Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа

Описание

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 402.00 Кб (Скачать документ)

Қоғам өмірінде адамгершілік құндылық жоғары қойылуы керек. Бұған, турасын айту керек, әлемнің ешбір  елі қол жеткізе алмай отыр. Себебі капиталистік жүйедегі байлар өздерінің бар күш-қуатын және тәжірибесін пайдаланып, әділетті демократияға жол бермеуге тырысып бағуда. Сондықтан біздің Қазақстанда ондай көріністерге жол берілмеуі тиіс.

Осы ретте ең алдымен  демократия принциптеріне байланысты теорияға мән берген жөн. Либерализмнің «әкесі» саналатын Локктың пікірінше, мемлекет өзіне белгіленіп берілген шекара шегінен шықпауы керек, өйтпеген күнде халықтың тарапынан азаматтық бағынбаушылық орын алады. Оның пікірінше адамдар үкіметтің жолсыздық әрекеттеріне қарсы тұратын құқы болуы қажет. Егер үкімет өз міндетін атқара алмаған жағдайда, оған халықтың араласуы орынды [49].

Елді демократияландыруда  сөйтіп Азаматтық қоғам рөлі ерекше және өте маңызды. Себебі Азаматтық  қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.

Қоғам демократиялық  дамудың белгiлi бiр сатысында  ғана азаматтық болады және елдiң  экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.

Елде азаматтық қоғамды  қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық  қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.

Азаматтық қоғамды дамытудың  алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен  адами жеке тұлға мәртебесiнiң  артуы болып табылады.

Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.

Азаматтық қоғам өмiр  сүруiнiң және демократияға жол ашуының басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары демократияландыру үдерісіндегі өзінің рөлін және қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуге, тек қана құқықтық ауқымда іс-қимыл жасауға тиіс.

Нақтылы социологиялық  зерттеулер нәтижелері көрсеткеніндей, көптеген БАҚ құралдары әлі де болса билікке бағынышты, сондықтан  объективті информацияны күту қиын. Оңтүстік Астана тұрғындарын «31-арна» хабарына сенетіндер 47,8%, бұдан кейінгі орынды КТК алады-36,9%, қалған телеарналарға сенетіндердің үлесі 15%-дан аспайды [50].

Ал, Қазақстандық газеттердің  ішінен «Время» және «Караванға»  сенетіндердің үлесі 29,1% және 22,9%. Бұл  ретте БАҚ құралдарын тәуелсіз ету үшін оны белгілі бір күштердің монополизациялауынан азат етпей болмайды. Оны жүзеге асыру үшін информациялық кеңістіктің дұрыс қызмет ету принциптерін заң жүзінде анықтау қажет. Ұлттық айырмашылықтарды елемеу, сол секілді оларды жөн-жосықсыз тықпалай беру ойымша, демократияның, ұлтаралық қарым-қатынастардың мәдениеті жоғары екендігінің өлшемі бола алмайды.

Саяси жүйенің демократиялылығы оның ұлт менталитеті мен мүддесіне және оның патриотизміне сай келетіндігімен өлшенеді, халықтың қаншалықты саяси жүйеге ықпал ету дәрежесіне байланысты [51].

Қазақстанда дереу батыс  үлгісіндегі демократияны ендіру керек  деп, көзсіз даурыққан кейбір саясаткерлердің, ойымша, сабырлылыққа бой ұрып, қоғамның бүгінгі шындығына назар аударғаны  дұрыс. Зерттеулер демократияның ұлттық ерекшеліктері болатынын көрсетіп отыр. Міне, сондықтан демократияның батыстық үлгілерін көзсіз көшіріп пайдаланудан бастарту басталды. Ол үшін адамгершілік, отбасылық құндылықтарды қайта түлету, БАҚ-тарда адамгершілікке жат қылықтарды нәсихаттауды тыю және бүкіл ағарту жүйесін қайта құру қажеттігі белгілі болды.

Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен  мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ  өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.

Билiк пен азаматтық  қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады.

Демократиялық мемлекеттiң  азаматтары дербес бостандық құқығын  пайдаланады, бiрақ сонымен бiр  уақытта олар басқа мемлекеттiк  институттармен бiрге болашақты  құру жауапкершiлiгiн бөлiседi.

Азаматтық қоғам демократиялық  саяси жүйе жағдайында ғана билiк  пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде  қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық  рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi [52].

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң  мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың  бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады. [53]

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.

Азаматтық қоғамның мақсаты  қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн  қорғау, оның мүдделерiн билiк пен  қоғам алдында бейiмдеу, билiк  қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.

Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар  мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат  құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады [54].

Сөйтіп, өткен жылдары  елде азаматтық қоғам институттары – саяси партиялар, коммерциядық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 15 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.

Елдегі демократиялық  процестерге азаматтардың қатысуы  үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

Мемлекеттік органдар мен  азаматтық институттар ынтымақтастығын  нығайту үшін мемлекет пен азаматтық  қоғам иституттары арасындағы өзара іс-қимыл проблемаларын шешу және өзара іс-қимыл мен серіктестік басымдықтарын айқындау жолдарын тұжырымдау үшін жалпыұлттық тиімді үндесу алаңқайына айналуға

Азаматтық қоғам институттарының  даму бағдарламаларын іске асыру  мониторингі мен олардың сектораралық ынтымақтастығын қамтамасыз ететін ұлттық ақпараттық-талдамалық желі құруға және оны дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар енгізу арқылы да азаматтық қоғамды дамытып,демократияға жол аша аламыз [55].

Азаматтық қоғам институттарымен  жұмыс және қоғаммен байланыс үшін елдің мемлекеттік жоғары оқу  орындарына кадрлар даярлаудың арнайы курстарын енгізу мәселесін пысықтау да маңызға ие.

Мемлекет пен азаматтық  қоғам арасындағы үйлесімділік жетілген демократияландырудың кепілі болатындығын сезіне отырып, үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) қаржылық көмек көрсету мақсатында 2005 жылы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң және 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, бірнеше мәрте азаматтық форум (2003 ж., 2005 ж., 2007 жылдары) өткізілді [56].

Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды  шарты болып табылады. Қоғамдық прогресс, демократиялық даму, экономикалық өрлеу азаматтардың қоғам тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына белсенді қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады.

Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдасын іске асыру елдің адами, зияткерлік әлеуетін жандандыруға және жұмылдыруға, әр адамның өз тағдыры мен ел тағдырына деген жеке жауапкершілігін арттыруға, билік қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, жемқорлық пен озбырлықты, мемлекеттік бюрократияның билікті асыра пайдалану көріністерін түбірімен жою үшін жағдай жасауға, елдің әр азаматының өмір сүруінің жоғарғы деңгейіне жедел қол жеткізуге, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді [57].

Азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен азаматтық коғам және кұқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары кажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен

Қорытып айтқанда түбегейлі демократияға қол жеткізу үшін таптық және топтық мүдделерді астам жоғары қоймайтын, жеке адам автономиясын мойындайтын, бюрократиялық кемшіліктер мен коррупциядан арылған, азаматтық қоғам жүйелі түрде жақсы дамыған, пікір тәуелсіздігі мен еркіндігіне қысым жасамайтын қоғамдық жүйе – мемлекеттің түбегейлі демократия құру жолындағы идеалы болуы тиіс.

Қоғамның маңызды өлшемі санатына оның тұтастығымен қатар бөлектігі, өзіндік жеткілікті, бірыңғай базалық  элементі, тарихи трансформацияға қабілеттілігі  жатады. Басқаша айтқанда, қоғам базалық негізі егеменді – автономиялы индивид ретінде көрінетін және қоғамның өзі тарихи өзгерістерге қабілетті болған кезде дербес қисынға ие қызметтің жекелеген салаларына сараланатын құндылық пен қажырлылыққа ие болған жағдайда ғана қоғам бола алады [58

Қазақстанда түрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 этномәдени бірлестік, 3340 діни бірлестік, 40-тан астам конфессия  мен деноминациялар, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ тіркелген және жұмыс істейді. ҮЕҰ-лардың орнықты топтары түрлі бағыттар бойынша ресімделеді, олар: экологиялық – 6%; әскери-патриоттық – 4%; балалар және жастар – 14%; мәдениет және өнер – 8%; мүгедектерді қолдау бойынша – 7%; ғылыми және білім беру – 8%; әйелдер және гендерлік саясат – 8%; сауықтыру-профилактикалық – 7%; қоғамдық бастамаларды қолдау – 10%; бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту – 2%; әлеуметтік қорғау – 9%; құқық қорғау – 7%; спорттық – 10%.

Сонымен қатар мұндай бірлестіктердің көпшілігі тек қағаз жүзінде ғана бар, олар тек тіркелген ұйымдардың сандық көрсеткіштері статистикасын ғана жақсартады. Үкіметтік емес секторда өткен жылы барлығы шамамен 200 мың адам жұмыс жасады. Олардың 40 мыңы тұрақты негізде, 50 мыңға дейіні уақытша, ерікті (волонтерлік) негізде 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. ҮЕҰ-ның алуан түрлі қызметтерін 2 млн.-ға таяу адам пайдаланады. Көбінесе мемлекеттік емес ұйымдар қалаларда және аудан орталықтарында орналасып қызмет етеді және олардың ауылдық мемлекеттік емес ұйымдарға қарағанда қаржылық, техникалық мамандармен қамтамасыз етілуі әлде-қайда жоғары.

Сондықтан олардың басқа  да мекемелермен қарым-қатынас орнатып, жүйелі жұмыс жасауына мүмкіншіліктері  мол. Мемлекеттік емес сектордың  жұмыс істеуі тікелей қаржыландыру көздерімен байланысты. Мемлекеттің ықпалы азаматтық саланы қаржы арқылы басқару және оның қызметін заңнамалық қамтамасыз ету әрекеттеріне сүйенеді. Негізгі тәсіл – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Осы мақсатқа мемлекет тарапынын қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде. Сонымен қатар аса маңызды әлеуметтік жобалар іске асуда. Бірақ осыған байланысты былтырғы жылы мемлекеттік органдар тарапынан ҮЕҰ-ны қаржыландырудың қиындығы туындады. Оның басты себептерінің бірі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың Мемлекеттік сатып алу туралы заң шеңбері аясына түсуі. Мемлекеттік сатып алу туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-ІІІ ҚРЗ қолданыстағы заңы ҮЕҰ-ны коммерциялық ұйымдар санатына жатқызады, бұл ҮЕҰ-лардың қызметін, олар көтерген бастамалардың жүзеге асуын айтарлықтай шектейді.

Әлеуметтік тапсырысты жоспарлы түрде қаржыландыру туралы мәселені шешу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс басқа секторларға қатысты болатын Мемлекеттік сатып алу туралы заңның құзыретіне жатпайтыны туралы жекелеген ережені қабылдау мүмкіндігін қарау қажет. Яғни, мемлекет өте көп тауарлар мен қызметтерді сатып алады, бірақ мемлекеттік тапсырыс осы заң реттейтін қызметтерге жатпауы тиіс немесе ҮЕҰ-ны қолдау бойынша басқа да рәсімдерді әзірлеу қажет.Әлеуметтік тапсырыстар бойынша жобаларды іріктеуде де бірқатар кемшіліктер орын алуда. Көбінесе атқаратын жұмыстың көлемі мен уақытының сай болмауы,   қаржыландырудың жылдың ортасында басталуы, сондықтан да қажетті іс-шаралардың дер уақытында жүзеге аспай, тек қағаз жүзінде қала беретінін айтуға болады.Осы орайда

Әлеуметтік тапсырыс туралы заңды жетілдіріп және қаржыландыру ережелерін де өзгерткен жөн. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыратын арнайы қор құру керек. Ол тек мемлекет тарапынан қаржыландырылмай, басқа да салалардан қаржы көздерін іздестіру жолдарын қарастырса құба-құп. Сонда маңызды жобалар мен бағдарламалар жарты жыл емес, толыққанды жұмыс жасай алады. Екінші жағынан, бөлінген қаржы жұмсалуы ашық жүріп, олардың есебі жылда БАҚ-та жариялануы қажет.  Соңғы кезде азаматтық қоғамның бақылау қызметіне баса назар аударылып, біраз бастамалар іске асырылуда.

Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы