«СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа

Описание

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.

Содержание

Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

тлеужан.doc

— 299.00 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, кәсіпорынның қызмет ету нәтижелеріне банк несиесі үшін төлемдер, салықтар және айыппұл жазалау шаралары қатты ықпал етеді. Әрбір кәсіпорында белгілі бір сәттерде айналым қаражаттарды толтыру үшін, техниканы сатып алу үшін, жаңа бұйымдардың өндірісін игеру үшін, жаңа істі ұйымдастыру үшін және т.с.с. ақша қаражаттарын тартуға қажеттілік пайда болады. Бұл мақсаттар үшін банкке пайыздарды төлеу керек банк несиесін тартады. Жоғары банк пайыздары бизнестің дамуы ұстап тұрады және белгілі бір ахуалдарда бизнесменді күйзеліске ұшыратуы мүмкін немесе кәсіпкердің бизнес-ойын жүзеге асырылу үшін тиімсіз қылтуы мүмкін. Сондықтан, бизнестің гүлденуіне банк несиесі үшін төмен пайыздар қажет.

Елде қолданылып жатқан салық тәртібі (режим) бизнеске тым қатаң талаптарды қоятын болса, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына кері ықпалын тигізуі мүмкін.

Кәсіпорынның бар заңдылықты бұзғаны үшін айыппұл жазалау шараларына тоқталатын болсақ, олар толығымен кәсіпорынның сыртқы ортамен қарым-қатынастарды қаншалықты дұрыс жасайтынына тәуелді болады. Сөйтіп, табиғи ортаны маңызды ластау, салық заңдарын немесе жеткізушілер мен тұтынушыларға қатысты келісім міндеттемелерін бұзу – бизнесті толығымен күйзеліске ұшыртатын немесе банкроттық шегіне қоятын едәуір айыппұлдарға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Пайданы максимизациялау мақсатымен өндірістің шығындарына және нәтижелеріне саналы түрде ықпал етуі бойыншща кәсіпорын бостандықтың келесідей дәрежелеріне ие болады (банк пайызынан, салықтардан және айыппұлдық жазалау шараларынан басқа): шығарылатын өнімге баға қоюдағы бостандық, шығындарды қалыптастыру бостандығы, өнімнің белгілі бір көлемдерін шығару бостандығы және шығарылатын өнімнің номенклатурасын және ассортиментін таңдаудағы бостандық. Барлық осындай бостандықтар абсолютті болып табылмайды және бір-біріне тәуелді болады. Тікелей шығындардың үнемдеу арқасындағы төмендеуі немесе өндірістің көлемдерін ұлғайту шығарылатын өнімге бағаны төмендетуге және оған сұранысты көбейтуге мүмкіндік береді. Шығарылатын өнім номенклатурасының және ассортиментінің өзгерістері де кәсіпорын жұмысының шығындарында және нәтижелерінде, сонымен қатар, нарықтық сұраныста көрініс табады. Басқа тұрғыдан алсақ, нарықтық сұраныстың өзгерістері де осындай сұранысқа сәйкес келетін өндірістік бағдарламаны қалыптастырған кезде ескерілуі тиіс.

Әртүрлі ахуалдарда негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін бизнесменде эталондық стратегиялардың жиыны болуы тиіс. Олардың әрқайсысы кәсіпорын тұрған ахуалға сәйкес келетін іс-әрекеттердің белгілі бір стратегиялық курсын сипаттайды. Бизнес үшін осы стратегиялардың арасынан оған сәттілік пен гүлденуге кепілдік беретін ең ЖШСсысы таңдалғанының маңызы зор.

Қолданатын технология кезкелген өндірістің негізгі буыны болып табылады. Ол ресурстардың шығынын, дайын өнімнің шығысы (выход) мен сапасын анықтайды, яғни технологияға өндірістің шығындары да, нәтижелері де тәуелді болады деген сөз. Технологияны алмастыру, әдеттегідей, бүкіл өндірістің радикалды қайта құрылуына, қолданатын шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, жиынтықтаушы бұйымдардың, жабдықтың, кәсіпорынның кадрлық құрамының және т.с.с. өзгерісіне әкеледі.

Кәсіпорын үшін шикізатты, материалдарды, жиынтықтаушы бұйымдарды, отын мен энергияны сатып алу үшін, жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу үшін, айналыс саласына қызмет көрсету үшін қажетті ақшалай қаражаттардың да маңызы зор. Бұндай ақша қаражаттарын айналым қаражаттары деп атайды, себебі олар даярланған тауарды сатып, оның құнын тұтынушылар өтегеннен кейін әрдайым жаңартылып тұрады. Бұл төлемнің кідірісі (задержка) айналым қаражаттар жетіспеушілігіне және банк несиесін тарту қажеттілігіне әкеледі. Өзара өтелмеген төлемдердің (неплатежи) көшкін тәріздес өсуі кезінде кәсіпорындардың көбісінде өндірістің құлдырауы пайда болады, елдегі құнсыздану күрт өседі және экономикалық дағдарыс туады. Сондықтан, кәсіпорынның ақша ресурстары және оның қаржылық жағдайы бизнестің сенімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін әрдайым қадағалануы, болжануы, мақсатқа сай реттеліп отыруы тиіс.

Кәсіпорынның құрылымында элементтерінің үш бір-бірімен өзара байланысқан және өзара әсерлесетін блок (немесе жүйеше) бар: өндіріс блогы, үрдістердің блогы және басқару блогы. Біріншісіне негізгі, қосалқы, қызмет көрсетуші және жанама (побочный) бөлімшелері, екіншісіне – кәсіпорында болып жатқан үрдістер (ғылыми зерттеулер, жобалау, өнімді даярлау, сапаны бақылау, жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, қоймалау, тасымалдау және т.с.с.), ал үшіншісіне – басқару функциялары: есепке алу, жоспарлау, болжау, талдау, бақылау, реттеу, ынталандыру және т.с.с. кіреді. Бұл функциялардың барлығы әрбір бөлімше мен үрдіс бойынша, сонымен қатар, бүкіл кәсіпорын бойынша тұрақты, үзіліссіз және циклдық түрде орындалады.

Кәсіпорынның аталған үш жүйешесін де бірыңғай ағзаға біріктіру үшін өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру сияқты жүйе құрастырушы функциясы орындалады. Ол өнімді даярлау және сатып өткізу барысында уақыт пен кеңістік ішінде тірі еңбектің, өндіріс құралдарының және басқарудың өзара айқасуын және бірігіп қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бұл функция аса күрделі болып табылады, себебі оған нормалау, үйлестіру, жедел жоспарлау, өндірісті диспетчерлеу, еңбекті бөлу және кооперациялау, оған ақы төлеу және ынталандыру, өндірісті ресурстармен жабдықтау және дайын өнімді сатып өткізу сияқты функциялар кіреді.

Ұйымдастыру кәсіпорынның барлық бөлімшелерін, ондағы орындалатын барлық үрдістерді және басқарушылық функцияларды қамтуы тиіс. Өндірістік үрдісті рационалды ұйымдастыру нәтижесінде еңбектің жоғары өнімділігіне, өндірістік ресурстардың үнемделуіне қол жеткізіледі де, кәсіпорын қажетті көлемде талап етілетін мерзімдер ішінде және өндірістік циклдің минималдық ұзақтылығымен сапалы өнімді шығарады.

Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кезкелген кәсіпорында әрқашанда ішкі резервтерді табуға болады, олардың жүзеге асырылуы өндірістің соңғы нәтижелерін айтарлықтай ЖШСсартуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда бизнесті басқарған кезде жүйелік, кешендік қатынас пайдаланбайды, өндіріс пен басқаруды жетілдіру бойынша шаралар жасап шығарылмайды және жүзеге асырылмайды, маркетингтік қызметтер әрқашанда және барлық жерлерде де, тиісті кәсіби деңгейде жұмыс істей бермейді, кейде олар мүлдем болмайды да.

Осының бәрі басқарудағы маңызды жіберілулер (упущения) болып табылады және бизнестің экономикасына айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді, оның тиімділігін төмендетеді, ал кей кезде оның толық банкроттығына әкеледі. Сондықтан, шыңымен өздерінің сәттілігі мен гүлденуіне қызығушылық білдіретін барлық бизнесмендер мен кәсіпкерлер – қолда бар резервтерді ашып, кешенді пайдалану есебінен өндіріс пен басқаруды жетілдіру бойынша әрдайым еңбекті көп керек ететін жұмыстың қажет екендігін түсінулері керек.

Ішкі резервтерді пайдалануға бағытталған әрбір жасап шығарылған және жүзеге асырылған шара бойынша осындай жұмыстың нәтижелерін экономикалық бағалау үшін кәсіпорын қарауында қалатын пайданың өсімі анықталады. Капиталдық шығындардың (инвестициялардың) салынуын талап ететін шаралар бойынша бағалаудың сәйкес әдістерін пайдалана отырып, олардың тиімділігін бағалау қажет.   

 

 

2.2 Басқарудың экономикалық механизмі

 

Әлеуметтік-экономикалық механизмдерді басқарудың әртүрлі механизмдері бар – құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, ұйымдастырушылық-экономикалық, қаржылық және т.с.с. Бүкіл осындай алуан түрлі ассортименттен бұнда басқарудың экономикалық механизмі қарастырылады.

Жалпы мағынада «басқарудың экономикалық механизмі» түсінігі – іс жүзінде пайдаланылатын, негізі ретінде басқарудың объектісі мен субъектісі арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастар салынған басқару механизмінің өзіне ғана тән ерекшеліктерін бейнелейді. Бұндай өзара қарым-қатынастардың көрнекі мысалдары ретінде мемлекет пен салық төлеушілері, жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер, халықаралық экономикалық қызметке тартылған мемлекеттер және т.б. арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды келтіруге болады.

Сондықтан, басқарудың механизмі туралы айтпас бұрын, басқару механизмінің берілген түрімен реттелетін басқару объектісі мен субъектісі дегеніміз не екендігін ұйғарып алу керек. Алдымен, жеке алынған елдің экономикасы секлді басқарудың күрделі және ауқымды объектісін қарастырайық.

Экономиканың басқарылуы жүзеге асырылып жатқан деңгейге байланысты оны макроэкономикалық және микроэкономикалық етіп бөлуге болады. Бірінші жағдайда басқару объектілері: бүкіл елдің, оның ірі аймақтарының, шаруашылық ету салаларының экономикасы, екінші жағдайда – ұйымдар, кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар, кішігірім кәсіпкерлік құрылымдар мен аймақтар. Макроэкономикалық басқарудың құрамында бүкіл ел экономикасының салалық, аймақтық басқарылуын, сонымен қатар, функционалдық басқарылуын айыруға болады. Басқарудың соңғы түріне мемлекет қаржыларының, ақша айналысының, мемлекеттік меншіктің және сыртқы экономикалық байланыстардың басқарылуы жатады.

Макроэкономикалық деңгейдегі басқару субъектілері – бұл басқарушылық шешімдерді қабылдауға құқығы бар, іс-әрекеті бүкіл елдің экономикасына, салалық және аймақтық экономикаға, сонымен қатар, шаруашылық қызметтің ірі салаларына және түрлеріне таратылатын заңдылық, атқарушылық, құқықтық органдар.

Микроэкономикалық деңгейдегі басқару субъектілері – бұл оларға бағынышты ұйымдарды, кәсіпорындарды, фирмаларды және т.с.с. басқаруға құқығы бар басшылық ететін органдар мен жеке тұлғалар.

Макроэкономикалық және мемлекеттік басқару түсініктері бір-біріне теңбе-тең емес, себебі мемлекеттің экономикаға ықпалы макроэкономикалық, сонымен бірге, микроэкономикалық деңгейге де таратылады.

Жалпы түрінде экономиканың қызмет ету сұлбасы экономикалық үрдістердің үш басты қатысушысын құрайды: мемлекет, өнімді, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндірушілер және олардың соңғы тұтынушылары. Олардың арасында көптеген коммуникациялық каналдар бойынша тауарлардың, қызметтердің, ақшалай қаражаттардың және т.с.с. қарқынды қозғалысы болып жатады. Өндірілетін экономикалық өнімнің белгілі бір бөлігі мемлекеттік бюджет қаражаттарынан қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырысқа сәйкес мемлекетке сатылады. Мемлекет өндірушілерге заңдар, әлеуметтік жәрдемақы (пособие), өндірушілерге өнімнің әртүрлі түрлеріне мемлекеттік тапсырыстарды беру, бөлінген субсидиялар немесе жеңілдік несиелер арқылы тікелей қаржылық жәрдемдесу түріндегі қызметтерді көрсетеді. Өндірушілер қолданыстағы заңдарды ұстаулары тиіс, мемлекетке жүйелі түрде және толық мөлшерде салықтарды, міндетті төлемдерді және аударымдарды төлеулері тиіс, уақытында және толық мөлшерде мемлекеттік тапсырыстарды орындаулары тиіс және т.с.с.

Мемлекет пен халықтың арасындағы өзара қарым-қатынастар адамдарға олардың құқықтарын қорғау, қауапсіздікті қамтамасыз ету, мәдениетті, білім беруді және денсаулық сақтауды мемлекет тарапынан қолдау, заңдылықтың сақталуын қадағалау және т.с.с. арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тіреледі. Халық тарапынан мемлекетке экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істеу үшін еңбек ресурстары беріледі, оған көрсетілген қызметтері үшін салықтар мен төлемдер өтеледі.

Ел экономикасының тиімді қызмет етуінің негізгі белгілері – бұл: жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуі, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің жоғары деңгейі, бағалардың тұрақтылығы, құнсызданудың төмен деңгейі, сыртқы экономикалық қызметтің баланстылығы және т.б.

Дегенмен, экономиканың тұрақты дамуы шексіз ұзақ созыла беруі мүмкін емес. Өйткені, экономикалық үрдістер, әдетегідей, циклдық болып келеді, бұл олардың өрлеу және құлдырау кезеңдерінің алмасып тұруында көрінеді. Бұл циклдылықтың негізінде табиғи-биологиялық циклдар жатыр, мысалы, жыл мерзімдерінің ауысуы, күн мен түннің ауысуы, Күннің белсеңділігі және т.с.с. Жеке алынған адамның және жанұяның экономикасына олардың тіршілік ету циклдары – тууы, балалық шағы, жастық шағы, жетілуі, қартаюы, өлуі қатты әсер етеді. Экономикалық өнімдердің де өз тіршілік ету циклдары болады, барысында олардың пайда болуы, қалыптасуы, дамуы, құлдырауы, моралдық және физикалық «өлімі» іске асады және, нәтижесінде, экономикалық өнімнің ұқсас, жаңартылған немесе жаңа, тұтынушылар үшін одан да жетілген және тартымды өнімге алмасуы жүзеге асады. Экономикалық үрдістер циклдылығының экономикалық табиғаты іскерлік белсеңділіктің, өндіріс көлемдерінің, нарықтық конъюнктураның және т.с.с. өрлеу және құлдырауы кезеңдерінің алмасып тұруында көрінеді. Тербелулер кезеңі онжылдықтармен өлшенетін ұзақ мерзімді экономикалық циклдар және тербелулер кезеңі бір жылға дейін немесе бірнеше жылға дейін болатын қысқа мерзімді циклдар болады.

Ұдайы өндірістік (воспроизводственные) циклдар өнімнің жасалуынан бастап оның толық тұтынылуына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің барысында ұдайы өндірістік цикл сатыларының тізбекті алмасуы жүзеге асады: өндіріс, үлестірім (распределение), айырбас, тұтыну. Берілген тізбектілік экономика үшін принципиалдық сипаты бар, ең маңызды экономикалық заңдылықтардың бірі болып табылады. Сол себептен, экономиканы басқару өнімнің, тауарлардың және қызметтердің өндірісін, үлестірімін, айырбасын және тұтынылуын басқару сияқты түсіндіріледі.

Өндіріс сатысындағы басқару келесідей сұрақтарға жауап беруге негізделеді: нені өндіру керек? қалай өндіру керек? қанша өндіру керек? Үлестірім сатысында мынадай сұрақтарға жауап іздестіріледі: өндірілген өнімді қалай және қайда пайдалану керек? Бұнда үлестірім табиғи (натуралдық) түрде, сонымен қатар, өндіріс қатысушыларымен ақшалай есеп айырысу арқылы ақшалай түрде де жүзеге асуы мүмкін. Үлестірім нәтижесінде өндірілген өнім тұтынушыларға қарай қозғалады. Оның бір бөлігі қоймаларда жинақталып қалады, бұдан кейін өндірілген өнімнің екінші реттегі, үшінші реттегі және кейінгі реттегі үлестірімдері іске асырылады. Кейін келесі саты келеді, бұнда өнім тауарға айналады да, тауардың ақшаға айырбасы («тауар-ақша» операциясы) немесе басқа тауарға айырбасы («тауар-тауар» операциясы) жүзеге асады. Осылайша нарықтағы тауарларды сатып алу-сату бойынша операциялары жасалады. Бұнда тауарлардың ағындары сатушылардан сатып алушыларға қарай қозғалса, оларға қарама-қарсы бағытта, сатып алушылардын сатушыларға қарай ақша қаражаттарының ағындары қозғалып келе жатады.

Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі