Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 11:24, курсовая работа

Описание

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген.

Работа состоит из  1 файл

мизамова.doc

— 344.00 Кб (Скачать документ)

       22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асырады.

       2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасының заңдарында өзiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.

       4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкiмдiктерге жүктелген өкiлеттiктердi қалалық әкiмдiктер жүзеге асырады. 

      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.11 N 218, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн

                қызметке тағайындау қызметiнен босату және

                өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.

       2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

      33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала)

                әкiмiнiң құзыретi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

       1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;

       2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;

       3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;

       3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметтi азаматы" атағын беруге ұсыныс енгiзедi;

       4) мынадай лауазымды адамдарды:

       жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;

       әкiм аппаратының басшысы мен қызметкерлерiн, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

       5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

       6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

       7) Алынып тасталды.

       8) мектепке дейiнгi ұйымдарға, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетедi және жәрдемдеседi;

       9) Алынып тасталды.

        10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

       11) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;

       12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

       13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

       14) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, оның iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшiн құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнiнде төмен тұрған әкiмдердiң жұмысын үйлестiредi;

       15) төмен тұрған әкiмдердiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады.

       2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

       3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.

       4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.

      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)

                аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк,

                ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк

                әкiмдiктер

      Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмдiктер құрылмайды.

      35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,

                кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ

                әкiмiнiң құзыретi

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

       1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

       2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

       3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

       4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

       4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;

       5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

       6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

       7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

       8) шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

       9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

       10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

       11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

       12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

       13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

       14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

       14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

       15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

       16) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

       17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

       18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

       19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

       20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

       21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.

       1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.

       1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жүзеге асырады.

       2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

       3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      36-бап.  Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,

                 ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн

                 қызметке тағайындау,қызметiнен босату және

                 өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.

       2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады. 

      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      37-бап. Әкiмдiктiң, әкiмнiң актiлерi

      1. Әкiмдiк Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.

       2. Әкiмдiк қаулысына әкiм қол қояды.

       3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.

       4. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.

       5. Әкiмдiк және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.

       6. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.

Информация о работе Жергілікті басқару