Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 10:53, дипломная работа

Описание

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Содержание

Кіріспе
1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы
1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау
2.3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады
2.4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
2.5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау
2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

диплом по малому бизнесу.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

 

     Келесі  статистикалық мәліметтерде  біз  шағын бизнестің  сфералары  бойынша  инвесторлардың  артықшылықтарын  беруді  қарастырамыз. Олар  келесі  кестеде (2.1.2)  берілген:

     2.1.2 кесте. Шағын бизнестің сфералары  бойынша инвесторлардың  артықшылық  берулері. (2009ж. 1 қаңтар) 

    Қызмет  ету  сферасы     Үлесі, %
    Сауда     17,6
    Аптекалар, формакология     8,8
    Ойын  – сауық  индустриясы     5,9
    Қоғамдық  тағамдандыру     17,6
    Өндіріс     29,4
    Ауыл  шаруашылығы     10,0
    Сервис  сферасы      20,6
    Барлығы     100

 

     Көріп  отырғанымыздай  кіші бизнес субъектілерінің  ұсынысындағы  сауданың алатын сапалық үлесі ең жоғары болып тұр.  Екінші орында өндіріс секторы – 23,1% , ал үшінші сервис секторы - 19,5%. Төртінші орында қоғамдық тағамдандыру 11,3% - бен алады.

     Сапалар бойынша инвесторлардыуң артықшылық беруіне келетін болсақ, инвесторлар қазіргі  таңда шағын  бизнес секторы бойынша өндіріске капитал салымын жасағанды қалайды. 2.1.2. кесте бойынша ол өндіріс секторына инвесторлардың артықшылық беруі  29,4% - да пайыз құрады.  Мұндай тендецияның   қалыптасуы біздің пікіріміз  бойынша ақша массасының тез өсуі  мен экономикадағы сапаны инвестициялық  объектілер мен жобалардың тапшылығымен байлынысты.  Сондай-ақ сауда секторы бойынша  қазіргі кезде бәсекелестік  өте күшті және рентабелділік төмен, сол

    _______________________________________________

      Панорама № 14,   9.апреля, 2009 год - 12 стр.

    себепті  бірінші орында болып келген сауда  секторына  инвестициалау қазіргі  кезде төмендеп,  шағын бизнестегі инвестиция  тарту бойынша сауда 3-ші орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция тарту бойынша шағын бизнес секторында 2-ші орында Сервис секторы ашады.  Көптеген дамыған елдердің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп  отырғандай экономика  дамыған сайын,  оның басым бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық қорытындыларға сәйкес мұндай тендеция бізде де орын  алып келе жатыр, инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл  бойынша 3-ші орынға сауда секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп тұр.

     2009 ж. 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша тіркелген шағын бизнес субъектілерінің саны бойынша 1-ші орынға Алматы қаласы алады. Осы кезде Алматы қаласында 45512 кіші кәсіпорындар тіркелген.  Алматы қаласы бойынша шағын бизнесте  жұмысбастылардың саны 174435 адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға көп. Егер 2000 ж. Алматы қаласы бойынша шағын  бизнесте 80 мың адам жұмыс басты болса, 2009ж. осы сектордағы  жұмыс бастылар саны 175 мыңға жетті. Ал жаңа жұмыс орындарының саны  95 мыңды  құрады. Оңтүстік Астанада баршыға 42 мың кәсіпорындар тіркелген. Олардың 27677 нақты әрекет етеді. 20602 жеке кәсіпкер тіркелді. Бұл 2008 жылдың ұқсас периодымен салыстырғанда 48 %-ғы  көп. Жалпы Алматы қаласы бойынша кіші бизнес қазынаға 30 млрд теңге түсім түсірген. Бұл қашанда бюджет бойынша шығындарын жабады. 

     Сондай-ақ шағын кәсіпорындардың тіркелуінің көптігі Астанада, Оңтүстік Қазақстан облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар  облыстарында бақыланады.

     Ал  өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі батыс- қазақстан, солтүстік  – қазақстан, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарында болды. Статистика көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорындар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған. Оны біз келесі кестеден көре аламыз (2.1.3 кесте): Шағын бизнес кәсіпорындарының саны. 

               Барлық  тіркелген

    қожалықтар

    Олардан әрекет етушілердің саны
               Барлығы      
    бірлік     Бар/на %     Бірлік     Үлесі     бірлік      Үлесі
    1     Республика  бойынша     132308     100,0     94696     100,00     46745     100,00
    2     Ақмола  облысы     4365     3,3     3523     3,7     2174     4,7
    3     Ақтөбе  облысы     4921     3,7     3787     4,0     1520     3,3
    4     Алматы  облысы     5844     4,4     4673     4,9     3181     6,8
    5       Атырау облысы      3385     2,6     2911     3,1     1044     2,2
    6     Шығыс Қазақстан     8971     6,8     6282     6,6     3674     7,9
    7     Жамбыл  облысы     4027     3,0     2817     3,0     1131     2,4
    8     Батыс Қазақстан облысы     2848     2,2     2389     2,5     1296     2,8
    9     Қарағанды облысы     8590     6,5     6585     7,0     2849     6,1
    10     Қостанай  облысы     5336     4,0     4038     4,3     1981     4,2
    11     Қызылорда облысы     2593     2,0     2157     2,3     1269     2,7
    12     Маңғыстау облысы     3639     2,8     2922     3,1     1270     2,7
    13     Павлодар  облысы     6549     4,9     5009     5,3     2832     6,1
    14     Сол.т  Қазақстан облысы     3055     2,3     2470     2,6     1238     2,6
    15     Оңт.т  Қазақстан облысы     11971     9,0     7737     8,2     3180     6,8
    16     Астана  қаласы     10082     7,6     8646     9,1     4582     9,8
    17     Алматы  қаласы     46132     34,9     28750     30,3     13524     28,9

     Статистикалық тіркегіш деректерінде республика бойынша 2009 ж. Ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін бизнеспен айналысытанын 132,3% мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейден 11,8% –ға жоғары. Тіркелген кәсіпорынның  71,6% –ға жақыны  жұмыс істейтін (экономикалық жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын ) кәсіпорындар. Осы кәсәпорындардың жұмыс істемейтін кәсіпрындар қатарын құрайды. Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындырдың көпшілігі(42%)  саудаға автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,7%) және  жылжымайтын мүліктер мен аперацияларға жасауға жолдау тұтынушыларға көрсететін көрсететін  сапаларға (13,2%) тиесілі.

              Өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда, Алматы (34, 3%), Оңтүстік Қазақстан (22,4%), батыс Қазақстан (18,7%) және шығыс Қазақстан (16,8%) облыстарында және Алматы (15,6%) қаласында белсенді жұмыс істемейтін кәсіпорындар саны қарқынды өскені байқалады.

     Республиканың шағын бизнес кәсіпорындар 2009ж. 1 ақпанға есептелген дерек бойынша 478,5 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңіндегі 5,8 %-ға артты. Есептелген дерек бойынша 2008 ж. қаңтар айында өткізілген. өнімнен түскен табыс 48651,3 млн теңге болды, бұл көрсеткіш өткен жылдың өткен жылдың осы кезеніңдегіден 10,9%-ға жоғары .

     Ауылшаруашылық  саласында шағын және орта бизнес жағдайы шаруа қожалықтарының өркендеуімен сипатталады. Республика юойынша 2009 ж. ақпан айының 1-ші жұлдызына дейін 149,8 мыңнан астам шаруа (фермер) қожағылы тіркелген. Оның 81,2%- дан астамы экономикалық қызметтері белсенді түде іске асыруда. Шаруа қожалықтарында малдары бойынша, немесе егін алқаптарын пайдаланатын болса, онда мұндй қожалықтар жұмыс істемеейтін шаруа қожалықтар қатарына іледі.шаруа қожалықтары туралы деректер әр облысқа жеке-жеке есептеу арқылы беріліп отыр.

     Жалпы тіркелген шаруа қожалықтары  мен оларда жұмыс істемейтін адамдардың саны келесі аймақтық кескін бойынша  құрылған кестеден құруға болады (2.1.4 кесте):

     Шаруа қожалықтары мен олардағы жұмыс  бастылар.

               Барлық  тіркелген

    қожалықтар

    Олардан әрекет етушілердің саны     Әрекет  ететін

    қожалықтарда  жұмбастылар

    бірлік     Барлығына % - да     Бірлік     үлесі     Адам      Үлесі
    1     Республика  бойынша     149830     100,00     121730     100,00     371890     100,00
    2     Ақмола  облысы     4455     2,97     2805     2,30     10540     2,83
    3     Ақтөбе  облысы     4587     3,06     3273     2,69     9179     2,47
    4     Алматы  облысы     39195     26,16     31744     20,08     96800     26,03
    5       Атырау облысы      1466     0,98     1039     0,85     2261     0,61
    6     Шығыс Қазақстан     13029     8,70     12218     10,04     35338     9,50
    7     Жамбыл  облысы     10641     7,10     8009     6,58     26700     7,18
    8     Батыс Қазақстан облысы     3748     2,50     2799     2,30     9557     2,57

      
 
 
 
 
 
 

    2.2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша  шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау 

       2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша  Шығыс Қазақстан облысында 11954 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,0 % көп болып табылады. Тіркелген кәсіпорындардың 62 % астамы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар болып табылады, соның ішінде, 403 кәсіпорын (жалпы санның 5,4 %) ауыл шаруашылығында, 727 (9,8 %) өнеркәсіп өндірісінде, 1093 (14,7%) құрылыста, 3156 (42,4 %) саудада, 151 (2,0 %) мейманханалар мен мейрамханаларда, 340 (4,6 %) көлік және байланыста, 1230 (16,5 %) жылжымайтын мүлікпен жұмыс, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде, 344 (4,6 %) басқа да қызметтерде.

       Жеке  кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының саны 56028 бірлікті құрап отыр, бұл  жыл басымен салыстырғанда 6,3 % көп  болып табылады. Шағын бизнесте жұмыс  істеп жатқандардың саны 4,0 % өсіп, 167,2 мың адамды құрады. 1 тоқсанда шағын  бизнес субъектілері шығарған өнімдер (тауарлар, қызметтер) 24,4 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 101,0 %.

       Шағын және орта бизнес субъектілерінің басым  жобаларын кредиттеу үшін кәсіпкерлікті  қаржылық қолдау мақсатында ағымдағы жылы «Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатынан 1,3 млрд. теңге бөлінді.«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын екінші деңгейдегі банктер арқылы шартпен орналастыру бағдарламасы бойынша жиынтығы 7,7 млрд. теңге шағын және орта бизнес субъектілерінің  307 жобасы қаржыландырылды.

       Облыста 17 кредиттік серіктестік жұмыс  істейді, олар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге 523,6 млн. теңге кредит берді. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ШҚ филиалы облыстың ауыл халқына 47,6 млн. теңге сомада шағын кредит берді. 
Шағын кәсіпкерлік үшін ұсынылатын қаражат көлемі бойынша негізгі көз екінші деңгейдегі банктер болып табылады. Ағымдағы жылы шағын бизнес субъектілеріне 12,6 млрд. теңге берілді.

       Облыста мемлекеттік сатып алу жөнінде өткізілетін конкурстарға шағын кәсіпкерлік субъектілерін қатыстыру қамтамасыз етілген, ағымдағы жылы аталған санаттағы субъектілердің көлемі 4,6 млрд. теңгені құрады немесе оның жалпы көлемінің 48,9 %. Отандық жеткізушілерді қолдау жөнінде шаралар қабылдау мақсатында облыстың ірі компаниялары шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алуды жүзеге асыратын сатып алуға талдау жүргізіледі. 2009 жылғы сәуірде өңірдің ірі кәсіпорындарының («Қазмырыш» АҚ, «Ө ТМК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы) жалпы көлеміндегі ШКС тауарлары мен қызметтерінің үлесі  53,2% құрады.

       Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін 126 жер  учаскесі ұсынылды, пәтерлерді қайта  жоспарлауға 42 рұқсат берілді. Шағын  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамының 16 консультациялық орталығы қызметін жүзеге асырады. «Алтай» Өңірлік ғылыми-технологиялық паркі жұмыс істейді. Орталық Азияның Еуразия қорымен ынтымақтастық жөнінде жасасқан меморандум шеңберінде Өскемен қаласында Қолөнершілер орталығы ашылды.

       20-дан  астам жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер  бірлестігі бар, оның ішінде, кәсіби  құрылысшылардың салалық қауымдастықтары,  жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі  кәсіпорындары, автотасымалдаушылар,  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бар, өңірлік бірлестіктер – облыстың Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер қалалары мен Зырян, Тарбағатай және басқа да аудандарында. «Атамекен» одағы» Қазақстанның ҰЭП өңірлік филиалы, шағын және орта бизнес қызметкерлерінің кәсіподағы қызметін жүзеге асырады.

       Жұмыссыз  азаматтарды, соның ішінде шағын  бизнеспен айналысуға мүмкіндік  беретін мамандықтар бойынша  кәсіби оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. 2009 жылы облыс  бойынша оқуға 300 адам жіберілді.

       Облыста шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары мен механизмдерін, жауапты орындаушылары мен іске асыру мерзімдерін белгілеу үшін Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілді. Қалалар мен аудандар әкімдері тиісті өңірлік Жобаларды әзірлеп, бекітті. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады [19].

       Даму  перспективалары. Бүгін Шығыс Қазақстан  облысындағы шағын кәсіпкерлік  қалыптасқан экономикалық сала ретінде  бағаланады. Шағын бизнес халықтың айтарлықтай бөлігін жұмыспен қамтып, тауарлар мен қызметтердің кең ұсынысын қалыптастырып, бюджетке салықтық түсімдердің бірталай үлесін қамтамасыз етіп отыр. Облыстағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің экономиканың осы секторын дамытудағы оң қарқындар туралы айғақтайтын түсімдік динамикасы бар.

       Өнеркәсібі  дамыған өңір ретінде облыстың экономикалық дамуының ерекшелігін ескере отырып түсті металлургия, машина жасау, электроэнергетика, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын, құрылыс материалдары өндірісін одан әрі дамыту көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың бағыттары болып табылады, оның негізгі басымдықтарын айқындайды.

Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары