Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 10:53, дипломная работа

Описание

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Содержание

Кіріспе
1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы
1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау
2.3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады
2.4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
2.5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау
2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

диплом по малому бизнесу.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

    Ұлыбританиядағы шағын бизнес. 

    Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын  бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін  кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды  рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға  өзінің творчествалық мүкіндіктерін  көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

    Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

    Үкімет  шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік  қызметтің әлеуметтік – экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.  
 

     Израильдегі шағын бизнес. 

     60 ж. бастап Израилде экономикаға  үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар  түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс  берді, бірақ 80 ж. аяғындағы  Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі  экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль тәжірибесіене келесідей шараларды:

     1. Технопарктердің қызмет ету қағидалары  бойынша технологиялық «жылы  жайларды» құру және дамыту. Технологиялық  «жылы жай» тәуелсіз заңды  тұлғаны, фирма немесе ассоцияцияны  білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы,  ғылыми – зертттеулер құралдары,  жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар» жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді.

     2. Бизнес «жылы жайларды» құру. Олар өз басқару органдары, директорлар кеңесі және де экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері бар жеке компаниялар. Бизнес – «жылы жайлар» өз ісін ашуға ынталы адамдарға, бірақ ол үшін білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.

     3. Ғылыми зерттеулерді сонымен  бірге өнеркәсіпте дайын өнім өндіруді қаржыландыратын ғылыми зерттеу ұйымдары мен қорларын құру.

     4. Шағын кәсіпорындар қорының сауда  және өнеркәсіп министрлігінің  жанынан жұмыс істеу. Қор шағын  және орта бизнеске кәсіпорындардың  масштабына байланысты жеңілдік  беру жолдарын инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және орта кәсіпорындарға беріледі.

     5. Көптеген Израилдік банктерге  шағын бизнеске қолдау арнайы  бөлімшелер бар. Олар банктік  жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер,  менеджерлік, консалтингтік қызметтер  көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес  жоспарларын дамыту жобаларын  қарастырады және бағалайды.

     6. Шағын және орта бизнесті қолдаудың  маңызды бағыттарының бірі болып  мошав – овдимдерді қолдау  табылады. Ол әрбір жанұя өз  шаруашылығын жүргізіп, өзінің жерін  өңдейтін ауылшаруашылық, поселке.  Ал өнімді бөлу және өткізуді  ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады. Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:

     - сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін,  орташа көлемі) бір жанұяға га.

     - егістік (негізінен көкөніс және техникалық дақылдар) бір жанұяға Қазақстанның шикізат ресурстарынан басқа дамыған ғылымы, біздің еліміздің экономикасы кезіккен қиындықтарды және алатын интеллектуалдық потенциалы бар. Оның үстіне республикада өз өндірістерін конверсиялау процесіндегі кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта кәсіпорындады құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін есепке алу қажет.

     Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін  қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік  кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге  шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру  мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.

     Енді  Литвадағы шағын кәсіпкерлікті  қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл  сектор экономика тұрақтануының  негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.

     - бірінші екі жылдай пайдаға  салық тарифі 70 % проценттен төмендейді, ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.

     Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.

     Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:

    1. Құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген нарықтық экономикалық саясат.

    2. Жаңадан  бастап келе жатқан кәсіпкерлерді  оқыту жобалары.

    3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін  капиталға қол жеткізуді қамтамасыз  ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау.

     Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.

     Мұның барлығы шағын және орта бизнестің  әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.

     Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің  дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.

     Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте  жарқын, бастысы – оны басқара  білу. 
 
 

2. Тарау. ҚР –  дағы шағын   және  орта  бизнестің  даму  тенденциялары.

     2.1. ҚР – дағы  шағын және  орта  бизнестің жағдайы. 

     Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кездегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады.

     Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын  алады. Біздің  елімізде болса, шағын   бизнесті  және  оған  орта  бизнесті  қосқанның  өзінде  олардың ЖІӨ - гі сыбағалы  үлесі 30% - дан аспайды.  Мәселен, 2008 жылдың  нәтижелері  бойынша еліміздегі  шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің жалпы іші өнімдегі  үлесі 17%  болды,  ал  2009 жылы бұл пайыздық  қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер  осы сектордың ұлттық  экономикасындағы  елеулі   еместігін көрсетеді. /1.,2../.

     Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді.

     Мұндай  жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты.

     Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтіргім келеді.

     Қазақстандық  экономиканың  соңғы  бес жылдағы  қарқынды  өсуі өзінің  бастауын  әлемдік  рыноктардағы  шикізат  ресурстарына  бағалардың шарықтауынан  және  үкіметтің  сауатты  нарық реформаларды жүргізуінен алады.  Олардың нәтижесінде Қазақстандық  экономикаға ақша  массасының (мұнай долларының  түсімінен) қысымы  артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің  елімізде инвестициялау объектілерінің  тапшылығы байқалуда. Сондықтан  көптеген  тұлғалар  өз  істерін  ашуға  тырысуда.

     Статистика  бойынша  ҚР – сы агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2009 жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде  шағын бизнестің 130779  субъектілері  тіркелген. Олардың 71,5%  әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы  осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2009 жылдың 1 қаңтарында  белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%  саудаға, автомобильдерді жөндеуге   және  үй  шаруашылығы қолдамындағы  өнімдерді өндіруге  мамандырылған. Ал өнеркәсіптік бағыттағы әрекет ететін  белсенді  шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5% , ал осы кәсіпорындардың 90,2% өңдеу бойынша өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асырады /3./.

     Жоғарыда  келтіріліп  кеткен  статистикалық  мәлеметтерден  көріп  отырғанымыздай  шағын  бизнес субъектілері  көбінесе  сауда мен сервис  саласында әрекет  етеді. Ол көбінесе  шағын кәсіпорында ашушылардың бастапқы  қапиталдарының  аздығымен байланысты.  Сондай – ақ, өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі мемлекеттік реттеудің жетілмегендігімен және құрал – жабдықтармен  технологияларды импорттауға кедендік  төлемдердің ауыртпалығымен   түсіндіріледі.

     Одан  ары  біз  Қазақстанда  әрекет  ететін  шағын  кәсіпорындардың  салалар  бойынша  ұсынысының  құрылымын  қарастырамыз. Олардың    ұсыныстарының салалар  бойынша  құрылымы  келесі (2.1. кесте)  кестеде  берілген /1/.

     2.1.  кесте. Салалар  бойынша кіші  бизнес  субъектілерінің  ұсыныс  құрылымы. (01.01.05)14 

    Қызмет  ету  сферасы     Үлесі,  %     Орташа  құны
    Сауда     28,9     94300
    Аптекалар, формакология     2,5     90100
    Ойын - сауық  индустриясы     4,2     527500
    Қоғамдық  тағамдану     11,3     240800
    Өндіріс     23,1     418300
    Ауыл  шаруашылығы     10,0     222100
    Сервис  сферасы     19,5     428050
    Барлығы     100     288736

Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары