Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2012 в 14:34, дипломная работа

Описание

Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж.Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2]. Дж.Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................8
Азаматтық қоғамның негізгі түсінігі мен даму кезеңдері...........................8
Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі............................................16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ........................26
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты..............................................................................................................26
Қазақстанды демократияландырудағы азаматтық қоғам рөлі...................32

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................53

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 402.00 Кб (Скачать документ)

III-ден, азаматтық қоғам өзінің саяси параметрлері бойынша- демократиялық жүйе. Демократия жергілікті өзін-өзі басқару, тең және ортақ сайлау, биліктің бөліну механизмдері арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтық қоғамның саяси ұйымдасуының ядросы әр түрлі топтардың мемлекеттік билік құрылымында өкілеттіктерін қамтамасыз ететін көппартиялық жүйе.

IV-ден, азаматтық қоғам- әлеуметтік құрылымданған, күрделі дифференделген және стартталған жүйе. Бұл жүйе көптеген әлеуметтік топтар мен таптар кіреді. Азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы- қоғамның тұрақтылық кепілі болып табылатын орта тап.

V-ден, азаматтық қоғам бұл ашық жүйе, мұнда ойлар мен идеялар плюрализмі, шыдамдылық, шындыққа қатысты сын, дұрыс ойлау мен гуманизм тән. Азаматтық қоғамның рухани-идеологиялық негізі осылар болып табылады [35].

Алайда, азаматтық қоғам  құруда сол елдің ұлттық-мәдени және саяси ерекшеліктерін есепке алу керекСоған байланысты Қазақстан жағдайында азаматтық қоғамды құрудағы кездесетін проблемаларға тоқталайық.

1.Азаматтық қоғамды  институцияландыру проблемасы, яғни  ескі құрылымдардың орнына жаңа  құрылымдар мен институттар келуі  керек. Олар қазіргі жағдайдағы  қоғамның дамуы мен қызмет  етуін қамтамасыз етуі керек.  Азаматтық қоғамды құру-бұл оның  институционалдану проблемасы мен қарама-қайшылықтарын шешу болып табылады. Азаматтық қоғамда жеке мен мемлекеттік сала арасындағы қайшылық өзекті. Азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік саланың үлесі төмендеп, жеке өмір саласы өсуі керек.

Дамыған азаматтық қоғамда  қоғамдық өмірдің коллективті, жеке және мемлекеттік салалары арасында теңдік қойылады, яғни бірде-біреуі монополді билеуші бола алмайды. Бұл заң жүзінде бекітіледі.

2.Азаматтық қоғамның  субъектісі ретінде жеке тұлғаны  қалыптастыру проблемасы. Бұл проблеманы  шешу тек қана индивидтің азаматтық қоғамға тән әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды қабылдау механизмі арқылы жүзеге асады.

3.Азаматтық проблемасы  Американ зерттеушісі Т.Маршалл  азаматтықтың мағынасын былай  көрсетеді: азаматтық бұл «кез-келген  қоғамдағы толық мүшелік». Индивидтердің ерекше әлеуметтік мәртебесі, яғни тең құқық пен міндеттер, билік пен жауапкершілік, еркіндік пен бағынушылық, теңдік принципке негізделген әлеуметтену өмір сүріп отырған қоғамды ешқандай революциялық әдістерсіз реформалауға мүмкіндік береді.

Азаматтық феномен мықты  интегративтік сипатқа ие. Формасы  бойынша саяси құқықтық құбылыс  болып табылатын азаматтық мемлекетте тұратын адамдарда, олаодың этникалық, діни, нәсілдік және т.б. айырмашылықтарына  қарамастан біріктіреді. Оныхалық деп атайды. Халық бұл біріншіден азаматтық қауым.

Азаматтық кез-келген индивидті, халықты және жалпы мемлекеттік билік қатынастарының қатысушыларына айналдырады. Индивид пен мемлекеттік биліктік қатынастар жүйесіндегі қызметі индивидті Азаматқа, ал тұрғындарды-азаматтық қауымдастыққа айналдырады [36].

Азаматтықтың интегративті қызметі индивидті қоғамдық өмірге араласудың толық және әділетті механизмі  болып табылады. Индивид өзінің табиғи қажеттіліктерін тек жалпы азаматтық  процесс барысында өтей алады. Азаматтық қоғамда бостандық қоғамның кез-келген мүшесінің индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды пайдалалуғамүмкіндік беру деп түсіндіріледі. Мұны, I-ден, заң алдында барлығының тең болуы; II-ден, жеке және әлеуметтік бостандықтың негізі болып табылатын меншікке қол жеткізу мүмкіндігі арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жеке тұлғаның автономдылығы мен бостандығы, заң алдындағы теңдігі-азаматтық қоғамның негізгі принциптері болып табылады.

Азаматтық қоғамдағы жеке тұлғаның құқықтық жағдайы құқықтық мәртебемен анықталады. Оның элементтері: құқық, бостандық, құқықтық кепілдіктер тұлғаның міндеттері мен жауапкершілігі.

Жеке тұлға құқығы –бұл белгілі бір құндылыққа, игілікке деген құқық. Бұл құндылықтар  әр түрлі –материалдық, рухани, мәдени.

Бостандық- бұл да құқық, құқықтың бір түрі. Конституцияда  көрсетілген бостандық түрі сол  уақытта жеке тұлғаның құқығы болып  табылады. Мысалы, сөз бостандығы- бұл  азаматтың еркін өз ойларын, көзқарастарын  айту құқығы жиналыс, митинглер бостандығы-азаматтардың өз өміріндегі және қызметіндегі проблемаларды шешу үшін жиналу құқы.

Азаматтағы қоғамдағы  индивид пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас 2дихотомиялық құқық  және міндет негізінде анықталады.

Мемлекет азаматтарға  қатысты құқықтары бар. Яғни, мемлекет тек қана жеке тұлғаларға қатысты құқықтары ғана емес, сонымен қатар олардың алдында міндеттерге де ие. Тұлға да мемлекет алдында міндеттері ғана емес, сонымен қатар құқықтары да бар. Сонымен, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынас өзара тең құқықты міндеттермен құқықтар арқасында қалыптасады. Бұл азаматтық қоғамның басты белгісі [37].

Қазақстан тәуелсіздігін  алғаннан кейін, өзінің даму стратегиясы  мен бағыттарын Конституцияда көрсетті: демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болу, ішкі және сыртқы саясатын нарықтық қатынастарды дамыту бағытында әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жүргізу, биліктің демократиялық институттарын қалыптастыру, ұлтаралық келісім мен азаматтық бейбітшілікті нығайту, халықаралық байланыстарды кеңейту.

Қазақстан қатаң командалық- әкімшілік жүйеден азаматтық  түрдегі жүйеге өту туралы мақсат қойды. Сондықтан, өтпелі кезеңде түрлі  оқиғалар, экономикалық, саяси, мәдени, идеологиялық мәртебелерінен айырылды:II-ден, әлеуметтік субъектілердің жаңа мазмұндағы жеке «Менді» іздеуі.

Қазақстандағы азаматтардың санасы мен мінез-құлқысының өзгеруін бірнеше этаптарға бөліп қарастыруға  болады.

Бірінші кезеңге (1986-1990)-кеңестік құндылықтардың әлсіреуі, оның орнына батыстық құндылықтардың енуі; азаматтарға ұлттық-этникалық факторлардың әсер етуі; азаматтардың партия, комсомол және кәсіподақтармен байланысының үзілуі; жеке тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық байланыстың әлсіреуі және т.бт тән.

Екінші кезеңге(1991-1993)-индивидтер өздерін Ұлы держава азаматы ретінде санауының жойылуы, саяси және экономикалық элитаның қалыптасуы орын алды. Қазақстанның ұлттық-этникалық, азаматтық параметрлер бойынша дамуына 1993 жылы қабылданған Конституция күшті әсер етті.

Үшінші кезең(1993-1995тамыз) азаматтардың этникалық белгісі бойынша топтасумен сипатталады. Қазақстаннан орыс тілді халықтың миграциялық көңілі өседі. 1994жылдары елден 400 мың адам шет ел кеткен.

Төртінші кезең1995жылы тамыздан басталып, жалпы қазақстандық бірегейліктің қалыптасу процесінің басталуын қамтиды. Оған екінші Конституцияның қабылдануы әсер етті [38].

Азаматтық қоғамды қалыптастырудағы қиындықтар мен қайшылықтар, Қазақстандағы  азаматтық қоғамның қызмет етуін  қиындыққа ұшыратып отырған жағдай бұл қоғамның құндылықтық бөлінушілікте  отырғаны.

Нормативтік-құндылықтық  реттеудің әдістері мен құралдарының жүйесі түрлі нормативтілікке дейінгі  дәстүр, әдет-ғұрып, ритуал), нормативтік(саясат, құқық, мораль) және сверхнормативтік (дүниетаным, философия) формалардан  тұрады. Бұл реттеуліктер жеке тұлғаның қалыптасуы үшін жұмыс істеуді қойды. Соған байланысты, қоғамда моральдық дезориентация күшейіп, шектен шыққан эгоизм көріністері мен қылмыстың саны арта түседі. Адамгершілік сезімнің орнына (парыз, ұят және т.б) тәртіптің топтық, корпоративтік, «жергілікті» индекстері келеді.

Азаматтардың құндылықтық  солидарлығытұрғындарды азаматық қауымдастыққа  интеграциялауы керек. Мұның артында  қазақстандық қоғамның тұтастығымен ішкі бірігушілігін сақтау қажеттігі  тұр.

Қазіргі жағдайдағы Қазақстанда  азаматтық солидарлықты қалыптастыру бірнеше жасанды идеологиялық қайшылықтар тарапынан қарсылық көруі мүмкін. Сонымен қатар, оған қарсы ретінде объективті қайшылықтар да шығуы мүмкін.

Біздің ойымызша, Қазақстандағы  азаматтық қауымдастықты қалыптастырупроцесі  барысында маңызды проблема ретінде азаматтық пен ұлттық (этникалық)индентификация мәселесі болып отыр.

 

 

 

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

 

2.1 Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйенің орнығуының алғышарты

Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика  мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.

Саяси жүйенің үшінші түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс-конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм  қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.

Адам қоғамының тарихында  ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса  да өмір сүрген.

Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік  прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін [39].

Сонымен, қоғамның саяси  жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығай.Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.

Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде  саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.

"Биыл біз демократиялық  саяси жүйені дамытуда сапалы  қадам жасадық, бұл жерде президенттік  республика моделінен президенттік-парламенттік  модельге көшу жөнінде сөз  қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейттік, саяси партияларды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін, сот жүйесін, азаматтық қоғам институттарын дамытуға тың серпін берілді", - деді Н. Назарбаев.

"Еліміздің парламенті  жаңа Ата заңға сәйкес жұмыс  істеп, жаңаша міндеттерді атқара  бастады. Біз бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жолында алға қойған асқаралы міндеттерді еңсере алатынын ескердік", - деп қосты ол. /10/

Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін  реформалауға бағытталған дәйекті жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз саяси дамудың эволюциялық жолын таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық", -деген сенімде президент [40].

Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске  асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.

Саяси жүйені реформалаудың  күшті жақтары:

-       Дəйектi саяси реформалардың нəтижесiнде мемлекеттiлiктiң негiзi қалыптасты, Қазақстанның одан əрi дамуының бағыты белгiлендi, демократиялық құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құрудың қажеттi алғышарттары жасалды.

-       Қазақстанда саяси жүйенi дамытудың демократиялық бағыттылығы қалыптасты.

-       Мемлекеттiк құрылыста билiктiң заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлiну принципi конституциялық тұрғыда айқындалды.

-       Мемлекет басшысын сайлау баламалы негiзде өткiзiлдi.

-       Өкiлдi органдарға (Парламент жəне мəслихаттар) сайлауды партиялық тiзiм бойынша өткiзудiң негiзi қаланды, ол партиялық құрылыс процесiн жандандыруға, мемлекеттiң саяси өмiрiнде партияның рөлiн күшейтуге жəрдемдесуге тиiс.

-       Саяси плюрализм заң жүзiнде бекiтілді, көппартиялылықты қалыптастырудың негiзi қаланды.

-       Мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары түзiлiп, жұмыс iстеуде. Қоғамның əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүддесiн бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар құру процесi жүрiп жатыр.

-       Нарықтық экономиканың дамуы қазақстандық саяси ортада дербес əлеуметтiк-демократиялық идеялардың бекуi үшiн əлеуметтiк база болған меншiк иелерiнiң жеткiлiктi өкiлдi жаңа табын құруға алыпкелдi. Қоғамды жəне оның саяси жүйесiн одан əрi ырықтандыру адамдардың осы əлеуметтiк топтарының ұмтылыстарына жауап бередi.

халқының бiлiм деңгейiнiң жоғарылығы тұтас алғанда қоғамды одан əрi демократияландыруға да ықпал етедi.

-       Ұлтаралық татулық саясатын жүргiзу құралы ретiнде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

Саяси жүйені реформалаудың  әлсіз жақтары:

-       Атқарушы билiктiң шектен тыс орталықтандырылуы жəне тұрақсыздығы.

Информация о работе Қазакстандаfы азаматтык коfамнын калыптасуы