Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Орталық Азия және Закавказье елдері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Орталық Азия және Закавказье елдерінің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Елдерге жеке-жеке тоқталу
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2. Жер бедері қиыршық тасты және құмды шөгінділермен жабылған әр түрлі биіктіктегі жазықтар мен оларды қоршай орналасқан биік тау жоталарынан тұрады. Геоморфологиялық ерекшелігіне қарай Орталық Азия батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан 3 орографиялық белдеуден тұрады. Солтүстік таулы белдеу құрамына Сарыарқа, Моңғол Алтайы, Хангай, Хэнтэй тау жоталары, тау аралығында орналасқан Жоңғар жазығы, Ұрыңқай, Ебінұр, т.б. ірі көлдердің қазаншұңқырлары кіреді. Орта белдеуге Тянь-Шань тауы және биіктігі 1000 – 2000 м болатын көтеріңкі жазықтарда жатқан Гоби, Алашань, Бейшань және Тарим ойысындағы Такла-Макан шөлдері кіреді. Биік Орталық Азия құрамына орташа биіктігі 4000 – 5000 м-ге жететін Памир, Куньлунь, Гиндукуш, Қарақорым, Тибет, Гандисышан тауларынан тұратын биік тау жүйелері жатады. Кен байлықтарынан: Сарыарқада мыс, молибден, вольфрам, көмір; Куньлунь тауларында нефрит; Тибет, Куньлунь, Наньшань, Хангай тауларында шашыранды алтын, темір кені, мұнай, қалайы, молибден, вольфрам; Хэнтэй тауларында бирюза, топаз; Жоңғар жазығында, Тарим, Цайдам, Турфан ойыстарында мұнайдың, тас көмір, ас тұзы мен глаубер тұзының мол қорлары бар.
Қыста жоғары, жазда төмен қысымның ықпалында болуына, мұхиттардан өте қашық орналасуына, тау жоталарымен қоршалып оқшаулануына байланысты климаты тым континенттік және құрғақ. Аймақтың басым бөлігінде жылдық ауа температурасының айырмасы 500С-қа дейін жетеді. Қаңтардың орташа температурасы –10 – 250С, шілдеде солтүстік пен орталық бөлікте 20 – 250С, Тибет таулы қыратында 100С. Аймақтың 3/4 бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлш. 100 – 200 мм, тау жоталарында 300 – 500 мм, оңтүстік-шығысында муссонның ықпалымен 1000 мм-ден артық жауын-шашын түседі. Жылдық буланушылық көрсеткіші 2000 мм шамасында. Тау жүйелерінің көпшілігінде мұз басу таралған. Мұз басудың аса ірі орталықтары: Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Тянь-Шань (Оңтүстік Інілшек мұздығы, ұз. 57 км), Моңғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км) таулары. Ірі өзендері Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Инд, Ертіс, Селенга, Амур мұхит алабына жатса, Тарим, Іле Эдзин-Гол өзендері тұйық көлдерге құяды, құмға сіңіп кетеді. Орталық Азияның солтүстігі (Моңғолия мен Жоңғар жазығында) мен оңтүстігінде (Тибетте) көлдер көп орналасқан. Ірі тұзды көлдері: Кукунор (аумағы 4200 км²), Убсу-Нур (аумағы 3350 км²), Балқаш (17,7 мың км²); тұщы көлдері: Хубсугул (аум. 2620 км²), Хар-Ус-Нур (аум. 1486 км²), Зайсан (1,79 мың км²), Бақырашкөл (аумағы1380 км²), Далайнор (аумағы 1100 км²) . Орталық Азияға негізінен шөлейт және шөлді ландшафт тән. Солтүстік-шығысында ылғал мөлшерінің артуына қарай дала және орманды дала белдемі тараған. Шөлдің сұр топырағы, сортаң топырақ, тақыр кездеседі, тұйық тұзды көлдер айналасында құрғақшылық әсерінен қалыптасқан кең алқапты сорлар тараған. Моңғолияның солтүстігіндегі тау беткейлерінде таудың қоңыр орман топырағы, Гоби шұраттары (оазис) мен жер асты су көздері шығатын тау алды бөктерлерінде таудың шалғынды қара топырағы, тұрақты ағыны бар өзен аңғарларында шалғынды топырақ түрлері қалыптасқан. Аймақтың солтүстігінде далалық өсімдіктер (селеу, жусан, ши), тау жоталарының солтүстік беткейлерінде таулы-тайгалық (Моңғолия тауларында балқарағай, Куньлунь мен Тянь-Шань тауларында шырша, арша) орман кездеседі, биік бөлігінде субальпі және альпі шалғыны өседі. Өзен аңғарларында евфрат көктерегі, жиде, шырғанақ, тобылғы, қамыс, т.б. өсімдіктер қалың тоғай құрайды. Жануарлар дүниесінен тұяқты жануарлар, кемірушілер мен құстар өте көп. Тұяқты ірі жануарлардан Тибетте қодас, Жоңғар жазығында екі өркешті түйе, Гобиде – Пржевальский жылқысы жабайы түрінде сақталып қалған. Жыртқыштардан гималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр, т.б. тіршілік етеді. Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, т.б.) солтүстігінде моңғол халықтары (халкалар, ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта Азия” ұғымын география тарихына XIX ғасырдың аяғында неміс ғалымы А.Гумбольд енгізді.
Армения — солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.
Грузия, Грузия Республикасы — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер. Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзірбайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).
Әзірбайжан Республикасы — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. Әзірбайжан, Әзірбайжан Республикасы – Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.
Оңтүстік Осетин Автономиялы Облысы, Оңтүстік Осетия – Грузин ССР-і құрамындағы әкімшілік бөлік. 1922 ж. 20 сәуірде құрылған. Жері 3,9 мың км². Халқы 103 мың (1974). 4 ауданға бөлінеді. 1 қаласы, 3 қ.т. поселкесі бар. Орталығы – Цхинвали қаласы.[1]
Табиғаты. Оңтүстік Осетин Автономиялы Облысы Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейінде орналасқан. Кавказдың бас жотасының оңтүстік-батыс және оңтүстікке қарай Кударой, Гудис, Харуль, Ломис-Алев жоталары созылған. Батыс бөлігін Рача, Сурам жоталары қиып өтеді. Кавказдың бптыс жотасы арқылы өтетін негізгі асулар – Рок, Зекар, Дзедой. Оңтүстік бөлігін Ішкі Картали ойысының (биіктігі 700-900метр), солтүстік шеті алып жатыр. Облыс территориясының 90 пайызы теңіз бетінен 1000-м-ден астам биіктікте орналасқан. Пайдалы қазындылары: полиметалл, барит, тальк, мергель, әк тас, саз, мәрмәр, минерал су көздері кездеседі. Климаты қоңыржай, ылғалды. Цхинвали қаласы атырбанда ең суық айының орташа температурасы -1,50Сең жылы айда 20,9 С, жылдық жауыншашын 600мм, 1000-1500 метр биіктікте қаңтардың орташа температурасы 2 С; 2000 метр биіктікте -7 С; жылдық жауын-шашыны 1500мм, Ірі өзендері (Лихави, Ксани, Лехура, Меджуда) Кура алабына жатады. Бұлар гидроэнергия қорына өте бай келеді. Басты көлдері – Келис-Тба және Эрцо. Жері қара, аллювийлі, күңгірт қоңырғ шалғынды топырақты. Территориясының 47%-ы орман және бұта. Жоғары орманды белдеуде қылқан жапырақты орман (шырша, қарағай), тау басында альпілік және субальпілік шалғын өседі.
IV кезең: Сабақты бекіту. Аймақтың географиялық орнын сипаттап, табиғатының басты белгілерін атаңдар. Атластағы кешенді картаны пайдалана отырып, аймақта кездесетін пайдалы қазбалардың түрлерін атаңдар. Аймақтарға жеке-жеке сипаттама беру.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Африка елдері.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Африка елдерінің географиялық орны климаты, пайдалы қазбалары, шаруашылығы және экологиясы жайында мәлімет беру.
Дамытушылық: Білімін кеңейтіп өз бетімен ізденуге шығармашылық, зерттеу жұмыстарын орындауға үйрету, картографикалық білімін дамыту, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек етуге табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.
Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады.
Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда, Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.
Африкада халықтың ұдайы өсуі бүкіл дүние жүзінде ең жоғары қарқынға жеткенін біздер білеміз. Бұл едәуір дәрежеде көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге байланысты. Африкада "Ақшаң жоқ болса – кедейлігің. Ал балаларың жоқ болса – сорың" дейді. Оның үстіне, континенттегі елдердің көпшілігі белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, соңдықтaн мұнда бала туу көрсеткіші ең жоғары дәрежеде болып отыр. Кенияда, Бенинде, Угандада, Нигерияда, Нигерде, Танзавияда бала туу 1 мыңтұрғынға 50 нәрестеден асады, яғни ол Еуропадағыдан төрт-бес есе жоғары.
Африка әлі де халықтың
өлімі ең жоғары аймақ болыпоты
Аса ала-қулалығымен көзге
түсетін Африка халқының
Африканың азаттық алған елдері бір кезде этникалық ерекшеліктерді ескерместен жүргізілген отарлықшекараны мұра етіп алған. Оcының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағыңда қалып қойған. Мұның өзі осы уақытқа дейін этникааралықжанжалдар мен жер дауынтуғызып отыр, бұл кейде әскери қақтығыстарға (Африка Мүйісі) , "этникалық босқындар" саныныңартуына ұласуда. Әлі күнге дейін Африка елдерінің көпшілігінің мемлекеттік (ресми) тілі бурынғы метрополиялардың тілі - ағылшын, француз, португал тілдері болуы да өткеннің мұрасы екені айқын.
Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы (1 км-ге 22 адам) шетелдік Еуропа мен Азиядағыға қарағанда бірнеше есе кем. Азиядағы секілді, Африкада да халық өте әркелкі орналасқан. Сахарада адам мүлде қоныстанбаған дүние жүзіндегі ең үлкен территория бар. Ылғалды тропик ормандары зонасында да халық сирек орналасқан. Алайда халықтың айтарлықтай шоғырланған жерлері де бар, бұл әсіресе жағалауға қатысты. Кейбір елдерде халықтың орналасуы тіпті өзгеше болыпкеледі. Египет осы айтылғанға жарқын мысал болады. Іс жүзінде оныңбүкіл халқы дерлік (55 млн. адам) Нілдің атырауы мен аңғарларында тұрады, ал бұл территория оның жалпы жер көлемінің не бары 4 %-ін құрайды. Бұл осында 1км-ге 1300-1400 адамнан келетінін, ал шөлде - 1 адамға да жетпейтінін көpcедi.
Урбандалу деңгейі жөнінен Африка басқа аймақтан әлі де көп артта қалып отыр. Мұның қала халқының үлесіне де, үлкен қалалар мен "миллионер" қалалардыңсанына да (олардың барлығы 20) қатысы бар. Африкада қала агломерациялары жаңадан қалыптаса бастады. Алайда мұндағы урбандалу қарқыны дүние жүзінде ең жoғары дәрежеде; кейбір қалалардыңхалқы әрбір 10 жыл сайын екі есе өсуде. Бірақ қалалық жарылыстың мұндай көрінісінің бірқатар теріс зардаптары да бар. Өйткені негізінен астаналық қалалар мен "экономикалық астаналар" өседі, оның өзінде күнкөріс қаржысы жоқ қыстақ тұрғыңдары шеткі лас аудандар қатарына ұдайы келіп қосылуынан өсіп отыр.
Тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін Африка елдері ғасырлық мешеулікті жоюға күш-жігер жұмсай бастады. Табиғат байлығын мемлекет меншігіне айналдырудың, аграрлық реформаны жүзеге асырудың, экономикалық жоспарлаудың, ұлт кадрларын дайындаудың ерекше зор маңызы болды. Осының нәтижесінде даму қарқыны жеделдеді. Шаруашылықтың салалық және территориялық құрылымы қайта құрыла бастады.
Бұл жолда тау – кенөнеркәсібінде зор табыстарға қол жетті. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өңдіру жөнінен Африка шетелдік дүниеде маңызды, кейде ерекше орын алады. Өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі дүниежүзілік рынокқа шығарылатындықтан, нақ өндіруші өнеркәсіп ең алдымен Африканың халықаралық географиялық еңбек 6өлінісіндегі орнын айқындайды.