Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 11:24, курсовая работа
Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген.
28-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен
босату тәртiбi
1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) мәслихатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
29-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
әкiмiнiң құзыретi
1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мүддесiн бiлдiредi;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесi заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиiстi мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметтi азаматы" атағын беруге ұсыныс енгiзедi;
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң орынбасарларын;
облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте нысанды киiм кию құқығы және әскери немесе өзге де арнайы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмдiктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
10) Алынып тасталды.
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады;
13) төмен тұрған әкiмдердiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiк құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
әкiмдiктер. Құрылуы және құрамы
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқарады.
3. Әкiм аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, тиiстi атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдiктiң регламентiнде белгiленедi. Үлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
5. Әкiмдiктiң дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
6. Аудан әкiмдiгiнiң жұмысына орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
әкiмдiктiң құзыретi
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекiтедi;
1-5) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;
2) заң актiлерiне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiмет актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
12) мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн салуын және оны бөлуiн ұйымдастырады;
12-1) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргiзедi;
12-3) мемлекет қажеттiлiктерi үшiн жер учаскелерiн алып қоюды, оның iшiнде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық берiктiгiн орнықтыруға бағытталған iс-шараларды өткiзедi;
12-5) авариялық және ескi үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) тұрғын үй көмегiн көрсетедi;
12-7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етедi;
13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiктi азайту бағдарламаларын iске асырады;
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады;
17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
19) азаматтардың тегiн бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алу құқығының iске асырылуын жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекемелердi және мемлекеттiк кәсiпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгiлеген штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормативтер шегiнде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн белгiлейдi;
21) салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу жөнiндегi салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдерiн келiседi;