Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 10:53, дипломная работа

Описание

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Содержание

Кіріспе
1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы
1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау
2.3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады
2.4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
2.5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау
2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

диплом по малому бизнесу.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

     Жағымды заңдық тұжырым жасалған жағдайда жоба жобалық қаржыландыру басқармасына экономикалық экспертизаға жіберіледі.

     Заемалушының  қаржылық несие қабілетін  талдау.

     Несиелендіру  мақсаттылығының мәселесін шешу үшін экономикалық экспертиза жүргізіледі, мақсаты потенциалдық заемалушының қаржылық жағдайының толық жағдайын көрсету болып табылады. ТЭО талдау, кезең ішіндегі динамикалық қаржылық іскерлікті талдау; қазіргі уақыттағы төлем қабілетін талдау, несиелендіру кезеңінде іскерлік дамуын болжау, ұсынылатын қамтамасыз етілудің сәйкестігі мен сапасы. Экспертизалауда нақты және ақырғы бағалауды жүзеге асыру үшін заем алушының іскерлік орнына шығу әсерін тигізеді  Клиентке бару жобаны талдаудың маңызды бөлігі болып табылады, және клиенттің қаржылық жағдайы мен бизнес жағдайын дұрыс бағалауға қажетті және негізделген ақпарат алуға септігін тигізеді. Несиемен жұмыс тәжірибесі болған жағдайда клиенттің басқа қаржы мекемелерімен төлемдік қатынастар тарихын анықтау керек. Экономикалық экспертиза нәтижесінде клиенттің қаржылық жағдайының және жобаның экономикалық жағдайының толық бейнесі қалыптасуы керек:

      • Қаржылық жағдайы.
      • Ағымдағы іскерлік, жоба жағдайы;
      • Клиент жетістіктері мен сапасын бағалау, сәйкес тәжірибе, бәсекелестік қабілет, іскерлік қабілет барлығы;
      • Жобаны, сұралған несие параметрлерін бағалау;
      • Сала, перспектива және ондағы клиент орнын бағалау;
      • Негізгі тәуекелді бағалау;
      • Несиенің Қор талаптарына сай келуі. Экономикалық экспертиза нәтижесі бойынша эксперттік қорытынды жасалады.
 

     Қамтамасыз  етілуге ұсынылатын кепілдік мүлкін талдау.

     Заң бөлімінен Қорға берілген кепілдік қамтамасыз ету үшін құқық тағайындаушы құжаттарды «жобаны заңдық экспертиза жүргізу туралы» ішкі жағдайға сәйкес жалпы заңдық талдау құрамында олардың құқықтық сәйкестігін және талапқа сай келуіне талдау жүргізіледі. Қамтамасыз етуге берілген мүлікті ары қарай бағалауды жүзеге асыру үшін, кепілдік мүлікті зерттеу үшін орынға шығу керек. Кепілдікке берілген мүлікті талдау «заемдық Қордың қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәртібі» ішкі құжатына сәйкес Қор мамандарымен жүргізіледі. «Құқықтық экспертиза жүргізу тәртібі»және «Заемдық қордың қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәртібіне» сәйкес құқық беруші құжаттарды тексеру жүргізіліп, кепілдіктің нақты нарықтық құны бағаланады. (Объектіні дұрыс сақтап қолдану уақыт өтуі кепілдік объектісінің құнының төмендеу мүмкіндігін) міндеттемені кепілдікпен қамтамасыз ету көдемін бағалау. Кей жағдайларда ұсынылатын қамтамасыз етуді талдау үшін Қор арнайы бағалау компаниясын тарта алады. Зерттеу нәтижесі бойынша Қор жұмысшы несие беру туралы қортынды жасайды.

     Несиелік  комитет, Қор Правлениесі немесе Директорлар Кеңесінің шешімі орындалады өзгертулер, нақтылаулар немесе атап өтулер жазбаша түрде Несие Комитетімен, Қор Правлениесімен немесе Директорлар кеңесімен жүргізіледі

     Несие беру туралы дұрыс шешім қабылданғаннан кейін банктік заем келісімі, кепілдік келісімі басқа да қажетті құжаттар дайындалады, олар тексерілгеннен кейін юриспен визаланады, одан кейін бірінші заем алушыға, одан кейін Қор басшысына қол қойдырады. Ары қарайғы жұмыс үшін Несие досьесі келісім көшірмесімен құрылып, басқармаға жұмыс үшін беріледі. Банктік заем келісімі, кепілдік келісімі, кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың түпнұсқасы сәйкес тіркеуден өтіп, Қор архивіне есепке алыну үшін жауапкершілікті сақтауға беріледі.

     Бухгалтерия қажетті счеттар ашып, жедел міндеттеме мен кепілдік құнын баланстан  тыс счетқа жазады. Ссудалық счеттан аудару тек кепілдік құқы мен кепілдік мүлікке жүктеме салынғаннан кейін ғана басталады.

       2. Несие келісімінің істегі мерзімінде  заем алушымен жұмыс.

     Заем  алушымен жұмыс істеу үшін арнайы досье жасалады, онда несие келісімі бойынша барлық құжаттар мен заем алушы туралы мәліметтер шоғырланады.

  • Заемалушының құрылтайшылық құжаттары (жарғы, жарғылық келісім, статистикалық құжат, мемлекеттік тіркеу куәлігі);
  • Егер тұлға заемалушы адамы болса, заем алушы атынан несие келісіміне қол қоюға өкілеттілігін растайтын құжат;
  • Несие бойынша материалдар  (несиеге өтініш, банктік заем келісімінің  көшірмесі, кепілдік, қарыздық міндеттеме, кепілдік хат, жедел міндеттеме туралы келісімдер);
  • Қаржы экономикалық ақпарат (қаржылық есеп беру, талдау таблицалары,салық декларациялары, бизнес жоспар);
  • Клиенттің несиелік қабілеті туралы материалдар (талдау есебі, басқа банктерден, көздерден алынған мәліметтер)
  • Несиені қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдік тіркеу туралы куәлік, салымдар және құнды қағаздар бойынша құқық беру құжаттары, жалға беру келісімдері т.б.);
  • Несие бойынша хат алысу (клиентпен хат алысу, кездесу хаттамалары);
  • Заңдық және экономикалық тұжырымдамалар көшірмесі, кепілдік мүлікті бағалау анықтамасы, Несие комитеті мен Қор Правлениесінің хаттамалары;
  • Несие қорын мақсатты қолдауды дәлдейтін құжаттар;
  • Бұйрықтар, төлемдік құжаттар.

     Несие досьесіндегі құжаттар тігіліп, хронологиялық  тәртіппен номерленуі керек. Несие  келісіміне отырған сәттен бастап несиені  толық құйған сәтке дейін несие  бойынша мониторинг жүргізіледі. Заем алушыға жауапты несие маманы есептелген сыйақы ведомосін тексеріп, оның түсуін бақылауға алуы керек. Әр ай соңында сыйақыны өтеу графигінде алынбаған сыйақы сальдосы жасалып, қажет жағдайда штрафтық санкцияларды ескере  отырып, несиені толық қайтарудағы шаралар кешені даярланады.

  1. Несиені қайтару.

     Несие бойынша қарызды жабу несиені  қолдану үшін сыйақыны несие бойынша  негізгі қарызды толық өтемегенше заем берушінің ссудалық счетына  аударылатын заем алушымен жүзеге асырылады. Қарызды төлеу есебінен барлық төлемдер заем алушымен толық жүзеге асырылуы керек. Қор өзіне төлену керек соманы толық мөлшерде еш шегерімсіз , салық, жинақ, комиссия, басқа да ұсталымдарды төлеместен алуы керек. Ақша аударылуы төмен құжатының көшірмесін беру жолымен расталу керек, несиені уақытылы қайтармаған жағдайда, қарызды өтеу тәртібі келесідей:

    • Штрафтық санкциялар бойынша – есептелген сый ақыға;
    • Штрафтық санкциялар бойынша-несиенің негізгі сомасы бойынша;
    • Есептелген сыйақы бойынша –несиені қолдану үшін;
    • Несиенің негізгі сомасы бойынша;

          Заем алушы несиені алдын ала  тек қордың жазбаша келісімін  алғаннан кейін ғана төлей  алады, ол үшін мерзімінен бұрын  несиені өтеу күнінен 10 жұмыс  күні бұрын жазбаша хабарлауы  керек, бұл жағдайда ол көрсетілген  несиені қолдану сыйақысының толық қолдану мерзіміне төлеуге міндетті.

     Несие бойынша алдын ала төлеу туралы көрсетілген мерзімнен кешіктірілген  төлем мерзімі өткен болып  есептеледі. Егер заем алушы несие  сомасын қордан жазбаша келісім  алмастан алдын ала өтеген жағдайда сыйақы несиені өтеудің келісімде көрсеткен банктік заем күніне дейін есептеледі.

    2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының

    тиімділігін арттыру

     

     Қордың  негізгі іскерлігі бекітілген бағдарламалардың орындауына мемлекеттік бюджеттен  бөлінетін қаражатты бөлу арқылы мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру болып отыр, ол қордың құрылуының алғашқы мақсаттарының орындалуын толық қамтамасыз етпейді.

     Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға  қатысу Қордың институционалдық құрылуына  ғана емес, жеке капиталдың құрылу көзі болды, бүгінгі таңда ол 5млн АҚШ долларын құрайды. ҚР Үкіметінің 1997жылғы 26сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» жарғысында қарастырылғандай, бюджеттік қаржыландыру болмаған жағдайда аталған қаражат шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың жалғыз көзі болды.

     Қазақстанның  бірқатар халықаралық несиелендіру бағдарламаларына қатысуы мұндай қаржылық іскерлікте жаңа құбылыс болғандықтан, Қор өз міндеттерін жүзеге асыруда  заңдық сипаттағы бірнеше мәселелермен кездесті.

     Азиялық Даму Банкінің заемдық Бағдарламасын  жүзеге асыруда Қор қаржы министрлігі, Қор және екінші деңгейдегі өкілетті банктер арасында қабылданған АБРСХ  Несие келісімінің шарттарына сәйкес ҚР қаржы министрлігінің қаржы агенті болады.

  • Қор және Агенттік  қалауы бойынша Импорт орнын толтыру Бағдарламасын жүзеге асыру шегінде бөлінген қайтарымды қаражат статусы анықталған. ҚР Үкіметінің 03.07.02. №716 «ҚР Үкіметінің 1998ж. 13 қарашадағы №1162 Отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша шаралар туралы» жарғысына сәйкес Аталған бағдарламаны жүзкге асыру үшін бөлінген 22,7млн АҚШ доллары сомасы Қордың жарғылық капиталын көбейтуге бағытталған. Оның бәрі Қордың қаржылық тұрақтылығын жоғарылатуға, потенциалды инвесторлар үшін тартымдылығын жоғарылатуға, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету бойынша іскерлікті кеңейту үшін ресурстық потенциалды жоғарылатуға әсерін тигізеді.
  • Қордың шағын кәсіпкерлікті инвестициялау көлемі мен қарқынын ұлғайту мақсатында Қор және Агенттік инициативасы бойынша ҚР Президентінің 1997ж. 6 наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту белсендіруді ұлғайту бойынша шаралары туралы» жарлығының шағын кәсіпкерліктің субьектілерін несиелендіруге шектеуді алу бөліміне өзгерістер енгізілді.
  • Үкіметтің келесі қарастырылуына жіберілуі үшін Қордың несие саясаты туралы меморандум жасалды, ол Қордың іскерлігінің нақты форматын тағайындап, шағын кәсіпкерлікті дамыту сферасындағы мемлекеттік саясаттың қажетті бағыттарының бәрін көрсетеді.

     2003-2004 ж.ж. қаржы-экономикалық іскерлігінің нәтижесі.

     Қор табысының негізгі бабы несие  іскерлігінен түскен табыс болып  табылады. Берілген несиелер бойынша  сыйақы есептеу және есептелген сыйақыны өтеу мерзімі несие келісімі шарттары бойынша анықталады.

     АБР несиесі бойынша қор сыйақысының  жылдық ставкасы 0,5 % құрады, оның 0,2  % несиені беруде бір реттік комиссия ретінде төленеді, ал жылдық 0,3% жылына екі рет 1сәуірде және 1 қазанда  әр жыл сайын төленеді.

     ҚР  Қаржы Министрлігінің алу керек  сыйақысы 7% құрайды, және мемлекет бюджетіне Қаржы Министрлігінің жазбаша бұйыруымен ары қарай аударылуы үшін Қордың арнайы счетына жинақталады.

     ЕБРР  несиесі бойынша Қордың жылдық сыйақысы 2 % -2,4 % құрайды, міндеттеме үшін бірреттік  комиссия 0,75 % құрап, несие берілгенде алынады. Сыйақыны өтеу мерзімі әр жылдың 9 наурызында және 9 қыркүйекте екі рет.

     Импорт  орнын толтыру және экспортқа  бағытталған өндіріс бағдарламалары бойынша жылдық процент ставкасы 5% құрады, несие мерзімі 2-ден 5 жылға  дейін. Алматы қаласы әкімшілігі бағдарламасы бойынша Қор қаражаты 4 % жылдық.

     Қор ҚР Қаржы Министрлігінің агенттігі  болғандықтан және агенттік келісіміне сәйкес несие қайтарылмауына жауапкершілік  артпайды, 2003ж желтоқсанындағы ҚР Қаржы Министрлігінің алдындағы  алынған несие қаражаты бойынша міндеттеме сомасы берілген несие сомасына азайтылды, ал олар бойынша міндеттемелер мен талаптар баланстан тыс счеттарда ескерілді. Осы себептен Қор АБР, ИЗП, Бағдарламаларын жүзеге асыру шегінде берілген несиелер бойынша провизия құрады.

    Кесте-3

        2003-2004 жылдар аралығындағы алынған табысты талдау 

    Табыстар     2003жыл     2004жыл
    АБР     15 999,61     16 052,77
    ЕБРР     278 406,97     576 037,31
    ИЗП     149 433,50     119 292,93
    Бидай     -81 068,34      
    Қалалық әкімшілік           587,02
    Жеке  қаражат     44 482,66     68 970,59
    Арендалық төлемдер     32 868,40     37 356,78
    Сатудан табыс     29 370,90     8739,40
    Курстық айырма     17 612,60     8261,27
    Курстық ауытқу           27 101,30
    Барлық  табыс     487 106,3     862 399,37
    Шығындар     2003     2004
    Жалпы әкімшілік шығындар     108 632,9     140 117,30
    Сыйақы  бойынша шығындар     206 647,00     434 290,40
    Провизия           196 497,50
    Барлық  шығындар     314 279,90     770 905,20
    Табыс салығын төлегенге дейінгі табыс     172 826,40     91 494,17
    Табыс салығы бойынша шығын     44 122,70     108 179,00
    Барлық  табыс(+) шығын(-)     128 703,70     -16 684,83

Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары