Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа

Описание

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 402.00 Кб (Скачать документ)

Саяси өмірде азаматтық  қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік  және қоғамдық адамның халықаралық  дәрежеде танылған ережелерде сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады:

-ұлттық-этникалық, саяси,  діни, жастық, жыныстық белгілері  бойынша қандай да долсын алалаушылыққа  жол берілмейді;

-жеке тұлға мен  азаматтың абыройы болып саналатын  пәтер үйі мен мүлкі, мамандық  таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, елжұртқа келіп кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады;

-адам өзінің көзқарасы мен  рухани мүдделерін өзі шешеді;

-азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады [18].

Азаматтық қоғам - онда болып  жатқан процестер мен қатынастардың  басты әрекет етушi тұлғасы мен  субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi. Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.

Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде  азаматтарда экономикалық дербестiктiң  пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет. Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды [19].

Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады. Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi.Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады. Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi.

Азаматтық қоғам демократиялық  саяси жүйе жағдайында ғана билiк  пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде  қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай жасау болып табылады [20].

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам  алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.

Азаматтық қоғам институттарына саяси  партиялар, жергiлiктi қоғамдастықтар, кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми одақтар мен бiрлестiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам үшiн түрлi қызмет пен қызмет көрсетулердiң кең ауқымын iске асыратын, қызметтiң алуан түрiн жүзеге асыратын мемлекеттiк емес қорлар, коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары), қоғамдық пайдалы мiндеттердi шешетiн басқа да ұйымдар мен бастамашыл топтар түрiнде құрылған мемлекеттiк емес ұйымдар жатады.

Саяси партия - мемлекеттiк  билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн  бiлдiру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында олардың саяси ырқын  бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi. Кәсiптiк одақтар - азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктерi [21].

Дiни бiрлестiктер - жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар. Бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс- бейне жазбасы және көпшiлiк қол жеткiзе алатын телекоммуникациялық желiлердегi (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.

Қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ Мақсаттарға қол жеткiзуi үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңнамаға  қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Yкiметтiк емес ұйым - ортақ мақсаттарға қол жеткiзу үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).

Ұлттық-мәдени бiрлестiк - өзiн белгiлi бiр этникалық бiрлiкке  жатқызатын, өзiнiң этникалық ерекшелiгiн  сақтау, тiлiн, бiлiмiн және мәдениетiн  дамыту мәселелерiн дербес шешу мақсатында азаматтардың өздерi ерiктi өзiн-өзi ұйымдастыруы негiзiндегi бiрлестiгi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару - жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың құрылатын органдары (институттары) арқылы өздерi дербес шешу мақсатында белгiлi бiр мекендер шегiнде тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi ұйымдастыруының нысаны [22].

Азаматтық қоғам мынадай  функцияларды жүзеге асырады: азаматтық  бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу; мүдделердi жақындастыру және белгiлi бiр  мақсаттарға қол жеткiзу негiзiнде  адамдарды одақтарға, бiрлестiктерге ерiктi түрде кiрiктiру үшiн жағдайлар жасау жөнiндегi жұмысқа қатысу; азаматтардың жалпымемлекеттiк және жергiлiктi проблемаларды шешуге қатысуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асыру;

қоғамда жалпы адами  нормаларды, құндылықтар мен адамгершiлiк негiздерiн бекiту; адамның тәуелсiз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн еңбек өнiмдiлiгi үшiн жағдай жасауға қатысу; әлеуметтiк қызметтер көрсету; билiктiң, бизнестiң және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестiруге жәрдемдесу, қоғамдық келiсiм және әлеуметтiк жанжалдарды азайту үшiн жағдайлар жасау, әлеуметтiк және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу жолымен шешу;

мемлекеттiк шешiмдер қабылдау процесiнде ашықтық пен  мөлдiрлiкке жәрдемдесу; әлеуметтiк  еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi аса маңызды қоғамдық функцияларды орындайтын кәсiподақтық ұйымдардың қызметiн қолдау; сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.

 

    1. Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі

Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі адамдар арасындағы қарым- қатынастың дамуы болып табылады. шындығына салсақ, мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынасты азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, жеке меншікті туғызды. Осы меншікті қорғау, оған деген меншік иелерінің құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттары нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды. Қоғамды басқару мемлекет қолына көшті. Мемлекет нығая келе, азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде  либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті [23].

Дамудың демократиялық  жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда азаматтық  қоғам қалыптастыруға, оның институттарын  дамытуға бағыт ұсталып отыр. Азаматтық қоғам құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгін берік қалыптасты.

Сонымен, халықтың басым  бөлігі – саясаткерлер де, қарапайым  көзі ашық азаматтар да – ден  қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не? Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт-феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?

Кез келген адам белгілі  аумаққа иелік еткен елде өмір сүреді. Бұл ел демократиялық, жартылай демократиялық, монархиялық немесе авторитарлық, империялық немесе тоталитарлық мемлекет болуы мүмкін. Мемлекеттің өз конституциясы, рәміздік белгілері бар. Мемлекеттік билік жүргізетін әкімшілік аппараты – бюрократиясы бар. Ол Конституция негізінде елді, қоғамды басқарады, оның қалыпты өмір сүруін, еңбек етіп, материалдық, рухани игіліктерді дүниеге келтіруін, жасампаздық істерді жүзеге асыруын, елдің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін, бір сөзбен айтқанда, азаматтардың өркениетті өмір сүруін қамтамасыз етуге басшылық етеді [24].

Қоғамда мемлекет билігінен, оның институттарынан басқа құрылымдар, топтар, қауымдастықтар да өмір сүреді. Өйткені адамдар мемлекет қабылдаған заңдар мен жарлықтарға сәйкес өмір сүргенімен, олардың бәрі бірдей мемлекеттік институттармен тегіс қамтыла бермейтіні белгілі. Қоғам мүшелерінің бәрі бірдей мемлекеттік қызметшілер немесе шенеуніктер емес, олардың көбі – қарапайым азаматтар. Олардың өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін, ерік-жігерін, саяси-адами сұраныстарын, өз талаптарын іске қосу үшін мемлекеттік институттардан басқа азаматтық қоғам құрылымдарын қажет етеді. Осы өмірлік қажеттіліктер азаматтық қоғамды талап етеді. Адамдардың арман-қиялынан емес, күнделікті тұрмыс-тіршілік қажеттіліктерінен туған феномен – бұл азаматтық қоғам болып табылады.

Саясаттану сөздіктерінде  азаматтық қоғамның анықтамасы біркелкі емес. Бірақ ғалымдар арасында қалыптасқан  анықтама мынаған әкеп саяды. Азаматтық  қоғам дегеніміз мемлекеттен тәуелсіз және онымен қатар өмір сүретін қоғамдық өмірдің айрықша саласы, ол әртүрлі әлеуметтік топтардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, кәсіби және басқа қауымдастықтардан құралады. Ол адамдардың сан қырлы мүдделерін бейнелеудің маңызды формалары ретінде қызмет етеді.

Гегель кезінде мемлекеттің әрекет ететін аумағы – ортақ мүдделерді қорғау болса, ал азаматтық қоғамның аясы жеке мүдделерді қорғаумен ерекшеленеді деген болатын [25].

Ал бүгінгі әдебиеттерде азаматтық қоғамға қоғамдағы  саяси қатынастардың бүкіл жиынтығын  жатқызады, яғни бүкіл саяси жүйенің өмірлік негіздерін құрайтын экономикалық, әлеуметтік, оның ішінде ұлттық, адамгершілік, діни қатынастардың жиынтығы енеді.

Бүгінгі қолданыста азаматтық  қоғамның мынандай анықтамасы кеңінен кездесіп жүр. Ол: азаматтық қоғам адамдардың өз еркімен құрылған ассоциациясы мен ұйымдарының саласы, олар белгілі заңдар арқылы мемлекеттік билік органдарының тарапынан араласуды, қол сұғуды мойындамайтын, мемлекетке тәуелсіз институттардың жиынтығы.

Ресей Ғылым академиясының  академигі Ю.Поляков өзінше азаматтық қоғамға анықтама беруге ұмтылып, азаматтық қоғамды орта ғасыр мен абсолютизмнің жемісі емес, жаңа және қазіргі тарихтың жемісі деп бағалайды. Өйткені тарих әрқилы кезеңді бастан кешірді. Онда жағдай түрліше болды. Мемлекет адамның конституциялық құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету үшін қажетті әрі ықпалды құрылымдарға ие бола отырып, демократиялық қағидаттарды басшылыққа ала отырып, қоғамдық құрылысты күштеп құлатуды жақтамайтын қоғамдық ұйымдардың бәрінің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейтін кезеңде “азаматтық қоғам пайда болады” деген пікірді айтады [26].

Азаматтық қоғам – бұл дамудың белгілі сатысында экономика, саясат және әлеуметтік-рухани салаларда ерікті түрде құрылған мемлекеттік емес құрылымдар болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік емес экономикалық саяси, әлеуметтік, отбасылық (семьялық), ұлттық, рухани, діни, адамгершілік және басқа қатынастардың жиынтығы.

Үшіншіден, еркін индивидтердің  және азаматтардың өз еріктерімен топтасқан  ұйымдары мен ассоциацияларының өзін-өзі көрсету саласы. Сонымен азаматтық қоғам мемлекет өзінің тікелей қарамағына алмаған қоғамның белгілі бір құрамдас бөлігі.

Бұрын қоғамда экономиканың гүлденуі қамтамасыз етілгенде демократиялық  сананың өзі өз кезегімен өмірге берік енеді деген ұғым үстем болып келген-ді.

1992 жылы “Тарихтың  ақыры және соңғы адам” деген  еңбегінде Ф.Фукуяма бұл қағидаға  соққы беріп, оны жоққа шығарды.  Экономикалық өрлеу мен демократияның  салтанат құруында тікелей еш  байланыс жоқ деген ұйғарым  жасады. Бұлар бірі бірін жетелеп өмірге әкелмейді. Тіпті демократия экономикаға кері әсер етеді деген де байлам жасады.

Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы