Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:55, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Мемлекеттік билікті дамытудың варианттарын зерттеу арқылы жергілікті өзін- өзі басқарудың ролін қарастыру;
2. Жергілікті өзін- өзі басқару қиындықтары мен мәселелерін терең талдау мен сипаттамаларын беріп кету;
3 Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зерттеу арқылы Қазақстан Республикасында жергілікті өзін- өзі басқаруды дамыту жолдарын әзірлеу.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
I. Жергілікті басқарудың теориялық негізі және жалпы жағдайы..............................................................................................................3
1.1. Жергілікті басқарудың мәні мен маңыздылығы..........................................3
1.2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері.............................................................................................................8
1.3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибесі...................................13
2. ҚР ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ.................................................................................................................18
2.1 ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері...............................18
2.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................25
III. ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................................29
3.1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары......................................29
3.2. Елдегі Конституциялық реформалар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізудің заңнамалық негізі..................................................................................35
Қорытынды…………...……………………………………………………….....37
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….......39

Работа состоит из  1 файл

меру.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

       Қандай  жағдай болмасын, жергілікті бюджеттерге  жергілікті қоғамдастық қызмет етуіне жатқызылатын салаларда халықтың өмірге маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін табыс көздері бекітілуі керек.

     Жергілікті  бюджет табыстарының «төменгі планкасы»  минималды бюджеттік қамтамасыз етілу нормативтері, сонымен  қатар  ммелекеттік билік органдарымен бекітілетін нормалар негізінде  бекітіледі.

     Бюджеттік заң жобасын жасау бойынша жұмыстың үлкен көлемімен байланысты белгілі бір қиыншылықтар туындайтынын атап өткен дұрыс. Кез келген аул немесе олардың бірігуі муниципалды құрылым, яғни бюджеттік процестің субьектісі болуы мүмкін. Мемлекеттік биліктің аймақтық органдарына көптеген жергілікті бюджеттер жұмыс жасайды. Бұл бюджеттік процеске тікелей қатысатын органдар тарапынан жайсыздық туғызуы мүмкін. Бірақ жергілікті қоғамдастықтарға бюджеттік дербестік беру обьективті түрде қажет және пайдалы, сондықтан қазіргі заман жағдайында жұмістің тиімді жүзеге асыруға болатын нысандарын табуға тырысу керек.

     Бұл тапсырманың шешу жолы – шектеу шарттарын анықтау болып табылады. Жалғыз шарттың өзі нақты тапсырманың  шешілуіне мүмкіндік етеді. Заңмен жергілікті бюджетердің табыс көздерін бекітудің ұзақ мерзімділігі бекітілген. «Жақсы - жаман» критериясы бойынша басқа шартты бағалауға болмайды. Шектеу тек заңмен жүргізіледі. Бұған тәуелсіз, бірақ сәйкес заңдардың жобаларын жасау қажет. Меншікті шектеу кезінде меншік белгілі бір мәселелерді шешу үшін көзі де, инфрақұрылым да болып табылатынын ұмытпаған дұрыс. Осыған байланысты, иеншікті бөлу кезінде жергілікті өзін өзі басқару органдарына міндетті тәртіпте жергілікті қоғамдастықтың инфрақұрылымымен байланысты мүліктік обьектілер мен жер учаскелері бекітілуі керек. Мұнда технологиялық циклділігінің аяқталғандығын қамтамассыз етуде маңызды. Жалпы алғанда, мемлекеттік меншік обьектісін муниципалды меншікке беру кезінде 2 тапсырманы шешу керек: жергілікті мәндегі мәселелрді шешу үшін материалдық негіздің болуын қамтамасыз ету және мүмкіндігінше жергілікті өзін өзі басқару органдарына табыс көзі болып табылатын обьектілерді беру.

     Меншікті  бөлу процесіндегі билік деңгейлерінің  өзара байланысы заңды процесс  сияқты құрылуы мүмкін. Жергілікті өзін өзі басқару органдары заң инициативасының субьектісі бола алады және ммелекеттік билік обьектілерін муниципалды меншікке беру туралы заң жобаларын жасайды, мемлекеттік билік органдары осы заңдарды қарастырады және қабылдайды. Реестірлерді алдын ала үйлестіру әкімшілік аудандао деңгейінде жүргізілуі мүмкін. Соңғы шешімді мемлекеттік биліктің заң органдары қабылдайды.

     Меншікті  бөлу процесінде брлық жергілікті қоғамдастықтарға қатысты ортақ шешім қабылдау мүмкін емес. Әрбір нақты жағдайда обьектілердің нақты реестірі қарастырылуы керек. Бірақ меншікті бөлу – бір-ақ рет жүргізілетін акция. Болашақта бірлік обьектілерді беру туралы әрекеттер мүмкін, бірақ  жергілікті өзін өзі басқарудың материалдық негізі қысқа уақыт ішінде қалыптасуы тиіс.

     Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдары қарым – қатынас жасайтын тағы бір қызмет саласын талдау қажет. Әңгіме территорияның кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы. Мұнда биліктің әртүрлі деңгейлерінің мүдделері қарастырылады. Нәтижесінде әрбір билік деңгейінің мүдделеріне сай келуі керек, себебі биліктің кез келген деңгейі халық мүддесіне байланысты болуы тиіс. Бірақ халық мүддесін әрбір деңгей әртүрлі түсінеді.

     Мұнда тұрақты қарым – қатынасты  талап етеді және ол әлеуметтік – экономикалық дамудың жоспары мен бағдарламаларын келісімді жасауынан тұрады. Яғни, жергілікті өзін өзі басқару органдары муниципалды жоспар мен бағдарламаларды әзірлеу кезінде сәйкес мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды ескеруі тиіс. Мұнда жергілікті өзін өзі басқару органдарының муниципалды бағдарламалары дербес бола тұра, мемлекеттік бағдарламалардың құраушы бөлігі болса, тиімді болады. Барлық мәселе әртүрлі деңгейдегі биліктің әрекет етуінің сәйкессіздігі болып табылады. осы мәселені шешсек, үйлесілген мақсаттарға жету үшін ресурстарды максималды жинақтауға, бұл ресурстарды рационалды пайдалануға болар еді.

     Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін өзі  басқару органдарының қарым-  қатынас  жасауының ұйымдастырушылық  нысандарына  тоқталған  дұрыс. Нысандарынының кейбіреулері кейбір мәселелерді  қарастырған кезде  аталып өтті.Ұйымдастырушылық нысан деп  қарым - қатынас жасау процесін  жүзеге асыратын  белгілі бір  құрылымдардың  бар болуын айтамыз.

     Нысандарды  жүйелеу үшін келесі мәселелерді  шешу керек: біріншіден, жүйелі туындамайтын, яғни жеке және бірден шешілетін  мәселерді бөліп алайық. Бұл мәселерді шешу үшін ортақ уақытша  жұмысшылар  тобын немесе комиссия құру керек. Екіншіден, үнемі өзара  байланысты талап  ететін  мәселерді  шешу үшін  жұмысшылар тобы  мен комиссиялар  тұрақты негізде құрылуы мүмкін. Үшіншіден, берілген аймақтардың  барлық  жергілікті қоғамдастықа  қатысты  көптеген мәселелер бойынша  жергілікті қоғамдастық ассоцияциялары арқылы ортақ жұмыс  жүргізуге болады.

     Аталған жағдайлар респбликасының мемлекеттік билігінің  жергілікті өзін-өзі басқару органдары  мен орталық  органдары  арасында  шешілетін мәселелер тобына жатады. Территориялық органдарды  белгілі  бір қайта ұйымдастыру  жағдайында  мемлекеттік билікті жасау, нақтырақ айтсақ, сақтау міндетті түрде керек.

     Аудан деңгейінде мемлекеттік біругу жүйесін  сақтау мақсатты. Тек аудан әкімшіліктері  орындайтын  қызметтерді жақсылап зерттеп, олардың  көпшілігі  мемлекттік  органдардың қызметі екеніне  көз жеткізу қажет.

     Мемлекет  пен жергілікті өзін- өзі басқарудың  өзара  байланысын қамтамасыз ететін барлық органдардың  соңғы  жүйесі  вертикаль бойынша да, горизонталь бойынша да  құрастырылады, өзінде ортақ  құрылатын  жұмыс органдарын қамтуы мүмкін. Бұл  жүйені қалыптастыру және оның  күрделілігі  қарым-қатынастар  мен  өзара байланыс  күрделілігімен негізделеді. Осы уақытқа дейін зерттеудің негізгі пәні жергілікті өзін-өзі  басқару органдары мен  мемлекеттік  биліктің  жергілікті органдары  арасындағы  қарым- қатынас болды. Бірақ жергілікті өзін-өзі басқару органдардың мемлекеттік биліктің  орталық органымен байлансу  мәселелеріне тоқталған дұрыс. Мәселенің бұл бөлігі  көлемі бойынша аз, сондықтан мемлекеттік биліктің  орталық органдарының  жергілікті өзін-өзі басқару саласына араласуы мәні бойынша үлкен, бірақ шешетін сұрақтары бойынша аз. Республиканың деңгейде жергілікті өзін-өзі басқаруына қатысты екі тапсырмалар шешілді :жергілікті өзін-өзі басқару кепілдікпен қамтамасыз ету және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы ортақ мемлекеттік саясатын жасау. Берілген тапсырмалар бірнеше тәсілдермен шешілді. Біріншіден, республикалық деңгейде  заң жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдастырудың  жалпы қағидаларын бекіту. Екіншіден, мемлекеттік биліктің  орталық органдары жергілікті өзін-өзі басқарулары  мемлекеттік  қолдау бағдарламарын  қабылдайды.

     Барлық  аталған шаралар  жергілікті өзін-өзі  басқару  органдардың  қатысуымен жүргізіледі. Жергілікті  өзін-өзі  басқару  мәселелері бойынша  заң  шығару жұмыстары  аяқталғаннан кейін орталық және  муниципалды  органдарының  қарым-қатынасы  мәнді түрде  азаяды,ол тек заңдылықты дамыту және  жетілдіру процесінде  ғана  туындайды. Бұл мемлекеттік биліктің  орталық  органының  жергілікті өзін-өзі басқару  органынан  толық алыстауын білдірмейді.

     Жергілікті  өзін-өзі басқаруды әдістемелік, ақпараттық  және кадрлық қамтамасыз ету бойынша  жұмыс жүргізу  қажет. Бұл  үшін  ақпараттық  жүйе, білім беру жүйесін құрып, мемлекеттік  биліктің атқарушы органында құрылымдық  бөлімшілер  қалыптастыру керек.

3.2. Елдегі  Конституциялық реформалар –  жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін  енгізудің заңнамалық негізі 

     Қазақстанды демократиялық жаңа кезеңі – еркін  демократиялық қоғамды жедел  дамыту атты Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі елдегі Конституциялық реформаларға жол ашты деуге болады. Қазақстан қазір демократиялық алғашқы қадамдарды жасауда. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар – саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігіне терең өзгерістер жасаудың заңды нәтижесі болып табылады. Еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын дамытуды мақсат ете отырып, тәуелсіз еліміздің саяси тарихының жаңа да жарқын болашағын анықтаймыз.

     Көптеген  жылдар бойы Елбасы «алдымен экономика, ал содан кейін саясат» деген  аталатын қағидат өзін өзі ақтап  шықты деп батыл айтуға болады. Оның дәлелі қазірде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейі үш мың  доллардан төмен емес.

     Конституцияда енгізілген нақты өзгертулерге тоқталар болсам, олар мынадай болып келеді.

     Президент республика Парламентіне және оның палаталарына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды. Парламенттің бірінші  сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды. Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады. Парламент сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды. Парламент мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілісітің қарауына Республика Премьер – Министрінің кандидатурасын енгізеді.

     Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың  Премьер–Министрін қызметке тағайындайды және одан босатады. Премьер–Министр  ұсынысымен Республика Үкіметінің құрылымын анықтайды.

     Жергілікті  мемлекеттік басқаруда маслихаттардың өкілетікттері 5 жылға дейін болады. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ, мәслихат өзін өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

     Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және астананың  мәслихаттарының келісімімен Республика президенті тағайындайды. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға құқылы.

     Мәслихат  депутаттарының жалпы санының кемінде  бестен бірінің бастамасы бойынша  әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы.

     Жергілікті  өзін-өзі басқаруды тұрғын халық  жүзеге асырады, сондай-ақ, ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

     Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарына  мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.

     Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру  мен олардың қызметі заңмен реттеледі.

     Елбасының ұсынысы қоғамдағы барлық топтардың  қатысуымен бірнеше жылға созылған пікірталастардың жемісі болып табылады. Осы өзгерістерден кейін Парламент үйінде «Қазақстанды демократиялық жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Онда Елбасының алға қойған мақсаттарының барша қазақстандықтар үшін маңыздылығы атап көтсетілді. Конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен идяларына нақты тоқталып, оның ерекшеліктеріне көп көңіл бөлді. Біріншіден, Президенттің бірқатар билік өкілеттігі Парламентке өтетіндігі, яғни өкілеттіктер қайта бөлінетіндігі, осылайша Парламенттің рөлі күшейіп, мемлекеттік басқаруда жаңа үлгі – президенттік – парламенттік басқару жүйесі бекітілетіндігі жөнінде айтылды.     Енді қазақстандықтан президенттік–парламенттік  басқару жүйесімен жүретін болады. Елбасының депутаттық корпуспен билік өкілеттігін бөлісу қысыммен емес, Президенттің өзі қабылдаған шешімі бойынша жүзеге асып отыр.

     Еліміздің президентік–парламенттік басқару  жүйесіне өте бастады. Бұл  өз кезегінде  Парламент құзырын өсіріп қана қоймай, сонымен қатар партиялық тізіммен сайлаудың жаңа үрдісін қалыптастырады. Соның барысында партиялар іріленіп, күшее түседі. Әрине, депутаттың да сапалық деңгейі артады. Мәжілісте бұдан былай 107 депутаттың орын болса, соның 98-і партиялық тізіммен сайланып, қалған 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесіне тиеді.

     Мәслихаттар рөлінің артуы, елбасы облыс әкімдерін  мәслихаттың келісімен тағайындауы  – біздің саяси жүйедегі ерекше жаңалық. Осы жерде жергілікті өзін-өзі  басқару міндетінің мәслихаттарға  тапсырылуы, адам құқығын қорғау, сөз  бостандығын қалыптастыру, сот жүйесін реформалау, саяси партиялардың қаржыландырылуының шешілуі уақыт елегінен өтіп барып шешілді. 

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары