Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.
Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне үш топқа бөлінетін факторлардың жиынтығы ықпал етеді: техникалық-экономикалық, коммерциялық және нормативтік-құқықтық.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін қолданыла алатын маңызды синтездейтін көрсеткіштердің бірі – бұл өндірістің пайдалылық (рентабельділік) көрсеткіші.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару – шығарылатын бұйымдарды жүйелі түрде жетілдіруге, сатып өткізудің жаңа каналдарын, сатып алушылардың жаңа топтарын әрдайым іздестіруге, қызмет көрсетуді (сервисное обслуживание), жарнаманы ЖШСсартуға және т.с.с. бағытталған шаралардың жиынтығын жасап шығару мен жүзеге асыруға негізделеді.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі шағырылатан өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне толығымен тәуелді болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл тауардың (қызметтің) бәсеке-тауардан нақты қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынша, сонымен қатар, оны қанағаттандыруға кететін шығындары бойынша ерекшелігін бейнелейтін сипаттамасы. Бұл анықтама тауардың (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігінің басты құрамдастары – бұл оның тұтынушылық қасиеттері мен бағасы екендігін дәлелдейді. Дегенмен, тауардың (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігі туралы айтқанда фирманың имиджі (бейнесі), қызмет көрсету деңгейі, жарнамалық қызметі және т.б. (тауарлық емес) факторларды ескермеуге болмайды.
Тауардың (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігін басқару шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатуға, өндіріс пен айналыстың шығындарын төмендетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуді ЖШСсартуға бағытталған шаралар кешенін жасап шығару мен жүзеге асыруға негізделеді.
Бәсеке заңының әсері нарықтық жағдайларда жұмыс істейтін барлық кәсіпорындарды өздерінің мұқтаждықтарын сатып алушылардың мұқтаждықтарына бағындыруға, шығарылатын бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жөнінде әрдайым жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Шығарылатын өнімнің және бүкіл кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне оның баға саясаты үлкен ықпалын тигіздіреді. Ол – алдынала жоспарланып қойылған пайда сомаларының алынуын және кәсіпорынның алдында тұрған басқа да мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету үшін қажетті бағаларды орнату және нарықтық ахуалдың өзгерісіне байланысты орнатылған бағалардың соншалықты реттелуіне негізделеді. Кәсіпорынның баға саясаты сәйкес баға стратегиясында көрініс табады. Бұндай стратегиялардың саны көп – жоғары бағалар стратегиясы («қаймақты алу»), төмен бағалар стратегиясы («ену» стратегиясы), дифференциалдық бағалар стратегиясы, жеңілдік бағалар стратегиясы, икемді бағалар стратегиясы, тұрақты бағалар стратегиясы, дөңгелектенбелген бағалар стратегиясы, көпшілік сатып алу бағаларының стратегиясы, бағаларды тауардың сапасымен ұйқастыру стратегиясы және т.б. Нақты баға стратегиясын таңдау кәсіпорын жұмыс істейтін нарықтың түріне, ондағы ахуалға және кәсіпорын өз қызметінде қоятын мақсаттарына тәуелді болады.
Таңдалған баға стратегиясына сәйкес бағалардың нақты мәндерін негіздеген кезде кәсіпорынға баға жасау мәселелерін шешуге тура келеді. Бұндай мәселелерді шешудегі қолданылатын іс-әрекеттердің үлгілі тізбектілігі келесідей сатыларды құрайды: кәсіпорын шығаратын тауарларға сұранысты анықтау, өндіріс шығындарын бағалау, бәсекелестердің бағаларын талдау, баға жасаудың әдісін таңдау, тауарға соңғы бағаны орнату.
Бағаны негіздеген кезде баға жасаудың келесідей әдістері қолданылуы мүмкін: «орташа шығындар + пайда» әдісі бойынша бағаны есептеу, залалсыздықты (безубыточность) талдау және мақсаттық пайданы қамтамасыз ету негізінде бағаны есептеу, шығарылатын тауардың ерекшелігі (уникалдылығы) негізінде бағаны орнаты, бәсекелестер бағаларының деңгейінде бағаны орнаты және т.б.
Әрбір кәсіпорында қызмет ететін экономикалық механизмнің жоғарыда қарастырылған құрамдастарынан басқа жұмыс берушісі мен жалдамалы жұмыскер арасындағы еңбек қарым-қатынастарын реттеу құралдарына ерекше көңіл бөлуге болады. Бұндай құралдардың негізгі мәселесі кәсіпорын жұмыскерлерін тиімді еңбек қызметіне ынталандыруға негізделеді. Бұндай құралдардың ЖШСсы істеуіне кәсіпорын қызметінің сәттілігі тәуелді болады. Еңбек ұжымы мүшелерінің ынталандырылу мәселелері берілген пәннің сәйкес тақырыбын зерделеген кезде қарастырылады.
Халықаралық рынокта компанияның жұмыс істей бастаған алғашқы бес жылы оның қалыптасу және қауырт даму кезеңі болды.Мұнай тасымалдау көлемінің ұдайы ұлғаюы –осының жарқын мысалы,ол 2001жылы 32млн.тоннадан асты.
Өткен жылы бірінғай маршруттау жуйесін енгізудің және Қазақстан Респуликасы Үкіметтің «СТН» ЖШС-ты экспортқа шығарылатын отандық мұнай транзитін ресімдеу жөніндегі уәкілетті оператор етіп тағайындауының нәтижесінде осындай көрсеткіштерге қол жетті.Сөйтіп,бұл ТМД елдерінің аумағы арқылы Қазақстан мұнайының транзитін ретке келтіріп,оның көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Мәселен,Атырау-Самара мұнай құбырымен 14.5млн.тонна жеткізілді,бұл 2000 жылдың тиісті деңгейінен 23% артық.
Үшінші мыңжылдықтың алғашқы жылы компания АК «Транснефть»ААҚ пен үйлесімді іс- қимыл жасап,1.2млн. тонна Қазақстан мұнайын айдау мүмкін болған Махачкала-Новороссийск мұнай құбыры сияқты тасымал дәлізін пайдаланып,қазақстандық мқнай өндірушілердің позициясын едәуір нығайытты.
Егер республиканың тасымал күретамырларының схемасына көз жүгіртсек, Қазақстан Республикасы магистральды мұнай құбырларының жүйесі технологиялық жағынан жеке-жеке үш: батыс, Ақтөбе және шығыс қосымша жүйелерінен тұратынын аңғару қиын емес. Мұның өзі Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына Батыс Қазақстаннан мұнайды тікелей жеткізуге мүмкіндік бермейді.Компания осы жәйітті ескріп,ресейлік мұнай компаняларымен айырбас операцияларын жолға қою арқылы экспортқа және ішкі рынокқа мұнай жеткізудің пайдалы шарттарын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытына және Қытайға жіберу мақсатында Атасу мұнай құю темір жол эстакадасына келіп жететін Ресей мұнайының бара бар көлеміне айырбас ретінде, Ресей мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу үшін «СНПС-Ақтөбе мұнай газ» ресурстарынан мұнай жеткізу ойдағыдай жүзеге асырылуда.
Компанияның 2001 жылғы қызметінің негізгі бағыттарының қатарына құбыр желісі,темір жол және теңіз көлігін алма-кезек пайдалана отырып, мұнай тасымалдаудың дәстүрлі маршруттарын одан әрі дамытуды жатқызуға болады.
Осыған орай мұнай тасымалдаудың жаңа бағыттарын, ашудың әсіресе, Ақтөбе аймағы мен Оңтүстік Торғай бассейнінде мұнай өндіру ауқымының ұлғаюына байланысты қажеттігі туындады. Әрі, мұнайды ауыстырып құю обьектілерін қайта құру және жаңғырту жөнінде тиісті жұмыс жүргізілді.
Өткен жылы «СТН» ЖШС Бастамақ мұнай құю эстакадасы, Ақтау порты, Махачкала-Новороссийск мұнай құбырымен Ақтөбе мұнайын тасымалдаудың жаңа маршрутын жасады. Біздің қатысуымызбен Бастамақ эстакадасында ақпан айында Жаңажол және Қеңқияқ мұнайының қоспасын ұзақ шөгінділер мен күкіртті сутектілерінің жеңіл фракцияларынан тазартатын қондырғы пайдалануға берілді. Бұл «СНПС-Ақтөбемұнайгазға» өз мұнайын Атырау- Самара экспорттық құбыр желісі арқылы тасмалдауға мүмкіндік жасады. Сөйтіп, бұдан бұрын негізінен Орск мұнай өңдеу зауытында өңдеу үшін Кеңқияқ- Орск мұнай құбырымен жеткізіліп келген осы аймақтың мұнайын өткізу нарқын кеңейтуге қол жетті.
Ақтөбе аймағында мұнай өндіру 2007 жылы жылына 14 миллион тоннаға дейін ұлғаяды деген болжамды назарда ұстап, биыл Кеңқияқ- Атырау мұнай құбырының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл жоба Қытай жағымен бірлесіп жүзеге асырылады және оны пайдалануға беру 2003 жылдың қыркүйек айына межеленген. «СТН» ЖШС-тың осы құбыр желісінің операторы болатынын атап көрсету маңызды.
Әрине, аталмыш жайттар да осы аймақтың барлық проблемаларының тиянақты шешімі бола алмайды. Біздің компанияға әрқашан әске байыпты көзқарас тән. «СТН» ЖШС тың Ақтөбелік мұнай өндірушілер үшін тасмал инфрақұрылымын кешенді түрде дамытудың қолға алуы кездейсоқ емес. «ҚазақОйл Ақтөбе» компаниясы бел шеше кіріскен Әлібекмола және Қожасай кеніштерін игеру қарқынын, Кенкияқ Атырау мұнай құбырының құрылысын, сондай ақ жалпы алғанда аймақта өндіру көлемінің болжамды түрде ұлғаятыннын ескеріп, «СТН» ЖШС биыл Әлібекмола Қенкияқ мұнай құбырының құрылысын бастамақ және оны Кенкияқ Атырау мұнай құбырын пайдалануға беретін кезде аяқтау көзделген. Осылай жүлгені жұмыс істеп тұрған Жаңажол Кеңкияқ мұнай құбырына қосу арқылы, Әлібекмола кенішінің алғашқы мұнайын тасымалдау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, бұл қадам үстіміздегі жылдың өзінде ақ жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңі болмақ.
Бірінші кезектегі мәселелердің келесі бір топтамасы, өндіру көлемі қауырт көбейіп келе жатқан Құмкөл мұнайын тасымалдауға қатысты. Қазіргі кезде Құмкөл мұнайы экспортының басыңқы бағыты европалыық нарық болып табылады. Мұның өзі «СТН» ЖШС тан аймақтың кен орындарынан мұнайды батыс бағытқа жеткізу үшін тиісті инфрақұрылым дамытуды қажет етеді. 2001жылғы желтоқсанда «Атырау» мұнай айдау стансасының құю эстакадасына дейін темір жолмен жеткізілетін Құмкөл мұнайын Атырау-Самара мұнай құбырымен жөнелтудің негізі қаланды. Болашақта Құмкөл мұнайын осы бағытта жеткізу көлемі ұлғая бермек. Бұл үшін біз «Атырау» мұнай айдау стансиясының ауыстырып құю қуаттарын ұлғайту жөнінде шаралар қолданып жатырмыз.
«СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты Атырау Самара құбыр желісі болып қала береді. Сондықтан біз оның өткізу қабілетін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл құбыр желісінің осылай кеңейтуге мол мүмкіндігі бар. Қазақстанда мұнай өндірудің артуы туралы болжамды деректердің негізінде және Қазақстандық мұнай компанияларының экспорт мақсатында Самара бағытын пайдалану жөніндегі ниетін басшылыққа ала отырып, 2006 жылға қарай Атырау-Самара мұнай құбырымен 25 млн. тоннаға дейін мұнай тасымалданатынын есептеп шығардық. Бүгінгі таңда «СТН» ЖШС пен біздің стратегиялық әріптесіміз «АК «Транснефть» ААҚ арасында осы мұнай құбырының қуаттарын бірлесіп кезең кезеңмен кеңейту жөнінде принципті уағдаластық бар.
Әлбетте, Қазақстан мұнайы экспортының көлемін ұлғайту оны тасымалдау бағыттарын әр тараптандыруды қажет етеді. Егер қазір Қазақстан мұнайын жеткізіп берудің негізгі бағыттары қара теңіздегі Одесса және Новороссийск порттары болып отырса, Қазақстан мұнайын тасымалдаудың тағы бір перспективалы бағыты ретінде Балтық теңізінің порттары қарастырылуда. «СТН» ЖШС пайдалануға берілген Балтық құбыр желісі жүйесі бойынша Приморск портына дейін мұнай жеткізуді ұйымдастыру жөнінде АК «Траснефть» компниясымен келіссөз жүргізуде.
«СТН» ЖШС үшін мұнай тасымалдау жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін ұлғайту ғана маңызды емес екенін атап көрсетемін. Осы процестің ұйымдық және экономикалық құрамдас бөліктерін қайта қарауға едәуір және бұл заңды да назар аударыдды.
Біздің компания мұнай тасымалдау тарифтерін есептеудің жаңа әдістемесін жасады, ол көптеген бағыттар бойынша тарифтерді 30% азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әдістемемен әріптестеріміз танысып, оған жоғары баға береді. Біз сондай ақ әдістеме бойынша «Артур Андерсен» компаниясынан оң қортынды алдық. Әдістемені уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткеннен кейін, жаңа тарифтерді 2002 жылдың үшінші тоқсаннан бастап енгізу жоспарланып отыр.
Үстіміздегі жылы «Харрикейн Құмкөл Мұнай» АҚ пен уағдаластық бойынша біз темір жол көлігінен Құмкөл мұнайын қабылдап алып, оны сапасын сақтап, КҚК құбыр желісіне айдау үшін «Атырау» мұнай айдау стансасын жаңғартуға кірістік.Бұл Құмкөл өндірушілеріне КҚК да жұмыс істейтін мұнай сапсы банкінің артықшылықтарын толық дәрежесінде пайдалануға мүмкіндік береді.
2001жылы Ақтау мұнай айдау стансасының темір жол эстакадасында Құмкөл мұнайына арналған ыстық күйінде құю жүйесінің пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн.Мұның қзі оны танкерлерге қыс кезінде ауыстырып құю көлемін ұлғайтуға жол ашты. Бұған қосарымыз, қажет болуына қарай Ақтаудағы қотару қуаттарын одан әрі ұлғайту жоспарлануда.
Ақтау –Баку- Батуми маршруты бойынша мұнайды сапасын сақтай отырып жеткізу бағыты, жеңіл мұнай өндірушілер үшін ең тиімді бағыттардың бірі болып табылатыны құпия емес.Бұған көп жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Ақтау портының дамуына қолайлы жағдайлар туғызу режимі жәрдемдеседі. «СТН» ЖШС «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық кеме қатынасы компаниясымен тығыз ынтымақтастық жасауда. Бұл компания қазақстандық мұнай компанияларының тенкер тасымалдарына деген қажеттеттіліктерін қанағаттандыру үшін танкерлер санын таяу арада көбейтуді мақсат тұтқан. Өз кезегінде Әзербайжан жағы Қазақстан мұнайының транзитін ұлғайтуға мүдделілік білдіруде, бұл Баку –Батуми маршруты бойынша қатынайтын темір жол цистерналарының паркін кеңейтуден байқалуда.
«ШМОС» ААҚ қа тиесілі Текесудағы мұнай құю эстакадасының қазіргі ауыстырып құю қуаттары Құмкөл –Арал мұнай құбырын пайдалануға бергенге дейін оңтүстікторғайлық өндірушілердің қажеттерін қамтамасыз етуге жеткіліксіз екенін басшылыққа ала отырып, «СТН» ЖШС Шымкеттке ЖШСын маңда өуаты жылына 3 миллион тонналық «Шағыр» жаңа мұнай құю эстакадасы құрылысының жобасын жасауға кірісті. Ол Құмкөл өндірушілеріне «СТН» ЖШС Құмкөл –Арал құбыр желісін салып, оны кейіннен Қеңқияққа шейін ұзартқнға дейін таяудағы екі үш жыл ішінде барынша ықтимал мұнай көлемін экспорттауға мүмкіедңк береді. Осы жоба жүзеге асырыла қалған жағдайда Кеңқияқ Атырау мұнай құбырының пайдалануға берілуімен қосыла келіп, бұл «СТНд» дың барлық үш мұнай құбыры жүйесін технологиялық жағынан біртұтас жүйеге айналдыруға жағдай туғызады. Сонымен бірге Құмкөл Кеңқияқ Атыорау мұнай құбыры жүйесі, кейіннен Батыс Қазақстан Қытай мұнай құбыры жүйесі жобасын іске асыру үшін пайдаланылуы ықтимал.
Компания қызметінде Ресей аумағы арқылы Қазақстан мұнайы транзитінің тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды орын алады. «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы ұзақ мерзімді:Қазақстан Ресей үкіметаралық келісімнің жобасы жасалды. Оның негізгі шарттарының бірі тараптар үшін тосқауылсыз мұнай транзитін қамтамасыз ету, сондай ақ, жеткізу бағыттарын әр тараптандару болып табылады. Келісім жобасы энергетикалық ресурстар транзитінің халықаралық келісімдер түрінде ресімделіп, бұдан бұрын қол жеткен уағдаластықтарды дамытады. Біздің мемлекеттеріміз бен үкіметтеріміздің басшылары осындай келісім жасау қажеттігін қуаттады, ал оған таяу арада қол қойылуы мүмкін.
Мұнай сапасының банкін жасау компания қызметіндегі айрықша назар аударылып отырған тағы бір бағыт болып табылады. Құрамында күкірті аз жеңіл мұнай өндірушілер оны өткізуден түскен табысты барынша көбейтуге мүдделі. Сондықтан сапа банкісі бар КҚК құбыр желісінің іске қосылуымен, қазірдің өзінде мұнайдың нақ осы жеңіл сорттарын тасымалдау саласында елеулі бәсекелестік пайда болды.
Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі