Мемлекет жəне құқықтың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2012 в 17:39, реферат

Описание

Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы қоғамдық өмірдің

əртүрлі жақтарын зерттейтін қоғамдық ғылымдардың бір түрі

болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет жəне құқықтың .docx

— 316.97 Кб (Скачать документ)

император Муцухитоның жақтаушылары  (шынайы билік

Токугава руынан шыққан сегунның қолында болды) басқарды.

Сегун əскердің бас қолбасшысы болып табылды,  алайда,

императордың жақтастары жəне княздық-самурайлық топ

сегунатты құлатуды жəне имперторды қайта билік басына

əкелуді, оның атынан реформалар жүргізуді мақсат етіп қойды. 

1867  жылғы қазан айында  императорлық топтың басшы-

лары сегун Кэйкадан жоғарғы  билікті императорға беруді

талап етті. 1868  жылғы қаңтарда сегунның əскері княздық-

самурайлық əскермен шайқаста жеңілді. Императордың билігі

қалпына келтірілді.  Мэйдзи революциясы жүзеге асырылды.

Ел дамудың буржуазиялық жолына бет бұрды. 1868 жылы цех

138бойынша бөлініп жұмыс  істеу жойылып, халықтың барлығына

еркін кəсіп таңдау жəне сауда  жасау мүмкіндігі берілді. Мем-

лекет бойынша бірыңғай заңдар енгізіліп,  сословиелік артық-

шылықтар жойылды. 1871 жылы жерді еркін сату-сатып алуға

рұқсат етілді. 1872 жылы жерге  жеке меншік құқығы бекітіліп,

бірыңғай жер салығы енгізілді. 

Сол жылы Германияның үлгісі бойынша жалпы əскери

міндеттілік енгізілді,  самурайлардың  əскери қызметке деген

артықшылықты құқықтары  жойылды.  Əскер германдық үлгі

бойынша, ал флот ағылшындық үлгі бойынша құрылды. 

Ел губернияларға бөлінді,  оларды тағайындалатын губер-

наторлар басқарды.  Құқыққа  қайшы халықаралық шарттар

күшін жойды.  Саяси партиялар  құрыла бастады. 1881  жылы

либералдық партия,  бір  жыл өткен соң конституциялық ре-

формалар партиясы құрылды. 

Реформалар кешенінің  аяқталуы болып 1889 жылы консти-

туцияны қабылдау табылды.  Үлгі ретінде Пруссияның кон-

ституциясы алынды, бұл  конституция феодалдық басқару  мен

қалыптасып келе жатқан буржуазияның арасындағы келісу-

шілікті мейлінше толық көрсеткен  құжат болып табылды. 

Императордың тұлғасы  қасиетті жəне қол сұғылмайтын

ретінде жарияланды, ол министр-президентті (атқарушы билік-

тің басшысы)  жəне оның ұсынысы  бойынша министрлер

кабинетін тағайындайтын. 

Парламент екі палатадан  тұрды:  пэрлер палатасы жəне

депутаттар палатасы. Пэрлер палатасына титулдарға ие ақсүй-

ектер (мұның алдында еуропалық  титулдар енгізілген болатын:

князь,  виконт,  маркиз,  барон,  граф)  жəне император тегінің

мүшелері сайланатын.  Депутаттар палатасы сайлауда жеңген

тұлғалардан тұрды. 

1890  жылғы заңмен сайлауға  қатысу құқығы 25  жасқа

толған,  əскери міндеттілігі жоқ,  кем дегенде 15  иен тікелей

салық төлейтін жəне белгілі  бір жерде 1,5  жыл тұрғылықты

өмір сүрген жапон азаматтарына берілді.  Екі палата мен

Үкіметке де заңшығару  ынтасын білдіру құқығы берілді.  Заң

жобаларын палаталар жекелеген  отырыстарда талқылайтын

жəне көпшілік дауыспен қабылданатын. 

1391890  жылы мемлекет  үшін біртектес соттарды құруға

бағытталған заң қабылданды.  Округтарда бірінші инстанция

бойынша округтық соттар жұмыс  жасайтын болды.  Округтар

губерниялардың құрамына енді,  келесі сатыда губерниялық

соттар тұрды, одан жоғары жеті апелляциялық сот пен жоғарғы

империялық сот жұмыс  жасады.

Сонымен бір мезетте прокуратураның мəртебесі бекітлді.

Оған мынадай өкілеттіктер берілді:  алдын-ала тергеу,

мемлекеттік айыптау жəне соттарды қадағалау.  Адвокатураға

да сотта қорғаушы орган  ретінде мəртебе берілді. 1890 жылы

қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа басылымы шықты

(бірінші басылымы 1880 жылы  шыққан болатын). Император-

дың жанында Құпия кеңес  пен императордың сегунмен

соғысындағы оны жақтаушы ақсүйектерден тұрған генро

жұмыс жасады.  Бұл органдардың  құрамында əскери ақсүйек-

тердің орны ерекше болды,  олар Жапонияны біртіндеп

милитаризациялауға күш  салды.  Бұл мақсаттарда бюджеттен

əскерді қаруландыруға жəне дамытуға көптеген қаржы бөлінді.

Оңтүстік-шығыс Азия үшін қуатты əскері жəне флотының

болуы Жапонияның сыртқы саясатының сипатын анықтады.

1872 жылы Жапония Ликей  аралдарын басып алды. 1894-1895

жылдары ол Қытайға басып  кіріп,  Пескадор аралдары мен

Тайвань аралын жаулап алды. 1904  жылы Ресей үшін сəтсіз

болған орыс-жапон соғысының  нəтижесінде Жапония Оңтүстік

Сахалинді өзіне бағындырды. 1910 жылы Кореяны басып алды.

1407. Латын Америкасы

Америка материгі 1492  жылы испандық қызметте тұрған

Христофор Колумб үшін жаулап алуға жəне одан əрі қанауға

ашық болды. Испандықтар  аса қатігездікпен Оңтүстік Амери-

каның тұрғындарын өздеріне бағындырды. 15 миллионнан кем

емес халық санын құрайтын бұл материктің тұрғындары

Мексика жəне Орталық Америкада  тұрды.  Үндістердің көп-

шілік бөлігі алғашқы қауымдық құрылымда өмір сүрді, алайда,

инктер,  ацтектер,  майялар  таптық қоғамға ауысқан болатын.

Олардың мемлекет басында  абыздар мен көсемдер тұрды.

Жекелеген кастаны əскерилер  құрады,  сонымен қатар,  құлдар

(көршілес əлсіз тайпалардан)  болды. 

Алғашқы соққыны өздеріне Гаити,  Куба,  Пуэрто-Рико қа-

былдады,  олардың халқының басым көпшілігі өлтірілді

(миллионға жуық адам).

1518-1521 жылдары Кортестің  испандық отряды Майя мем-

лекетін талқандап, Мексиканы  басып алды. Кейінірек Перудегі

инктер мемлекеті жойылды.  Сол ғасырда португалдықтар

Бразилияны жаулап алуды  бастады. Португалия мен Испания-

ның арасындағы Бразилияға қатысты  аумақтық дау 1494 жылы

Рим папасының шешімімен  басылған болатын.солтүстік Аме-

рика ХVІІ ғасырда колонияға  айналды жəне ол Англия мен

Францияның арасында бөлінді.

ОҢТҮСТІК АМЕРИКАНДЫҚ  КОЛОНИЯЛАРДЫҢ 

ƏКІМШІЛІК ЖҮЙЕСІ

Америкадағы испан əкімшілігін  вице-патша басқаратын.

Олар төртеу болды: біреуі Мексика мен Орталық Американы,

екіншісі Перу мен Чилиді, үшіншісі Венесуэла, Эквадор жəне

Колумбияны, төртіншісі Боливия, Парагвай, Уругвай жəне Ар-

гентинаны басқарды. 

VІІІ ғасырдың басынан  Америкадағы испандық жəне

португалиялық колонияларда жер иеленудің екі нысаны болды:

асьенда жеке құлиеленушілік плантация.  Асьендада жағдайы

бойынша басыбайлы шаруаларға теңестірілген батырақтар

(негізінен, үндістер), ал  құлиеленушілік плантацияларда  Афри-

кадан əкелінген негр-құлдар жұмыс істеді.  Халықтың негізгі

141бөлігін креолдар  (ақ  колонистердің ұрпақтары),  метистер,

үндістер жəне негр-құлдар құрады.

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ  ҚОЗҒАЛЫСТАР

Алғашқы күшті көтерілістік қозғалыс болып Гаитидегі

(француз колониясы) 1791 жылғы  22  тамызда Туссен-Лювер-

тюрдың басшылығымен басталған  негр-құлдардың көтерілісі

болды.  Туссеннің əскері жергілікті плантаторларды,  Гаити

аралын басып алмақшы  болған ағылышындарды,  Наполеон

жіберген Леклерктің француздық экспедициялық корпусын

ойсырата жеңді. 1804  жылы Гаити Франциядан тəуелсіз

мемлекетке айналды. 

ХІХ ғасырдың басында испан  колониялары революция

алдындағы жағдайды бастарынан өткерді.  Тəуелді халық

(негрлер, метистер,  үндістер, жəне кейбір креолдар)  арасында

толқулар байқалды. Колониялардың  жергілікті халқы жоғарғы

биліктің,  əскердегі,  əкімшіліктегі жауапты лауазымдардың

испандықтардың қолында  болуына қарсылық білдірді.

Жергілікті буржуазия  колонияны метрополийдің шикізат

базасы ретінде пайдалануына наразылық білдірді. 

Испандық таққа Бонапарттардың бірін əкелген (1808  ж.)

Францияның Испанияға  қарсы соғысы ұлт-азаттық револю-

циялар үшін қолайлы жағдай туғызды. 1810  жылы Аргенти-

нада көтеріліс басталды, 1816 жылы Аргентина тəуелсіз мем-

лекет болып жарияланды. 1821  жылы Боливия тəуелсіздікке

қол жеткізді,  осы жылы Орталық Америка да тəуелсіздікті

иеленді.  Осы жылы Мексика  босатылды.  Бразилия шетелдік

қанаудан 1822  жылы құтылғанымен, 1889  жылға дейін

монархиялық режимді сақтап қалды. 1844  жылы Доминикан

мемлекеті тəуелсіздікке  қол жеткізді, 1898 жылы Куба, ал 1903

жылы Панама тəуелсіздікті  иеленді. 

Жаңа констиуциялар  (барлығы  жазбаша нысандағы)  АҚШ

констиуциясы үлгісі бойынша  жасалды: президент, екі палата,

сайлаушылардың шектелген  саны.  Бұрынғы колониялардың

барлығында билік ірі  жер иеленушілердің  (креол)  қолында

сақталып қалды.  Сонымен  қатар,  құлдық пен пеонаж  (басы-

байлы тəуелділік жүйесі) сақталды. Латын Америкасында құл-

142дықты жою 1811 жылдан (Чили) бастап 1888 жылға (Бразилия)

дейін созылды. 

1889  жылы Бразилиядағы  монархия құлады. 1891  жылғы

Бразилияның конституциясы  нысаны бойынша, тіпті, федерал-

дық құрылымына дейін,  АҚШ  конституциясынан көшірілген.

Бразилия 20  штаттан құралды,  елдің ресми атауы  “Бразилия-

ның құрама штаттары” болды.

Тəуелсіздік алған соң 30-50  жыл аралығында Латын

Америка елдеріндегі билік  каудильоға  (əскери диктаторлар)

тиесілі болды.  Олар билік  басына өз əскеріне сүйене отырып

келетін болған.

АҚШ-ТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕГІ САЯСАТЫ

1846 жылы АҚШ Мексикадан  Техас, Калифорния, Аризона

жəне т.б.  штаттарды  тартып алды. 1898  жылы Испаниямен

соғыстан соң АҚШ-қа Куба мен Пуэрто-Рико жəне де Филип-

пины өтті. 

Латын Америкасына экономикалық тұрғыдан енуді бастаған

соң АҚШ  “революцияларды” (əскери төңкеріс)  жəне кауди-

лизмді  (диктаторлық)  өз мүддесіне пайдаланды. Мысалы, Ве-

несуэладағы Каудильо Гоместің режимі АҚШ-тың көмегімен

орнады (1908 жылы). 

АҚШ-тың сыртқы саясатын Латын  Америкасының шикізат

байлығына жəне өз тауарларын өткізу нарығына мүдделі ірі

сауда-өнеркəсіптік жəне тау-кен  монополиялары анықтады. 

1438. Италия

Өзінің бүкіл тарихи дамуында ыдыраушылық сипатты

иеленді жəне нашар басқарылды.  Күшті Еуропалық дер-

жавалар тұрақты түрде  оны бағындырып отырды.  Алғашқы

болып Франк мемлекеті  мен Германия жауласа,  кейін ХV

ғасырдан бастап Франция  мен Испания жаулап алды.  Ешбір

шетелдік мемлекет Италияны саяси бірлікке əкелмеді.  ХVІІ

ғасырдың соңына дейін  Италия 11  мемлекеттен құралды.

Соның ішінде ең маңыздылары  болып Неаполитандық жəне

Пьемонттық патшалықтар, Милан жəне Тоскана  (Флоренция)

герцогствосы,  Папалық  облыс,  Венециандық республика

табылды.

ХVІІІ ғасырдың басында  Австрияға Италияның солтүстік

провинциялары Ломбардио  (Милан)  жəне Тоскананы жаулап

алуға мүмкіндігі туды.  Наполеон Италияда қысқа мерзімге

отырды,  сонда да буржуазиялық қатынастардың дамуына өз

үлесін қосып кетті.  Наполеонның жеңілгені көрініс  тапқан

Вена трактатынан (1815  ж.)  кейін,  Австрия Италиядағы

үстемдік құрушы державаға  айналды. Ломбардия мен Венеция

Венадан басқарылды,  бес  басқа монархиялар орталықтан кел-

ген австриялық шенеуніктермен басқарылды,  Неапольда

билікке Бурбондар келді.  Тек Сардиндік патшалықта  (Пье-

монтта)  тəуелсіз Савой  династиясы сақталып қалды.  Пьемонт

карбонарилердің азаттық  қозғалысының орталығына айналды.

1848 жылы ұлт-азаттық қозғалыс  үш монархиядан (Тоскана, 

Модена,  Пармадан)  австриялық əкімшілікті қуып шықты.

Италияны австриялық əскерлерден  тазалау үшін Пьемонт

Австрияға қарсы соғыс  жариялады. 1860 жылы Модена, Парма,

Ломбардия жəне Тоскана Сардин патшалығының құрамына

кірді.  Неаполь жəне Папалық  облысты қосу үшін басшылық

Мадзини жəне Гарибальдидің  демократиялық қозғалыстары-

мен бірлесіп қызмет етуге  бел буды. 1860  жылы Неаполь

Пьемонтқа қосылды. 1870  жылы Пьемонтқа Венеция жəне

Папалық облыс қосылды, ол мемлекеттің астанасы болып Рим

жарияланды.

Конституция ретінде 1848  жылғы  Пьемонт статуты

жарияланды.  Мемлекеттің  басында патша тұрды.  Заңшығару

билігін сенат пен депутаттар палатасынан құралған парламент

144жүзеге асырды. Сенаттың  құрамына ақсүйектер енді. Депутат-

тар палатасы халықтың 2-3 %—  нен сайланды, себебі, мүліктік

ценз өте жоғары болған. 1882 жылы мүліктік цензді сауатты-

лық цензіне ауыстырды, сайлаушылардың саны 2 %-тен 7 %-ке

дейін өсті. 1912 жылы тағы да бір  реформа жүзеге асырылды

— сөйтіп, сайлаушылардың саны (тек ер адамдар) 8 миллионға

дейін өсті.

145Төртінші бөлім

ЖАҢА ЗАМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ  НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Буржуазиялық революциялардың  жеңіске жетуі жаңа

құқықтық  (буржуазиялық)  жүйелердің қалыптасуына алып

келді,  бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды реттеуге

бағытталған болатын.

Буржуазиялық қоғамда  ерекше орынды шарт иеленеді.

Кəсіпкерлер арасындағы,  кəсіпкерлер мен жұмысшылар жəне

т.б.  арасындағы қатынастар шарттық негізде қалыптасады.

Кезкелген шартты бекітудің  алғышарттары болып жеке бас

бостандығы бар тұлғалардың  заңды түрдегі теңдігі мен  жалпы

құқыққабілеттілік табылады.  Заңды теңдік қағидасымен

заңдылық қағидасы тығыз  байланысты,  бұл қағида бірдей

құқықтар мен міндеттерді, жəне заң алдындағы бірдей жауап-

кершілікті білдіреді. Осы  ережелердің барлығы буржуазиялық

құқыққа жалпы мағына берген. 

Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі

құқық жүйелері байқалады:  континенталдық жəне ағылшын-

саксондық. Құқықтың континенталдық жүйесі француздық жə-

не германдық құқықтың əсерімен қалыптасты,  ал бұл құқық-

тарға,  өз кезегінде,  рим  құқығы ерекше əсер етті.  Құқықтың

континенталдық жүйесі құқықты  жеке жəне жариялық деп

бөледі. Жеке құқық жеке тұлғалардың  мүдделерін мемлекеттің

Информация о работе Мемлекет жəне құқықтың