Жергілікті басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 11:24, курсовая работа

Описание

Жергілікті өзін-өзі басқару — мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі. Қазақстан Республикасы Конституциясының (1995) “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару” туралы 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген.

Работа состоит из  1 файл

мизамова.doc

— 344.00 Кб (Скачать документ)

        Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      25-бап. Мәслихат аппараты

      1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.

       2. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

       3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

       4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМДIКТЕР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI

ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

      26-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,

                астананың) әкiмдiктерi. Құрылуы және құрамы

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.

       2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.

       3. Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiктi әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.

       4. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдiктiң регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

       5. Әкiмдiктiң дербес құрамы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.

       6. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгiнiң жұмысына орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.

       7. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдiк - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

      27-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала,

                астана) әкiмдiгiнiң құзыретi

      1. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

       1) облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзiрлейдi және әлеуметтiк-экономикалық даму мен бюджеттiк параметрлердiң болжамын мақұлдайды және мәслихаттың бекiтуiне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етедi; P090603

       1-1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

       1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа табыс етедi;

       1-3) тиiстi мәслихатқа облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;

       1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;

       1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекiтедi;

       1-6) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;

       1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;

       1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекiтедi;

       2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

       3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

       4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;

       5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

       6) Қазақстан Республикасының өндiргiш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;

       6-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарының сақталуға мемлекеттiк бақылауды, құрылыс жобаларының бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес iске асырылуын, қала құрылысы тәртiбiнiң, құрылысы салудың аумақтық ережелерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектiлерге мониторингтi және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконструкцияланған, кеңейтiлген, жаңартылып, күрделi жөндеуден өткiзiлiп жатқан) объектiлердiң және кешендердiң жүргiзiлу барысы мен сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

       7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;

       8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

       8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

       9) өз құзыретi шегiнде II, III және IV санат объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бередi, табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзедi, табиғат пайдалануды реттейдi;

       10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;

       11) мемлекеттiк стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;

       11-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметiн ұйымдастырады;

       12) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

       13) ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлiгi қатынасын ұйымдастырады;

       14) белгiленген мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне құқықтарының iске асырылуын қамтамасыз етедi;

       14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы iс-шараларды қамтамасыз етедi;

       14-2) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;

       15) азаматтардың тегiн бiлiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;

       16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiктi азайту бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

       17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына  әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

       18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерiн өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседi;

       18-1) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және оларды күтiп-ұстау тәртiбiн, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

       19) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, оның iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң, қаладағы аудандар әкiмдерiнiң жұмысын үйлестiредi;

       19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтерi шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткiзедi;

       20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;

       21) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;

       21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

       21-2) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;

       21-3) елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелердi, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;

       21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiне тiркеу тәртiбi және мекенжайдың құрылымы туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;

       22) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимитi және нормативтерi шегiнде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

       22-1) алып тасталды

       22-2) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының кодексiне сәйкес бiржолғы талондар беру жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы белгiлеген тәртiппен оларды өткiзуден түсетiн сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етедi;

       22-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында  белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асырады, мемлекеттiк аттестаттауды өткiзедi;

       22-4) салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органының облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу жөнiндегi салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдерiн келiседi;

       22-5) алып тасталды

       22-6) алып тасталды

       22-7) сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат бередi, өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

       23) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру ережелерiнiң жобасын әзiрлейдi және оны мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

       24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша және мерзiмдерде, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органға бередi;

       25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн түзедi.

       2. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

       3. Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдiгi облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.04.25 N 179, 2001.12.24 N 276, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 178, 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.11 N 218, 2007.06.19 N 264, 2007.07.21 N 307, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

Информация о работе Жергілікті басқару