Енбек акы бойынша есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2012 в 19:19, курсовая работа

Описание

Жалпы еңбекақы дегеніміз – мемелекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметшілерге жұмыс беруші төлейтін ақшалай өтем.
Жұмысты орындау барысында өз еңбегі үшін кепілді түрде ақы алуға жұмысшы мен қызметшінің субъективті құқығы болып табылатын еңбек құқығы институты ретінде еңбекақы экономикалық жағдайына, еңбектің ақырғы нәтижесіне байланысты, азаматтық құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша ақы төлеуден бөлек, ұжымшар мүшелері өздері белгілейтін ұжымшар мүшелері еңдегінің актісінен айырмашылығы бар.

Содержание

КІРІСПЕ ........................................................................................................


I «ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ

1.1Еңбекақы туралы жалпы түсінік және оның түрлері……………………
1.2Еңбекақыны нысандары мен жүйелері ………………………………….
1.3Қосымша еңбекақы есебі…………………………………………………
1.4 Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі…………………………………………………………….
1.5 Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі……………..

I I «ҚҰРЫЛЫС КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне жалпы сипаттама...........................................................................................................
2.2 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің есеп саясаты................................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………….
ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………

Работа состоит из  1 файл

Еңбекақы есебі (курстық жұмыс).doc

— 334.50 Кб (Скачать документ)

Толық ай істемеген шаруашылық субъектісінде, құрылыс ұйымдарында  жаңадан іске қосылған шаруашылық субъектісінде, сондай –ақ маусым мен жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындасын сол айдағы календарлық күн санына бөлу арқылы алынады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  шаруашылық субъектісі бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын  12-ге бөлумен анықталады. Егер шаруашылық субъектісі толық жыл бойы жұмыс істемеген болса, онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.

Ескерту: Жұмысшылар мен қызметкерлердің шаруашылық субъектісі бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін «орташа еңбекақы» және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің  құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір категорияларына  жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:

    1. Жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай –ақ бала асырап алған әйелдер.
    2. Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар).
    3. Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары жне арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер.
    4. Әкімшіліктің ынтасы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.
    5. Орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтауға, олардың қатарынан нақтылы жұмыс істегеніне қарай пропорционалды түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам\күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатын, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық номенклатураға бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер табылады.
    6. Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшы қызметкерлердің құрамына (қатарына) үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлер кіреді. Олардың саны сол жұмысшы мен қызметкерге есептелген айлық еңбекақыны, сол шаруашылық субъектісінде негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің сол айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5 Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі

 

 

Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердің  еңбекақысынан тек заңмен белгіленген  ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұстауға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатады:

  1. Жинақталған зейнетақы қорына аударылатын сома (жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы сомасының 10% мөлшерінде).
  2. Табыс салығы (белгіленген заңдарға сәйкес).
  3. Заң, сот органдарының үкім қағазы бойынша ұсталатын ұсталымдар (алимент, айыппұл жне тағы да басқалар).
  4. Несиеге сатып алған тауарлары, заттар үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің міндеттемесі бойынша белгілінген сомалар.
  5. Әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ комитетіне, ұйымдарға, партияларға, тағы басқаларға) төленетін төлемдер.
  6. Дербестік сақтандыру шартына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларды сақтандыруға байланысты жарна аудару.
  7. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы есебінен берілген аванс пен артық төленген төлемдер сомасы.
  8. Жеке меншік үй салуына банкіден алынатын ұзақ мерзімді несиені өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.
  9. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барған үшін төленетін төлемдер.
  10. Шаруашылық субъектісіне келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталынатын ұсталымдар.

Бұл айтылғандардан басқа  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақыларынан өздерінің жазбаша өтініштері бойынша жинақ кассаларына салатын салымдары тағы да басқалар ұсталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

II «ҚҰРЫЛЫС  КОНСАЛТИНГ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

 

2.1«Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне жалпы сипаттама

 

 

  «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік  өз қызметін 27.03.2006 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ( жалпы бөлімі) 22.04.1998 жылы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес, басқа  да нормативтік -құқықтық  актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге  асырады және орта кәсәпкерлік нысаны болып табылады. Серіктестіктің құрылтайшысы Амангельдиев Мақсат Маратұлы туған жылы 20.12.1956, Жеке куәлігі №015734455 5.09.2004 жылы ҚР ПМ берілген,мекен жайы: Қызылорда қаласы, Парімбетов көшесі 3 үй,Индексі 120009. Серіктестіктің мекен жайы Қызылорда қаласы  Төле би көшесі 45. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді. «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің  мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері болады және өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәмілелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды  иеленуге, міндеттер көтеруге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы. Сондай-ақ, серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде серіктестіктер мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді сәйкесінше, «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді және қолданылып жүрген заңдарда көзделгеннен басқа жағдайларда өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді және қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар бойынша енгізген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады. Серіктестік  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облигациялар шығаруға құқылы. «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің  қызметінің басты мақсаты жарғыда айтылған қызметті жүзеге асыру арқылы таза пайда алу болып табылады.

Басты мақсатқа жету үшін серіктестік төмендегі қызметтерді  жүзеге асырады (қызмет түрлері):

  • ғимараттар тұрғызу;
  • құрылыс-монтаждық жұмыстар;
  • халық тұтынатын тауарды сату және сатып алу;
  • сырттан әкелу және шығару қызметі;
  • құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу;
  • автожолдарды салу мен жөндеу жұмыстары;
  • коммерциялық және делдалдық қызмет;

 «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі қазіргі нарық жағдайына және еліміздегі болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа техникалық, ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып, пайдалы және тиімді қызмет атқаруда.

 

 

2.2  «Құрылыс консалтинг» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің есеп        саясаты

 

     Есеп саясаты - бұл ұйымның есептік  нұсқасын, нұсқаулар рұқсат еткен есеп объектілерін бағалаудың, сондай –ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшкліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.

    Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған,белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді.Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің ролі мен мәнін арттыруда аса маңызды болды.

    Нарықтық экономика  жағдайында бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре отырып,бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады.Бұған қоса айтқанда,бухгалтерлік есеп  макроэкономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының  жалпы мемлекеттік жуйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.Ал мұның өзі әрбір кәсіпорын мұндай көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға суйенулері керек.Бұл қағидалар есеп рәсімдерін таңдау мен есеп процесін әзірлеуде сақталуға тиіс,кәсіпорынның есеп жүйесіндегі бастапқы сәттерді белгілейді.

     Олар-кәсіпорындағы  бухгалтерлік есептің жүйесін  құрудың іргетасы болып табылады.Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету,қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып саналады.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде мынандай принциптерін сақтау керек;

 1. Есептеу- кәсіпорынның кірістері мен шығыстары,олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

2. Үздіксіздік-  яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін,болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де,мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.

3.Түсініктілік принципы - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.

4.Маңыздылық. Пайдаланушыларға  негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін  ақпарат маңызды болуы керек.

5.Мәнділік.Ақпарат мәнді  болуға тиіс.Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ,онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.

6.Растық.Ақпаратта қателік  немесе жалғандық жоқ болса,ол  рас болып табылады және оған  пайдаланушылар сене алады. 

7.Бейтараптық.Қаржылық  ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.

8.Сақтық, яғни активтер  мен кірістер артық бағаланбас  үшін,ал міндеттеме немесе шығын  белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтауы керек.

9.Аяқталғандық. Растықты  қамтамасыз ету үшін есепті  кезеңдегі ақпарат толығымен  аяқталған болуы тиіс.

10.Салыстырмалылық.Қаржылық  ақпарат бұрынғы есеп кезеңдеріндегі  ақпаратпен салыстырмалы болуы  тиіс.

11.Дәйектілік.Ұйым таңдап  алған есеп саясаты мен әдістері,объектілері бір есептік  кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті  түрде қолдануы керек.Егер бір есеп саясатын таңдап алып,келесі  жылы басқа есеп саясатын   таңдайтын болса,онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуы тиіс,оларды негіздеуге қажет.

12.Күмәнсіз және риясыз  ұсынба.Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі,ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.

     Бұл принциптер  кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға негіздемені қамтамасыз етеді.Бұларды сақтамау кәсіпорынның  мүліктік  және қаржы жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік  есептің стандарттары есеп саясатын қалыптастыруға база болып саналады. Олар шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды,міндеттемелер мен шаруашылық қызметінің нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсынады.

Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістерінің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.

    Есеп саясатының ашылуы - бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипаттама беру.

   Қаржылық есептеменің деректері бойынша кәсәпорынның мүліктік  және қаржылық  жағдайы, оның төлем қабілеті,шаруашылық  етудің негізгі ережелері,кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы үрдістер

және т.б.көрсеткіштер белгіленеді.

   Бухгалтерлік  ұйымның қаржылық ақпаратының белгілі бір әдістері ме тәсілдері бар,есептейтін,өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе.Бухгалтер кәсіпорын жұмысын толығымен бақылап,оны басқару үшін бағыт беріп алдағы уақытта істелетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар сол ұйымның болашақта атқаратын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады.Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бұрын пайда болып,бүгінде яғни әрі қарай дамып келе жатыр.Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелерді негізгі және басқа қажеттілігі болып табылады.Бухгалтерлік есеп ақпараттары өндірілген өнімді есепке алуға,сатып өткізуге,айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп жұмсауға,яғни бастан аяқ есептеуге мүмкіндік береді.Бухгалтерлік есеп мынадай қызмет атқарады:

Информация о работе Енбек акы бойынша есеп