Меншіктің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат

Описание

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Содержание

I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

Работа состоит из  1 файл

ШЫҒАРАТЫН.doc

— 892.00 Кб (Скачать документ)

 Африканың дүниежүзілік шаруашылықтағы opнын айқындайтынэкономиканың екінші саласы – тропиктік және  субтропиктік  егіншілік. Оның да айқын байқалатын экспорттық бағыты бар.   

 Бірақ, тұтас алғанда, Африка  өзінің дамуында өте артта  қалып келеді. Ол индустрияландырудеңгейі, аyылшaруашылықдақылдарыныңтүсімі жөнінен дүние жүзі аймақтарының ішiнде coңғы орын алады.   

 Елдердің көпшілігінде әлі  күнге дейін шаруашылықтыңсалалық  құрылымыныңотарлық түрі сақталуда. Оныңайырым белгілері: 1) аз тауарлы, өнімділігі төмен ауыл шаруашылығының басым болуы, 2) өңдеyші өнеркәсіптің нашар дамуы, 3) көліктің өте артта қалуы, 4) өңдірістік емес саланың негізінен саудамен және қызмет көрсетумен шектелуі.   

 Шаруашылықтың территориялық  құрылымына өткен отарлықдәуірден  сақталған жалпы артта қалушылық  пен өте сәйкессіздік тән. Аймақтың  экономикалық картасынан өнеркәсіп (негізінен астаналық аудандар) пен жоғары тауарлы ауыл шаруашылығының жекелеген ошақтары ғана көзге түседі.   

80-жылдары Африканың әлеуметтік-экономикалық  жағдайы ерекше нашарлап, терең дағдарысқа ұласты. Даму қарқыны баяулады. Азық-түлік өндіру (жылдық өсімі 2 % шамасында) мен халықтың тұтынуы (3 % -ке өскен) арасындағы алшақтық артты; осының нәтижесінде астық импорты өсті. Оның үстіне, Африканы бұрын болып көрмеген құрғақшылық жайлады, ол континент елдерінің жартысынан астамын қамтып, тікелей 200 млн. адамды шарпыды. Африка сондай-ақ Батыс елдеріне борышқорлық қыспағында қалды. Сондықтан оны барған сайын "апат континенті" деп атай бастады.    

 Африканың көптеген елдері  экономикасының біржақты аграрлық–шикізаттық  дамуы олардың көпшілігінің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылығыныңбасты себептерінің бірі болды. Көптеген елдерде бұл біржақтылық бір дақыл (монокультура) деңгейіне жетті. Бір дaқылөндіруге (бір тауарға) мамандану дегеніміз - бұл елдегі шаруашылықтың бір, әдетте, негізінен экспортқа арналған шикізаттық немесе азық-түлік тауарын өндіруге бір жақты мамандануы.   

 Бір дақыл дегеніміз - бұл  табиғи ғана емес, сонымен бірге  тарихи, әлеуметтік құбылыс. Ол  Африка елдеріне отарлау кезеңінде-ақ  таңылған болатын. Қазір де осындай бір жақты халықаралық маманданудың нәтижесінде ондаған елдердің бүкіл тіршілігі олар экспорттайтын бір-екі тауарға дуние–жүзілік сұранымға тәуелді болып қалуда. Бір дақылды елдер көп салалы экономика құруға тырысуда, бірақ әзірше бұл жолда аздаған елдер ғана табысқа жетті.    

 Оңтүстік  Африкада тұңғыш алмасты 1869 ж.  бақташы бала тапқан. Бір жылдан  кейін осында Кимберли қаласының  негізі қаланады да, кейін құpaмындa алмас кездесетін байырғы жыныс кимберлит деп атала бастады. Кимберлиттегі алмастың мөлшері өте аз - 0,0000073%-тен аспайды, бұл әрбір 3 т кимберлитте 0,2 г немесе 1 карат. алмас бар деген сөз. Қазір алмас өңдірушілер қазған тереңдігі 400 м алып қазаншұңқыр Кимберлидегі көрікті орыңдардың бірі.    

 Амазонкаға қарағанда Конго  өзені суды мұхитқа бес есе  кем жеткізгенімен, оның су энергетикалық қуаты едәуір жоғары. Бұл оның 32 сарқырама мен тік құздар кездесетін төменгі aғыcының 300 километрлік кесіндісінде өзеннің құламасы 275 м болатынына байланысты. Мұнда қуаты 80-90 млн. кВт су электр станциясын тұрғызуға болады, бұл шамамен АҚШ су электр станцияларының бүкіл қуатына тең келеді. Осы жерде орасан зор бөгет пен Инга СЭС-інсалу жобасы бар.

 

IV кезең: Сабақты  бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар.

 

V кезең: Бағалау

 

VI кезең: Үй  тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ОАР және Мысырдың географиялық ерекшеліктері     

Оқыту мен  тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: ОАР және Мысырдың географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.

Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.  Аймақтарға жеке-жеке тоқталу

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Лекция

Сабақтың  жоспары:

I кезең-ұйымдастыру 

II кезең-үй тапсырмасын тексеру

III кезең-жаңа  тақырыпты меңгеру

Оқыту үрдісінің  маңыздылығы:

Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР) – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1221 мың км². Халқы 44,5 млн. (2001). Жергілікті тұрғындары 35 млн-ға жуық. Олардың ішінде зулулар – 39%, сутолар – 28%, косалар – 12%, шангаан-тсонгалар – 6,6%, тсваналар – 6,6%; қалғандары – еуропалықтар 5 млн., үнділер 1 млн-нан астам, метистер 3,5 млн. Астанасы – Претория қаласы. Әкімшілік жағынан 9 провинцияға бөлінеді. Ресми тілі – ағылшын және африкаaнс тілдері. Халқының 77%-ы христиандар, 20%-ы жергілікті наным-сенімдерді, қалғандары индуизм, ислам діндерін ұстанады. 1996 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – рэнд. Ұлттық мейрамы – 27 сәуір – Бостандық күні (1994). БҰҰ-ның (1945), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1994).[1]

Табиғаты.ОАР Оңтүстік Африка таулы үстіртінің оңтүстік шетін ала орналасқан. Шығысын Айдаһар таулары (биіктігі 3482 м), Оңтүстік Африка жағалауын бойлай Кап таулары алып жатыр. Пайдалы қазбалары – алтын, уран, қалайы, марганец, хромит, хризотил-асбест, мыс. Климаты ыстық және ылғалды тропиктік, оңтүстік-шығысы субтропиктік. Жаз айларының орташа температурасы 18 – 27°С, қыс айларында 7 – 18°С. Үстірттің жылдық жауын-шашын мөлшері 150 – 750 мм. Оңтүстігінде жаз айларының орташа температурасы 13 – 21°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 650 – 700 мм; Айдаһар тауының шығыс беткейлерінде 1000 – 2000 мм, Атлант теңізі жағалауында 60 – 100 мм. Басты өзендері – Оранжевая (Вааль саласымен) және Лимпопо. Елдің шығысына қарай саванналар, Айдаһар тауларында мәңгі жасыл таулы субтропиктік бұталар, ішкі аудандарда тікенді бұталар өседі.

Тарихы. Қазіргі ОАР жерін адамдар көне тас дәуірінен бастап мекендеген. Негізгі халқы готтентоттар мен бантулар. Бірақ олардың ежелгі және орта ғасырлар тарихы жөніндегі деректер жоқтың қасы. 15 ғасырда португалдықтар, испандықтар және голландықтар жергілікті халықпен сауда қатынастарын орнатты. Еуропалықтар арасынан бұл аймақты отарлауды голландықтар мен ағылшындар бастады. Голландық Ост-Үнді компаниясы 1652 ж. Кап отарын құрды. 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап Голландия мен Франциядан бұл жерге көптеген келімсектер қоныстанып, жергілікті халықтарды қанау арқасында байи түсті. Олардың ұрпақтары бурлар, 19 – 20 ғасырларда африканерлер деп аталды. Оңтүстік Африка аймағына талас 18 ғасырдың аяғында ағылшындардың пайдасына шешілді. 1806 ж. Кап отары ағылшындардың иелігіне өтті. 1838 ж. бурлар зулулардың жерін басып алып, Наталь Республикасын құрды. 1843 ж. Натальды ағылшындар өздеріне бағындырды. 19 ғасырдың жартысында бурлар екі ірі мемлекет – Трансвааль және Ерікті Қызғылт Республикаларын жариялады. Оларды Англия, Германия және Ресей мойындады. Ұлыбритания 19 ғасырдың 70-жылдары бурларды жаулауға кірісіп, нәтижесінде 1902 жылы Трансвааль мен Ерікті Қызғылт республикалары ағылшын отарына айналды. Еуропалықтардың Оңтүстік Африкаға ағылуына 19 ғасырдың 60 – 70-жылдары ашылған алмас, алтын қорлары себеп болды. Шетел компаниялары африкандықтарды қазба жұмыстарға, жол салуға пайдаланды, оларды арнайы аудандарға (резервацияларға) зорлықпен шоғырландырды. 1910 жылы Ұлыбритания отарларын біріктіріп, Оңтүстік Африка Одағын (ОАО) құрып, ол доминион құқығын алды. ОАО-да басқа жерлерде кездеспейтін нәсілшілдік және апартеид тәртібі орнатылды.

ОАР дамыған  индустриялы-аграрлы ел. Жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлшері 7490 АҚШ доллары шамасында. Халықтың 85%-ы аграрлық салада жұмыс істейді. ОАР алтын, платина, хром, марганец, сурьма, алмас өндіруден дүние жүзінде алғашқы орындарда, уран өндіруден 2-орында. Өнеркәсібінің жетекші саласы – тау-кен өндірісі. Оңтүстік-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Көмір өндірудің басты аудандары – Трансвааль, Наталь провинциялары, Қызғылт атырабы. Қара металлургияның басты орталықтары – Претория және Фандербейлпарк. Машина жасау, химия, мұнай айыру, мұнай-химия, тамақ өнеркәсіп салалары дамыған. Металл, металл өңдеу өнімдері, алтын, қымбат бағалы тастар, өнеркәсіп өнімдері, т.б. сыртқа шығарылса, механикалық аспаптар, киім, машиналар және жабдықтар, жеміс-жидектер, мұнай және мұнай өнімдері, т.б. сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания, Франция, Италия, Швейцария.

Мысыр, ресми түрде Мысыр Араб Республикасы– Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр.

Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі құрылықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 пайызды әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы. Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін Батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.

Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм  төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою  сары секілді күлгін түске дейінгі  небір түстердің түрлері аса  бір әсерде қалдырады.

Экономикасы

Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді. Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.

1979 жылдан шетел капиталдарының  құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, сымтетік байланысы жаңартылып, кеңейді. Мысырдық фунт тұрақты валютаға айналды.Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.

Табиғаты. Ніл алқабында Мысырдың бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, зәйтүн мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұраттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау реңжердері көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұраттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.

Мемлекеттік құрылымы. Мысыр Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.

Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың  атынан сайланғандар. Билік етуші  Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.

1971 жылғы Конституция – ислам  мемлекеттік дін деп жариялады.  Аймақтардың губернаторлары мен  үлкен қалалардың әкімдерін зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты.

Бүгінгі күні Мысырдың тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)

Тілі. Мысырдағы өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады. Мысырда ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.

 

IV кезең: Сабақты  бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар.

 

V кезең: Бағалау

 

VI кезең: Үй  тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Солтүстік Америка елдері. АҚШ пен Канаданың экономико-географиялық сипаттамасы.

Оқыту мен  тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Солтүстік Америка елдері. АҚШ пен Канаданың географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.

Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Информация о работе Меншіктің мәні мен мазмұны