«СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:31, курсовая работа

Описание

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен, еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын адамдарға қажеттілік пайда болды.

Содержание

Кіріспе
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3-тарау «СТН»-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

тлеужан.doc

— 299.00 Кб (Скачать документ)

       Егер республиканың тасымал күретамырларының схемасына көз жүгіртсек, Қазақстан Республикасы магистральды мұнай құбырларының жүйесі технологиялық жағынан жеке-жеке үш: батыс, Ақтөбе және шығыс қосымша жүйелерінен тұратынын аңғару қиын емес. Мұның өзі Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына Батыс Қазақстаннан мұнайды тікелей жеткізуге мүмкіндік бермейді.Компания осы жәйітті ескріп,ресейлік мұнай компаняларымен айырбас операцияларын жолға қою арқылы экспортқа және ішкі рынокқа мұнай жеткізудің пайдалы шарттарын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Атап айтқанда, Павлодар мұнай-химия зауытына және Қытайға жіберу мақсатында Атасу мұнай құю темір жол эстакадасына келіп жететін Ресей мұнайының бара бар көлеміне айырбас ретінде, Ресей мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу үшін «СНПС-Ақтөбе мұнай газ» ресурстарынан мұнай жеткізу ойдағыдай жүзеге асырылуда. 

 

3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі

 

      «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі АК «Транснефть» жүйесі арқылы жеткізілетін Қазақстан мұнайының сапасын экспорттық қоспаға қойылатын техникалық шарттар шегінде сақтау және бір мезгілде мұнайдың ауыр және күкіртті сорттарын өндірушілер үшін мұнай тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету. Өйткені КҚК ға қарағанда «СТН» ЖШС тепе тең мүмкіндік шарттарымен жалпы пайдаланатын мұнай құбырларын қолданады. Сонымен бірге сапа банкісін енгізу «Теңізшевройл» сияқты компаниялар үшін біздің қызметтеріміздің тартымдылығын арттырудың негізгі факторларының біріне айналды. Әрі, сапа банкін жасау кезінде барлық мұнай өндіруші компаниялардың мүдделерін барынша ескеруге тырысамыз. Сапа банкін жасау үшін «СТН» ЖШС консультант ретінде француздың Вейсип Франлаб компаниясын тартуда.

      Бұл күндері компания құрылғанына бес жыл толуын атап өтуде. Осы кезең ішінде «КазТрасОйл» өзінің қалыптасуында орасан зор жолдан өтіп, бүгінде жетекші отандық компаниялардың бірі болып табылады. Аталмыш жетістіктер тиімді менеджменттің, басыңқы міндеттерді дұрыс таңдап алып, оларды ойдағыдай орындаудың, сондай ақ, компанияняң көп мың адамдық ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі заманғы нарықтық экономика шығарылатын өнімнің сапасына жоғары талаптарды қояды. Сондықтан, шығарылатын өнімнің сапасын басқару жүйесі қазіргі заманғы кәсіпорынды басқарудың экономикалық механизмінің ең маңызды буыны болып табылады.

Өнімнің сапасы – бұл оның тағайындалуына сәйкес осындай өнімге белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы. Сапаның эталоны ретінде өнімнің ең ЖШСсы отандық және шетелдік үлгілері алынуы мүмкін. Дегенмен, қажеттіліктер тез өзгеретінін, ал эталондардың ескіретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан, кәсіпорындар өзгеретін нарықтық қажеттіліктерді әрдайым зерделеулері және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатулары тиіс.

Өнімнің сапасын анықтайтын қасиеттерді бағалау үшін сапаның келесідей көрсеткіштері қолданылады: тағайындалу, сенімділік, технологиялылық, стандартизация және унификация, эргономикалық, эстетикалық, тасымалдауға жарамдылық, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік.

Іс жүзінде мемлекеттік, салалық және халықаралық сапа стандарттары, яғни стандартизациялау объектісіне нормалардың, ережелердің, талаптардың кешенін құрайтын, құзыретті (компетентный) және жалпыға танытылған органмен бекітілген нормативті-техникалық құжаттар қолданылады. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен бірлестіктер өздерінің стандарттарын немесе техникалық жағдайларын шығарады.

Стандартизациялау объектісінің ерекшілігіне және тағайындалуына байланысты стнадарттар былай бөлінеді: а) негіз қалаушы стандарттар, ә) өнімге және қызметтерге стандарттар, б) үрдістерге стандарттар, в) бақылау, сынау, өлшеу және талдау әдістеріне стандарттар.

Халықаралық байланыстардың күшті дамуы мен кеңеюі «сапалы өнімді өндіру» анықтамасына бірыңғай қатынасты жасап шығару, сапа мен сертификациялаудың жаңа жүйелерін жасап шығару және қолданыстағы жүйелерді жетілдіру үшін бірыңғай әдістемелік базасын жасау қажеттілігіне әкелді. Бұл мақсатпен Стандартизациялаудың халықаралық ұйымы (ИСО) (СХҰ) ИСО 9000 сериясының халықаралық сапа стандарттарын жасап шығарды. Бұл стандарттар сапа жүйелерін бағалауға көптеген елдермен мойындалған бірыңғай қатынасты орнатты және өнімнің тұтынушылары мен өндірушілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттады. Соңғы жылдары ИСО 1400 халықаралық сапа стандарттары кең қолданыс тапты. Бұл стандарттар қоршаған ортаны қорғау және өнімнің қауіпсіздігі тұрғысынан сапа жүйелеріне бірыңғай талаптарды орнатады. Осындай стандарттардың пайда болуы сапаның гуманистік құрамдасының күшеюін білдіреді.

Өнімнің сапасын басқару – бұл оңтайлы сапалы өнімнің жасалуын және оның дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ететін факторларға және жағдайларға тұрақты, жоспарлы түрде, мақсатқа сай ықпал ету үрдісі. Бұл жерде сапаның оңтайлылығы дегеніміз сапа көрсеткіштері мен бұйымды сатып алуға және пайдалануға кеткен шығындардың ең ЖШСсы ара қатысы.

Өнімнің сапасын басқару жүйесі дегеніміз басқарушылық органдардың және басқару объектілерінің, өнім сапасының оңтайлы деңгейін орнатуға, қамтамасыз етуге және ұстап тұруға бағытталған шаралардың, әдістердің және қаражаттардың жиынтығы.

Сапа саласындағы кәсіпорынның саясаты шығарылатын өнім сапасының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу бойынша ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады да, осындай мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін шаралар кешенінің жүзеге асырылуын көздейді. ИСО стандарттарына сәйкес бұл саясат өнімнің тіршілік ету циклінің нарықтың маркетингтік зерттеулерінен бастап, өнімнің пайдаланылуы аяқталғаннан кейін оның утилизациясымен аяқтағандағы барлық сатыларын (жалпы алғанда, бұндай сатылар 11) қамтиды.

Тұтынушылардың тауарлар мен қызметтердің сапасын ЖШСсартуға өсіп келе жатқан талабы Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та және Жапонияда кең қолданыс тапқан, сапаны жаппай (тоталдық) басқару жүйелерінің (TQS) құрылуына әкелді. Ал қазіргі заманғы менеджментте бір бағыт пайда болды – сапаның жаппай менеджменті (TQM).

Өнім сапасының стандарттар мен техникалық жағдайлардың талаптарына сәйкестігін растау үшін ол сертификациялау процедурасынан өтуі тиіс. Бұл процедурамен қамтылатын қатысушылардың санына байланысты ол ұлттық, халықаралық, аймақтық, көпЖШСтық, екіЖШСтық және бірЖШСтық (өзін-өзі сертификациялау, «сәйкестік туралы мәлімдеме») болуы мүмкін. Құқықтық белгі бойынша міндетті және ерікті сертификацияны айырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1.      Виханский О.С, А.И. Назимов “Менеджмент”, 3 – таралым, Москва – 2002;

 

2.      К.Ғ.Ахметов “Менеджмент негіздері”, Алматы – 1993;

 

3.      Б.А. Байтанаева “Менеджмент”, оқу құралы, Алматы – 2001;

 

4.      “Нефть и газ”, научно – технический журнал, Алматы “Ғылым”, №6, 2005.

 

5.      Аль – Пари, №3 – 2005;

 

6.      Экономика и статистика, №6 – 2004;

 

 



Информация о работе «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі