Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа

Описание

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 402.00 Кб (Скачать документ)

Адам тамағы тоқ, киімі  бүтін болса да, ешқандай қанағат  сезіміне бөленбейді. Ол өзін қоршаған ортаның мойындауын, бағалауын, құрметтеуін  аңсайды. Мұндай сезімнің күштілігі соншалық адам баласы кейбір оқыс қимыл-әрекеттер арқылы өзін көрсетуге еріксіз тырысады. Осы жолда тәуекелге барады, оппозицияға қосылады, ереуілге шығады, билікке қарсы пікір айтады, қарсылық білдіріп, сындар айтады, әділеттілікті талап етеді. Өзін күрескер ретінде көрсетуге ұмтылады. Қоғамдағы либерализм оған мұның бәрін жасауға еркіндік береді. Өзін мойындату үшін адам бәріне барады: тәуелсіз баспасөз беттерінде сөйлейді, парламентке өтуге тырысады, саяси партиялар мен қозғалысқа қатысады. Түрлі қоғамдық бірлестіктерге барып, өзін танытуға ұмтылады. Сол арқылы ішкі наразылықтарын, тілек-талаптарын сыртқа шығарып, нақты іске айналдыруға тырысады [27].

Бұл адамдарды азаматтық  қоғам институттарына бірігуге жетелейді. Бұған көбінесе билік те себепші болады. Шенеуніктер қарапайым адамдарды көзге ілмейді, оларға азамат-тұлға деп қарамайды, тілек-талаптарын жүре тыңдайды. Бары да, жоғы да бірдей деп есептейді. Бұл адамдардың бойында ыза-кек, ашу-реніш туғызады. Оны жеке адам оңаша жүріп толық көрсете алмайды. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпастың мәнін жете ұғынып, ұжымдасуға мәжбүр болады.

Өзін таныту, ашу-ызасын анық сездіру үшін адамдар амал-айла іздейді. Мұның бірден-бір жолы ұйымдасу, бірігу деп біледі. Сондықтан да азаматтық қоғамды – мемлекеттен тәуелсіз – жеке адамдардың өз еркімен ұйымдарға бірігуі, өздерін өздері танытуға мүмкіндік алуының бірден-бір алғышарты деп ұғады. Сонымен азаматтық қоғамды өмірдің өзі туғызады.

Азаматтық қоғамның құрылымы күрделі, ол негізінен үш салада көрініс береді. Біріншісі, экономикалық салада азаматтық қоғамның құрылымдық элементтеріне мемлекеттік емес кәсіпорындар – кооперативтер, арендалық ұжымдар, ассоциациялар, корпорациялар және тағы басқа шаруашылық саласындағы, азаматтардың өз бастамаларымен ұйымдасқан еркін бірлестіктері жатады [28].

Екіншісі, әлеуметтік-саяси  саладағы азаматтық қоғамның құрамына: отбасы, қоғамдық, саяси-қоғамдық ұйымдар  мен қозғалыстар, тұрғын жайдағы  қоғамдық өзін-өзі басқару органдары (КСК) немесе еңбек және басқа ұжымдардағы өзара көмек беру кассалары, әлеуметтік шиеленістерді шешетін тетіктер, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары және т. б.

Үшіншісі, азаматтық қоғамның рухани өмірдегі көріністері: сөз, жиналыс  бостандығын, өз пікірлерін емін-еркін жеткізу, шығармашылық, ғылыми және басқа бірлестіктердің мемлекеттен және саяси жүйеден тәуелсіз өз еркін білдіруі болып табылады.

Азаматтық қоғамның бұл  үш салада бірдей өз құрылымына ие болуы  оның қоғамдағы орнын әрі маңыздылығын көрсетеді.

Азаматтық қоғамның қалыптасуына бұл күнде ықылас күшейіп келеді. Оған билік те, оппозиция да, либерал-демократтар да, консерваторлар да зейін қоюда.

Либералдар болса, мемлекеттің күшеюіне мүлдем қарсы, олар биліктің ықпалын, әсер ету шеңберін тарылтып, оның үлесіне белгілі саланы ғана қалдыруды жөн санайды. Мұның бірден-бір жолы азаматтық қоғамды қалыптастыру деп түсінеді. Олар азаматтық қоғамды дамыту арқылы мемлекеттің ықпал ету аясын шектеуді демократияға жетудің бірден-бір жолы деп таниды. Мұнда белгілі бір негіз бар. Азаматтық қоғам адамдардың белсенділігін арттырады. Саяси ғана емес, әлеуметтік, рухани, адами қабілеттері мен мүмкіндіктерін толық іске қосуға кеңінен жағдай жасайды [29].

Қоғамның әрбір мүшесі өзінің жасына, жынысына, әлеуметтік тегіне, табиғи бейімділігіне қарай өзінің ішкі әлеуеттік қабілеттерін жүзеге асыру үшін қоғамдық ұйымдарға бірігеді, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік алады.

Саяси билікке араласу үшін саяси партиялар мен қозғалыстарға қатысады. Өнердегі дарынын жетілдіру үшін көркем өнерпаздар ұжымдарын ұйымдастырады. Бұдан ол өзіне ләззат алады.

Зейнеткерлер де ересектер хорына қатысып, көпшілік алдына шығып, ән айтады. Бұдан материалдық пайда көрмесе де, адами қанағаттану сезіміне ие болады. Филателистер, шахматшылар, балық аулаушылар, шаңғы тебушілер, парктерде ертемен жүгіретін топтар құрылып, жұмыс істейді. Өзара араласу, қарым-қатынасқа түсу адамдарда белгілі бір қуаныш сезімін туғызады, өздеріне жігер беріп, өмірге деген құштарлығын арттырады.

Адам баласы бір-бірімен қатынас жасауға, өзара пікірлесуге ортақ мәселені бірлесіп шешуге әрқашан ынталылық танытады. Сондықтан да материалдық ынталылықтан басқа адами қажеттіліктер де азаматтық қоғамның институттарын жасақтауға себепші болады. Мәселен, тұрмысы жақсы отбасын алайық. Үй иесі ақшалы кәсіпкер, зайыбы үйде. Тұрмысқа қажеттінің бәрімен бұлар қамтамасыз етілген. Ештеңеге мұқтаж емес. Бірақ кәсіпкердің зайыбы үйде босқа отыра алмайды. Өмірге араласқысы, еңбек еткісі келеді. Өзі өнерді жақсы көреді. Живописьті жақсы түсінеді. Ол жас суретшілер клубын ұйымдастырып, оған бұл өнерге икемді жас талапкерлерді тартады. Олардың сурет көрмелерін ұйымдастырады, насихаттайды. Бұдан өзіне ләззат алады, қанағат сезіміне бөленеді [30].

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.

Еліміздің 1995 жылы Конституциясы  Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық  экономикасы мен жеке адамның  автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын, идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады [31].

Заң үстемдігінің елдің  Конституциясында бекітіліп, басқа  заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.

Мұнда бір таптың, партияның, топтың, идиологияның үстемдігіне жол  берілмейді. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Барлық азаматтар шын  мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады.

Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады.

Бұл мемлекетке адамның  адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды.

Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді.Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің  маңызы зор. Себебі қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білу керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады.

Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты) кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б жатады.

Осындай бір немесе бірнеше  әлеуметтік белгілермен бірлескен  адамдар жиынтығын әлеуметтік топ  дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, қазақ, үлкен қаланың тұрғындары.

Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.т ие болу мүмкіншіліктері жатады [32].

Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі  немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Еңбектің қоғамдық бөлінуі  негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас  жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі  әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады.

Марксистік қоғамтану  әлеуметтік құрылымның негізгі түрі деп  қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады.

Сонымен қатар қоғамдағы  әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік  құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік топтың, әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік стратификациялану деген ұғым кіргізілді. «Страт» латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады.

Әлеуметтік жіктелуге  қоғамның құрамына кіретін белгілі-бір  топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм(ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы  барлық жіктерді қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б

Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе(мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болады.

Әлеуметтік жіктелу  теориясы адамды қызметкер ретінде  де, тұтынушы ретінде де қарастырады.Олбилік  жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара  алатын объектісінің аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді [33].

Ал әлеуметтік жіктелу  теориясы, біріншіден бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді.

Шетелде әлеуметтік жіктелу  теориясы жүз жылға табысты пайдаланылып келеді. Ал Кеңес Одағында оны маркстік-лениндік таптар мен тап күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті пайдаланса, әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің беті ашылып қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идиологияның оны қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін өзгертіп, бұрмалауға тырысты.

Қазақстанда азаматтық  қауымдастық негізінде азаматтық  қоғамды қалыптастыру еліміздің  әлемдік өркениеттер жүйесіне қосылуына  мүмкіндік береді. Бұл халықтың экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдық өмірдің  барлық саласының тұрақты дамуына  еліміздің барлық потенциалын пайдалануға жағдай жасайды.

Азаматтық қоғам мен  азаматтық феномені мемлекет билігіне қарсы оппозиция мен түрлі  көзқарастар мен қажеттіліктердің иеленуші –тұлғадан туындайды.Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандарудың  ең жақсы әдісі саяси тұрғыда ұйымдасқан қоғамның мүшелері арасындағы еңбекті бөлу принципі. Ол тұрғындарды 3 сословиеге бөлді: басқарушы-философтар, әскерлер, қолөнершілер мен жер өңдеушілер. Платон қоғамды бөле отырып, полистің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесінде «саяси мемлекеттен» басқа «азаматтық қоғамды» көрсетті.

Азаматтық қоғам мен  азаматтық туралы қазіргі көзқарастар XVIII ғасыр аяғы мен XIX ғасырдың I-ші жартысында Батыс Еуропа мен Америка елдерінде пайда болды. Бұл кезеңде өндірістік және саяси революциялар, жаңа әлеуметтік теңсіздікті туғызған нарықтық қатынастардың дамуы, адамдардың қоғамдық өмірден алыстауы, олардың мемлекеттік билік тарапынан қызметінің шектелуі және т.б. процестер орын алды [34].

Мұның бәрі әлеуметтік субъектілердің ұйымдасқан саласының пайда болуына алып келді. Кейіннен бұлар қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитын институттар мен ұйымдар жүйесіне айналды, олардың басты міндеті мемлекет тарапынан болатын күш көрсету, зорлық, бағындыру функцияларын шектеу, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қатынасты дамыта отырып, жеке мен қоғамдық мүдделерді біріктіру болып табылады.

Азаматтық қоғамның бар  сипаттарын зерттей келе, оны қазіргі  қоғамдық жүйе ретінде мынандай қасиеттерін  көрсетуге болады: I-ден, азаматтық қоғам бүл ірі өндірістік базасы, өнеркәсіптердің ғылыми-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі және әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған индустриалдық қоғам.

II-ден, азаматтық қоғам-бұл адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін өтейтін түрлі меншік түрлері мен кәсіпкерлік қызмет формасы, экономикалық негізі болып табылатын нарықтық қатынастардың қоғамдық жүйесі. Азаматтық қоғамда меншік пен кәсіпкерліктің айтарлықтай орнын жеке меншік пен жеке сектор алады.Бұл әлеуметтік субъектілер қызметінің тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі механизм.

Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы