Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 10:53, дипломная работа

Описание

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Содержание

Кіріспе
1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы
1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау
2.3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады
2.4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
2.5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау
2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

диплом по малому бизнесу.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)
 

            Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары                         
 

      Мазмұны 

Кіріспе..................................................................................................................................2

     

1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы

1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі .............................4

1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі …………………………………………………………………………………………..…..6 

2. тарау. ҚР  шағын   және  орта  бизнестің  даму  тенденциялары ………………………..

2.1.ҚР – дағы  шағын және  орта  бизнестің жағдайы.....................................................11

2.2    Шығыс Қазақстан облысы бойынша  шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау.........................................................................................................................15

2.3Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау  келесі бағыттарда жүзеге асырылады....21

2.4. Шағын  және орта бизнесті несиелендіру  тәжірибесі.................................................28

2.5 Шағын  және орта бизнес объектілерін  қаржыландыру және несиелендірулер  тәжірибесін талдау…………………………………………………………………………32

2.6 Шағын  кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру.....36

3.тарау.  ҚР – дағы шағын   және орта  кәсіпкерлікті   дамыту  проблемалары 

3.1.ҚР – дағы  шағын және  орта кәсіпкерлікті дамыту  проблемалары  мен оларды  шешу  жолдары.................................................................................................................... .43

3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер…………52

Қорытынды............................................................................................................................58

Пайдалынған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………59

    Кіріспе

     Рыноктық  экономика дамуының теориясы мен  тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.

     Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға  байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік  зерттелу объектісі ретінде күрделі  және көп жақты болып келеді.

     Шағын  және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

     Осындай сәт ретінде рыноктық экономика  жағдайында кәсіпкерліктін негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.

     Арнайы  зерттеулер жүргізген ғалымдардың  образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды  эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын  сәйкесінше элита мен кедейлер ал ортанғы саны көп бөлігін – ортанғы класс құрайды”.

     Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.

     Шағын және орта бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық – құқықтық механизмдер қалыптасқан.

     Ол  жалпы экономикалық жағдайдын нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдың болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың нақты орындалмауына байланысты болды.

     Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.

     Сол себепті, негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.

     Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет.

     Қойылған  міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан  Республикасының Үкіметі шағын  және орта кәсіпкерлікті дамытудың  жедел шараларын қабылдауда.

     Бұл жұмыстың мақсаты шағын және орта бизнестің қаржыландыру және дамыту экономикалық дамудың приоритетті бағыттарының бірі екендігін дәлелдеу.

     Бұл жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады.

     Осы жұмыстың бірінші тарауында шағын  және орта бизнестің Қазақстанда  дамуының қиыншылықтары мен шағын  және орта бизнесті мемлекеттік қолдау, мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде дамытуға бағытталған шаралар қарастырылады. Сонымен қатар несиелендірудің әлемдік тәжірибесіне мысал келтірілген.

     Ал  екінші тарауында «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудағы ролі қарастырылады.

     Сонымен бірге үшінші тарауында шағын  және орта кәсіпкерлікті дамытудағы  несиелендіру жолдарының тиімділігін  арттыру шаралары қарастырылады.

     Дипломдық жұмыстың қорытындысында шағын және орта бизнестің дамуы тікелей  мемлекетке байланысты және экономиканың қазіргі жағдайында шағын және орта бизнес  өздігінен дами алатындығы айтылған.   

     Қарастыруға ұсынылған диплом жұмысының тақырыбы әлемдік әдебиетте жете қарстырылғанмен  Қазақстанда бұл мәселені қарастырылған  жұмыстар өте аз. Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері ғылыми дәлелдеусіз негізінде жеке жариялануларда ғана көрініс тауып отыр. Аталған жайды ескере отырып, диплом жұмысы жоғарыда көрсетілген кемшіліктер орнын толтырады деп ойлаймын. 
 
 
 

    1. тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы 
 

1.1 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі 

    Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің  экономикадағы рөлі жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін айтып отыр. Қазақстан үшін шағын және орта бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.  Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

    -қоғамның  және халықтың қажеттіліктерін  жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік  береті, өркениетті бәсекелестік  нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

    -ассортименттің  кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады; 

    -тауарлар  мен қызметтердің нақты бір  тұтынушыларға жақындауы;

    -экономиканың  құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

    -өндірісті  дамытуға халықтың өз ақшаларын  тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері  өз істеріне өз ақшаларын үлкен  қызығушылықпен салады;

    -қосымша  жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық  деңгейінің қысқаруы;

    -адамдардың  шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді  пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына  ықпал етеді;

    -еңбек  қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі  – бір шектеу қоятын халықтың  жекелеген топтарын (үй жұмысымен  айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

    -меншік  иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың  әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

    -ғылыми-техникалық  дамуды жандандыру;

    -жергілікті  шикізат қайнары ірі кәсіпорындар  қалдықтары қолдану және игеру;

    - ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

    - арендаға алу немесе сатып  алу арқылы төмен рентабельді  және тоқыраудағы кәсіпорындардан  мемлекетті босату;

    осы барлық аталған және басқа да шағын және орта  бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

    Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі  экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы  жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).

    Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

    Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

    Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік  қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше  мемлекеттік органдардың жиі  араласуы.

    Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның  болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің  және арендалық төлем құнының  жоғары болуы.

    Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік  маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

    Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес  жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

    Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

    1992 – 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту, екі мемлекеттік  бағдарламаның жүзеге асыру шағын  бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алды. Бұл кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары