Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа
Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53
- Қазақстан діни сенім-наным
бостандығын қамтамасыз етіп, ұлт
және конфессиялар аралық
- Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізіліп, ТМД-да бірінші болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде заң қабылданды.
Сонымен, өтпелі
қоғам жағдайында партиялық
Бірінші ерекшелігі – Қазақстанның және посткеңестік елдердің өтпелі қоғамдарындағы партиялық секторының қалыптасуы Батыстың дамыған елдерінен бөлек мәдени, экономикалық және геосаяси ортада өтуде. Бұл жағдай кейбір шетел сарапшылары мен зерттеушілеріне, посткеңестік елдердегі партиялық сектордың жеңілістері отандық саяси партиялардың басқа тұрақты демократиялық елдерде сәтті және уақытпен тексерілген үлгілерді іс жүзінде жүргізуге қабілетсіз деп тұжырымдауға себеп болып отыр. Бірақ, біздің ойымызша, оның себебі батыстық партиялық жүйенің даму тәжірибесін елемеу емес, партиялық секторды қалыптастыру батыс принциптерінің бұл елдердегі күнделікті мәдени-тарихтық, әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірге сай келмейтіндігі.
Қазақстандағы және басқа да посткеңестік мемлекеттердегі партиялық секторды қалыптастырудың екінші ерекшелігі, бұл рәсімді барлық ТМД елдерінде үш негізгі өзара байланысқан жайттарды ескеріп жүргізу: 1. Үстемдіктен либералдық принциптерге негізделген қазіргі күннің қоғамына өту; 2. Ұлттық мемлекеттікті жандандыру және құру; 3. Жоспарлық экономиканы нарықтық экономикаға аудару.
Үшінші ерекшелік, ол
халықтың басым көпшілігі жүйелік
реформалардың басында
Партиялық сектордың өтпелі қоғамдарда қалыптасуының төртінші ерекшелігі, ол рәсім кейбір саяси партиялардың үкіметпен қатынастары әлсін-әлсін ұршығып тұруымен жүріп отырды.
Бесінші ерекшелік, өзгеру және өтпелі қоғам жағдайында Қазақстанда және посткеңестік мемлекеттерде көпшілігінде күшті атқарушы үкіметпен үйлесетін президенттік басқару нысаны орнықты.
Соңғы ерекшелік, партиялық сектордың қалыптасуына және дамуына экстремизм мен терроризм, наркобизнес пен қару-жарақ контрабандасы және «түрлі-түсті революциялардың» экспорты тарауына байланысты қауіпсіздік мәселелері ерекше әсер етуде.
Саяси партиялар өз қызметінде арнайы дәнекер ретінде азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстардың бірін қамтамасыз етеді. Өйткені партияларға мемлекет пен қоғам арасындағы тікелей және кері байланысты қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Бұл міндеттің жүзеге асырылуы көбіне қоғамдағы демократиялық принциптерінің жүзеге асырылу толықтығына, азаматтардың елдің саяси өміріне шынайы қатысуының қамтамасыз етілуіне және азаматтық қоғам мен мемлекет қалай өзара әрекеттесетіндігіне байланысты келеді.
Кеңестік саяси жүйенің тарихи тәжірибесі саяси партия билікке келгеннен кейін өзін онымен толықтай бейнеленуінен сақ болу қажет екендігін көрсетті. Сондықтан да, саяси партия азаматтар жекелеген мемлекеттік шенеуніктердің қателіктері мен қылмыстарын саяси партияның қызметімен байланыстармас үшін билікпен біршама арақашықтықты сақтау керек.
Айталық, кез-келген азаматтық қоғам өз қалыбын жасауға негіз болып табылатын, адамдардың саналы және ұйымдастырылған мүдделері қалыптасатын және жүзеге асатын әлеуметтік байланыстар жүйесі ретінде көрінеді. Азаматтық қоғамның түрлі салаларының болуы адамдарға қандай мүддені және қандай тәсілмен оны көздеу керек екендігін өздерінің шешуіне мүкіндік береді. Ұйымдасқан мүдделер топтары қоғам қызметінің түрін де айқындайды. Дәл соларда қоғамның түрлі бөліктерінің қалаулары қалыптасады. Г.Алмонд «мүдделер тобы» деп өзара мүдделіліктің немесе пайданың айрықша байланыстары арқылы біріккен және де осыны белгілі бір дәрежеде сезінетін адамдардың тобын түсінеді [67].
Қазіргі кезде Қазақстандағы партиялық жүйе, азаматтық қоғамның негізгі институты ретінде, мемлекеттік органдар мен халық арасын байланыстырушылық қызметті атқарады.
Мемлекет пен «үшінші сектордың» қарым-қатынастарының ерекшеліктерін сараптау саяси партиялар нақты бір қоғамдық қажеттіліктерге жауап ретінде пайда болатынын дәлелдей түседі. Мемлекет саяси партиялардың маңызын жоққа шығара алмайды, сондықтан олардың мойнына кейбір саяси-әлеуметтік міндеттерді шешуді жүктейді. Өз кезегінде саяси партиялар біртіндеп «үшінші секторға» қатысты мемлекеттік саясатты жасау үрдісіне араласуға немесе оған әсер етуге тырысады. Яғни, билік пен саяси партиялар арасында бәсекелестікпен, серіктестікпен, диалогпен, әріптестікпен немесе бір-біріне қарсы тұруымен сипатталатын қарым-қатынастар орнайды.
Партияның азаматтық қоғамның дамуына тікелей әсер ететін екі функциясын атап көрсетуге болады.
Сайлау жүйесі - өркениетті
еркін қоғамда халықтың саяси
белсенділігінің негізінде
Азаматтық қоғамда өмір
сүріп отырған мемлекеттер
Жалпы, соңғы жылдары болып өткен сайлау кампанияларын сипаттай келе Қазақстандағы сайлаулар және оған саяси партиялардың қатысуы бүгінгі күнде қалыпты табиғи үрдіске айналғандығын көрсетеді деп айтуға болады. Қазақстандықтар мұның бәрін елдегі демократиялық жаңару жолы деп қабылдауда. Саяси партиялар сайлаудан сайлауға дейін өз сайлауалды шаралары аясында тиімді әрекеттерімен көзге түсуде: олар ашық қоғамдық әрекетке барынша мол баруда, электоратқа қатысты жоғары белсендік танытуда, үгіт насихат жұмыстарында түрліше әдістер пайдалануда, өз жұмыстарын БАҚ беттерінде жария етуде жаңа ақпараттық бағытар ойлап табуда, Интернет жүйесін кеңінен қолданып келеді. Мұның бәрі азаматтардың оларға деген қызығушылығын арттыра түсуде.
Елімізде саяси партиялардың дамуына 2007 жылдың 18 мамырындағы ҚР Конституциясына енгізілген тарихи өзгерістер жаңа серпін берді. Саяси партиялардың қызметіне қатысты бұл өзгерістердің мәні енді Парламент сайлауы пропорционалдық жүйе бойынша өтетіндігінде болып отыр. Елбасы мәлімдегендей, конституциялық реформа Қазақстанның эволюциялық дамуының кезекті белесті кезеңіне бастайды. Бұл өз кезегінде, саяси жүйедегі саяси партиялардың рөлін айқындай түседі.
1998 жылға дейін елімізде мажоритарлық жүйе жұмыс істеп келгендігін баршамыз білеміз. Ал 1999 және 2004 жылдардағы сайлаулар аралас жүйе бойынша жүзеге асырылып келген еді. Яғни, ол кезде партиялық тізім бойынша тек 10 депутат сайланды. Ал 2007 жылдың 18 тамызында болған сайлау толықтай пропорционалды негізде өтті. Бұл жүйе саяси репрезентативтікті қамтамасыз ету үшін қолайлырақ, көппартиялықты дамыта түседі және парламенттік көпшіліктің жауапкершілігін арттыра түседі деп қарастырылады. Яғни, соңғы сайлауда біз жекелеген кандидаттар емес, партиялар бағдарламаларының тартысына куә болдық.
Көппартиялық жағдайда
пропорционалдық жүйе - дауыс беру
нәтижелерін анықтауда барынша
демократиялық форма болып
Осы жерде біз пропорционалдық
жүйенің ерекшеліктеріне
Біріншіден, пропорционалдық
жүйе қоғамдағы саяси күштердің
орнын барынша дәлірек
Екіншіден, бұл принцип дамыған, бәсекелесті партиялардың қалыптасуына жол ашады, көппартиялықты нығайтады және демократияның аса маңызды белгісі саяси плюрализмді дамытады.
Үшіншіден, жаңа сайлау жүйесі
азаматтық борышты өтеуді жеңілдетеді.
Мысалы, бұрын Парламенттік сайлауларда
депутатыққа кандидаттар
Төртіншіден, пропорционалдық сайлау жүйесі мажоритарлық және аралас жүйеге қарағанда көбірек либералдық болып келеді, өйткені қоғамдық рөлі жоғары саяси күштердің барлығы елдің жоғарғы өкілдік органында болуына мүмкіндік алады. Яғни, қазақстандықтардың санасында саяси партиялардың рөлі айтарлықтай өсе түседі. Таяу уақытта азаматтар өздерінің саяси көзқарастарын белгілі бір саяси ұйымдардың әрекетімен байланыстыратын болады және бұл толыққанды азаматтық қоғамның қалыптасуына жол ашады [68].
Сонымен қатар, сайлауды пропорционалдық жүйе бойынша өткізуді енгізу саяси партиялардың дамуына үлкен серпін береді. Біз бұны сайлау алдында болған бірқатар партиялардың бірігуінен байқап та үлгердік.
Бесіншіден, азаматтардың атқарушы органға ықпал етуіне шынайы мүмкіндіктері пайда болады. Бұл конституцияға енгізілген өзгерістерге орай мүмкін болып отыр. Жаңа талаптар бойынша Президент премьер-министрді парламенттегі партиялардың фракцияларымен кеңесіп, депутаттар премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдағаннан кейін ғана тағайындайды. Бұл дегеніміз азаматтардың дауыс берген партиялары арқылы саяси шешімдер қабылдауға шынайы түрде қатысуға мүмкіндіп алып отырғандығын куәландырады.
Сонымен бірге, мәжілістің Конституциялық Кеңесті, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаушы Есеп комитетін, Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыруға қатысуы да саяси партиялардың саяси үрдістерге қатысу деңгейін арттыра түсті.
Алтыншыдан, Мәжілістің, тиісінше саяси партиялардың өздерінің бақылау құралдарын пайдалана отырып үкіметтің қызметіне ықпал ете алу мүмкіндігі. Оның ішіндегі ең ықпалдысы әрбір министрге «төнуі» мүмкін сенімсіздік білдіру болып табылады. Оның үстіне енді бұл құралды пайдалану механизмі жеңілдей түсті. Мысалы бұрын Мәжіліс сенімсіздік білдіру үшін депутаттардың үштен екісінің дауысы қажет болған болса, енді депутаттардың жартысынан көбінің дауысы жетіп жатыр.
Осылайша конституцияға енгізілген өзгерістер саяси партиялардың қызметін белсендірек етіп, халықпен байланысын арттыра түспек. Елімізде Парламентті жасақтауға қолданылған пропорционалдық жүйе Латын Америкасы елдерінде, Бельгияда, Швецияда және т.б. елдерде кең пайдаланылып келеді.
Сонымен қатар, пропорционалдық жүйенің кемшіліктері де жоқ емес. Мысалы сайлау өткеннен кейін басым партияның жоқ болуына, әрқайсысы- ның өзіндік мақсаттары мен міндеттерінің болуына орай бірнеше партия- лардың коалициясының болмауына байланысты үкіметті құруда үкіметтік дағдарысқа алып келетін қиыншылықтар орын алуы әбден мүмкін.
Мажоритарлық жүйеге
қарағанда пропорционалдық жүйе
халық мүддесін толығырақ есепке
алады деп саналғанымен де, мажоритарлық
жүйенің артықшылығы ол қоғамдық
проблемаларға тереңірек
ҚР Парламенті Мәжілісін қалыптастыруда 100 пайыздық пропоционалдық жүйесін енгізуге байланысты саяси партиялардың рөлі бұрынғыға қарағанда тағыда арта түсті. Өйткені, олар енді сайлаушылардың ерігін анықтаушы негізгі құралға ғана айналып қоймай, сонымен бірге Мәжілісті кәсіби және белсенді депутаттармен толықтыру арнасына айналды. Енді саяси партиялар өз күшін бір мандатты округтерге жұмсамай тек саяси партияның беделін арттырып, бір бағытта жұмыс істеуге бет бұрды.
Осы орайда, соңғы Парламент сайлауына түскен партиялардың немесе саяси блоктардың сайлаудың пропорционалдық жүйесі жағдайында Парламенттен орын алуға бағытталған әрекетіне қысқаша шолу жасап өтелік. 2007 жылғы Парламент сайлауы кезектен тыс өтуіне қарамастан саяси партиялар сайлаушылардың назарын өзіне аударуға бар күшін салды. Бұл жүйеде басты екпін жеке тұлғаларға емес, тың идеялар мен нақты ұсыныстарға, яғни сайлауалды бағдарламаларға салынғандығын біз жоғарыда айтып өттік. Сондықтан бұл сайлаудағы басты элемент қазақстандықтардың назарына ұсынылған партия бағдарламасы болғандығы анық.
Сайлау қарсаңындағы рейтінгтерге қарағанда алдыңғы қатарға өзекті проблемаларды қамтуына байланысты «Нұр-Отан, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал демократиялық партиялары ЖСДП (ОСДП) шықты. Ал Патриоттар партиясы, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы, Ауыл және Руханият партиялары төменгі топтан орын алды.
Дегенмен, аталған үштіктің ішінде көрсетілген критерийлерге толық жауап берген, және шындап келгенде мемлекеттің алдағы бес жылға арналған стратегиялық даму бағдарламасын ұсынған «Нұр –Отан» партиясы ғана болды.
Мысалы, «Ауыл», «Руханият»,
Патриоттар және Коммунистер партияларының
сайлауалды құжаттары қамтыған әлеуметтік
мәселелерінің тарлығымен және күштерін
жекелеген проблемаларға
Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы