Меншіктің мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат

Описание

Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.

Содержание

I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

Работа состоит из  1 файл

ШЫҒАРАТЫН.doc

— 892.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азия. Үндістан

Оқыту мен  тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азия. Үндістанның географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.

Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Лекция

Сабақтың  жоспары:

I кезең-ұйымдастыру 

II кезең-үй тапсырмасын тексеру

III кезең-жаңа  тақырыпты меңгеру

Оқыту үрдісінің  маңыздылығы:

 

Оңтүстік-шығыс А́зия — Қытай, Үндістан және Австралияның орталарында орналасқан континеналды аралдар тобы. Үндіқытай түбегі де кіреді.

Континенталды бөлігінде Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Тайланд, аралды бөлігінде — Бруней, Шығыс Тимор, Индонезия, Сингапур, Филиппиндер. Малай түбегінде Малайзия орын тепкен. Вьетнам, Камбоджа және Лаос елдерін Үндіқытай мемлекеттері деп те атайды, жалпылау атауы Нусантара. Аталған елдер Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясын құрайды (АСЕАН).

Халқы

Территорияда 599 млн адам өмір сүреді, бұл әлемнің тұрғандарының 8 %. Әсіресе Ява аралында адамдар тығыз орналасқан.

Үндістан - Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.

Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңттүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхан/раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.

Діни құрамы:

  • индуизм дініне табынатындар — 80,3%;
  • мұсылмандар — 11%;
  • мәсіхшілік дініндегілер — 4%-дай;
  • сикхтар — 2,8%, т.б.

Геология. Үндістан негізінен Үндістан түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі — жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады). Теңіз жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Кеме тоқтайтын қолайлы орындар аз, сондықтан көптеген ірі порттар өзендер жағасына (Калькутта) орналасқан немесе жасанды жолмен салынған (Мадрас). Батысында үстірт биіктеп, Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы ірі өзендердегі (Кришна, Годовари, Маханади, т.б.) жазықтармен тілімденген. Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай, Кардамон тауларымен (ең биік жері — 2633 м) жалғасады. Солтүстік-батысында эрозиядан қатты бүлінген, қысқа, қатарлас қырқалардан құралатын ежелгі қатпарлы тізбек — Аравали таулары (биіктігі 1722 м-ге дейін) орналасқан. Декан үстірті солтүгінде Малва базальтты таулы жазығының жарлауыт шеті болып табылатын Виндхья тауларымен (ең биік жері — 881 м) шектеледі. Декан үстіртінің шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері — 1680 м) орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр. Оның солтүстігінен бастап үш тік құз баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең биік таулы жүйелер — Гималай таулары мен одан солт-ке қарай Қарақорым көтеріледі (ең биік жері — Гималайдағы Нангарпарбат тауы — 8126 м). Гималайдың бұл баспалдақтары — Сивалик таулары (800 — 1200 м), Кіші Гималай (2500 — 3000 м), Үлкен Гималай (5500 — 6000 м, одан да биік) бір-бірінен тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың жер бедері альпілік формада, өзендермен терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары, марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары бар.

Климат. Климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70 — 90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300 — 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 — 6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер ағыны муссондық маусымға байланысты өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып, тасқын жиі болып тұрады.

Гидрология. Неғұрлым ірі өзендері: Ганг, Инд, Брахмапутра, Годавари, Кришна, Нарбада, Маханади, Кавери. Олардың көпшілігінің егіншілік үшін маңызы зор. Ірі көлдері аз, олар негізінен шығу тегі мұздық немесе тектоникаллық таулы аудандарда орналасқан. Ең үлкені — Кашмир жазығындағы Вулар көлі. Өзендерінің кейбіреулерінде кеме қатынасы бар.

 

IV кезең: Сабақты  бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар. Пайдалы қазбалардың Үндістан шаруашылығын дамытудағы маңызын атаңдар.

 

V кезең: Бағалау

 

VI кезең: Үй  тапсырмасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: ТМД елдері

Оқыту мен  тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: ТМД елдерінің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.

Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Елдерге жеке-жеке тоқталу

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Лекция

Сабақтың  жоспары:

I кезең-ұйымдастыру 

II кезең-үй тапсырмасын тексеру

III кезең-жаңа тақырыпты  меңгеру

Оқыту үрдісінің маңыздылығы:

Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Тарихи шолу

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларус және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Әрменстан, Беларус, Гүржістан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Құрылымы

  1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
  2. Үкіметтер басшыларының кеңесі;
  3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
  4. Экономикалық кеңесі;
  5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
  6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
  7. ТМД Экономикалық соты;
  8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
  9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
  10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
  11. ТМД-ның Атқарушы комитеті.

Беларусия республикасы ТМД – ның батысында орналасқан мемлекет. Оның жалпы ауданы 207,6 км 2. Беларусия ТМД елдері ішінен экономикасы жағынан алдағы мемлекет болып көзге түседі. Республика отын есебінде жергілікті жердің салмақ үлесі аз. Басқа жақтан көмір, мұнай, гзды пайдаланады. Электроэнергетиканың негізінен жылу станциялары ( Лукомль, Березовск ) атқарады. Ірі мұнай өңдеу зауыты Новополцк, Мозырьда орналасқан.  
Ал өнеркәсібінің негізгі саласы машина жасау және химия өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптер мұнай, металл, газ, көмір т. б . шикізатқа тәуелді. Мұнайды Ресейден Украинадан алады. Жеңіл өнеркәсібі бойынша тоқыма ( зығыр, мақта – мата, жібек, жүн ), тері, былғары өндіреді. Жергілікті жердің ( зығыр талшығы, тері химиялық талшық ) және шеттен келктін ( мақта – мата, жүн, жібек ) шикізаттары қолданады. Елде транспорт жолыда жақсы дамыған, әсіресе теміржол торабы. Елдің территориясының көп бөлігін батпақты жерлер алаып жатыр.

Қазақстан, Қазақстан Республикасы— Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9- орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларна дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады

 Ресе́й— Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.

Украина - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украинаның 24 облысы және Қырым автономиясы бар. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады. Жері өте құнарлы. Бір мысал келтірейік: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншылары Украина жерінің өте құнарлы қара топырағын вагондарға тиеп, Германияға жіберіп тұрған екен! Жерінің бәрі көк жасыл алқап. Жолдарының екі беті тұтасқан көк терек.

Молдова, Молдова Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні. Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

 

IV кезең: Сабақты  бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар. Аймақтарға жеке-жеке сипаттама беру.

Информация о работе Меншіктің мәні мен мазмұны