Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
IV кезең: Сабақты бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Австралияға экономико-географиялық сипаттама. Мұхиттық аралдар, жалпы сипаттама.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: елдердің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Аймақтарға жеке-жеке тоқталу
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Австралия— оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05' шығыс бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — құрлықтың үлкен шығанағы.
Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Құрлықны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.
Жер бедері. Австралияның топографиялық картасы
Құрлық жерінің басым көпшілігі жазық және оның 95%-тен астамының биіктігі 600 м-ден аспайды. Орографиялық ерекшеліктеріне қарай жер бедерін 3-ке бөлуге болады.
Климаты. Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.
Геологиялық құрылысы және кен байлықтары. Құрлықтың іргетасын, негізінен, құрлық платформасы мен Шығыс құрлық геосинклинальді белдеуі құрайды. Платформа құрлықтың батысын, Сент-Винсент шығанағына дейінгі орталығын және оның Арафур т. астындағы бөлігін, Жаңа Гвинея аралының оңтүстігін қамтиды. Геосинклиналь белдеуі Кейп-Йорк түбегінен басталып, Тасмания аралымен бітеді. Құрлық платформасының түпкі негізі (архей-төм. протерозой) күшті метаморфтану салдарынан гнейс пен гранитке айналған жанартаулық жыныстар мен терригенді шөгінділерден тұра-ды. Архей жыныстары Пилбара мен Калгури жақпарларында, солтүстікте Кимберли үстірті мен Антрим тауларында және Арнхемленд түбегінің солтүстік-батысында кездеседі. Протерозой шөгінділері Батыс құрлықтың Наллагайн, Кимберли үстірті ойыстарында, Карпентария шыганағының оңтүстік-батысында көп ұшырасады. Платформаның солтүстік-батысындағы Үлкен құмды шөлде триас, юра шөгінділеріне толы Каннинг ойысы, Үлкен шығанақтың солтүстік жағасында палеоген жыныстары басып жатқан кайнозой дәуірінің Юкла ойысы бар. Шығыс Құрлық геосинклиналь белдеуі батыстан шығысқа қарай біртіндеп алмасатын каледондық (Аделаида) және герциндік (Жаңа Англия) жүйелерден құралған. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиан және Муррей алаптары сияқты бірнеше ойыс жатыр.
Құрлықтың архей, протерозой, кембрий, ордовик жыныстарында, алтынның (Калгури, Кулгари, Бендиго, Балларат), уранның (Рам-Джангл, Мэри-Катлин, Радиум-Хилл), түсті металдардың (Брокен-Хилл, Маунт-Айза, Клонкар-ри) ірі кен орындары, оңтүстік мен бат-ндағы протерозой шөгін-ділерінде темір мен марганец-тің, ал солтүстігіндегі Уайпа кен орнында боксит кентасы бар. Үлкен артезиан алабы мен Амадея ойысында, Виктория жағалауындағы әр түрлі геологиялық жүйелерде мұнай мен газ мол. Құрлықтың шығысы мен ба-тысында титан мен цирконийдің аса ірі кен орындары орналасқан.
Мұхит Аралдары – Тының мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай). Жері 1,26 млн км². Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай (1971).
Табиғаты. Мұхит аралдары Меланезия (батыстағы ең ірі аралдар), Микронезия (Меланезиядан солтүстегі ұсақ аралдар), Жаңа Зеландия және Полинезияға (қалқан ұсақ аралдарының бәрі) бөлінеді. Рельефі және геологиялық құрылысы. Батыс Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия аралдарының рельефі таулы, тілімделген. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы 5029 м. Шығыс Микронезия мен Полинезия аралдары шағын, аласа маржанды атоллдар. Мұхит аралдарының атоллдар. Мұхит аралдарының оңтүстік-батыс бөлігі (Меланезия және Жаңа Зеландия) қазіргі тектоникалық озғалыстар мен вулканизм күшті байқалған мезозой және қайназой қатпарлық зоналарына жатады. Мұхит аралдарының бұл бөлігі гранит интрузиялары жарып өткен әр түрлі кристалдық және шөгінді жыныстардан құралған. Микронезия, Полинезия және Гавай аралдары вулкандық жыныстардан, кей жерде әк тастардан құралған. Вулкандық жыныстардан бұл ауданда басымы – базальт. Вулкандық аралдарға Гавай, Самоа, Маркиз, Кук (Оңтүстік), Тубуаи, Пасха т.б., маржанды аралдарға Маршалл, Каролин, Гилберт, Эллис, Токелау, Кук (Солтүстік), Феникс, Лайн, Туамоту, Науру, Ошен және басқа ұсақ аралдар жатады. Пайдалы қазындылардан маңыздылары – никель рудалары (Жаңа Каледония), фосфат (Науру және Рождество аралдары), мұнай (Жаңа Гвинея), алтын (Жаңа Гвинея, Фиджи), көмір (Жаң Зеландия), мыс (Бугенвиль).
Климаты. Мұхит аралдарының көпшілік аралдары Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың тропиктік климаттық белдеулерінде жатыр, Аустралия мен Азияға таяу аралдардың климаты субэкваторлық, 180 меридианнан батыста – экваторлық. Тропиктерден солтүстікке және оңтүстікке қарай климат субтропиктік. Ең жылы айдың орташа температурасы солтүстікке 25 0С (тамыз), оңтүстікте 16 0С (ақпан), ең суық айда солтүстікте 16 0С (ақпан), оңтүстікте 5 0С (тамыз). Жылдық жауын-шашын мөлшері тропиктік белдеуде 1000 мм-ге жетпейді, ал ірі вулкандық аралдардың жел жақ беткейлерінде 10000 мм-ге дейін (Гавай аралдарында). Мұхит аралдарының көпшілік бөлігінде жазда тропиктік циклондар қалыптасады. Жаңа Гвинея және Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралдары тауларында мұздықтар (мұзбасу ауданы 1000 км²) кездеседі. Ішкі сулары. Өзен-көлдері мұхит аралдарының батысындағы тұнба және кристалдық жыныстардан түзілген таулы ірі аралдарда кездеседі. Шығыстағы вулканды және маржанды аралдарға түсетін атмосфералық жауын-шашынды кеуекті базальт пен әк тастардың сіңіріп алуына байланысты ағын суы аз немесе мүлдем жоқ. Өзендері жаңбыр суымен қоректенеді. Ірі өзендері – Флай, Дигул (Жаңа Гвинея). Топырағы қалыптасу жағдайларының әр түрлі болуына байланысты сан алуан. Мұхит аралының батысындағы таулы аудандарда топырақ биіктік белдеулік бойынша таралған. Ылғалды мәңгі жасыл ормандарда қызы сары латеритті топырақ, жоғарырақ беткейлерде таудың латеритті, сары, қызыл және сары қоңыр топырағы, ең биік өңірлерінде таудың шалғындық топырағы таралған.
IV кезең: Сабақты бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Экологиялық проблема және қазіргі кездегі демографиялық проблемалар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: әлемдік экологиялық және демографиялық мәселелердің кең таралуы
Дамытушылық: оқулықтағы карта, схемалармен жұмыс жасау
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықты арттыру
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-өткенді қайталау
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Ғаламдық экологиялық
проблемалар - ғаламдық, аймақтық және
ұлттық деңгейлерде айқындалған
экологиялық проблемалар
Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы. Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын қабат. Атмосферада электр зарядтарының, Күннің ультракүлгін радиацияларының әсерінен оттегінің молекуласынан (02) озон молекуласы (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептеледі. Одан жоғары орналасқан қабаттарда тіршілік нышаны білінбейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті Күннің өте қысқа ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыруына (6500 есе) байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» деп те атайды. Озон қабатының 50%-ға бұзылуы ультракүлгін радиацияларды 10 есеге көбейтеді. Озон қабатынан күннің ұзын толқынды ультракүлгін сәулелері (290-380 нм) өтіп кетеді. Біраз мөлшерде тіпті бұл сәулелер адам үшін пайдалы да: терімізді қарайтып күйдіреді, организмнің қорғаныштық қызметі артады. Тал түсте ультракүлгін сәулелердің концентрациясы көп болғандықтан, күнге күйіп қыздырыну процесін шаңқай түске дейін жүргізген жөн.
Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді. 1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады, яғни, ауадағы мөлшері қалыпты нормадан 30-50%-ға төмендеген. Антарктидадағы бұл құбылыс қыркүйек- қараша айларында байқалып, маусымның басқа кездерінде озонның мөлшері нормаға жақын болады. Кейін анықталғандай, атмосферадағы озонның мөлшері Солтүстік жарты шардың орта және жоғары ендіктерінде қыс-көктем (қаңтар-наурыз) айларында, әсіресе Европа, АҚШ, Тынық мұхит, Ресейдің европалық бөлігінде, Шығыс Сібір, Жапония үстінде жылдан- жылға азайып келеді. 1992 жылы Оңтүстік Америка құрылығы мен оған жақын кеңістіктерде озон құрамының айтарлықтай төмендегені (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Озон қабатының бұзылуы, яғни, «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бірі. Озон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын ұшақтар және ондағы толық жанып бітпеген отын өнімдері және ядролық жарылыстардан бөлінген заттар әсер етеді.
Парникті эффект (жылу эффекті). Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.