Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.
Жапония халқы
негізінен теңіз жағалауын бойл
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Жапондардың салттары
Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.
Қытай Халық Республикасы - Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.
Қытай тарихы археологиялық
мәліметтермен қатар, ерте заманнан
бергі саяси өмір мен әлеуметтік
қозғалыстарды зерттеуге
Қытай өркениетіне Конфуций заманынан
бері әрбір адамның жердегі өміріндегі
бақыт пен аман-саулығына бағытталған
жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік
тән болды — адамның тағдыры құдайдың
салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай
тарихындағы үлкен халық қозғалыстары
менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің
мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті
— әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай
ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы
бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба
көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар
ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен
өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы,
өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді
көршілер мен тау халықтарына қарағанда,
жер өңдеу саласы дамыған экономикасының
баршылығы анық артықшылық болды. Қытай
өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д.
1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі
күшейтті.
Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше
мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде
қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық
мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың
шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың
көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен
араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті
мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған
азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы
менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының
аса ірі демографиялық потенциалының
көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа
шығаруға болмайды.
1949 жылдың желтоқсанында
ҚХР құрылғалы елде төрт
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы
— жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын
халық қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан
тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай халық
қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ
сессиясы жыл сайынғы тәртіппен шақырылады.
Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ
функцияларын сессия мерзімдерінің арасында
делегаттардан сайланған тұрақты комитет
атқарады (шамамен 150 адам).
Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы
мен Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін
сегіз демократиялық партия қатысады.
Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері
бар.
БҚХҚЖ барлық депутаттары коммунистер
және демократтар блогінен тұрады
IV кезең: Сабақты бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар. Пайдалы қазбалардың Қытай шаруашылығын дамытудағы маңызын атаңдар.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оңтүстік-Батыс Азия елдерінің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бұрышымен шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн км², халықының саны 3,5 млрд-тан асады. Азия – қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы.
Табиғаты мен шаруашылығының сипатына қарай Азия бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді: Оңтүстік-батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, оңтүстік-шығыс Азия.
Оңтүстік-Батыс Азия, Еуропа, Азия, Африка дүние бөліктерінің тоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы қыратын алып жатыр құрамына Түркия , Кипр, Иран , Ирак, Ауғанстан, Араб әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс» деп атайды.
Таулардың ең биігі – Гиндикуш таулары. Таулы қыраттардың ең биігі – Армян таулы қыраты. Жер қыртысындағы күшті жарыллар әсерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әрекет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі – Үлкен Арарат (5165м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жарылыс өтеді. Осы жарылыс бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең төмен жатқан бөлігі – Өлі теңіз (–403 метр) орналасқан.
Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағнаны білдіреді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді. Оңтүстік–Батыс Азия тас көмірмен түсті металдарға бай. Жерорта теңіз жағалауында субтропиктік жерортатеңіздік. Кавказға ылғалды және құрғақ субтропиктік, ал кіші Азия түбегінің ішкі аудандарымен Иран таулы қыратына құрғақ субтропиктік климат тән. Оңтүстік Батыс Азия – қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі.
Түркия, Түркия Республикасы - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Гүржістан мен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Әрменстанмен, батыста Бұлғаристанмен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас.
Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Боспор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.
Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Боспор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Боспор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан.
Елдің астанасы Ыстанбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Әрменстан, Гүржістан,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сүриямен, батысында Грекия, Бұлғариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.
Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.
Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.
Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.
Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.
Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.
Түркия жерінде 100 түрлері пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмірі және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кен көп. Тұз көлінде көп тұз кендер бар.
Парсы шығанағы Үнді мұхитының Оңтүстік-батыс Азия жағалауында. Ормуз бұғазы, Оман шығанағы арқылы Арабия теңізіне шығады.
Парсы шығанағы картасы. Оман бұғазы Араб теңізіне тіреледі. Анығырақ Таяу Шығыс үлкен картасы.
Аумағы 240 мың км². Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 926 километрге созылған, ені 180 – 320 км. Көпшілік бөлігінде тереңдігі 50 м-ге жетпейді, ең терең жері 115 м. Тау алды тектоникалық иінінде жайласқан. Жағалауларына жақын жатқан аралдар (Бахрейн, т.б.) көп, оңтүстік бөлігінде маржан рифтері таралған. Субтропиктік ендіктердегі орнына және қатты қызатын құрлықтың әсеріне байланысты суының температурасырасы мен тұздығы жоғары. Судың беткі қабатындағы температура шілдеде 35ӘС-қа дейін жоғарылайды. Бұл Дүниежүзілік мұхит бойынша ең жоғары темпертура. Тұздығы 37 – 39‰. Шығанақтың түбінде және оған іргелес аудандарда мұнайдың дүние жүзі бойынша орасан зор қоры шоғырланған. Ол Парсы шығанағының мұнайлы-газды алабын құрайды. Балық аулау, меруерт жинау дамыған. Кеме қатынасы үшін маңызы зор. Басты порттары: Басра (Ирак), Абадан, Бендер-Шахнур (Иран), Әл-Кувейт (Кувейт), Рас-Паннура (Сауд Арабиясы), Манама (Бахрейн), Умм-Саид (Катар).
IV кезең: Сабақты бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар. Пайдалы қазбалардың Түркия шаруашылығын дамытудағы маңызын атаңдар.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы