Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа

Описание

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 402.00 Кб (Скачать документ)

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

  1. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
    1. Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
    2. Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16 
  2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
    1. Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
    2. Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Осы күні тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасы басқа да посткеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға барлық күш-жігерін салуда. Осы тұрғыдағы ең  маңызды мәселелердің бірі – қоғамдық саланы әлемдік демократиялық стандарттарға келтіру болып табылады. Демократиялық үрдістердің алғы шарты - елде саяси еркіндік, адам құқықтарының сақталуы, әлеуметтік қорғау қамтамасыз етілуі, жеке және қоғамдық бастамалардың кең тарауы. Ал жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дерлік, бүгінгі күні «азаматтық қоғам» қағидаларына еніп отыр.

Қазақстанның азаматтық  қоғам құру мүмкіндіктері, тарихи алғышарттары, күрделі мәселелері мен келешегі, сонымен бірге оның қалыптасуындағы азаматтық қоғам инститкуттарының орны мен ролі  осы жұмыста тиянақты қарастырылмақ.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Біздің мұратымыз «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру екені еліміздің конституциясында айқын көрсетілген.  Ал демократиялық саяси жүйе мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғы шарты - азаматтық қоғамның қалыптасуы болып табылады. Сондықтан осы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін зерттеу өзекті де  маңызды. Батыс елдерінде азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі бірнеше жүз жылдықтар бойында жүрді, және де тек дамыған азаматтық қоғам негізінде Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, Жапонияда және бірқатар басқа елдерде екінші дүние жүзілік соғыстан кейін белгілі бір деңгейде құқықтық мемлекет қалыптасты.

Қазақстан, Батыстың тәжірибесін  пайдалана отырып, негізінде адамның  экономикалық, саяси және рухани салалардағы  бостандығы жатқан азаматтық қоғамның қалыптасу жолын әлдеқайда тез  басып өтуде тарихи  мүмкіндікке  ие болып отыр. Азаматтық қоғамның мемлекет пен саясаттың демократиялық тұжырымдамасы аясындағы заманауи түсінігі, азаматтардың  кәсіби саясаткер болмай тұра, мүдделерін қорғап отырған әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қол жеткізу мақсатында мемлекеттік билікке ұйымдасқан және белсене түрде ықпал ететін ассоциацияларын - тұтынушылардың, фермерлердің, кәсіпкерлердің немесе басқа да топтардың мемлекетке тәуелсіз және ерікті жиынтығын білдіреді. 

Азаматтық қоғамның қалыптасуындағы  мемлекеттің рөлі туралы мәселені қарай отырып, мемлекеттің қоғамдық істерді тиімді түрде басқара алу мәселесі демократия туралы көптеген ғылыми пікірталастардың орталық тақырыбы болып табылатындығын атап өту керек. 

Осы орайда, мемлекеттің  қоғам үстінен ұзақ уақыт үстемдік ету дәстүріне, өзгерудің қиындығына және азаматтық қоғам институттарының әлсіздігіне қарамастан, біздің мемлекетке дегенмен де өзінің негізгі рөлі – түрлі қоғамдық таптар, топтар мен қабаттардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық қатынастары саласындағы «ойын ережелерінің» жасаушысы және оның сақталуын қадағалаушы  төреші болу негізгі рөліне иелік ету талпынысын да жоққа шығаруға болмайды.

Осы орайда, еліміздегі азаматтық  қоғамды қалыптастырудағы саяси партиялар орны жайында елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Партиялық механизмді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерістерге кеңінен тартуға жағдай жасайтын болады» [1] дегені тақырып өзектілігін арттыра түседі.

Біздің ойымызша, ең маңыздысы, азаматтық қоғам өз мүшелерінің сана-сезімдерінің оянуына жол ашады. Адам тек қана пайда табатын жай ғана кәсіпкер де, жай ғана тұтынушы да емес, ол - өзінің ішкі табиғаты бойынша қоғамдық жан және оған әріптестік пен қатар өмір сүрудің сан алуан нысандары, айналада болып жатқан дүниелерге ықпал ету, өз істерінің мойындалуы қажет. Сондықтан  азаматтық қоғам – адамның өзін-өзі жүзеге асыруындағы  ең «үздік» құралдардың бірі.

Сонымен қатар, ел Конституциясына 2007 жылы сәуір айында енгізілген өзгерістер азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсуде. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу тақырыбы саяси уақыт талабынан, тәжірибедегі қажеттіліктен туындап отыр.

Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан  шыққан елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда. Азаматтық қоғамның мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда. Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында күшейіп отыр. Олар еліміздегі демократияландыру үдерісін осы азаматтық қоғамның дамуымен байланыстыруда. Мұның себебі, азаматтық қоғамды демократияның негізгі атрибуты ретінде қарау қазір кеңінен қолдау тауып отыр.

Сондықтан әлі күнге  дейін елімізде азаматтық қоғамның арнайы зерттеле қоймауы және осынау маңызды мәселенің қоғамдық-саяси  өміріміздің күн тәртібінде өткір  тұруы дипломдық жұмысымыздың тақырыбын  таңдауымызға себепші болды, жоғарыдағы аталған жайттар өз кезегінде біздің зерттеуіміздің өзектілігін айқындады.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің құрылымы ретіндегі зерттеулермен, олардың мәні, формасы мен функционалдық бағытын анықтаумен байланысты сұрақтар мемлекет пен құқықтың жалпы теориясында ең басты мәселелердің бірі болған және болып қала бермек те. Оның үстіне саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде мәселесі зерттеу объектісіне айналғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Алайда, оның абстрактілі деңгейде әлдеқайда ертеректе зерттелген мәселе екендігін ашып айту қажет. Жалпы азаматтық қоғам мен саяси партия мәселесін зерделеу батыстық, ресейлік, отандық зерттеушілердің тарапынан кеңінен жүргізілуде.

Біріншіден, бүгінгі күні батыстық зерттеушілер азаматтық қоғам мен оның қалыптасу мүмкіндіктері және әртүрлі әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайлардағы азаматтық қоғам көрінісі туралы тұжырымдар арнайы талқылағандықтан, оған қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік. Біздің зерттеуіміздің І тарауы осы азаматтық қоғам институттарына саяси ой тарихындағы көзқарас эволюциясына арнлағандықтан, қысқаша ғана шолу жасағандық жөн көрдік.

Біз, бірінші кезекте, азаматтық қоғам түсінігін қолданған  Аристотель («societias civilis»),  «азаматтық қоғам» түсінігіне жаңаша көзқарасты қалыптастырған Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, В.Вильсон, Т.Пейн, Гегель, Алексис де Токвиль еңбектерін ерекше атап өтуіміз керек.

Сонымен бірге, ашық қоғам  мәселелерін зерттеу шеңберінде Т.Вулси, В.Рошер, К.Поппер, А.Бергсон өз еңбектерінде демократиялық институттар мәселесіне көп көңіл бөлген. Ал, Г.Алмонд, С.Верба саяси мәдениет, саяси қатысу және саяси сана түрлерін анықтауды ашық демократиялық қоғаммен тікелей байланыстырып қарастырған.

Біздіңше, қазіргі заманғы демократия мен азаматтық қоғам теорияларын зерттеген Р.Даль, А.Лейпхарт, Дж.Сартори, С.Хантингтон еңбектері де ерекше орын алады. Сонымен бірге, азаматтық қоғам мәселесіне қатысты өкілеттілік, сайлау жүйелері мен партиялық жүйелердің өзара байланыстылығын зерттеген М.Дюверже, азаматтық қоғам қалыптастырудағы халықтың белсенділігінің маңызы мен ролін зерттеген Г.О.Доннел мен Ф.К.Шмиттер еңбектерінің де алатын өзіндік орны бар.

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық  қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Осы тұрғыдан алғанда, бізге  шетелдік тәжірибені, әрі азаматтық  қоғамның қалыптасу барысында пайда  болған институттар қызметін зерттеген неміс зерттеушісі Ю.Кокка [3] және ресейлік зерттеушілермен дайындалған ұжымдық еңбектердің маңызы зор [4].

Сонымен қатар, біз азаматтық  қоғам мен демократия мәселесін  зерттеу барысында кеңестік тәжірибеге де бірқатар көңіл бөлгенімізді атап айту керек. Осы орайда, кеңестік қоғамдық ғылымда азаматтық қоғам идеясын буржуазиялық ой-өріс ретінде қарастырып, жеке тұлғаның табиғатын зерттеген В.С.Нерсесянц, П.М.Егидес, И.И.Резвицкий, Л.М.Баткинді атап өткен абзал. Бұдан бөлек, В.В.Бартольдтің, В.И.Пантиннің ретроспективті талдаулары да біршама қызығушылық тудырды.

Ресейлік зерттеушілер В.В.Витюк, К.С.Гаджиев, А.П.Кочетков, С.П.Перегудов, Л.И.Малков, Ю.Д.Шевченко, А.П.Страхов, Ю.М.Резник, М.Ильин, А.В.Одинцова, В.Т.Данченко, Е.Рашковский ашық қоғам идеясын электоралдық үрдіс тұрғысынан қарастыра келе, қоғамның саяси саласындағы ашықтық принципін қарастырған.

Ал отандық зерттеушілерге келетін болсақ, мұнда мәселенің  зерттелуі біршама кенже қалғанын байқаймыз. Сонда да болса, азаматтық  қоғамға қатысты М.С.Әшімбаев, А.А.Әлімұлы, Л.А.Байдельдинов, Г.Ж.Ибраева, А.Ш.Ишмұхамедов, А.Б. Қарабаева, М.С. Машан, М.Б. Мұхамедов, Ә.Н. Нысанбаев еңбектерінде Қазақстандағы қоғамды өзгерту, саяси жүйені дамыту мәселелері шеңберінде зерттеу тақырыбы қамтылған.

Ә.М. Жүнісов, Б.И. Иманбекова зерттеулерінің азаматтық демократиялық қоғам құрудағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың сипаты мен бағдарын анықтауда ролі зор.

Келесі кезекте, С.М. Борбасов, М.Б. Тәтімов, Н.В. Романова  еңбектерінде азаматтардың саяси еркіндігі мен  демократиялық азаматтық қоғам  қалыптастырудағы ұлттық спецификаның ықпалы анықталған.

Қазақстан Республикасындағы  азаматтық демократиялық қоғам  қалыптастырудағы жастардың қатысуын анықтауда Р.Б. Әбсаттаров, Т.С. Садықовтың  еңбектерінің маңызы зор.

Сонымен қатар, отандық  саяси ғылым аясында аталмыш  тақырып бойынша жарық көрген тың ғылыми жұмыстарды атап өтпеуге болмас. Азаматтық қоғамның негізін құраушы Қазақстан халқының саяси қатысу ерекшелігі мәселесін зерттеген Г.Р. Нұрымбетова[5], Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыру ерекшелігін зерттеген С.Ш. Мұсатаев[6], азаматтық қоғам құндылықтарын зерттеген Қ.Ж. Нұғманова[7], В.Баймұрзаева еңбектерінің орны бөлек.

Сонымен, тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған шолу негізінде  келесі қорытындыға келеміз: азаматтық  қоғам мәні батыстық, ресейлік және отандық саясаттанушылармен әртүрлі қырларынан зерттелген. Яғни, саяси ғылымның зерттеу объектісіне толыққанды айнала қоймаған. Сондықтан әрі қарай тереңдеп зерттеуді қажетсінеді.

Зерттеудің объектісі. Бітіру жұмысының зерттеу объектісі әлемдік тәжірибедегі азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерін зерттей отырып қазіргі Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның қалыптасу үрдістерін талдау болып табылады.

Зерттеудің пәні. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы, азаматтық қоғамды дамыту процесі.

Зерттеудің  мақсаты. Бітіру жұмысында Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру және дамыту процесін кешенді түрде зерттеу мақсат етілді

Зерттеудің міндеттері. Бітіру жұмысының алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:

- «қоғам», «мемлекет», «азаматтық қоғам» және басқа ұғымдардың құқықтық табиғатын талдау, олардың функционалдық сипаттамасын зерттеу;

- Қазақстандағы азаматтық қоғамның тарихи даму тенденцияларын, олардың диалектикалық өзара себептілігін және өзара кірігіп-сіңісу тенденцияларын сараптау;

- заманауи азаматтық  қоғамның функционалдық сипаттамасын, оның саяси жүйенің белсенді  элементтерімен (мүдделі топтар, саяси  партиялар, қоғамдық коммерциялық  емес ұйымдар) өзара байланысын  анықтау;

- демократиялық құқықтық  мемлекетте билік құрылымдарының қалыптасу, құрылу және қызмет ету жағдайында азаматтық қоғамның орны мен рөлі проблемасын зерттеу;

- Қазақстан Республикасында  азаматтық демократиялық қоғам  орнату барысындағы азаматтық қоғам инститкуттарының ерекшеліктерін анықтау;

Зерттеу жұмысының теориялық негiзi

Бітіру жұмысында Қазақстан қоғамын демократия бағытында қайта құру тәжірибесі негізінде отандық қоғамтанушылардың теориялық және практикалық сараптау жұмыстарына талдау жасалды.

Бітіру жұмысының  тәжірибелік мәні. Бітіру жұмысының нәтижелерін азаматтық қоғам орнату бағытындағы мемлекеттік саясаты іске асыру барысында пайдалануға болады.

Бітіру жұмысының материалдарын жалпы саясаттану пәнін оқыту бойынша және арнайы курстар жүргізу барысында қолдануға болады. Бітіру жұмысы материалдары мен қорытындылары ішкі саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызығушылығын тудыруы мүмкін.

 

  1. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

 

1.1 Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері

Біздің елде де, Батыс елдерінде де қоғамтанушы ғалымдар арасында аталған феноменді зерттеуде көптеген әр түрлі көзқарастар бар, бірақ қазіргі уақытқа дейін оның мән-мағынасына, әлеуметтік шығу тегі мен тарихи шектеріне қатысты бірыңғай пікір болмай отыр. Публицистер, саясаткерлер мен ғалымдар бұл терминді мүлде әр түрлі мазмұн енгізе отырып пайдаланады.

Азаматтық қоғам туралы осы заманғы түсінік - әлеуметтік-философиялық және саяси-құқықтық ақыл ойдың тарихындағы  олардың ұзаққа созылған эволюциясының  нәтижесі, тиісінше олардың сан қилылығы мен сәйкессіздіктері осымен түсіндіріледі. Осы орайда, аталған ұғымның тарихына талдау жасай  келе,  төмендегілерге назар аударғымыз келіп отыр.

Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы