Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:55, курсовая работа
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Мемлекеттік билікті дамытудың варианттарын зерттеу арқылы жергілікті өзін- өзі басқарудың ролін қарастыру;
2. Жергілікті өзін- өзі басқару қиындықтары мен мәселелерін терең талдау мен сипаттамаларын беріп кету;
3 Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зерттеу арқылы Қазақстан Республикасында жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту жолдарын әзірлеу.
Кіріспе......................................................................................................................2
I. Жергілікті басқарудың теориялық негізі және жалпы жағдайы..............................................................................................................3
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы..........................................3
1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері.............................................................................................................8
1.3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибесі...................................13
2. ҚР ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ.................................................................................................................18
2.1 ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері...............................18
2.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................25
III. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................29
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары......................................29
3.2. Елдегі Конституциялық реформалар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің заңнамалық негізі..................................................................................35
Қорытынды…………...……………………………………………………….....37
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….......39
Сонымен Польшада үш деңгейлік жергілікті билік органдары:
1) муниципалитет
2) округ
3) воевод бар
Барлық деңгейдегі жергілікті билік органдары коммуналдық қызметтегі экономикалық қызметпен айналыса алады. Округ коммуналдық қызмет шеңберінен шығатын қызметтерден айналыса алмайды, ал муниципалиттеттер «Коммуналдық шаруашылық туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша; коммерциялық құқықтағы компаниялар арқылы қызмет етеді.
Муниципалитеттердің табысы келесілерден тұрады:
Бұлардан басқа өткен жылдардағы бюджет артықшылығы, арнайы субсидиялар, несие және облигацияларды шығару, мұра да табысы болып табылады.
Кесте 3
Табыс | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Мемлекеттік субсидиялар (жалпы және арнайы) | 36,5 | 35,8 | 39,2 | 38,3 |
Біріккен табыс | 23,1 | 23,1 | 24,5 | 24,2 |
Тәуелсіз табыс | 40,3 | 40,1 | 34,8 | 35,2 |
Басқалары | 0,1 | 1,0 | 1,5 | 2,3 |
Барлығы | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Польшадағы муниципалдық табыстардың құрылымы |
Муниципалитеттердің табыс құрылымы
Жылжымайтын мүлікке салық ең маңызды табыс көзі болып табылады.
Шығын
жағын қарастырсақ ең көп шығын
білім, коммуналдық қызмет, әлеуметтік
салаларға кетеді.
Кесте 4
Салалар | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Білім беру | 25,5 | 26,3 | 37,5 | 37,6 |
Денсаулық сақтау | 8,7 | 7,6 | 6,1 | 7,2 |
әлеуметтік қамтамасыз ету | 9,9 | 11,5 | 9,2 | 11,0 |
Спорт, мәдениет | 4,6 | 4,7 | 3,9 | 5,0 |
әкімшілік қызмет | 10,3 | 11,3 | 9,7 | 11,6 |
Тұрғын үй, муниципалдық экономика | 26,7 | 25,6 | 22,3 | 27,3 |
Басқалары | 14,3 | 13,0 | 11,3 | 0,3 |
Барлығы | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
Польшадағы
муниципалдық шығындар 2007-2010 (%)
II. ҚР ЖЕРГІЛІКТІ
ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 ҚР
жергілікті өзін-өзі
Жергілікті шаруашылық қазір пайда болып,қазір ғана зерттеу объектісі болып отырған жоқ екендігі белгілі. Тарихқа үңілсек, Қазақстандағы үрдістердің әскери еркіндік, дала демократиясы үлгісінде дамығанына көзіміз жете түседі.Бұлардың идеологиялық-руханилық, мәдени-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық негіздері баршылық.Қазақта шығыстық деспоттық тәртіп болған емес.Қазақ хандығы пайда болған тұстағы тарихи коллизияларға ой жүгіртсек мұны анық ұғынамыз.Ортағасырлық Өзбек-Қазақ мемлекеті демократиялық механизмі берік,орталықтанған ұлыс болды,өлкелер билігі жергілікті сұлтандар мен билерде,ең төменгі басқару ауыл ақсақалдарының қолына шоғырланды. Қазірде елімізде «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы»Заң жобасы бар.Ондағы жергілікті өзін-өзі басқару органы ол- жергілікті қауымдастықтың кеңесі. Жергілікті қауымдастық халқының саны 1000 адамнан аспауы керек, ал егер оған жетпеген жағдайда азаматтардың жиыны кеңес функцияларын атқарады (халықтың санының жергілікті шаруашылық үшін маңызды фактор екендігін алдыңғы сұрақта айтып кеткенбіз). Ол жиынды ауыл өкілдері басқарады. Дәл осы процесті бұрын ауыл ақсақалдары басқарған. Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасының 2-ші бабының 3-ші тармағында «жергілікті қауымдастық заңды тұлға болып табылады және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді» деп берілген. Олай болса, жергілікті шаруашылық біртұтас мемлекеттік басқару жүйесінде болады. Бұрын атқару билік тармағы: жоғары билікті Бас хан иемденді,жергіліктіжерлерде мыңбасыларқызметінөлкелікдан төменгі деңгейде сұлтандар, батырлар мен ақсақалдар билік етті. Атқарушы билік жоғарыдан төменге қарай болды. Бас хан бүкіл елді биледі, жеке жүздерді, тайпаларды өлке хандары биледі. Шағын рулар мен бір ата балаларын жеке ауылдарды ақсақалдар басқарды. Сот билігінің буындары билерден құралды. Олардың иерархиясы ру, тайпа, жүздердің билері, төбе биді сайлады. Билер қос сатылы Кеңес құрды. Хан кеңесі аталған өкілеттік орган прерогативалары қазіргі Парламентке ұқсас болды.
Жергілікті биліктің қайта қалыптасуы бұрынғы Кеңес дәуірінің соңғы 1990-1991 жж. « КСРО жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы басталуы туралы» Заңының қабылдануы елімізде жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз болды. 1990 жылдың 15 желтоқсанында « ҚазКСР-дағы меншік туралы» Заңы қабылданып, осы заңына сәйкес меншік үш түрге бөлінді:
Кейін
1991 жылғы 15 ақпанда «Жергілікті өзін-өзі
басқару және Қазақ Советтік Социалистік
Республикасының жергілікті кеңестерінің
халық депутаттары туралы» Заңы
қабылданғанымен, ол заң бұрынғы
кеңестік дәуірдің үрдісін жалғастырды.
Бұл заңда мемлекеттік басқару мен
жергілікті өзін-өзі басқару арасында
ажыратулар берілмеген. Жергілікті мемлекеттік
органдар мемлекеттік биліктің бірлігі
қағидасының негізінде құрылды. Мемлекеттік
биліктің жергілікті органдары – халық
депутаттарының Кеңестеріне жергілікті
халық өкілдері сайланды ( ауыл, селоға
деңгейіне дейін). Осы өкілетті органдар
жергілікті атқарушы органдарды қалыптастырды.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары
кеңестерді мойындады.
Сурет
2 - Мемлекет құрылымы
Сурет 3 - Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орталықтандырылған жүйесінің схемасы.
«Өзін-өзі басқару» түсінігінің әлеуметтік ғылым терминдерінің көпшілігі сияқты толық әрі бірдей ғылыми анықтамасы жоқ және әртүрлі авторлармен әртүрлі түсіндіріледі. Бұл түсінікке толық анықтама 17 ғасырда Англияда ( self-govermment) беріліп және ол өткен ғасырда Германия және Ресей мемлекеттанушыларымен еңгізілген болатын. Ал Францияда оған сәйкес термин жоқ. Сол себепті ол «орталықсыздандыру» немесе «муниципалды билік» (pouvoir municipal) түсініктерімен ауыстырылған. Жергілікті өзін-өзі басқару теориясы демократиялы мемлекет жағдайында жеке адам мен мемлекет, жергілікті және орталық билик органдарының өзара қарым-қатынасы туралы талқылау барысында 19 ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Жергілікті өзін-өзі басқару теориясының дамуына үлкен үлес қосқан шетелдік оқымыстылардың ішінен Токвиль, Гнейст, Штейн, Лабанд есімдері ерекше аталып өтілсе, Ресей оқымыстылары Васильчиков А. И., Безобразов В.П., Коркунов К.М., Чечерин Б.,Свешников М.И.,Градовский А.Д., Михайлов Г.С., Лазаревский Н.И., және тағы басқалар. Ғалымдар жергілікті өзін-өзі басқару туралы теориялардың санын анықтауға әртүрлі тәсілдер пайдаланады. Лазаревский Н.И., өзін-өзі басқаруды еркін қауым теориясы, өзін-өзі басқарудың шаруашылық және қоғамдық теориясы, заңды тұлға ретінде өзін-өзі басқаратын бірлік және саяси теория деп төртке бөлсе; Михайлов Г.С., шаруашылық және қоғамдық, мемлекеттік және саяси теориялар деп үшке бөледі.
Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың өзара қарым-қатынастары ерекше көңіл аудартады. Бұл мынадай факторлармен белгілі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясы (1985ж.) жергілікті өзін-өзі басқару қағидасын заңда мемлекеттік билікті бөлшектеу мен орталықсыздандыру шарты ретінде бекітуді міндеттейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (89 бап) жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті денгейдегі мәселелерді халытың өз бетімен шешуін қамтамасыз етеді деп таниды. Сондай-ақ, Конституцияда халық мелекеттік биліктің нағыз көзі деген идея бекітілген. Қазақстан Үкіметі және орталық атқарушы органдары өздерінің мүмкіндіктерінің барлық денгейлерді басқаруға шектеулі екендіктерін біледі және аймақтық саясаттың Концепциясына (ҚР-ң Министірлер Кабинетімен бекітілген, 1996ж.) сәйкес жергілікті органдарға биліктің бір бөлігін беруге әзір.