Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Тақырыбы: Азия елдері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Азия бөлігіне жалпы сипаттама
Дамытушылық: Азия аумағын бөліп қарастыру
Тәрбиелік: Саяси тұрғыдан бөлінуі
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Азия (ассириялықтар тілінде, мағынасы – асу, шығыс) – Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып, Еуразия құрлығын құрайды.
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
Түбектері:
Құрлықтың шеткі нүктелері:
Жер бедері. Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған.
Ең биік таулар мен тау қыраттары:
Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр
және одан да биік болып келеді. Солтүстік
шығыс белдеуі Тянь-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін созылады. Бұған
кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда
көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс
белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай
орташа, аласа таулар мен тау [үстірт|үстірттері тарайды.
"'Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті."' Құрлықтың
шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау
солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк
таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан.
Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар.
Ең ірі жазықтары:
Кен байлықтары
[[Тас Көмір|Тас көмірдің]] ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған.
Негізгі мұнай-газ аудандары:
Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.
Климаты
1961-1990 жылдар аралығындағы кеңістіктің айлық орташа температурасы. Жыл-ай бойынша өзгерісті көрсетеді.
Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық.
Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50ӘС, кейде ең төмен температура –70ӘС-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25ӘС-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10ӘС, ал 55Ә – 60Ә солтүстік ендіктерде 20ӘС, тропиктік, экваторлық белдеулерде 25 – 28ӘС-қа дейін жетеді.
Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.
Ішкі сулары
Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км²). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан.
Солтүстік мұзды мұхитқа
Объ, Енисей, Лена, Яна, Индигирка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхе (Сары өзен), Янцзы (Көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахмапутра, Ганг, Инд, Шатт-әл-Араб өзендері құяды.
Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері:
Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс
және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты
бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық
алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда
қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері
жол қатынасына және жер суаруға ежелгі
заманнан бері пайдаланылып келеді. '
Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен
Арал теңіздері.
Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан.
Биік таулы
аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ
көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст
көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст
көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі
көлдер әдетте тұзды болып келеді.
Азияның ең ірі өзендері:
Саяси бөлінуі
Азия саяси құрылымы бойынша:
IV кезең: Сабақты бекіту. Географиялық орналаусы: Климаты, жер бедері, ішкі сулары, т.б.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Шығыс Азия елдері. Жапония. Қытай
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Шығыс Азия елдерінің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Жапония(“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.
Мемелекеттің қалыптасу тарихы
Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-баатысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI—IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.
Жапония қалалары
Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.
Жапонияның ең үлкен қалалары:
Табиғаты. Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу, Этиго, Хида, Кисо, Аканси (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.
Географиясы. Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.