Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 11:24, курсовая работа

Описание

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген.

Работа состоит из  1 файл

мизамова.doc

— 344.00 Кб (Скачать документ)

       7. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.

       8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдiк және (немесе) әкiм, әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдiк және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.

        Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана),

                аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы

                аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл

                (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты

      1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.

       2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң аппаратын тиiсiнше облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және ұйымдастырады.

       Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

       3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

       4. Әкiм аппараты туралы ереженi, оның құрылымын тиiстi әкiмдiк бекiтедi.

       5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi) Заңдарымен.

      39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын

                атқарушы органдар

      1. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиiстi мәслихат бекiткен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасы шеңберiнде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.

       2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиiстi әкiмдiк белгiлейдi. 

      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

3-1-тарау. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысуы

       Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптанқараңыз) Заңымен.

      39-1-бап. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға

                  қатысуының негiздерi

      Қазақстан Республикасының азаматын жергiлiктi қоғамдастық мүшесi деп тануға жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жерi бойынша оны тiркеу фактiсi негiз болып табылады.

       Қазақстан Республикасы азаматтарының жергiлiктi қоғамдастық мүшелiгiне кiруiнiң осы бапта көзделген негiздерден басқа, қандай да бiр өзге де шарттарының белгiленуiне жол берiлмейдi.

       Жергiлiктi қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жерi бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда немесе халықаралық шартта белгiленген шектерде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.

      39-2-бап. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары

                  мен мiндеттерi

      1. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң:

       1) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, саяси партияларға және қоғамдық бiрлестiктерге тиесiлiгiне қарамастан тiкелей, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыруға;

       2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртiппен сайланбалы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;

       3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға;

       4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

       Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi қоғамдастық мүшесiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берiлмейдi және сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

       2. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi:

       1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

       2) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;

       3) мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге мiндеттi.

      39-3-бап. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы (жиыны)

      1. Тiкелей өз еркiн бiлдiру жолымен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу үшiн жергiлiктi қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) өткiзiлуi мүмкiн.

       2. Жиналыстар (жиындар) өткiзу және шешiмдер қабылдау тәртiбiн облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) мәслихаттар айқындайды.

       3. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) қабылданған шешiмдер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жiберiлуi мүмкiн.

      39-4-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының

                  мiндеттерi

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

       1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

       2) жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

       3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;

       4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;

       5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;

       6) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;

       7) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;

       8) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      39-5-бап. Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi

                  басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы

      1. Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi.

       2. Мемлекет осы Заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне кепiлдiк бередi.

      39-6-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының

                  жауаптылығы

      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      40-бап. Жергiлiктi бюджет

      Ескерту. 40-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптанқараңыз) Заңымен.

      41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы

                және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi

      1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.

       2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.

        Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптанқараңыз) Заңымен.

Еуропалық тәжірибе

 

       Әлемдік қауымдастықта жергілікті өзін-өзі басқару ертеректен дамып келеді. Сондықтан батыс елдерінде Қазақстанның пайдалануына болатын бай тәжірибе жинақталған. Жергілікті өзін-өзі басқару төңірегіндегі ұйымдастыру және экономикалық шешімдерде үлкен әр түрлілік бар.

 

      Англосаксон және континенттік үлгілер

 

Еуропада жергілікті өзін-өзі басқарудың екі негізгі үлгісі қалыптасты деседі. Олар агнлосаксон және континенталды болып бүкіл әлем бойынша таралған.

Англосаксон үлгісі осындай құқықтық жүйесі бар: Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б. елдерде көбіне таралған. Оның белгілері:

 жергілікті өзін-өзі басқарудағы автономияның жоғары дәрежесі, ең алдымен тұрғындар тарапынан бақылау;

 жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болмауы;

 жергілікті мемлекеттік әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) болмауы.

Мұндағы негізгі қағида «ұсынылған өкілеттілік төңірегінде дербес жұмыс жасау» (Ұлыбританияда өкілеттіктер мемлекеттің парламенті, яғни орталықтан, ал АҚШ-та штаттары, яғни өңірлік деңгейде ұсынылады). Сайланған жергілікті өзін-өзі басқару органдары заң аясында, дәстүрден шықпай, қалыптасқан тәжірибе, ықтимал соттық шешім негізінде дербес және өз жауапкершілігіне ала отырып, мемлекет құзыретіне жатпайтын мәселелерді шешеді.

Мемлекеттік реттеу жанама формада, мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз аумағында өзгерістер ендіре алатын модельді заңдарды қабылдау арқылы іске аса алады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік бақылау сот бақылау формасында атқарылады. Ықпал ету құралы – мемлекеттік демеу қаржылар.

Континенттік үлгі Еуропаның континенттік елдерінде (Франция, Италия, Испания, Белгия) және Латын Америкасы, Таяу Шығыс, франкотілді Африка елдерінде кең таралған.

  Оның белгілері:

       жергілікті өзін-өзі басқару мен жергілікті әкімдіктердің (жергілікті деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының) үйлесімі;

       басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару жоғары тұрған мемлекеттік жүйеге қарағанда ең төменгі сатыдан табылар белгілі бір сатылық;

       жергілікті өзін-өзі басқарудағы шектелген автономия; жергілікті жерлерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын бақылайтын арнайы мемлекеттік өкілдіктің болуы.

Осы ретте, жергілікті өзін-өзі басқару коммуналар деңгейінде қарастырылған, ал ауқымды кантондар мен округтер мемлекеттік биліктің жергілікті деңгейі ретінде қабылданатын, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару элементтері өңірлер деңгейінде мемлекеттік билікті толығымен ауыстыра алу үшін департамент деңгейінде қайта пайдаланылатын Франция елін айқын мысал етуге болады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудағы негізгі буын коммуналар. Әрбір коммунаның өз өкілетті органы – кеңес пен кеңес депутаттары арасынан сайланатын мэрі бар. Мэр және тұрақты негізде жұмыс жасайтын муниципалдық кеңестің депутаттары муниципалитетті құрайды. Сонымен қатар, мэр мемлекеттік қызметші болып табылады.

Мэрдің қызметі муниципалдық кеңес және республикалық комиссардың әкімшілік бақылауы арқылы жүзеге асырылады. Республикалық комиссар сондай-ақ, коммуна қабылдайтын шешімдердің заңдылығын бақылайды және қажет жағдайда оның күшін жою туралы сотқа шағымданады (яғни, муниципалды кеңеске әкімшілік бақылау принціпі жүрмейді).

Барлық муниципалды жүйелерге демократиялық шарттарда даму, жергілікті өзін-өзі басқарудың түрлі формаларын сақтау және дамыту сияқты мазмұнды белгілер тән. Бұл әр түрлі аумақ тұрғындарының бірыңғай өмір сүру деңгейіне ерекше назар аударатын елдер үшін әділетті болмақ. Мысалы, Германияда коммуналдық құқық –жерлердің ерекше құзыреттілігі ретінде саналып, жер Коммуналдық Конституциялары арасында көптеген айырмашылықтары бар.

Мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың төрті үлгісі бар:

       «мықты мэр» – жергілікті мәселелермен де, мемлекеттік өкілеттіктердің орындалуымен де айналысады (француздық үлгі);

Информация о работе Жергілікті басқару