Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа
Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53
Азаматтық қоғамды теориялық зерттеулерде оның мағынасының негізгі екі дәйектемесін, осы ұғымның екі әр түрлі түсінігін бөліп қарауға болады.
Барынша дәстүрлі, алайда ғылым сахнасынан кетіп бара жатқан көзқарасқа сай «азаматтық қоғам» жеке меншік пен мемлекеттің пайда болуымен байланысты дүниеге келді. «Азаматтық қоғам» ұғымы бұл жерде қоғамның белгілі бір жағдайына сипаттама үшін пайдаланылады және жеке тұлғаның негізгі құқығы мен бостандығы заңмен қамтамасыз етілген және саяси қорғалған, ерекше типтегі мемлекетпен теңестіріледі осыған орай оны өркениетті, яғни азаматтық қоғам деп санауға болады.
Азаматтық қоғамның екінші түсіндірмесі азаматық қоғам туралы қоғамның белгілі бір саласы - мемлекеттік емес қатынастар мен құрылымдар ретінде ұғынумен байланысты. Бұл жерде әр түрлі: азаматтық қоғамның қоғам ретінде, жалпы алғанда оның ерекше бөлімі ретінде, оның барлық мүшелерінің әлеуметтік сипаттамасы ретінде және т.б. сияқты нұсқалары болуы мүмкін.
«Азаматтық қоғам»
термині алғаш рет қай кезде
қолданылғандығын айту қиын. Дегенмен,
азаматтық қоғам түсінігі
Алайда, көптеген ойшылдар ерте дәуірде «азаматтық қоғам» ұғымын немесе айтылуы, ойы, мазмұны жағынан соған жақын терминдерді пайдаланса да, бұл ұғымға ертедегі ойшылдар мен қазіргі авторлардың беріп отырған түсініктері бірдей емес. Бұл жағдай демократияны, бостандықты, азаматтың құқығы мен міндеттерін әр түрлі ұғынумен түсіндіріледі.
Т.Гоббс заманауи мемлекет пен саяси қоғамды тең деп есептеді. Т.Гоббс іліміне сәйкес қоғамдық келісім қоғамның емес, мемлекеттің құрылуына алып келеді. Ал, Дж. Локк болса «өкімет» пен «қоғам» ара-жігін көрсетуге тырысады. Ол үшін билікті қоғамға беру, билікті өкіметке берумен бірдей емес.
Азаматтық қоғам тұжырымын қалыптастыруда Гегельді ерекше айтуымыз керек. Себебі, ол осы теорияның негізін қалаушылардың бірі. Гегельдің пікіріне сәйкес, азаматтық қоғамның бойында мыналар бар: 1) талап-тілек жүйесін (бір индивид ретінде де, барлық азамат ретінде де), қанағаттандыру еңбек істеу арқылы жүзеге асырылады; 2) жеке меншікті қорғау және оның бостандығына кепілдік беретін, әділ сот; 3) жекелеген тұлғаның игілігі «құқық ретінде қаралуын және жүзеге асырылуын» [8] қадағалайтын полиция, және корпорация – берілген істі немесе қабілетті оған кіргендердің барлығына артықшылық пен абырой сыйлайтын «мемлекеттің адамгершілік тамырын ұсына отырып» [9], сол немесе басқа мүдделер бойынша жалпыға бірдей нығайтылатын бірлестік.
«Азаматтық қоғам» ұғымын екі жақты пайдалану дәстүрі: бірінші жағдайда – жалпы мемлекетпен теңестірілді (алдындағы кезең желілерінің жалғасы болып табылатын) әлеуметтік организмнің дамуының белгілі бір деңгейі ретінде; басқа жағдайда – мемлекеттен бұрын пайда болған құрылымдар мен институттардың жиынтығын қамтитын айрықша сала және ішінара одан тәуелсіз бола алады. Осы екінші ұғым азаматтық қоғамның келесі кезеңіне талдау беру үшін негіз болады. Осы екі талдауды үйлестіруге тырыса отырып Гегель оның азаматтық қоғаммен өзара байланысында мемлекетке басымдылық берді.
Маркстің теориялық пайымдаулары барлық уақытта оны азаматтық қоғамды тек еңбек өндіріспен айырбас, яғни экономикалық даму саласымен теңестіруге алып келіп отырды.
Азаматтық қоғамды әлеуметтік организмді мемлекеттен тыс ерекше сала ретінде түсіндіру, А. де Токвильдің және оның америкалық демократияны зерттеуінің арқасында Еуропада кең етек жайды, бұл сол заманда әзірленген қоғамдық шарт және азаматтық қоғам теорияларының негіздері және қағидаттары іске асыратын шындыққа айналды.
А. де Токвилдің пікіріне сәйкес, азаматтық қоғамның мемлекеттен айырмашылығы, - бұл мәжбүрлеу үшін емес, ерікті таңдауға, билікке емес, адамгершілік беделге лайықты сала. Сонымен қатар ол жақсылық пен зұлымдықты біреуін екіншісіне қарама-қарсы қоймайды, керісінше мемлекет демократиялық болып табылатын жағдайдағы олардың өзара әрекеттестігінің жемістілігін басып көрсетеді.
Батыстық саяси ой ғылымының тағы бір тармағы азаматтық қоғам идеясының маңыздылығын саяси партиялар арқылы барлық құндылықтарды белсендіру мүмкіндіктері мен қызмет етуін жақсарту тұрғысынан қараған кезде ерекше сезіле бастайды деген пікірді ұстанады. Саяси партиялар құндылықтар жүйесін қалыптастырудың жетекші субъектілері болып табылады.
Бірақ азаматтық қоғам институттарының қалыптасу мәні мемлекеттік емес, саяси емес ұйымдардың құрылуымен ғана қорытындылана ма?
«Мемлекеттік тәртіп қара бастың қамы үшін ғана емес, адамның дамуы үшін құрал ғана» болғандықтан мемлекет өзінің құқықтық және әлеуметтік міндеттерін кеңейтеді емес пе [10]. Не болмаса «азаматтық қоғам» «мемлекеттік еместің» эквивалентті ұғымы (не болмаса» азаматтық емес қоғам» - «мемлекет» ұғымы) болып табыла ала ма?
Жауап әдеттегідей теріс сипатта болып келеді, өйткені «азаматтық қоғам» «мемлекет» түсінігі сияқты мазмұны механикалық тұрғыда шектеледі. Мұндай анықтама өзінде жағымсыз элементті ұстайды, ол бір жағынан анықтама туралы қисынды қағида талаптарын бұзады, ал екінші жағынан «мемлекеттік» және «саяси» ретінде мазмұнды шектейді.
Бұған қоғамдағы демократиялық жүйенің одан әрі дами түсуі кепіл болса керек. Алайда, осындай қоғам туралы біздің ой-өрісіміз тек батыстық таным аясында шектеле ме, әлде өзіміздің төл тарихымызда бұл туралы пікірлер болды ма? Әрине, болды. Оны ұлтымыздың рухани жаршысына айналған Әбу Нәсір әл-Фараби, Әбу аудин әл-Жауһари, Жүсіп Баласағұни, Асан қайғы Сәбитұлы сияқты данагөй ойшылдарымыз бен білімпаз шайырларымыздың, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиенбет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәттіқара, Бұқар сияқты ақын-жырауларымыздың, Шоқан Уәлиханұлы, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ғалым-философтарымыздың еңбектерінен көруге болады.
Қорытындылар болсақ,
азаматтық қоғам – қоғам
Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.
Азаматтық қоғамның пайда болуы және дамуы; Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар:Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Отандық және шетелдік арнайы әдебиеттерде азаматтық қоғамның негізгі тұжырымдамасын талдауға, азаматтық қоғамды зерттеудің көпғасырлық дәстүрі объектінің өзінің тарихи өзгергіштігіне орай, әзірге қандай да бір бірыңғай және жалпылама маңызы бар тұжырымдама жасауға мүмкіндік бермейді, сондықтан ұғымның түсінігі, оның құрылымы мен міндеттері оның тарихи тағдыры туралы айтыс-тартыс жалғасып келеді [12].
Қазіргі кезде Ресейлік
әдебиеттерде азаматтық қоғамның мәнін
түсіндіруде екі негізгі
Дегенмен де, біздің пікірімізше, «азаматтық қоғам» мен «қоғам» ұғымын» бір біріне сәйкестендіріп қарастырғаннан гөрі оларды бөліп қарастырған дұрыс болып табылады. Бұл ұғымдарды бір біріне сәйкестендіруге болмайды, себебі әлеуметтік-философиялық көзқарас тұрғысынан қоғам «азаматтық қоғам» ұғымына қарағанда мазмұны бойынша жалпылама болып табылады. Қоғам өзінің пайда болуында және үлкен әлеуметтік кемелденуінде жеке өзіндік заңы бар бүтін бір организм ретінде көрінеді.
Қоғамның маңызды өлшемі санатына оның тұтастығымен қатар бөлектігі, өзіндік жеткілікті, бірыңғай базалық элементі, тарихи трансформацияға қабілеттілігі жатады. Басқаша айтқанда, қоғам базалық негізі егеменді – автономиялы индивид ретінде көрінетін және қоғамның өзі тарихи өзгерістерге қабілетті болған кезде дербес қисынға ие қызметтің жекелеген салаларына сараланатын құндылық пен қажырлылыққа ие болған жағдайда ғана қоғам бола алады [13].
Ресейлік авторлар А.Галкин және Ю.Красин азаматтық қоғам – «жеке мүдделер саласындағы индивидтердің қоғамдық қатынастарының мемлекеттік емес әлемі» деп қарастырады [14]. Олардың пікірі бойынша, азаматтық қоғамды дамыту саяси жүйенің демократиялануын және азаматтың құқығы мен бостандығын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Және, керісінше, азаматтық қоғамның тоқырауы, депрессиялық жағдайы саяси жүйені бюрократияландырады, авторитаризмнің қалыптасуына жағдай жасайды.
Азаматтық қоғам аясында саяси партияның болуының өзі азаматтық қоғам шегінде оның саяси мақсаттары (басқа да мақсаттарымен қатар) бар екендігін куәландырады. Оның үстіне, азаматтық қоғам ол - биліктің онсыз өз қызметтерін атқара алмай қалатын формальды емес, бейресми тәжірибелерінің жиынтығы. Сондықтан азаматтық қоғамға берілетін көптеген анықтамаларда оның саяси емес деген дефинициялары, азаматтық қоғам мемлекет емес және өзіне бір де бір мемлекеттік институт пен оның құрылымын қамтымайтындығын көрсетеді.
Бір зерттеушілер оны әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуға белгілі дәрежеде қол жеткізген және өркениеттің барлық белгілерін (нарықтық экономика, демократия, адам құқығын қадағалау және т.б.) тұтастай қоғамдық жүйе немесе социеталды қауымдастық ретінде сипаттайды. Мысалы, А.Одинцова азаматтық қоғамды жеке адамдар мен олардың топтарының қол жеткізілген қоғамдық дамуға пара-пар көп қырлы қажеттіліктері мен мүдделерінің жүзеге асуы орын алатын қоғамдық қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, саяси және т.б.), формалды және формалды емес құрылымдардың жиынтығы деп қарастырады. Оның үстіне ол қазіргі заманғы азаматтық қоғам өзінің ажырағысыз элементі ретінде құқықтық мемлекетті де қамтитындығын айтады [15].
Зерттеушілердің келесі бір тобы, «тар» әдістің жақтаушылары азаматтық қоғамды мемлекетке және басқада формалданған құрылымдарға қарсы тұратын социумнің ерекше саласы ретінде қарастырады. Қазіргі кезде кең тарау алған бұл екінші көзқарас, азаматтық қоғамды мемлекетке қатысы бойынша кең автономияға иеленетін (екі құрамдас бөлік ретінде зерттеледі: «мемлекеттік емес қоғамдастық» және «мемлекеттік емес жеке өмір») және қоғамның мемлекеттік емес өмірі ретінде, немесе оның жеке саласы ретінде, не болмаса жария саласы ретінде түсіндіреді.
Үшінші бағытқа осы
заманғы азаматтық қоғамды
Қазақстан жағдайында азаматтық қатынастардың мәнін тар және шектеулі түрде түсіну қоғамның әлеуметтік негізінің бұзылуына, индивидуализацияға, ұзақ жылдарда қазақ даласында қалыптасқан адамдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың ыдырауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, азаматтық қатынастарды дамытуға жан-жақты, кешенді тұрғыдан қарау қажет. Оның үстіне ресми түрде қоғамға енгізіліп отырған индивидуализм реттеуші әлеуметтік институттарға сәйкес келмейді, яғни жүз жылдар бойына қалыптасқан мінез-құлықтың стандарттарына қайшы келеді. Басқаша айтқанда, қазақ қоғамындағы құндылықтар жүйесін еуропалық құндылықтар жүйесімен салыстырғанда екеуінің арасында айтарлық айырмашылықтар бар екендігін көреміз.
Бұл пікірімізді отандық
саясаттанушы С.Ш. Мұсатаевта дәлелдей
түседі: «азаматтық қоғам мемлекеттік
органдардың қызметінен тәуелсіз жүретін
әлеуметтің өзін-өзі ұйымдастыру
деңгейін сипаттап, тұрғылықты халықтың
түрлі формадағы саяси-
Қалай болғанда да Қазақстандағы
азаматтық қоғамның дамуы ең алдымен
дәстүрлі мәдениетке, тарихи қалыптасқан
мінез-құлық ерекшеліктеріне
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді.
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік және жеке өмірі, олардың әдеп-ғұрпы, салттары кіреді.
Азаматтық қоғамдаадамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды.
Азаматтық қоғам экономикасының
негізгі-әр түрлі меншіктегі көп
укладты экономика. Бұл қоғамның
әрбір мүшесінің нақтылы
Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы