Енбек акы бойынша есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 19:19, курсовая работа

Описание

Жалпы еңбекақы дегеніміз – мемелекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметшілерге жұмыс беруші төлейтін ақшалай өтем.
Жұмысты орындау барысында өз еңбегі үшін кепілді түрде ақы алуға жұмысшы мен қызметшінің субъективті құқығы болып табылатын еңбек құқығы институты ретінде еңбекақы экономикалық жағдайына, еңбектің ақырғы нәтижесіне байланысты, азаматтық құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша ақы төлеуден бөлек, ұжымшар мүшелері өздері белгілейтін ұжымшар мүшелері еңдегінің актісінен айырмашылығы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................


I «ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ

1.1Еңбекақы туралы жалпы түсінік және оның түрлері……………………
1.2Еңбекақыны нысандары мен жүйелері ………………………………….
1.3Қосымша еңбекақы есебі…………………………………………………
1.4 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі…………………………………………………………….
1.5 Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі……………..

I I «ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне жалпы сипаттама...........................................................................................................
2.2 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің есеп саясаты................................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………….
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………

Работа состоит из  1 файл

Еңбекақы есебі (курстық жұмыс).doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

Ағаш шеберлерінікі : 400 000 : 160 х 50 = 125 000теңге, ал бір жұмысшынікін анықтау үшін осы соманы жұмысшылар санына бөлеміз, яғни 125 000 : 3 =41 666 теңге, қыздырушылардыкі барлық еңбекақысы, 400 000 : 160 х 40=100 000 теңге, ал бір қыздырушыға шаққанда: 100 000 : 6 =16 666теңге.

Электриктер еңбекақысы : 400 000 : 160 х 20 =50 000 теңге, ал бір электриктікі : 50 000 : 4 = 12 500теңге .

Сылақшылар еңбекақысы : 400 000 : 160 х 40=100 000теңге, бір сылақшының еңбекақысы: 100 000: 15 = 7 000теңге.

Жөндеушілер еңбекақысы: 400 000 : 160 х 10 = 25 000теңге , ал бір жұмысшының еңбекақысы 25 000: 2 =12 500 теңге.

Жөндек бөлімінің жалпы  еңбекақысы 400 000теңге.

Жанама-кесімді жүйе. Кәсіпорынның негізгі өндірісіне қызмет көрсететін жұмысшылар еңбекақысы,  негізгі өндіріс қызметкерлері еңбекақысының (12%) (1 400 000), яғни жанама кесімді жалақы төленеді. Сонда негізгі бұл жұмыскерлер еңбекақысы : 1 400 000 х 12%= 168 000.

Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделігіне қарай кәсіпкер мен жұмысшылардың топтарына сараланып белгіленеді.

Мысал. Сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20%-ті мөлшерінде сыйақы беру көзделеді.

Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалу нормасы 5% құрайды. Кезекші слесаръ  есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған. Тарифтік ставка 100%, жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы - 3%.

  1. Мерзімдік жалақы: 180*100=18 000теңгеге тең.
  2. Жабдықтың  тұрып қалуын төмендетуін әрбір %-ті үшін сыйақы мөлшері 20%\5% =4% .
  3. Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5% - 3% =2% .
  4. Сыйақының %-тік мөлшері 4%*2% =8% .
  5. Сыйақы сомасы: 18 000* 8% = 1440теңге
  6. Ай ішіндегі жалақы 18 000 + 1440=19440теңге.

Материалдарды үнемдеген  жұмысшыларға сыйақы беруге әрбір жұмыс  орны, бригада учаскесі бойынша нақты  үнемдеген материалдар сомасынан белгілі бір % жұмсалуы мүмкін.

Серіктестікте мерзімдік  ақы алушы жұмысшы  160 сағат жұмыс істеп есепті айда 1200теңге сомасының материалдарын үнемдеген. Сыйақы беру туралы ережеге сәйкес сыйақы нақты үнемделген материалдардың 35% мөлшерінде есептеледі. Тарифтік ставка 100 (сағатпен):

  1. Мерзімдік жалақының сомасы 180* 100 =18000 теңге.
  2. Материалдарды үнемдегені үшін сыйақы 1200*35%=420теңге.
  3. Айдағы жалақы сомасы 18000+420=18420теңге.

Сыйақы цехтардың жне  бүкіл кәсіпорынның жалпы ұжымдық  жұмыс көрсеткіштері үшін есептелуі мүмкін (өндірістік тапсырмаларды, жеткізу шартын, өткізу көлемін орындау және асыра орындау). Сыйақы көлемі жалпы кәсіпорын бойынша белгіленеді

Серітестіктің қол жеткізген жұмыс көрсеткіштері үшін бұйрыққа сәйкес кезекші слесаръ 160сағат жұмыс істеген. Тарифтік ставка 100 теңге.

  1. тарифтік жалақы 160*100=16000теңге.
  2. сыйақы 16000*15%=2400теңге.
  3. жалақы сомасы 16000+2400=18400теңге. Қызметкерлер кәсіпорын жұмысының жалпы көрсеткіштері үшін сыйақы алады.

Мысал. Қызметақысы 12000 теңге  болатын менеджер 24 жұмыс күнінің 20күнін жұмыспен өтеген (4 күн ауырған), сыйақы - 40%.

1.Күндік орташа жалақы 12000\24=500теңге.

2.Нақты жұмыспен өтелген  уақыттағы жалақы 20*500=1000теңге.

3.Сыйақы 10 000 * 40%=4000теңге

4. Айлық жалақы 10 000+4000=14000теңге.

5. Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны бойынша жалақы есептеу.

Кесімді ақы алушы  жұмысшылардың шығарылымы мынадай құжаттамамен рәсімделеді:

    1. Жеке өндірістерде – кесімді жұмыс нарядымен. Нарядтар жеке және бригадалық болады. Нарядтар жұмыс басталғанға дейін технологиялық карталардың негізінде жазылады.
    2. Бұйымдардың түр-түрі (сериясы) шығарылатын ірі сериялық өндірістерде маршруттық қағаздар қолданылады. Оларды бұйымдардың белгілі бір топтамаларына жне оларды осы цехта өңдеудің барлық жолына (маршрутына) жазып береді. Әрбір операция бойынша несие бөлшектің берілгені және нешесі операциялардан жарамды жне ақаулы болып алынғаны көрсетіледі.
    3. Жұмысшылар күннен күнге бірдей жұмыс жасайтын  немесе басынан аяғына дейін бұйымдардың өңдейтін массалық өндірістерде аралас  рапорттар қолданылады. Олардың деректеріжинақтау карточкаларына көшіріледі де, әр жұмысшының ай ішінде жалақы  сомасы есептеліп шығарылады.
    4. Шығарылымды есепке алу ведомосі.
    5. Атқарылған жұмыстарды қабылдау туралы акт.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.  Қосымша еңбекақы есебі

 

 

Қосымша еңбекақы төлеу  мәселесі ұжымдық шартта әрбір жұмысшы-қызметкермен жекелей жасаған еңбек шартында қаралады. Жалпы еңбек заңы бойынша  қосымша еңбекақы төлеу төмендегідей жүргізіледі.

Мейрам күнінің алдындағы  қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу жне оны төлеу

Халық шаруашылығы салаларындағы  субъектілерде мейрам күнінің алдындағы  жұмыс күні бір сағатқа қысқартылады. Бұл күні жұмыс істеген жұмыс-қызметкерлердің  еңбекақылары былайша төленеді. Шаруашылық субъектісінде еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне юбайланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептелініп төленеді. Ал шаруашылық субъектісінде еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы төленіп жүрген жұмысшы –қзметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күні үшін толық жұмыс күніне белгіленген мөлшердегідей еңбекақы төленуі тиіс.

        Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу

    Шаруашылық субъектісінде аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда субъектілерде жұмыс істейтін 16-18 жас аралығындағы  жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер шаруашылық субъектісі аптасына 5 күн жұмыс істеп, 2 күн демалатын жағдайында жұмыс күннің ұзақтығы  16-18 жас аралығындағы жас өспірімдер үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығында жас өспірімдер үшін 5 сағаттан апауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және еңбек үшін өңбекақының мерзімді түрі белгіленген жас өспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді. Ал істелінген жұмыстары, өндірген өнімдері үшін, сондай-ақ атқарған  қызметтерінің саны  мен көлеміне қарай еңбекақының кесімді түрі бойынша еңбекақы алатын жас өспірімдерге қысқартылған  жұмыс сағаттары үшін белгіленген тарифтік мөлшерге қосымша еңбекақы төленеді.

Жас сәбилі аналарға демалуы  жне баланы тамақтандыру үшін берілетін  үзіліс уақытына төленетін еңбекақы

Халық шаруашылық салаларындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда, субъектілердежұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас сәбилі (балалы) аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін жұмыс уақытының барысында үзіліс беріледі. Бұл берілетін үзіліс уақытының ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы қажет. Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы тиіс. Шаруашылық субъектісіндегі жас сәбилі аналарға демалуы және жас сәбиді тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді жне жұмыс істемеген, үзіліс уақыттары үшін жұмысшы қызметкерлерге орташа еңбекақысы бойынша еңбекақы есептелініп төленеді.

        Мемлекеттік қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа еңбекақы төлеу.

 Шаруашылық субъектісінде жұмысшылао мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді, яғни мұндай себептер мен жұмыстың болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшы-қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Бұндай күндерге басқаша айтқанда орташа еңбекақысы сақталынады. Мемлекеттік қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатқызылады:

  • соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
  • мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына, пленумдарына, съездеріне қатысу;
  • әскери комисариаттың шақыруына бару және тағы басқалар.

  Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыс үшін төленетін төлем

  Шаруашылық субъектісінде кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00 – сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақыттағы істелінген (атқарылған) жұмыс уақыты болып есептелінеді. Жұмысшы-қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген шаруашылық субъектісінде өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінде мерзімді еңбекақы алатын жұмысшы –қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының рбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшы –қызметкерлерге түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай  тәртіппен есептеліп төленеді.

Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған субъектілерде жұмысшы қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.

Мерзімді ебкақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттақ жұмыс күнінде  түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 7\6 бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтің 6\5 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.

 

Біреудің орнына жұмыс  істегені (атқарғаны) үшін төленетін  еңбекақысы.

        Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп - өндіріс қажетіне  немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшы-қызметкерге жүктеу үшін шаруашылық субъектісі әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер ақытша жоқ адамның жұмысын  атқарушы штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса немесе уақытша жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылса, онда уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің еңбекақысына қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ адамның еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Бос орындағы қызмет пенміндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару емес ол жұмысшы –қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып есептелінеді де, ол жұмысшы-қызметкерлерге міндетін атқарып жүрген яғни бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді.

      Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем.

       Шаруашылық субъектілерінде кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар өзіне берілген разрядтан (мамандық дәрежесінен) төмен тарифтелген жұмысты атқарған жағдайда, егер олар белгіленген өнім өндіру нормасын орындаған уақытта төмен дәрежелі (разрядты) жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және  соған қосымша осы тарифпен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.

Мысалы: бесінші разрядты жұмысшы (дәрежелі) үшінші разрядты жұмысшыға белгіленген жұмысты атқарған болса, онда оған үшінші разрядты жұмысшыға төленуге тиісті еңбекақы және қосымша үшінші разрядты жұмысшы мен бесінші разрядты жұмысшының еңбекақыларының арасындағы айырмашалық сомасы төленеді.

        Жұмысшы –қызметкерлерге қан тапсырған күнге, яғни донорлық міндетті атқарған күнге төленетін төлем.

        Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған, яғни донорлық қызмет атқарған күні жұмыстан босатылуға тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысына да, қосып алуына да болады. Қан тапсырған үшін жұмысшы қызметкерлердің жұмыста болмайтын жоғарыда айтылған бұл екі күніне еңбекақы орташа еңбекақы мөлшерінде төленеді.

         Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем.

      Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақы төленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына жұмысшы- қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығыболмаса, еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді. Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты шарушылық субъектісі жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыруы мүмкін. Егер жұмыстың тоқтап қалған уақытында жұмысшы –қызметкерлер шаруашылық субъектісінің әкімшілігі ұсынған басқа жұмысты орындаудан бас тартатын болса, яғни берілген жұмысты орындамайтын болса онда ол уақыт үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді.

      Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем.

     Ақау деп - өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланылатын  бұйымдарды, бөлшектерді айтады. Өндірілген өнімдер, орындалған жұмыстар шаруашылық субъектісіндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінен толығымен жарамсыз болып табылатын болса, яғни ол өнімдер ақау болып табылса, онда бұл өнімді өндіргені, жұмысты орындағаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төленбейді. Егер өндірілген өнімдер немесе даындалған бұйымдар жартылай жарамсыз ақау болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшерін, шаруашылық субъектісінің әкімшілігі өнімнің жарамдылық процентіне байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген ақының 50% (пайызынан), яғни жартысынан аспауы керек. Бұл төленетін төлем осы жұмысқа мөлшерленген уақытқа ғана есептеліп төленеді. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылардың салақтығынан болған бұзылған өнімдердің, заттардың құны олардан еңбекақыларынан ұсталынуы тиіс. Бірақ ұсталынуға тиісті соманың мөлшері бос жұмысшының орташа еңбекақысының 2\3 мөлшерінен аспауы керек. Ал материалдарды, өнімдерді әдейі қастандықпен бұзған жағдайда келтірілген зиянның сомасы заңда қаралған мөлшерде жұмысшының еңбекақысынан ұсталынады. Егер шаруашылық субъектісінде өндірілген өнімдер жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз толық ақау қатарына жатқызылатын болса,  онда бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшы-қызметкерлерге тариф бойынша белгіленген еңбекақысының 2\3 мөлшерінде еңбекақы төленеді. Өндіріліп шығарған өнімдердің, дайындалған бұйымдардың ақау болуы ол өнімдерді өндіру үшін пайдаланылған материалдар сапасының нашарлығынан немесе олардың жарамсыздығынан болса немесе жұмысшы –қызметкерлердің кінәсінсіз болған ақау, өнімді немесе жұмысты субъектінің техникалық бақылау органдары қабылдағаннан кейін белгілі болса, онда ол өнімдерді өндіріп шығарған, дайындалған жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы толық тарифтік, яғни жарамды өнімдерге төленетін мөлшерде төленеді.

Информация о работе Енбек акы бойынша есеп