Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 19:19, курсовая работа
Жалпы еңбекақы дегеніміз – мемелекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметшілерге жұмыс беруші төлейтін ақшалай өтем.
Жұмысты орындау барысында өз еңбегі үшін кепілді түрде ақы алуға жұмысшы мен қызметшінің субъективті құқығы болып табылатын еңбек құқығы институты ретінде еңбекақы экономикалық жағдайына, еңбектің ақырғы нәтижесіне байланысты, азаматтық құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша ақы төлеуден бөлек, ұжымшар мүшелері өздері белгілейтін ұжымшар мүшелері еңдегінің актісінен айырмашылығы бар.
КІРІСПЕ ........................................................................................................
I «ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
1.1Еңбекақы туралы жалпы түсінік және оның түрлері……………………
1.2Еңбекақыны нысандары мен жүйелері ………………………………….
1.3Қосымша еңбекақы есебі…………………………………………………
1.4 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі…………………………………………………………….
1.5 Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі……………..
I I «ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
2.1 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне жалпы сипаттама...........................................................................................................
2.2 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің есеп саясаты................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………….
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………
Жұмысшы –қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем.
Халық шаруашылық салаларына нақтылы жұмыс уақыты белгіленген шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген уақыттан өзге уақытта істеген жұмыстары, атқарған қызметтері мерзімнен тыс уақытта істелінген жұмысы болып саналады. Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, яғни мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеу шаруашылық субъектісі әкімшілігінің бұйрығымен ғағн жүргізіледі. Мерзімнен тыс уақытта істелінетін жұмыста біржасқа толмаған баласы бар жас сәбилі аналарды, жүкті (екіқабат) әйелдерді қатыстыруға болмайды. Ал бір жас пен сегіз жас аралығында баласы бар аналар мұндай уақыттағы жұмыстарға тек қана өздерінің келісімімен қатыстырылады. Жұмысшы қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген еңбекті тек қана ақшалай түрде төленеді. Шаруашылық субъектілердің еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жұмысшы-қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың алғашқы екі сағатынаөзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1,5 есесі, ал одан кейінгі сағаттарына екі есе мөлшерінде еңбекақы есептелініп, төленеді. Шаруашылық субъектілерінде кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының 50%, ал одан кейінгі сағаттарына 100% мөлшерінде қосымша еңбекақы алады.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс жне мейрам күндерінде істелінген жұмыстарына, атқарған қызметтеріне еңбекақы төлеу.
Заңға сәйкес шаруашылық субъектілерінде демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуін рұқсат етілмейді Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда субъектідегі кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшы –қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиісті. Шаруашылық субъектісінің бұл уақыт аралығында демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшы-қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының екі есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының екі есе мөлшерінде еңбекақы төленеді. Шаруашылық субъектілерінде мейрам күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Мейрам күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақы төлемінің орнына сол жұмыс істеген жұмысшы қызметкерлердің келісімімен, яғни олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демалыс беруге де болады. Ал мейрам күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшы-қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
Жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытқа еңбекақы төлеу.
Шаруашылық субъектілерінде жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшы қызметкерлерге сот органдардың шешімімен жұмыстан босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына жұмысшы-қызметкердің орташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстырылып (өзінің істеп жүрген жұмысынан төмен дәрежелі жұмысқа немесе тағы басқа) кейіннен бұрынғы жұмысына қайта келтірілген жұмысшы-қызметкерлерге (еңбектің таласын қарайтын тиісті органдардың немесе заң органдарының шешімі бойынша) бұрынғы еңбекақысы мен басқа жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған еңбекақының арасындағы айырма сомасы төленеді. Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты үш ай мерзімнен аспауы керек.
Шаруашылық субъектісіндегі жұмысшы-қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін танған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін танған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу.
Қазақстан Республикасының номері 359-1 санды 1999 жылғы 1 сәуірдегі заңына сәйкес 1999 жылдың 18 суірінен бастап қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 21 қарашадағы № 1415-қаулысымен белгіленген «Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы» туралы заңның 47-тармағы негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10(он) календарлық (күнтізбелік) күннен аспауы қажет. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Баланы ауруханада емдеген уақытта дәрігердің қорытындысы бойынша күтім қажет деп есептелінген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы ата-анасының біреуіне немесе оны күтктін адамға беріледі. 3(үш) жасқа толмаған ауырған баланың ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бріне жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерге аырған жанұя мүшесін күтімге алған уақытына да дрігердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша заңда қаралған мөлшерде жәрдемақы төленеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы 1999 жылғы 18 сәуірден бастап Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа еңбекақысының 100% мөлшерінде төленеді.
Кезекті демалыста немесе қосымша демалыста болған уақытындағы жұмысшы –қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздығы үшін берілген жәрдемақы дәрігердің парақшасы бойынша барлық онда көрсетілген мерзімге төленеді. Сондай-ақ бұл еңбек демалысы күндері Қазақ КСР-нің Еңбек туралы заңдар кодексінің 73-бабына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз күндерге жатқызады. Бұл жағдайда жәрдемақы айлық есепті көрсеткіштің он еселігі шамасынан аспауы қажет.
Жұмыс істейтін, яғни шаруашылық субъектісіндегі жұмысшы немесе қызметкер болып еңбек ететін әйелдерге жүктілігіне және балалы болуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша төленетін төлем 126 календарьлық кунге беріледі. Бұл жағдайда берілетін жәрдемақы ай сайын айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жұмысшы-қызметкерлердің шаруашылық субъектісінде жұмыс істеу немесе қызмет атқару барысында мертігуі, сондай-ақ кәсіптік сырқат алуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің «Жұмысшы-қызметкерлердің өндірістегі жазатайым жағдайларын және өзге де зақымдануларын тексеру туралы» 1994 жылғы 15 желтоқсандағы №1414 ережесіне 1999 жылғы өзгертулер еңгізілуіне сәйкес, жарамсыздығы басталған күннен жұмысқа қайта оралған, яғни сауыққан уақытына дейін төлейді немесе ондай жұмысшы-қызметкерлерге мүгедектік тобы белгіленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Жалпы шаруашылық субъектісінде әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмыста мертіккен (жарақат алған) жұмысшы қызметкерлерге, жүкті немесе балалы болған әйелдерге тағыда басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы мөлшері үздіксіз еңбек стажының ұзақтығына қарамастан есептелініп төленеді. Ал басқа жағдайларда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу олардың үздіксіз еңбек стажына сәйкес мынадай ереже бойынша есептелінеді:
Барлық шаруашылық субъектілерінде еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлер бұл белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін жұмысқа шыққан күні еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы дәрігерлік парақшасын шаруашылық субъектісінің тиісті бөліміне (әдетте бухгалтерияға) тапсыруы тиіс. Осыдан кейін бұл парақшаның тиісті жерлері толтырылып, ол жұмысшы-қызметкерлерге жәрдемақы есептелінеді.
Шаруашылық субъектісінде еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді :
Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да шаруашылық субъектісіндегі жұмысшы –қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъекісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, ректор, президент,меңгеруші және тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалар жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.
Бухгалтерлік есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Шаруашылық субъектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» - деп аталады.
Жұмысшылар мен
Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің яғни шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланады:
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы – мамандар бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай –ақ ескертулері, сөгістері жне тағы басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы
хат негізінде жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбек
Шаруашылық субъектісіндегі әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік номер беріледі. Бұл номер – еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі яғни, уақыттағы шаруашылық субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлірдің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір календарлық күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 11-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-не дейін) мейрам және қызмет істемайтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосында санды сандық календарлық күндеріне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндерінің, сондай –ақ жұмыс істемейтін күндеріінің алдыңғы жүмыс күндеріндегі тізімдегі санына теңеліп алынады.