Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 11:24, курсовая работа

Описание

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген.

Работа состоит из  1 файл

мизамова.doc

— 344.00 Кб (Скачать документ)
stify">       2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзiнiң депутаттық қызметiнiң барысы туралы, жылына кемiнде бiр рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;

       3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;

       4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте тұруға мiндеттi.

       3. Мәслихаттың әрбiр депутатына оның құқықтарының, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепiлдiк берiледi.

       Мәслихат депутаты, қызметi мемлекеттiк құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелерi бойынша тиiстi мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктер мен мемлекеттiк ұйымдарға кедергiсiз кiруге құқылы.

       Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және мемлекеттiк ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кiдiрiссiз қабылдауға және оларға жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруда қажеттi жәрдем беруге мiндеттi. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 324, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      21-1-бап. Депутаттық сауалдар

      Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.

       Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде берiлуге тиiс. Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.

       Прокурордың атына берiлген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиiс.

      Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бiрлестiктер

      1. Мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бiрлестiктер, депутаттық топтар түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға құқылы. Тексеру комиссиясының төрағасы және мәслихат хатшысы депутаттық бiрлестiктерге кiре алмайды.

       2. Фракция - заңда белгiленген тәртiппен тiркелген саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң атынан өкiлдiк ететiн депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол мәслихатта тиiстi саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бiрлестiктiң мүдделерiн бiлдiру мақсатында құрылады. Фракция мәслихаттың кемiнде бес депутатын бiрiктiруге тиiс. Депутаттың тек бiр ғана депутаттық фракцияда болуға құқығы бар.

       3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкiлеттiктерiн, сайлау округтерiндегi бiрлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған бiрлестiгi. Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемiнде бес депутаты болуға тиiс.

       4. Депутаттық фракциялар мен топтарды тiркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады, келiп тiркелу тәртiбiмен жүргiзiледi және тек ақпараттық сипатта болады.

      Ескерту. Заң 21-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      22-бап. Депутаттық қызметтi жүзеге асыруға байланысты

                шығыстарды өтеу

      Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы, бiрақ осы қызметте бiр жылға дейiнгi жұмыс стажы бар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс әкiмi аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескерiлiп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетiн мерзiмдегi iссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      23-бап. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi

      1. Мәслихат өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген оның өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда тоқтатылады.

       2. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Қазақстан Республикасының Президентi тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда тоқтатылады.

      24-бап. Мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру өкiлеттiгi

      1. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселе қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше Қазақстан Республикасы Президентiнiң не жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.

       2. Әкiм ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының орындалуы, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруi туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.

       24-1-бап. Таңдаушылардың шешiмi бойынша Парламент Сенаты

                   депутатының өкiлеттiгiн тоқтату

      1. Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасау туралы шешiмдi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаты қабылдайды, бұл туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясына және Парламент Сенатының депутатына үш күн мерзiмде хабарланады.

       2. Таңдаушылардың шешiмi бойынша Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкiлдiк ететiн таңдаушылардың жалпы саны даусының кемiнде жиырма бес процентi, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар даусының кемiнде жиырма бес процентi қолдауға тиiс.

       Таңдаушыларды қолдау олардың қолдар жинауымен куәландырылады. Қолдар жинаудың басталуы туралы шешiмдi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаты қабылдайды. Қолдардың жиналуын Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасаған таңдаушылар ұйымдастырады.

       3. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасау туралы мәслихаттың хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бастамашыларға шығарылған шешiмдi қолдауға қолдарды жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.

       Әрбiр қол қою парағының реттiк нөмiрi болуға, онда өкiлеттiгiн тоқтатуға бастамашылық жасалған Парламент Сенаты депутатының тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар туралы мынадай мәлiметтер:

       1) тегi, аты, әкесiнiң аты;

       2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;

       3) туған күнi, айы және жылы;

       4) тұрғылықты мекенжайы;

       5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиiс.

       Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.

       4. Қолдарды жинау облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясынан таңдаушылар қол қою парақтарын алған күннен бастап отыз күннiң iшiнде жүзеге асырылады. Көрсетiлген мерзiм аяқталған соң қол қою парақтары облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының қабылдауына жатпайды.

       Толтырылған қол қою парақтары облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясына тапсырылады, ол паспорт қызметтерiнiң қызметкерлерiн тарта отырып, бес күн мерзiмде жиналған қолдардың дұрыстығына тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.

       5. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы қойылған қолдардың дұрыстығын тексергеннен кейiн Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселенi дауыс беруге шығару туралы шешiм қабылдайды.

       6. Егер қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр проценттен астамының дұрыс еместiгi не жиналған қолдардың саны осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiндiгi анықталса, тиiстi сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселенi дауыс беруге шығарудан бас тартады.

       Мәселенi дауыс беруге шығарудан бас тартылған күннен бастап бiр жылдың iшiнде сол негiздер бойынша Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселенi қайтадан қозғауға жол берiлмейдi.

       7. Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихаттың хатшысы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселе қозғалған депутатқа мәселенi дауыс беруге шығару туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бес күннен кешiктiрмей жазбаша хабарлауға тиiс.

       Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы дауыс беру бойынша таңдаушылардың бiрлескен отырысы, дауыстарды есептеу және қорытындыларын белгiлеу облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату туралы мәселе қою жөнiнде шешiм қабылдаған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей жүргiзiледi.

       Дауыс беруге арналған бюллетеньнiң мәтiнiн Республиканың Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.

       8. Егер бiрлескен отырысқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттарының атынан өкiлдiк ететiн сайланған депутаттар санының кемiнде үштен екiсi қатысса, бiрлескен отырыс заңды деп есептеледi.

       Бiрлескен отырыста Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату бойынша дауыс беру, егер оған қатысып отырған таңдаушылардың жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, өттi деп есептеледi.

       Бiрлескен отырыста төрағалық етушi облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихаттың хатшысы болып табылады.

       Таңдаушылардың бiрлескен отырысына облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.

       Таңдаушылардың бiрлескен отырысы өтетiн үй-жайда облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.

       Тиiстi мәслихаттың хатшысы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың  және астананың) сайлау комиссиясына ұсынатын бiрлескен отырыстың хаттамасы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату бойынша таңдаушылардың бiрлескен отырыс өткiзуiн куәландыратын құжат болып табылады.

       Бiрлескен отырыс облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының төрағасы Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату бойынша дауыс беру нәтижелерiн жария еткеннен кейiн жабылады.

       9. Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi дауыстарды санау нәтижелерi дауыс беруге арналған пунктте өтетiн облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясының отырысында белгiленедi.

       Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша:

       1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қоятын;

       2) таңдаушылардың бiрлескен отырысында жария етiлетiн;

       3) Орталық сайлау комиссиясына дауыс беру күнiнен бастап екi күн мерзiмнен асырмай жiберiлетiн Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi дауыстарды санау хаттамасы жасалады.

       10. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгiн тоқтату жөнiндегi дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей белгiлейдi.

       Егер осы шешiмге дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу проценттен астамы дауыс берсе, Парламент Сенаты депутатының өкiлеттiгi тоқтатылды деп есептеледi.

       Дауыстарды санауға, дауыс беру қорытындыларын белгiлеуге және жариялауға байланысты өзге де мәселелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

       11. Сайлау комиссиясының шешiмiне немесе iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап он күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Көрсетiлген мерзiмдер аяқталған соң сайлау комиссиясының шешiмiне және (немесе) iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) берiлген өтiнiш қарауға жатпайды.

       Сайлау комиссиясының шешiмiне немесе iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану туралы өтiнiштердi қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 25-тарауына сәйкес жүргiзiледi.

Информация о работе Жергілікті басқару