Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.
Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Барлық адамдарды олардың психологиялық түрі бойынша төрт топқа бөледі: холериктер – сыртқы қоздыртқыштарға жылдам эмоционалдық реакциясы және бәсеңдетудің (торможение) әлсіз жүйесі, сангвиниктер – адамдармен қарым-қатынас жасаудағы жеңілдік, байланысқа бейімділік, бірақ та әлсіз ерік және басталған істі аяғына дейін жеткізуді қаламауы, флегматиктер – қоздыртқыштарға бәсеңдетілген реакциясы, өзін-өзі ұстай білу, қиын ауысады және өз әдеттерінің ауыстырылуын қаламайды, меланхоликтер – адамдармен аз қарым-қатынас жасайды, әсерлі (впечатлительны), өкпелегіш, өз күштеріне сенбейді.
Адамның күрделі ішкі дүниесіне қарамастан, көптеген ғалымдар оны тануға, не болмаса, оның әртүрлі ахуалдардағы мінез-құлықтарының себебін түсінуге және түсіндіруге ұмтылыстарды жасады да, және әлі де жасап жатыр.
Сөйтіп, австралиялық дәрігер-психиатр З.Фрейд (1856-1939) жеке тұлғаны және адам мінез-құлықтарының ынталарын терең зерделеген ғалымдардың біріншісі болды. З.Фрейд психоталдау теориясын жасап шығарды. Ол әрбір психикалық құбылыс белгілі бір себепке ие болады және адамның мінез-құлығы көбінесе оның миында өтіп жатқан санасыз үрдістерге тәуелді болады деп санады.
И.П.Павловтың және басқа да ғалымдардың жасаған зерттеулерінің нәтижесінде шартты рефлекстер теориясы (басқаша айтқанда, үйреніп қалу теориясы) қалыптастырылды. Оның негізіне ағзаның сыртқы қоздыртқышқа жауап реакциясы ретіндегі рефлекс түсінігі салынған еді. Рефлекстер тума (шартсыз) және тәжірибе арқылы пайда болатын кейін қалыптасқан (шартты) болуы мүмкін. Біріншілері адамның инстинкттік, санасыз мінез-құлығын анықтаса, екіншілері адамның тұру ортасымен қалыптасады және олар да адамның мінезіне және мінез-құлығына ықпал етеді. И.П.Павлов адамның мінез-құлығының негізінде мақсат рефлексі жатады деп санаған. Бұндай рефлекс шығармашылық тұлғаларда, сүйген адамдарда және билікке тума ұмтылысы бар адамдарда аса қатты көрінеді. Үйреніп қалу теориясының негізгі жағдайлары адамның жаңа ұжымға бейімделуі кезінде кең қолданыс тапқан.
Швейцариялық психолог К.Юнг (1875-1961) адам психикасының негізгі функциялары – бұл оның ойлау қабілеті, эмоциялары, сезінуі және түйсігі деп санаған да, адамдарды сәйкесінше төрт түрге бөлген: ойлаушыл, эмоционалдық, сезінетін және түйсіктік. Юнг адам психикасының тума ерекшелігі ретіндегі «архетүр» түсінігін, сонымен қатар, оның экстраверттілігі (сыртқы, шыңайы дүниеге бағдарлануы) және интроверттілігі (ішкі, рухнаи дүниеге бағдарлану) түсініктерін енгізді.
Соңғы онжылдақтарда психология мен әлеуметтанудың қиылысында жаңа ғылым – соционика қалыптасты. Соционика «адамдардың психикалық реакцияларын ғана ескермейді, сонымен бірге, олармен байланысты адам қызметінің көптүрлілігін де ескереді». Басқаша оны «қарым-қатынас, түсінушілік және келісім ғылымы» деп атайды, сондықтан, оны зерделеу және іс жүзінде қолдану ұйымда ұжымның барлық мүшелері арасында толық өзара түсінушілік жағдайын жасауға қызығушылық танытқан менеджерлер үшін пайдалы болуы мүмкін.
Бизнес түсінігі ағылшын сөзі business дегеннен шыққан және пайда табудың көзі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті, істі немесе кәсіпті білдіреді. Бизнес – оның ауқымдарына және ондағы жұмыспен қамтамасыз етілген персоналдың санына байланысты шағын, орташа және ірі болуы мүмкін. Әдетте, шағын бизнеске жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан аспайтын, орташаға – 100-ден 500 адамға дейінгі және іріге – 500 адамнан астам құрылымдар жатады Дегенмен, қызмет етудің әртүрлі салалары үшін бұл нормалар айтарлықтай құбылуы мүмкін.
Шағын бизнесте кәсіпкерлер (бизнесмендер), яғни өнімдерді жасау, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету барысында басқарушылық функцияларды өз бетінше орындайтын меншік иелері әрекет етеді. Бұнда кәсіпкер мен менеджер бір тұлға болып табылады. Дегенмен, орташа, әсіресе ірі кәсіпорындар, әдеттегідей, жалдамалы қызметкерлермен – кәсіби менеджерлермен басқарылады. Олар – меншік иелері әрқашанда меңгере бермейтін немесе жеткіліксіз мөлшерде меңгеретін арнайы білімдерді меңгере біледі.
«Бизнесмен» және «кәсіпкер» түсініктері синоним болып келеді және бірін-бірі алмастыра алады деп саналады. Дегенмен, бұл жағдайда белгілі бір терминологиялық ерекшелік бар: өзінің мағынасы бойынша «кәсіпкер» сөзі белгілі бір істі, бизнесті ұйымдастыруға бағытталған қандай-да бір іс-әрекеттерді жасайтын адамды сипаттайды. Ал бизнесмен болса – бұл нақты бір іспен, бизнеспен айналысатын адам.
Бизнесті басқару – бұл бизнесті оның меншік иесіне максималды мүмкін болатын пайданы тұрақты түрде әкелетіндей қылып ұйымдастыру, қолдау және дамыту.
Кәсіпкердің, бизнесменнің және менеджердің жұмысында ортақ белгілерді табуға болады. Олардың бәрі де қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тырысады, басқарудың белгілі бір тәсілдерін қолданады, кәсіпорын қызметін ұйымдастырады, жоспарлайды, үйлестіреді (координирует) және бақылайды. Дегенмен, егер менеджер өзінің беделі мен лауазымын тәуекелдік етсе, кәсіпкер мен бизнесмен – өздерінің меншігін тәуекелдік етеді. Бұндай тәуекелдіктерді төмендету үшін және сәттілікке қол жеткізу үшін менеджерлер мен кәсіпкерлер бизнесті басқару саласында қажетті білімдерді меңгеріп алулары керек.
Бизнесмендер мен менеджерлерді дайындау жүйесі АҚШ-та ең дамыған. Ол үш баспалдақты болып келеді: бакалавр – магистр – философия докторы. Жалпы мөлшерде елде менеджерлерді дайындайтын және осы салада ғылыми жұмыстарды орындайтын 1300-ден астам оқу орны бар. Солардың ішінде ең танымал оқу орындары – Гарвард бизнес мектебі, Стенфорд бизнес мектебі, Массачусетстік технологиялық университетіндегі Слоун мектебі, Мичигандық университеттің бизнес Мектебі және т.б.
Еуропада EFMD (Менеджмент Дамуының Еуропалық Қоры) ассоциациясы құрылған. Оның құрамында менеджерлерді оқытатын 300 орталық бар. Сонымен қатар, Білім берудің Еуропалық Қоры жұмыс істейді. Ол Еуропалық Одақтың мекемесі болып табылады да, Италиядағы Турин қаласында орналасқан. Бұл қорды құру Еуропалық Одақтың ТМД елдеріндегі және Монғолиядағы адамдық ресурстардың дамуына бағдарланған Фаре мен Тасис секілді ірі ауқымды бағдарламаларының жүзеге асу элементтері болып табылады. Қордың қызмет етуі – бастапқы кейінгі кәсіби дайындықты, сонымен бірге, жастар мен ересектердің қайта дайындығын, соның ішінде менеджмент саласындағы да дайындығын құрай отырып, оқыту саласын қамтиды. Бұл салада бизнес мектептерін және менеджментті оқыту орталықтарын құру мен дамытуға көмек көрсету, бизнес мектептерінің ұлттық және халықаралық ассоциацияларын құруға жәрдемдесу, олардың арасындағы тығыз байланысты орнату, бизнес мектептерінің кәсіби сапасын жоғарылату, кәсіпкерлік дығдыларды дамытуға жәрдемдесу және т.с.с. көзделеді.
Менеджерлерді дайындауға мүлдем басқа қатынас Жапонияда қолданады. Бұнда компаниялардың ішінде оларды оқыту тәжірибесі кең қолданыс тапқан.
Ресейде басқарушылық кадрларды көптеген жоғары оқу орындарында дайындайды. Олардың ең танымал дегендері: М.В.Ломоносов атындағы ММУ, Мемлекеттік басқару академисы, Г.В.Плеханов атындағы халық шарушылығының Академиясы және т.б.
Қазақстан Республикасында да қазіргі заманғы теоретикалық базасын және бизнесті басқарудың тәжірибелік дағдыларын меңгеретін менеджерлердің қарқынды дайындығы іске асырылып жатыр. Елдің кейінгі дамуы үшін аса маңызды бұл салада Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды қоса барлық ірі университеттер қатысады. Сонымен қатар, (МЭБҚИ) КИМЭП, Халықаралық бизнес академиясы, халықаралық бизнес университеті, Алматы бизнес мектебі және басқа да MBA (ІӘШ) – Іскерлік Әкімшілік ету Шебері – халықаралық мойындалған дипломын алуға мүмкіндік жасайтын арнайы оқу орындары құрылған және сәтті қызмет етіп жатыр.
Бизнестің дамуы үшін шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні зор. Ол шағын кәсіпорындарды тіркеу мен лицензиялау процедурасын қарапайымдандыру, кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға әртүрлі жеңілдіктерді заңды түрде беру, кәсіпкерлік орташ үшін білікті кадрларды дайындауға жәрдемдесу, кәсіпкерлердің одақтары мен ассоциациялары қызметтерін ұйымдастыру мен үйлестіру және т.б. түрінде айқындалады. Бұл «Қазақстан-2030» Стратегиясында, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және әртүрлі үкіметтік құжаттарда көрініс тапты.
Бұл жерде Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурызынан №3398 «Шағын кәсіпкерлік дамуын мемлекеттік қолдау мен белсеңдетуін күшейту шаралары туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 27 сәуірінен №3928 «Азаматтар мен заңдық тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет ету бостандығына құқықтарын қорғау туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың Мемлекеттік бағдарламаларына сүйенуге болады.
Қазақстандағы жағымды бизнес-климатын құру үшін Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер Форумы белсеңді түрде жұмыс істеп жатыр. Оған 70-тен астам кәсіпкерлер ассоциациялары кіреді. Кәсіпкерліктің экономикалық мәселелерін жанЖШСты зерттеу және Қазақстан Республикасындағы бизнесті тұрақты дамыту механизмін жасап шығару үшін Жабық акционерлік қоғам «Бизнес Мәселелерінің Ұлттық Ғылыми-зерттеушілік Орталығы» (БМҰҒЗО) құрылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің Жалпы ұлттық Одағы «Атамекен» ұйымдастырылған.
Қазақстандағы шағын және орташа бизнестің мәселелеріне осындай аз емес көңіл бөлініп жатқанына қарамастан, экономиканың бұндай аса маңызды секторының кейінгі даму мәселелері күн тәртібінен әлі алынып тасталынған жоқ.
Нарықтық экономика – өзара әсерлесетін және қарсыласатын элементтерлің жиынтығы және бостандықтың көптеген дәрежелері бар аса күрделі динамикалық стохастикалық жүйе болып табылады. Сондықтан, кәсіпкерлер мен бизнесмендер нарықтық ортаның тұрақты өзгерістеріне тез арада бейімделе алулары, болашақ нарықтық ахуалды болжай алулары және оны өз мұқтаждықтары үшін пайдалана білулері тиіс. Олардың қызмет етуінің ең ЖШСсы нәтижесіне тек мүмкін болатын басқарушылық шешімдер жиынтығының ішінен оңтайлы басқарушылық шешімдерді таңдаған жағдайда ғана қол жеткізіледі. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, барлық кәсіпкерлер де өзінің бизнесін оңтайлы түрде басқаруға қабілетті бола бермейді.
Қандай өнімді, қандай мөлшерде және қандай сапада шығарып, нарыққа ұсыну керек, бұл үшін қанша және қандай ресурстарды пайдалану керек, дайын өнімді қайда және қандай бағамен сату керек, ЖШСын арада және алшақ болашақта нарқтық ахуал қалайша өзгереді, өзінің бизнесін сақтау керек пе, әлде сату керек пе, егер сату керек болса, онда қандай бағамен сатқан дұрыс, валюта курстары мен құнсыздану қарқындары қандай болады, қабылданатын шешімнің тәуекелдігін қалай бағалауға болады және жаңа бизнесте қандай нәтижелерді болжауға болады? Барлық осындай және басқа да көптеген мәселелерді кәсіпкерлер мен бизнесмендерде өздерінің қызметтерінде шешуге тура келеді. Бизнесті оңтайлы басқару мәселелерін сәтті шешу үшін осы жолда пайда болатын объективті кедергілерді жоя білу қажет. Ең үлкен кедергі – бұл кәсіпкерлер мен бизнесмендердің көбісінде бұл үшін білімдерінің жоқтығы.
Бизнестің әртүрлі салалары бар – өндірістік бизнес (тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету), коммерциялық бизнес (сауда-саттық саласы) және қаржылық бизнес (тауарлардың ерекше түрлерін – ақшаларды, шетел валютасын және құнды қағаздарды сату және сатып алу). Елдің экономикасы және бүкіл қоғам үшін өндірістік бизнестің мәні ерекше зор.
Бизнестің қалыпты қызмет етуі үшін құрамына бизнеске қызмет көрсететін кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер кіретін тармақталған инфрақұрылым қажет. Олар бизнеске әртүрлі қызметтерді көрсетеді – өндірістің қажетті құрылдарымен, көлікпен, байланыспен, ақпаратпен, несиелік ресурстармен, жұмыс күшімен, жарнамамен, кеңестермен және т.с.с. қамтамасыз етеді.
Бизнес өзін-өзі – кәсіпорындар, яғни өзінің қызмет етуінен пайда табу мақсатымен құрылатын және қызмет ететін коммерциялық ұйымдар түрінде іске асырады. Бизнеске қатысушыларды және кәсіпорынның нақты ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын таңдау оның құрылтайшыларымен, яғни кәсіпкерлермен және бизнесмендермен анықталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, бұлар – жеке немесе ұжымдық меншік иесінде болатын, шаруашылық серіктестіктер немесе жабық не ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, кооперативтер ретінде заңдық рәсімденген кәсіпорындар болуы мүмкін.
Нарықтық қарым-қатынастардың субъектісі ретіндегі кәсіпорын – бұл сыртқы ортамен табиғи ресурстарды, дайын өнімді, энергияны, ақпаратты, өндіріс қалдықтарын және ақша қаражаттарын айырбастау арқылы белсеңді түрде өзара әсерлесетін ашық экономикалық жүйе. Сыртқы орта өзінің екі нысаны түрінде келтірілген – қоршаған табиғи орта және қоғамдық орта. Кәсіпорынның табиғи ортамен өзара әсерлесуі үйлесімді (гармониялық) болып, оған минималдық зиян келтіруі тиіс. Сондықтан, кәсіпкерлер мен бизнесмендер қызмет етуінің экологиялық аспектілері қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңдылықпен реттеледі және құзыретті (компетентный) мемлекеттік органдармен қадағаланылады. Сонымен бірге, кәсіпорынның қоғамдық ортамен де – биліктің мемлекеттік және жергілікті органдарымен, инфрақұрылыммен және халықпен, нарықтың субъекттерімен, қоғамдық ұйымдармен, бұқара ақпарат құралдарымен және т.с.с. қарым-қатынастары үйлесімді болуы тиіс.
Өндірістік-шаруашылық ететін жүйе ретіндегі әрбір кәсіпорынның ортақ мақсатқа, ортақ өндірістік-техникалық, кадрлық және энергетикалық потенциалына және банктегі ортақ есеп айырысу шотына ие болатын өндірістік және басқарушылық бөлімшелерінің құрамын бейнелейтін нақты бір ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы болады. Кәсіпорынның кірісіне (вход) материалдық және қаржылық ресурстар келіп түседі, ал олардың түрлендірілуі нәтижесінде шығысында (выход) тұтынушысына жіберілетін дайын өнім пайда болады. Өндіріс барысында тұтынылған ресурстардың құны кәсіпорынның шығындарын анықтайды, ал сатып өткізілген өнімнің құны – оның қызмет ету нәтижелерін анықтайды. Қоса алғанда, шығындар мен нәтижелер кәсіпорынның экономикасын сипаттайды.
Кезкелген бизнестің негізінде бизнесмендер мен кәсіпкерлердің экономикалық мұқтаждықтары жатқандықтан, кезкелген кәсіпорын қызмет етуінің маңызды ынтасы (мотив) мен мақсаты – максималдық таза пайданы табу. Неғұрлым кәсіпорын шағырылатын өнімді сатып алушыларының талаптарын қанағаттандыру үшін ЖШСсырақ жұмыс істесе, неғұрлым өзінің ресурстарын үнемдірек пайдаланса, соғұрлым басқа жағдайлар тең болған кезде көбірек пайда табады, соғұрлым оның қаржылық жағдайы тұрақты болады, соғұрлым экономика мен берілген бизнес берік, сенімді болады. Өнімді тек қана шығарып қоймай, оны сату да аса маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан, оның сапасын ЖШСсарту, тұтынушы санасында кәсіпорынның, сонымен қатар, онда шығарылатын өнімнің де оң имджін (бейнесін) жасау үшін барлық мүмкін тәсілдерін іздестірген дұрыс.
Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі