«СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа

Описание

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.

Содержание

Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

тлеужан.doc

— 299.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолын жүрді. Оған себептер – көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған ертекездегі орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен құралдарын қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.

4 мың жылдай бұрын адамдар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі жөнінде «Птаххотептің ілімі» деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл сол кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды. Онда табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының деңгейі анықталды және құжаттық есеп беру енгізілді.

Адамзаттың тарихы – бұл көптеген соғыстардың және, сонымен қатар, әскери басқарудың, оның стратегиясының және тактикасының тарихы. Мемлекеттерді қалыптастыру мен нығайтудың үрдістері мемлекеттік басқару қалайша дамып келгенінін көрнекті мысалы бола алады. Социумды басқару өнеріне айтарлықтай үлесін Ежелгі Греция мен Римнің ойшылары қосты.

Нарықтық экономиканы қалыптастырудың ерте сатыларында кәсіпкер-меншік иесі өзінің меншігін өзі басқарды. Бірақ өндірістің күрделенуі мен іріленуі нәтижесінде басқарудың мәселелері де күрделене түсті, шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың жауапкершілігі жоғарылай бастады, басқаруда жіберілген қателіктердің теріс салдарының маңызы ұлғая бастады. Сондықтан басқарудың басқарушылар жұмысының тиімділігін көтеруге жәрдемдесетін және капитал иелерінің тәуекелдіктерін төмендететін ғылыми негіздерін құрудың қажеттілігі пайда болды.

Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры Штейн Л. (1815-1890) «Әкімшілік басқару туралы ілім» атты 8-томдық еңбек жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның (1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теорияға үлкен үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.

Бірақ та XX ғасырдың басына дейін басқарудың бір тұтас ғылымы жоқ болды, басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке тәжірибесі мен түйсіктеріне негізделді.

1-тарау  БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

«Басқару – бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың әртүрлі объекттерге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарға үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін, белгіленіп қойылған нәтижелерді алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету» (Райзберг Б.А., 2003). Американдық ғалым П.Друкердің пікірі бойынша «басқару – бұл қызмет етудің ұйымдастырылмаған жұртты тиімді белгілі бір мақсатқа бағытталған және өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі».

Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді қоғамның, мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың, өндірістік ұжымдардың, үй шаруашылықтарының және т.б. басқарылуын айыруға болады. Осы объекттердің барлығы әлеуметтік-экономикалық жүйелер болып табылады. Әйтсе де, бізді қоршаған өмірде табиғи және техникалық жүйелердің табына жататын басқарудың көптеген басқа объекттері де кездеседі. Сондықтан, кең мағынада айтқанда басқару – бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарылатын объектке ықпал етудің үзіліссіз үрдісі.

Сөйтіп, басқару объектісі ретінде келесілер алынуы мүмкін: биологиялық жүйе, табиғи орта, адамдық өркениет, әлемдік экономика, мемлекет, оның экономикасы, аймақ, сала, кәсіпорын, адамдардың ұжымы, жанұя, жеке адам, техникалық жүйе немесе техникалық құрал, көлік, әртүрлі құбылыстар, үрдістер, ресурстар және т.с.с. Осындай объекттердің барлығы өздеріне ғана тән ерекшеліктерге ие болғанына қарамастан, оларды басқару жалпыға бірдей заңдарға, принциптерге, ережелерге және әдістерге бағынады.

Берілген курс шеңберінде басқару объекттері ретінде әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жүйелер алынады. Бұндай жүйелердің ерекше сипаты – бұл олардың ішінде күрделі болып табылатын және мінездері алдынала болжана алынбайтын адамдардың бар болуы. Сол себептен бұндай жүйелерді тиімді басқару орасан зор және әлі аяғына дейін шешіле қоймаған мәселе болып табылады.

    Басқаратын жүйеден (басқару субъектісінен) басқарылатын жүйеге (басқару объектісіне) сигналдар (тапсырмалар, әмірлер) барады. Кері байланыс каналы арқылы басқаратын жүйенің кірісіне басқару объектісінің жағдайы және келіп түскен тапсырмалар немесе әмірлердің орындалу нәтижелері жайлы ақпарат келіп түседі.

Керек болған жағдайда басқару объектісіне басқарушы ықпалдардың түзетілуі жүзеге асырылады және оның сәйкес реттелуі іске асырылады. Сыртқы орта, басқару объектісі және субъектісі арасында ақпарат пен ресурстардың үзіліссіз айырбасы жүріп жатады, ал бұл қоршаған ортадағы өзгерістерді үзіліссіз түрде қадағалау және басқару үрдісінің осындай өзгерістерге теңбе-тең түрде жауап қайтару қажеттілігін тудыртады.

Соңғы уақытта «басқару», «басқарушы», «басшы» түсініктерін «менеджмент», «менеджер» деген сөздерімен алмастыру жиі кездесіп жатыр. Бұл «менеджер» деген сөзі ағылшынның «to manage» – басқару дегеннің туындысы екендігінен болады. Дегенмен, бұндай алмастыру онша дұрыс емес, себебі қазақ тіліндегі «басқару» түсінігі кеңірек мағына ие болады да, оларда адам бар не жоқтығына қарамастан басқарудың мүмкін болатын объекттерінің бәріне де (табиғи, техникалық, әлеуметтік) қолданыла береді. «Менеджмент» сөзіне тоқталатын болсақ, оған көбінесе «басшылық», «әкімшілік» сөздері сәйкес келеді. «Басқару» мен «менеджмент» түсініктерін әлеуметтік-экономикалық немесе ұйымдастырушылық жүйелерге ғана қатысты қолдануға болады. Ал егер табиғи немесе техникалық жүйелерді басқару жөнінде сөз болса, онда бұл жерде «менеджмент», «менеджер» сөздерін пайдалану орынсыз болады.

Әлемнің өнеркәсібі дамыған елдерінде менеджменттің дамуына көп көңіл бөлінеді. Оған негізгі түрткі – капитал иелерінің оларды тиімді басқаруға және қатаң бәсекелестік күрес және нарықтардың жоғары тұрақсыздығы жағдайында жылдам өсіруге тырысуы. Бұған қарағанда бұрынғы КСРО-да басқарушылық ғылымның дамуы мемлекеттік меншік нысанының басымдылығы және басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесі жағдайында өтті, ал бұл нәтижесінде бүкіл елді құлдырауға әкеліп соқтырды. Бірақ та, бұл – кеңес ғалымдарының, басшыларының және мамандарының ең ЖШСсы жетістіктерін ұмытқыздыру керек деген сөз емес. Бұған қарағанда басқарудың әлемдік және отандық ғылымы мен тәжірибесінде алынған ең ЖШСсының барлығын пайдалану секілді позициясын ұстану әлдеқайда тиімдірек болар.

Басқару ғылымы «зерттеу объектісінің ерекшелігіне сәйкес әдістемелік тәсілдерді анықтайды, басқару объектісіне белсеңді ықпал етудің жүйесін және әдістерін жасап шығарады және зерделенетін үрдістерді алдынала көру және болжау әдістерін анықтайды» (Кнорринг В.И., 1999). Басқару – бұл маңызды ғылым ғана емес, сонымен қатар, бұл – адамзаттың бүкіл тарихы барысында үзіліссіз түрде дамып келе жатқан күрделі өнер.

Басқару өнері тәжірибеде қабылданып жатқан барлық басқарушылық шешімдер ғылыми негізделе алмайтынымен айқындалады. Көп жағдайда бұл шешімдер оларды қабылдайтын адамдардың түйсіктеріне негізделеді. Сондықтан шығармашылық құрамдас олардың қызмет етуінде айтарлықтай рөл атқарады. Шың, өнерлі басқарушы бір мезетте «ақпарат пен уақыттың тапшылығы жағдайында айрықша шешімдерді қабылдауға» қабілетті ғалым да, зерттеуші де, шығарымпаз да болып келеді.

1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері

Басқару ғылымының зерделеу заты. Басқару теориясындағы зерттеулердің заты – бұл «басқарушылық үрдісті ұйымдастыру заңдылықтары және осындай үрдіс барысында адамдар арасында пайда болатын өзара қарым-қатынастар». Тағы да бір қолданыла алатын анықтама мынадай: «басқару ғылымының зерделеу заты – бұл алдарында тұрған мәселелерді шешетін адамдардың бірлестіктеріне тиімді ықпал етуді ұйымдастыру үрдістері». Бұл анықтамаларды «басқару» сөзі адамдардың ұжымдарына жатады. Сондықтан да, берілген жағдайда оны «менеджмент» сөзінің синонимі ретінде қолдану орынды деуге болады.

Дамып келе жатқан ғылым ретіндегі менеджментте қазіргі уақытта оның ұйымдарды ғылыми басқарудың әдістемелік негіздері, басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары, басқару функциялары, басқару үрдістері, стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, қаржылық менеджмент, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, өндірістік менеджмент, экологиялық менеджмент және т.б. сияқты бағыттары қалыптасты. Олардың барлығы да 050507 «Менеджмент» мамандығының оқу жоспарына кіретін арнайы пәндер шеңберінде оқытылады.

Басқару тәжірибесі ретіндегі менеджментке мыналар кіреді: өндірісті басқару; маркетингті басқару; қаржыларды басқару; еңбек ресурстарын басқару; басқарушылық есепке алу, талдау және бақылау; стратегиялық, ағымдық және жедел жоспарлау және т.с.с.

Менеджменттің әдісі деп ұйым ішіндегі адамның мінез-құлығының, өзара байланыстардың және ұйымдағы адамның өзара ықпал етуінің ғылыми талданылуын айтады. Оның негізіне диалектикалық қатынас қойылған. Бұл қатынас бойынша басқарушылық мәселелер олардың әрдайым өзара байланысында, қозғалысында және дамуында қарастырылады, қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары қарай, нақтыдан абстракттыға қарай, ескіден жаңаға қарай бағытта зерделеніледі.

Менеджмент шешуі тиіс негізгі мәселелер – ұйым алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдардың бірігуі, персоналдың үзіліссіз дамуы, жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың еңбекке ынталануы және табысталған іс үшін жеке жауапкершілігі, ұйым ішіндегі, сонымен қатар, сыртқы дүниемен де тиімді коммуникация, кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі құралдарды қолдану және т.с.с.

Кезкелген ұйымның қызмет етуі барысында оның жұмыскерлері арасында белгілі бір басқарушылық қарым-қатынастар пайда болады, бұнда әрбір жұмыскер белгілі бір қызметтік міндеттерді орындайтын басшы және/немесе бағынышты ретінде болады. Басшының міндетіне мақсаттарды анықтау, бағыныштыларға тапсырмаларды үлестіріп беру, олардың орындалуын қадағалау, алынатын нәтижелерді талдау, өзі басқаратын ұжымның тиімді жұмысын ұйымдастыру жатады. Ал атқарушылар болса, оларға табысталған тапсырмаларды уақытында және сапалы түрде орындаулары, жеке және ұжыммен жұмыс істей алулары, ұжымдағы қалыпты психологиялық климатты ұстай білулері тиіс. Кезкелген ұйымның қызмет етуі үшін оған сыртқы ортаның тигізетін ықпалдарының да маңызы зор. Өзінің сипаты бойынша олар саяси, халықаралық, экономикалық, нарықтық, технологиялық, әлеуметтік және т.с.с. болуы мүмкін.

Ұйымдарды басқару шың мәнінде тиімді болуы үшін В.И.Кноррингпен басқарудың ғылымы мен өнерінің «генеалогиялық ағашына» біріктірілген ғылымдардың кең спектрі қолданылады. 

        Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.

Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі күнге дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолын жүрді. Оған себептер – көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған ертекездегі орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен құралдарын қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.

4 мың жылдай бұрын адамдар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі жөнінде «Птаххотептің ілімі» деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл сол кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды. Онда табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының деңгейі анықталды және құжаттық есеп беру енгізілді.

Адамзаттың тарихы – бұл көптеген соғыстардың және, сонымен қатар, әскери басқарудың, оның стратегиясының және тактикасының тарихы. Мемлекеттерді қалыптастыру мен нығайтудың үрдістері мемлекеттік басқару қалайша дамып келгенінін көрнекті мысалы бола алады. Социумды басқару өнеріне айтарлықтай үлесін Ежелгі Греция мен Римнің ойшылары қосты.

Нарықтық экономиканы қалыптастырудың ерте сатыларында кәсіпкер-меншік иесі өзінің меншігін өзі басқарды. Бірақ өндірістің күрделенуі мен іріленуі нәтижесінде басқарудың мәселелері де күрделене түсті, шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың жауапкершілігі жоғарылай бастады, басқаруда жіберілген қателіктердің теріс салдарының маңызы ұлғая бастады. Сондықтан басқарудың басқарушылар жұмысының тиімділігін көтеруге жәрдемдесетін және капитал иелерінің тәуекелдіктерін төмендететін ғылыми негіздерін құрудың қажеттілігі пайда болды.

Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі