылдың 11-қарашасынан  10-желтоқсанға дейін ЭКОСОС өзінің III-ші сессиясында осы Комиссияның құрамына кіретін алғашқы мүшелерін сайлады.

Әйел құқықтарының Жалпыға бірдей декларациясын жарыққа шығаруда игілікті әсер еткен жағдай, оны дайындауда көрнекті жеке тұлғалардың да ат салысуы. Олардың ішінде басты рөль атқарған Комиссияның көрнекті мүшелері Элеонера Рузвельт (АҚШ), П.Ч.Чан (Қытай), Чарльз Малик (Ливан), Рене Кассэн (Франция), және де Комиссияның жұмысына елеулі көмек берген Джон Хамфри (Канада заң қызметкері, БҰҰ хатшылығының жаңадан құрылған әйел құқықтары бөлімінің директоры ) болды.

Қолда бар деректерге сүйенетін болсақ, Элеонора Рузвельт осы құжатты дайындау барысында өзінің ой-пікірлерінің тәуелсіздігімен айқындалды. «Шын мәнінде саясатты айқындаған Рузвельт ханым болды» деп жазады Джозеф Лэш өзінің «Элеонора: годы одиночества» кітабында. Бұл ханымның сол кездегі бүкіл әлемге жайылған беделі, комиссия мүшелері жағынан бірауыздан Элеонора Рузвельтті Комиссия төрайымы етіп сайлауға итермелеген сияқты.

Ал Комиссияда негізгі  баяндамашы рөлін атқарған Чарльз Малик  құжаттың қорытынды жобасын тиянақтағанымен  ерекшеленеді. Қызметтестер ішінде оның да беделі өте жоғары болып, құжатқа терең мән беруде басты қозғаушы күш ретінде болғандай. Жалпыға бірдей декларацияның мәтінін дайындауда ол үкіметтік емес ұйымдардың кең көлемде қатысуына қолдау көрсетіп, «тың ойлар мен ұсыныстар беру мақсатында, оларды бейресми кеңесшілер» ретінде болуы мүмкін деп ұсынған болатын. Әйел құқықтарына қатысты декларация тым аймақтық мәндегі көзқарасты құрамау үшін, азиялық  елдердің ой-пікірін жеткізуші екі орынбасардың бірі қытайлық П.Ч. Чан болды. Оның айтуынша «декларацияда Фома Аквинскийдің идеяларымен қатар Конфуций идеялары да көрініс табуға тиіс». Сонымен қатар оның сұхбат-талас барысында көптеген тұйыққа тірелген жағдайдың шешімін табудағы еңбегін мойындау керек.

Жобаны құрастыруда  Комиссия мен комитеттерге БҰҰ-ның  Хатшылығы Джон Хамфри арқылы қолдау көрсеткен. Ол бұл үрдіске әржақты үлес қосты, нақтылы айтатын болсақ, Хамфри 408 беттік Декларация жобасы-нобайының авторы. Бұл құжат Декларация жобасын құрастыру сатысында баға жетпес көмек жасағаны белгілі.

Ал Комиссия төрағасының  екінші орынбасары Рене Кассэн декларацияның алғашқы толық жобасын құрастырған болатын. Кейін ол қорытынды құжатта елеулі бөлімді құрады. Үкіметтік емес ұйымдардың Декларацияны дайындауға қатысуын бағалай келіп, ол «үкіметтік емес ұйымдар Декларация парықтарын өздерінің баспа құралдарында, мақалаларында, көптеген мәжілістердегі сөздерінде алғашқы болып кең көлемде талқылағандар болды»-дейді.

Жоғарыда атап өткен  осы аса ірі тұлғалар тобы көптеген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен  өте тығыз ынтымақтастықта, байланыста болды. Әйел құқықтары саласындағы іс-әрекеттер осындай ынтымақтастықтың өте дәйекті көрінісінің бірі болғаны оның нәтижесінің құндылығынан көрінеді. Осы үрдіске қатысты болған елуден астам үкіметтің өкілдері, әсіресе жобаның қорытынды құжатына өз үлестерін қосты. Жалпыға бірдей декларацияны зерттеген сарапшылардың ойынша, БҰҰ-ның қызметкерлері Элеонора Рузвельттің басшылығымен сонау 1947-1948 жылдардағы қажыған күндер мен айларда Әйел құқықтарына қатысты бүкіләлемдік декларация жөніндегі арманды жүзеге асырудағы негізгі жауапкершілікті өз мойындарына артты. Олардың тырысуының, қайшы жақтың көзқарастарын түйістіре білуінің осы жұмыстың табысты болуындағы маңызы зор. Тапсырманы орындау оңай іс еместігі қатысушы-мүшелерінің барлығына түсінікті еді. Бірыңғай әлеуметтік-экономикалық жүйедегі елдердің ішіндегі идеологиялық, мәдени және тарихи айырмашылықтардың өзі үлкен кедергі. Тек олардың барлығы бір жағдайда тең еді: 50 миллион адам өмірін әкеткен, жаңа ғана тамамдалған соғыс салдары, барлығының көңілінде бірдей ызат сызығын қалдырғандай болатын.

Бұл жұмыстың шегіне жеткенше әр қилы қиын мәселелерді шешу тұрды. Мүше мемлекеттер арасындағы көптеген мәселелердегі қайшылықтар, әсіресе  әйел құқықтары мен нәсілдік аз ұлттыларға, діни еркіндіктер, адам өмірінің басталуынан қажетті сөз еркіндігі, жеке көзқарас құқықтары және экономикалық, әлеуметтік-құқықтар рөліне қатысты әр түрлі көзқарастар комиссия жұмысына өз кезегінде кеселін тигізгені мәлім. Нақтылай түсетін болсақ, негізінен Батыс елдері мен кеңестік топтағы елдердің әйел құқықтарының негізгі парықтары, еркіндік пен демократияны сақтау саласында ерекше қарама-қайшы көзқарастары байқалды. Рузвельттің көрсетуінше, «Кеңес Одағында шынайы адам еркіндігі атымен жоқ, өйткені әйел құқықтары толығымен мемлекетке бағынған». Бұған жауап ретінде социалистік топтағы елдердің өкілдері «жекешілдікке табыну» экономикалық қанауға және сонымен бірге экономикалық құқықтар саяси құқықтарға әлде қайда маңызды бола бастады деп көрсетті. Осындай пікір таластағы британдық өкілдің жауабы: «Бұл декларация жақсы тойдырылған құлдары емес, адамзаттың үлгісі ретінде еркін адамдар келбетін қорғауға тиіс» болды. Осының өзі-ақ Декларация жобасы қызу фәлсәфәлік және идеологиялық талас негізінде жүргізілгеніне куә. Соған қарағанда әр жақ өз көзқарастарын дәлелдеу барысында үзіліссіз күні-бойы сөйлеген де кездер болған. Соның нәтижесінде Декларация мәнін қалайда өз көзқарастарына жақындатуға тырысып баққан сияқты, Комиссия төрайымы бола отырып, Элеонора Рузвельт мүше өкілдерге қажетінше еркіндік бергенімен, өзінің естелігінде жазғандай, бұл тапсырманы қалайда 1948 жылдың аяғына дейін аяқтауға бар күшін салып бақты.

Декларацияның жобасын  дайындау барысында тартыс-талас  туғызған мәселелердің қатарында әйелдер  теңдігі де ерекше орын алды. Декларацияның 1-бабының алғашқы нобайы ағылшын тілінде былай берілген: «All men are created equal»-«Барлық адамдар дүниеге тең болып келеді». Тек ағылшын тілінде «men» сөзі бірдей «еркектер» және «адамдар» деген ұғымды білдіргендіктен, Декларация мәтінін дайындауға қатысқан әйелдер жағы, Үнді мемлекетінің өкілі Мехт Хане ханымның бастауымен, бұл әйелдерді шеттетуі деп түсінілуін болдырмау мақсатында, ұзақ сұхбат-таластардан кейін екі жақты түсінікті жою үшін, жаңа тұжырымда беруге келісілді: «All human beings are born free and equal», «Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді». Сщған қарамастан әйел затына, олардың толық құқықтарымен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі деп айтуға болмайды.

Бұл құжаттың құрамындағы  баптарға қатысты тартыс-қайшылықтардан басқа, Декларация ережелері халықаралық заңдық күшіне ие бола ма деген мәселе де талас туғызған еді. Кіші мемлекеттер өкілдері Декларацияның халықаралық заңдық күшке ие болуын қалады. Ал екінші бір күшті мемлекеттер өкілдері алдымен парықтар Декларациясын қабылдауды, содан кейін заңды міндеттемелер түрінде орындайтындай келісімдерді қабылдау қажеттігін дәлелдеп бақты. Бұл топтың көзқарасы бойынша, Әйел құқықтары жөніндегі Декларацияға қол жеткізу өте күрделі, ал егер ережелерді орындауды заңды түрде міндетті қылу барлық мүшелер жағынан келісімге келуді ұзақ жылдарға созып жіберер деген қауіп еді. Бүгінгі күннің көзқарасымен қарайтын болсақ, соңғы көзқарас әлдеқайда көңілге сиярлықтай. Өйткені мүше мемлекеттердің барлығы Декларацияны заңды міндеттеме арқылы іске асыруына саяси жағынан да, экономикалық-әлеуметтік жағынан да, тіпті сана-сезімі жағынан да сол соғыстан кейінгі ауыр жылдарда дайын емес еді.

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі