Меншіктің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат

Описание

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Содержание

I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

Работа состоит из  1 файл

ШЫҒАРАТЫН.doc

— 892.00 Кб (Скачать документ)

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.  Аймақтарға жеке-жеке тоқталу

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Лекция

Сабақтың  жоспары:

I кезең-ұйымдастыру 

II кезең-үй тапсырмасын тексеру

III кезең-жаңа  тақырыпты меңгеру

Оқыту үрдісінің  маңыздылығы:

Солтүстік Америка  – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге  солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еразиядан  мен Африкадан кейінгі екінші орынды алады, жерінің ауданы 24,2млн,км². Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар: 
• Дүние жүзіндегі аса ұзын, әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000км–ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км–ге тең. 
• Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25км – ге дейін жетеді; 
• Дүние жүзіндегіең ұзын жер асты үңгірі – Флинт–Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500км; 
• Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұзындығы 500 км; 
• Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м–ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі; 
• Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары ( +57°C), бұл – солтүстік жарты шар материктерінде байқалатын ең жоғары температура. 
• Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда –70°C тіркелген. 
• Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгеййінен 86 м төмен жатыр. 
Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. 
Солтүстік Америка материгі Солтүстік жарты шарда арктикалық белдеудугі аралдардан субэкваторлық белдеуге дейін созылады. Солтүстік Американың ең енді бөліктері Еуразиядағы тәрізді қоңыржай және субтропиктік белдеулерге сәйкес келеді. Материк оңтүстігінде сүйірленіп, Панама мойнағы арқылы Оңтүстік Америкамен жалғасады. Бұл екеуі батыс жарты шарда орналасқан Америка дүние бөлігін құрайды. Мексика таулы қыратының солтүстігі мен Оңтүстік Америкаға дейінгі аралықты Орталық Америка деп те атайды. ХХ ғасырдың басында Панама мойнағы арқылы материктің батысы мен шығысындағы Тынық мұхит пен Атлант мұхитын жалғастырып тұратын Панама каналы салынған.  
Солтүстік Американы Еуразиядан бөліп жатқан Беринг бұғазы екі материктің солтүстігіндегі Солтүстік Мұзды мұхит суларын Тынық мұхитымен жалғастырады.Солтүсті жарты шар материктерінде мұз басу кезеңінде Еуразия мен Солтүстік Америка Беринг бұғазы орнында болған құрлық арқылы жалғасып жатқан. Бұл құрлықтық « көпір » арқылы материктер арасында өсімдіктер мен жануарлардың алмасуы жүрген, адамдардың да осы жолмен азиядан Америкаға қонымтанғаны м и белгілі. 
Солтүстік Америка жағалаулары солтүстігі мен шығысында күшті тілімденген. Материктің солтүстік жағалары жаппай мұз басу кезеңінде  
күшті тілімденуге ұшырады, қазірдің өзіеде солтүтікткгі аралдар мен түбеатердің көпшілік бөлігін қалың мұз құрсап жатыр. 
Солтүстік Америка табиғатының жалпы белгілері Еуразияға ұқсас болғанымен, географиялық орны мен жерінің аумағы жер бедердегі айырмашылықтарға байланысты табиғат кешендері өзіндік ерекшеліетерімен сипатталады.  
Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық. 
Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді. 
ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі.

Канада –  Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені. Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.

Америка Құрама Штаттары, АҚШ— Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.

АҚШ климаты біркелкі қоныржай және субтропикті болып келеді. Ал солтүстіктегі Аляска штатында қыстыгүні арктика суығы байқалып тұрады.

АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың  отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка  – Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363,2 мың  км². Халқы 302 млн. Астанасы – Вашингтон  қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).

АҚШ аумағының басым көпшілігі  Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа  дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.

 

IV кезең: Сабақты  бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар.

 

V кезең: Бағалау

 

VI кезең: Үй  тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Латын Америкасы елдері. Мексика,  Аргентина және Бразилияның  географиялық ерекшеліктері.

Оқыту мен  тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: елдердің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.

Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.  Аймақтарға жеке-жеке тоқталу

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Лекция

Сабақтың жоспары:

I кезең-ұйымдастыру 

II кезең-үй тапсырмасын тексеру

III кезең-жаңа  тақырыпты меңгеру

Оқыту үрдісінің  маңыздылығы:

 

Латын Америкасы – Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Индия аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы. Жалпы аумағы 22,8 млн. км². Халқы 479 млн. адам. 15 – 16-ғасырларда қазіргі Латын Америкасы аумағында өмір сүріп жатқан жергілікті тайпаларды (Колумб үндістер деп атаған) Испания және Португалия жаулап алып, отар елдерге айналдырды. 1810 – 26 ж. тәуелсiздiк жолындағы соғыстар нәтижесiнде Америкадағы барлық отарлар Испаниядан бөлiнiп шықты. 1822 ж. Бразилия Португалиядан бөлiндi. Осыдан кейiн Латын Америкасында дербес мемлекеттер құрыла бастады. Қазiр Латын Америкасында 33 мемлекет және Франция, Нидерланд, АҚШ-тың бiрнеше тәуелдi аумақтары орналасқан. Олар: Антигуа және Барбуда, Аргентина, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Боливия, Бразилия, Венесуэла, Гаити, Гайана, Гватемала, Гондурас, Гренада, Доминика, Доминикан Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Парагвай, Перу, Сальвадор, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадина, Суринам, Тринидад және Тобаго, Уругвай, Чили, Эквадор, Ямайка. Ұлттық құрамы өте күрделi этникалық және тарихи процестерден өткен (еуропалықтардың ұрпақтары, үндiстер, метистер, негрлер, мулаттар, т.б.). Мұнда ресми және мемлекеттік тiл ретiнде негiзiнен испан тiлi, ал Бразилияда – португал тiлi, Гаитиде – француз тiлi, Суринамда – нидерланд (голланд) тiлi саналады. Одан басқа 14 кiшi мемлекет, Ямайка мен Багам аралдары халықтары ағылшын тiлiнде сөйлейдi. Жалпы халықтың 10%-на жуығы үндiс және жергiлiктi диалектiнi қолданады.

Мексика, Мексика Құрама Штаттары — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыАтлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958,2 мың шаршы километр. Халқы 105 миллион адам (2004). Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады. Астанасы — Мехико қаласы Ресми тілі — испан тілі. Халқының басым бөлігі — христиан-католиктер. Мексика — федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы — Министр Кабинеті ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 16 қыркүйек (1810). Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Америка Құрама Штаттары бірлігі — песо.

Табиғаты. Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде — Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері — Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 — 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15— 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені — Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі — Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.

Бразилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км². Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан жиырма бес штатқа, бір федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.

Климаты. Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.

Аргентина, Аргентина Республикасы - Оңтүстік Американы орналасқан мемлекет. Аргентина — Оңтүстік Американың (Латын Америкасының) оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 2,77 млн. км². Халқы – 39 млн. адам, мемлекеттік тілі – испан тілі. Астанасы – Буэнос-Айрес. Аргентина 22 провинция, 1 ұлттық аумақ және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Аргентинаның солтүстік-шығысында Гран-Чако, Ла-Плата жазықтары, батысында Анд тауы (ең биік тұсы Аконкагуа шыңы, 6960 м) жалғасып жатқан Атакама шөлі бар. Оңтүстік-батысын Патагония үстірті (2000 м) алып жатыр. Кен байлықтарынан мұнай және табиғи газ, тас көмір, қорғасын, мыс, темір, вольфрам, уран кентастары өндіріледі. Аргентина тропиктік, субтропиктік және шөлейтті климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардың орташа температурасы 9 – 20 С, шілдеде 23 – 30 С, жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 900 мм. Суы мол Парана, Парагвай, Уругвай өзендерінде кеме жүзеді. Көлдердің көбі осы өзендердің алабында және Патагонияда орналасқан. Жерінің бестен бірі тропиктік орман. Ерте заманда Аргентина жерінде үндіс тайпалары қоныстанған. Солтүстік-шығыс пен орталықта гуарани, тапес, чарруа, керанда, солтүстік-батыста диагиттер, оңтүстікте араукандар, патагондар тұрған. Диагит тайпалары отырықшы тұрмыс құрып, егіншілікпен шұғылданды, мата тоқуды, түсті металл қорытуды кәсіп етті. Бұлардан басқалары негізінен көшпелі үндістер болды. 1516 ж. испан теңізшісі Хуан Диас де Солис Рио-дела-Плата өзені сағасының төңірегін Испания жері деп жариялады. Осы күнгі Аргентина жерін отарлау 15 ғасырдың 30-жылдарынан кейін күшейе түсті. Отаршылдар үндістерді қырып-жойып, көпшілігін құлға айналдырды. Испандар бағындыра алмаған тайпалар құнарлы жерлерінен тықсырылып, оңтүстіктегі суық өңірлерге қарай ығысты. 1620 ж. жаулап алынып, Ла-Плата деген ат қойылған аймақ Перу вице-корольдігіне қосылды. Отарлаушылар ірі жер иеліктерін құрып, жұмыс қолы жетіспеген соң Африкадан зәңгі-құлдар әкеле бастады. Осы күнгі Аргентина, Боливия, Парагвай мен Уругвай кіретін аймақ 1766 ж. Ла-Плата вице-корольдігі болып бөлінді. Аргентина Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына, Америка мемлекеттері ұйымына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше. 1993 ж. 25 маусымда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Аргентина – аграрлы-индустриялы ел. Негізгі пайда экспортқа шығаратын өнімдерінен түседі. Экономикасының дамыған саласы – ауыл шаруашылығы. Басты бағыты – астық және мақта егу, етті мал өсіру. Сонымен қатар темекі, жеміс және цитрус плантациялары бар. Жері орманды, ағаш қоры жөнінен Латын Америкасында 3-орын алады. Теңіз жағалаулары мен өзендерден балық ауланады. Пайдалы қазбаларға бай. Мұнай, газ, тас көмір, темір, қорғасын, мырыш, уран кендері өндіріледі. Өнеркәсібінің басты салалары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін тамақ және жеңіл өнеркәсіп, кен өндірісі. Бидай ұны, қант, күнбағыс майы, мақта жібі, жасанды талшық өндіріледі. Металлургия өнеркәсібін дамытуда едәуір табысқа жеткен. Машина жасау өнеркәсібі автомашиналар мен тракторлар, станоктар мен кіржуғыш машиналар шығарады. Басты өнеркәсіп орталығы – Буэнос-Айрес қаласы. Барлық жүк айналымының 37,2%-ы су жолымен (басты порттары – Буэнос-Айрес, Госарино), 29,5%-ы автомобильмен, 20,6%-ы темір жолмен, 12,7%-ы құбыр арқылы тасылады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері – АҚШ, Бразилия, Германия.

Информация о работе Меншіктің мәні мен мазмұны