Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2012 в 10:53, дипломная работа

Описание

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді. Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Содержание

Кіріспе
1.тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы
1.1.Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
1.2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы
2.2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау
2.3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады
2.4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
2.5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау
2.6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары
3.1.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары
3.2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

диплом по малому бизнесу.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

       Шағын және орта бизнес үшін перспективалы  қызмет салаларының бірі – пайдалы  қазбаларды өндіруді және қайта өңдеуді ұйымдастыру. Қазірдің өзінде Тарбағатай ауданында бентонит саз топырақтары кеніші әзірленуде, соның негізінде бірқатар дайын өнім түрлері шығарылады. Бентонит саз топырақтарын пайдаланудың перспективалы бағыттары – медицина  препараттарын, парфюмерия өнімдерін, сорбенттер шығару.Мысалы, «Сорбент» ЖШС «Тагансорбент» дәрілік құралын шығаруды жолға қойды. Кәсіпорынның қызметін кеңейту жүзеге асырылып отыр.

       Облыста кен емес шикізат кеніштері өте  көп – цеолиттер, кірпіш суглинкалар, керамикалық және отқа төзімді саз топырақтар, формалық және шынылық құмдар, құм-гравий қоспалары және т.б. Бұл –құрылыс материалдары: кірпіш, бетон шығарудағы, автомобиль жолдарын салу үшін, қаптаушы тастың әртүрлі түрлерін өңдеу үшін материалдар шығарудағы кәсіпкерліктің ұйымдастыру мүмкіндігі.

       Қазірдің  өзінде жергілікті кеніштердің табиғи тасын өңдеу саласында мына кәсіпорындар қызметтерін жүзеге асыруда: мәрмардан, граниттен және габбрлық тастан дайын  бұйымдар шығаратын «Санита» өндірістік кооперативі, «ШҚ Трэйд» ЖШС, «УК Трансвзрывпром» ЖШС.

       Құрылыс материалдарын өндіру саласы кәсіпкерлік  үшін тартымды сала болып табылады. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру оларға деген орнықты сұранысты  қалыптастырды. Мысалы, облыстың шағын  бизнесі игерді:

  • түсті қаптаушы кірпіш өндіру – «Бост компани» ЖШС;
  • қабырғалық, қаптаушы, қабырға аралық тастар, тротуарлық плитка, шлакоблоктар өндіру – «Алтайстрой» ЖШС;
  • құрылыс қоспаларын өндіру – «Лик» компаниялар тобы, «Семмикс» ЖШС;
  • полимерқұмдық черепица өндіру – «Корунд» ЖШС;
  • «Шығыс Систром» кәсіпорны ең талғампаз талғамға сай келетін қаптаушы және тротуар плиткаларын, фактураланған кірпіш, басқа да қазіргі құрылыс материалдарын өндіреді.

       Құрылыс материалдары индустриясын дамыту өз кезегінде құрылысты, шағын және орта бизнестің құрылыс компанияларын дамытуға қосымша серпін береді.Облыстың шағын бизнесінің жеңіл өнеркәсіпте үлкен перспективалары бар.

       Қазіргі кезде «НИМЭКС-Текстиль» ЖШС халықаралық  сапа стандарттары негізінде, техникалықты қосқанда матаның әртүрлі түрлерін өндіруді ұйымдастыру мақсатында кәсіпорынды қайта жарақтауды жүргізуде.

       «Казруноның»  Семей кәсіпорны жүн мата өндіру жөніндегі жоғары технологиялы жабдықтың  монтажын жүргізуде. Бұдан басқа  кәсіпорын жуылған жүн, жүн мақта  өндіреді.Осы кәсіпорындардың қызметі облыста тігін өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. Дайын тігін өнімдеріне деген өте үлкен сұранысқа байланысты қазірдің өзінде мұнда шағын бизнес жұмыс істейді.

       «Мұрагер» кәсіпорны төсек-орын жабдықтары мен  арнаулы киімнен матрацтар мен  сырылған көрпелерге дейінгі 200-ден астам тігін өнімдерін шығарады.

       «ӨК Юнис» ЖШС шұлық-носки бұйымдарын өндіреді;

       «Корунд»  ӨК дубленкалар, жылы арнаулы киімдер  шығарады.

       Мәселен, «Восток-Молоко», «Эмиль», «Исток» корпорациясы жоғары сапалы дайын өнім шығара отырып сүт өңдеудің аяқталған циклін ұйымдастырды. «Поливидпродукт» кәсіпорны балқытылған және тұздалған сырлар, сары май шығаруды ұйымдастырды.

       Облыс өз күшімен ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеуге арналған жабдықты шығара алады. «Кседа-Эталон» кәсіпорны нан  пештері, қамыр илегіштер, қақтау камералары, басқа да технологиялық жабдықтар сияқты азықтық, өңдеуші және стандартты емес жабдықтар өндірісін жолға қойған. Первомай механикалық зауыты ауыл шаруашылығы техникасы үшін қосымша бөлшектер шығарады. Облыстың ішкі су қоймаларының әлеуеті тұқы өсіру, бақтақ өсіру, албырт тұқымдас балықтарды, шаян тәрізділерді өсіру, кешенді балық өсіру сияқты кең балық шаруашылығын дамыту үшін алғышарттар жасайды.

       ШҚО-ның  ірі және орта кәсіпорындарының (ұйымдарының)  2007 жылғы қаржылық деңгейі. Ірі және орта кәсіпорындар экономика мен өңірдің қаржылық жағдайын қалыптастыратын база болып табылады. Олар өңірдің дамуында басым фактор ретінде маңызға ие бола отырып, оның басты, жүйе қалыптастырушы байланысын анықтайды. Ірі және орта кәсіпорындардың қаржылық ауқаттылығын талдау оның даму басымдылығын бағалауда зор маңызға ие, бұл өңірлік экономикалық саясаттың басты бағыттарын алдағы уақытқа жоспарлауға, өңірді басқарудағы стратегиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысының  шағын бизнес кәсіпорындары келесі суретте көрсетілген.

      

     

    Сурет 1 – Шығыс Қазақстан облысы бойынша  шағын бизнестің динамикасы 

       Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2005 жылға тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 7469, ал жұмыс істеп тұрғандары 4499 кәсіпорын. 2006 жылы тіркелген кәсіпорындардың саны 8328, ал жұмыс істеп тұрғандары 5114 кәсіпорын. 2007 жылғы жағдайы бойынша тіркелген кәсіпорындарының саны 8905, ал жұмыс істеп тұрғандары 6308 кәсіпорын. Келесі жылдың көрсеткіштеріне келетін болсақ, яғни 2008 жылы тіркелгені 9569, ал жұмысын іске асырып жүргендері 6838 кәсіпорын. 2009 жылдың мәліметтері бойынша тіркелген кәсіпорындардың саны 10199, ал жұмыс істеп тұрғандары 7429 екен. Келесі жылдың, яғни 1 қаңтар 2010 жылғы жағдай бойынша 10668 шағын кәсіпкерлік кәсіпорны тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішіне 104,6 %-ды құрады, бұны келесі суреттен көре аласыздар.

    

    Сурет 2 – 2010 жылға тіркелген заңды тұлғалар 

       Шағын бизнес субъектілерінің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) шығаруы 2008 жылмен салыстырғанда 17 %-дан артық өсіп, 42,5 млрд. теңгені құрады.

       Шағын және орта бизнес өнімдерінің (жұмыстарының, қызметтерінің) нақты көлемі 2009 жылы 57,1 млрд. теңгені немесе облыс бойынша өндірілген өнімнің жалпы көлемінің 14 %-ын құрайды, мұны келесі суреттен көруге болады.

       

     Сурет 3 – Шағын және орта кәсіпорындарының өндірген өнім көлемі 

       Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдер көлемі артып келеді. 2009 жылы 14,4 млрд. теңгені немесе 2008 жылдың көрсеткішіне 139,3 %-ды құрады, келесі суретке көз салыңыздар.

    

       Сурет 4 – Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдер көлемі 

       Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мақсатында «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ-ның ШҚ филиалы 2008 жылы 349,6 млн. теңге соманың 22 жобасын қаржыландырды. Және қазіргі 100 жұмыс орнына қоса 198 жаңа жұмыс орны құрылды.

       Ауыл  шаруашылығы тауар өндірушілерін  кредиттеу жөнінде қызмет көрсететін қаржы құрылымдарының саны артып  келеді. Облыс аумағында 12 ауылдық  кредиттік серіктестік жұмыс істейді. Олар 2008 жылы 1021,5 млн. теңгенің кредиттік қаражаттарын берді.

       2008 жылдың 3 тоқсанында облыстың шағын кредиттік ұйымдары жалпы сомасы 1029 млн. теңгенің 32738 шағын кредитін берді.

       Облыстың  екінші деңгейдегі банктерінің шағын  кәсіпкерлікке берген кредиттерінің сомасы 2008  жылы 2009 жылдың көрсеткішіне 50 %-ға артып, 70,9 млрд. теңгені құрады.

       «Шағын  кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның  өңірлік филиалының жанында Кәсіпкерлікті  қолдау орталығы құрылды. Орталық кәсіпкерлерге  мына бағыттарда көмек көрсетеді: ақпараттық-зерттеу  және маркетинг қызметі, заңгерлік консультациялар, экономикалық сараптау және талдау, бухгалтерлік есеп.

       21 кәсіпорын орналастырылған бизнес-инкубатор  жұмыс істейді, олардың алып  отырған ауданы 837,8 шаршы м.-ді  құрайды. Қазіргі 214-ке қоса 62 жұмыс  орны құрылды .

       Облыстың  шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамытудың негізгі артықшылықтары:

  1. шекаралас аудандардың болуы сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту үшін негіз болып табылады, экономикалық белсенділіктің өсуіне және сыртқы рыноктарға шығуға алғышарттар жасайды;
  2. түрлі және бай минералдық-шикізаттық база шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымдық жүйелерді дамытуына мүмкіндік жасай отырып, тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді;
  3. өнеркәсіптің көпсалалы құрылымы, өнеркәсіптік алыптардың болуы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының олармен жұмыс істеуіне, аралық өндірістерді игеруге, қалдықтарды өңдеуге, инфрақұрылымды дамытуға негіз жасайды;
  4. жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй құрылысы бағдарламасы, құрылыс материалдарына сұраныстың өсуі шағын және орта кәсіпкерліктің құрылыс индустриясын дамытуға негіз болып табылады;
  5. бірегей рекреациялық ресурстар, туристер үшін нақты тартымды аумақтардың болуы туристік саланы дамыту үшін негіз жасайды;
  6. кәсіпкерліктің индустриялық-инновациялық бағыттағы инфрақұрылым нысандарын дамыту кәсіпкерлердің қазіргі заманғы, ғылымға негізделген жобаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

       Қазақстанда кәсіпорындардың санының өсуі 33% қазақстандық азаматтардың жұмыспен қамтылу  деңгейінің өсуіне де алып келеді. Қазақстан  бойынша 346072 адам біріккен және шетел кәсіпорындарында жұмыс істейді, олардың алатын еңбек ақыларының қоры 2007 жылы 180972.2 млн.теңгені құраған. Тізімдік және қосымша жұмысшылардың еңбек ақы қорына табиғи формада жасалған төлемдер де кіреді. 
 
 
 
 

2.3Шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады: 

   
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кадрларды қайта даярлау және квалификациясы жоғарлатуда даярлауды ұйымдастыру:
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық, және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми техникалық жобалар мен технологияларды қолдануда жеңілдетілген жағдайлар жасау:
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеуде, олардың іскерлігін лицензиялауда, өнімдерін сертификаттауда жеңіл тәртіп тағайындау:
  • Салық салудың жеңілдетілген режимі, кедендік пошлина төлеу (салық каникулы, мүліктік грант, салық несиелері, салық ставкасын төмендету) кіретін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы құқықтық режим тағайындау;
  • Инвестицияларды тарту және қолдану жүйесін құру, соның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және дамыту үшін;
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық іскерлігін қолдау, соның ішінде шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістін тағы басқа байланыстарды дамыту:
  • Қаржылық көзін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің арнайы бағдарламаларын қабылдау:
  • Өнім өндіруге, жұмыс, қызмет орындауға мемлекеттік сатып алуларды орналастыруда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне преференциялар беру:
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар қасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық-эксперттік комиссиялар іскерлігін ұйымдастыру:

     Қазақстан Республикасындағы 1992-1994 жылға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлік қалыптасуы мен дамуының негізін салды. Бұл жылдардағы республикадағы шағын кәсіпкерлік кооператив, шағын және жеке кәсіп орындар бар болуымен сипатталады.

     Бұл кезенде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көп бөлігі тек коммерциялық іскерлікпен шұғылданады.

     Осылайша 1993 жылы сауда, қоғамдық тамақтану, сауда-саттық және жабдықтау өткізудегі шағын  және жеке кәсіп орындар торабы Республикадағы олардыңжалпы санының 40%-ын құрады, кооперативтер 10%-ын құрады. Олардың үлесіне өткізілген өнімнің 34% тиді.

    Сол арада бұл кәсіпорындар өндірген халықтың тұтыну тауарлары тек 216,6 мың  теңге салада ғана болды немесе барлық өткізілген өнімнің 10%-ын құрады.

     Республика  экономикасының мемлекеттік емес секторын тек 12%-ын (4173) халықтың тұтыну тауарларын және өндірістік-техникалық бағыттағы өнім шығаруымен айланысты.

     Осылайша, бұл кезендегі шағын кәсіпкерлер  субъектілерінің потенциялы толық  қолданыс таппайды.

     Кәсіпкерлік дамуы, және соның ішінде жеке кәсіпкерлік дамуы мақсатты, тұрақты заң болмауымен, сәйкес салық занының болмауымен, инвестиция және несие алудағы қиындықтар мен, шикі зат ресурстарын ақпаратты алуымен т.б. кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақты механизм жоқтылығымен тезеледі.

     Осыған  орай Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдаумен дамытуыдың екінші бағдарламасы қабылданды.

    Бұл бағдарлама мықты жеке кәсіпкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік құру үшін жағдайлар қарастыру керек  болды.

     Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан  Республикасы заныңа жеке меншікпен  кәсіпкерлік еркіндікті қорғауда келесідей  өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік берді: жаңа Салық кодексінің жобасына ұсыныстар даярлау, шағын  кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау үшін отандық және шетелдік ресурстар квотасын анықтау; шағын бизнеске банктік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау, биржалық іскерлікті кеңейту; жеке бизнес қалыптасуы үшін жеке, сақтандыру, заңдық, бухгалтерлік, консалтингтін басқа да арнайы компаниялар мен фирмалар дамуын қолдау: алғашқы бизнес орталықтар мен технопарктер құру: жеке кәсіпкерлер даярлауда оқу-әдістемелік құралдар кешенін шығару1.

Информация о работе Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары