Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа
Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.
Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78
Табиғат өзінің объективтік заңдылықтарымен дамиды. К. Маркстың көзқарасы бойынша табиғат - бұл адамның денесі, ол өліп қалмау үшін онымен өзара арақатынаста болуға мәжбүр [4].
Адам өмір сүруі үшін барлық қажетті заттарын табиғаттан алады, дамуы қоғамдық заңдылықтармен анықталатын экологиялық қызметтің барысында өз еңбегімен табиғатты игереді. Адам табиғат күштерінің қүлы болып табылмайды. Ол өзі және қоғам үшін оң және теріс нәтижелер ала огырып, өзінің қажеттіліктеріне табиғи ортаны пайдаланады. Бірақ, бұндай қызметтің салдарына байланыссыз адам әрқашан және барлық жағдайда табиғаттың ішінде болады және экологиялық жүйесің бір түйіні болып табылады. Адам мен табиғаттың ара қатынасының мәнін Ф. Энгельстің сөздерімен сипаттауға болады. Оның пікірінше, «Адам, жаулап алушы басқа елге билік еткендей, табиғатқа билік ете алмайды. Ол өзінің тәнімен, қанымен, миымен табиғатқа тиесілі және оның ішінде. Адам басқа тіршілік иелеріне қарағанда, табиғат заңдарын тани біледі және оны дұрыс қолдана алады.
Ғылыми - техникалық төңкеріс өндірістік күштердің кең түрде дамуына алып келді. Өндіріс пен технологияның жаңа салалары пайда болды, ғылымның өзі өндірістік күшке айнала бастады. Адам табиғат қүпияларын ашты [5].
Адам мен табиғат арасындағы заттар алмасуы тез әрі сапалы түрде өзінің сипатын өзгертті. Адамның табиғатқа араласуы тереңдей түсті. Бірақ оның салдарының теріс жақтары да, оң жақтары бар. Адамдар қалпына келмейтін табиғи ресурстарды сарқылтты және қалпына келетін табиғи ресурстарды жойылуы қаупін туғызды. Адам табиғаттың құрамдас бөлігі, биологиялық және әлеуметтік феномен ретінде оның өмір сүруі оған байланысты болып отыр. Қазіргі өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының, көліктің және т.б. Қызметтердің әсерінен табиғи ресурстар сарқылып қана қоймай, адамның айналасындағы ортаның табиғи элементтерінің сапасы мен саны азаюда және экологиялық жүйеге зиян туғызуда және жойылып кету қаупі туындады. Табиғи ортаның қайта қалпына келу қабілеттілігі табиғатқа келтіріліп отырған антропогендік зиянмен күресуге мүмкіндігі жоқ.
Табиғи ортаның жағдайы қоғам мен табиғаттың өзарақатынасының жаңа нысанының пайда болуына алып келді. Ол - қоршаған табиғи ортаны қорғау.
Алғашқыда ол табиғи экологиялық жүйені, табиғат ескерткіштерін, табиғаттың ерекше объектілерін қорықтық, консервативтік қорғау нысанында болды [6].
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына байланысты табиғи байлықтарды қарқынды пайдалану табиғатты қорғаудың жаңа түрінің табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігіне алып келді. Бұнда табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты шаруашылық қызмет процесі барысында табиғи ресурстарды қорғау талаптары тікелей қарастырылады [7].
Өндірістік қызмет аясының өсуі өмір сүру ортасы ретінде табиғатқа адамның зиянды әсерінің үлғаюына алып келді. Ал бұл ез кезегінде адамдардың қазіргі және болашақ үрпақтарының мүдделеріне, адамның өміріне, денсаулығына қауіп туғызды. Бұндай жағдайларда табиғаттың адамға тәуелділігінен басқа, адамның табиғатқа тәуелділігі айқын көріне бастады. XX-ғасырдың 50-шы жылдары қорғаудың тағы бір нысаны - адамға қолаылы қоршаған ортаны қорғау пайда болып, дами бастады. Бұнда негізгі мәселе адам, оның өмірі, денсаулығы, оның өмір сүру үшін қолайлы қоршағаи ортаға құқығы болды.
Осы жоғарыда
көрсетілген қоғам мен
Қоршаған табиғи ортаны қорғауға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қатысуы осы табиғат қорғау заңдарында қай жылдардан бастап көрініс тапқанын анықтау үшін осы заңдардың пайда болу және даму кезеңдерін ашу керек[9].
Табиғат қорғау заңдары елімізде табиғатты қорғау талаптары мен тортібін, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің қүзыреттілігін, табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін, табиғат қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады. Табиғат қорғау заңдары мемлекетіміздің табиғатын құқықтық қорғаудың заңдық негізі болып табылады. Ол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында пайда болды. Табиғат қорғау заңдарының қалыптасуы мен дамуында В.И. Лениннің ролі ерекше. Ол табиғат қорғау Ісінің негізін салушы. Оның көптеген мақалалары мен сөздерінен, ол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ еліміздің табиғи ресурстары, оларды пайдаланудың болашағы туралы көп ойлағанын байқаймыз. В.И. Ленин еңбектерінде табиғат қорғау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, мемлекеттік қорықтарды құру; табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға байланысты арнайы мемлекет органдарын құру қажеттілігі туралы нақты нұсқаулары бар. Ол табиғат қорғау заңдарын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, табиғат пайдалану мен табиғат қорғау саласында заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың жүйесін нақты және дұрыс анықтады [10].
В.И. Ленин табиғатты қорғау мен ұтымды пайдаланудың қажеттілігінің негізін салып қоймай, табиғат қорғау қызметінің негізгі қағидалары мен құралдары белгіледі. Кеңес мемлекетінің дамуының алғашқы кезеңдерінде табиғатты қорғауға байланысты 234 заң актілері қабылданды.
Қазақ ССР-нің Жер қойнауы Кодексінде 1976 жылы 4 тамызда қабылданған, жоғарыда көрсетілген мәселеге байланысты арнайы нормалар бар. Бұл заңда кәсіптік одақтар, жастар ұйымы, табиғатты қорғау қоғамы, ғылыми қоғамдар және басқа да қоғамдық ұйымдар мен азаматтар жр жылы қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалану саласында шараларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді деп көрсетілген. Қоғамдық бірлестіктер жер қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерге заң актілеріне және олардың жарғыларына сәйкес қатысады. Мемлекеттік органдар жер қойнауын корғау мен оларды ұтымды пайдалануға байланысты шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың ұсыныстарын жан-жақты ескеру қажет [11].
Осы заңға сәйкес азаматтар жер қойнауын қорғау мен оларды үгымды пайдалану шараларын жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға мынадай көмектер көрсетеді: қажетті жұмыстарды жүргізуге қатысу; жер қойнауын қорғау мен оларды ұтымды пайдалануды жақсартуға ұсыныстар енгізу; оларға белгілі жер қойнауын қорғау мен пайдалану ережелерін бұзушылықтар туралы хабарлау.
Қазақ ССР-нің 1981 жылы 12 маусымда қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңына сәйкес, кәсіптік одақтар, жастар ұйымы, табиғатты қорғау қоғамы, ғылыми қоғамдар және басқа да қоғамдық ұйымдар, еңбек коллективтері атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді. Қоғамдық бірлестіктер атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерге заң актілеріне және олардың жарғыларына сәйкес қатысады [12].
Азаматтар атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға мьшадай жолмен көмек көрсетеді:
Атмосфералық ауаның қорғалуын жақсарту туралы ұсыныстар енгізу; атмосфралық ауаны қорғау жөніндегі ережелерді өздеріне мәлім болған бұзушылықтар туралы хабарлау;
Атмосфералық ауаны қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысу.
Қазақ ССР-нің «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заңында да қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қоршаған ортаны қорғауға қатысуы қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілген заң актілерінің барлығында да қоғамдық бірлестіктердің табиғи ресурстарды қорғауға қатысуы мемлекеттік органдарға көмек көрсету нысанында берілген. Және де олардың бұл саладағы атқаратын қызметтерінің мазмұны, механизімі ашылмаған, тек қоғамдық бірлестіктердің жарлығына сілтенген. Ал, азаматтардың табиғи ресурстарды қорғауға қатысуы мемлекеттік органдарға көмек көрсетуінің үш жолымен сипатталған [13].
Бірақ, бұл заңдарда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуы тиісті деңгейде реттелді деп айта алмаймыз. Себебі, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері заңдарда толық ашылып көрсетілмеді.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғауға қатысуының екінші кезеңі - егемендік алғаннан кейінгі кезең. Бұл кезеңде экологиялық заңдарды жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында дами бастады. Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолында табиғат қорларын пайдалану мен қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды толық қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мақсатымен көптеген жұмыстар жүргізілді [14].
1991 жылдың 18 маусымында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы қабылданды. Қарастырылып отырған сұраққа байланысты бұл заңда екі тарау арналған. II тарауда айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында азаматтардың күқыктары мен міндеттері анықталса, XI тарауда айналадағы табиғатты қорғауға халықтың қатысуы анықталған [15].
1993 жылдың
аяғына дейін жер, жер қойнауы
және минералды шикізатты үқсат
Қоршаған ортаны қорғау
саласындағы мемлекеттік
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортраны қорғау туралы» заңының екінші тарауында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері бекітілген. Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай - күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулыгы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне құқығы бар [16]. Бұл ереже жартылай түрде, еліміздің негізгі заңы - Конституцияда (31 -бап) көрініс тапқан. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы деп нені түсінеміз. М.И. Васильеваның көзқарасы бойынша, «Қолайлы қоршаған ортаға құқық - бұл субъектіге нақты тиесілі, үздіксіз жүзеге асырылатын, заңда бекітілген мемлекетпен кепілдік берілетін және қорғалатын денсаулық үшін қауіпсіз табиғиғ игіліктерді талап ету және пайдалану мүмкіндігі, мемлекеттен, барлық басқа азаматтар мен заңды тұлғалардан табиғатты пайдалануды және экологиялық маңызды басқа да қызметті жүзеге асыру барысында халықтың денсаулығын қорғау бойынша міндеттерді орындауды талап ету, және де бұл ережелер бұзылған жағдайда мемлекеттік және қоғамдық қорғауға жүгіну» [17].
Қазақстан Республикасының қазіргі заңында азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығының анықтамасы берілмеген. Заңда тек қолайлы қоршаған ортаны түсінігі берілген, яғни қолайлы қоршаған орта-объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта.
Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы олардың қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беру және оларды қарауды талап ету; қоршаған ортаны
Қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құру, қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысу және тағы басқа арқылы жүзеге асырылады. Осы заңның 6 бабында қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері бекітілген.
Қоғамдық бірлестіктердің
қоршаған ортаны қорғау саласында өздерінің
экологиялық бағдарламаларын