Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 20:46, реферат
Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43.4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімделген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2-2.5 мың км қашықтықта орналасқан.
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-үй тапсырмасын тексеру
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Климаттың ғаламдық жылуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.
Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.
Қышқыл жаңбырлар.
Ғаламдық негізгі экологиялық
Күкірт диоксиді
мен азот оксидтерінің жуылуы
күкірт жөне азотқышқылдарының
түзілуіне әсер етеді. Бұл
Атмосфераны
күкірт диоксидінен қорғау, оларды
ауа бассейнінің жоғары
Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс - улы туман (тұман мен түтіннің қосылысы). УЛЫ тұмандар үш түрлі - ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман (Лондондық тип) - газтәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі. Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) - озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді. Улы тұманның үшінші түрі - мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады.
Демография (гректің
demos – халық және gzapho – жазамын
деген сөздерінен алынған) - халықтың
санын, құрамын, құрылымын, аумаққа
бөлінуін, сонымен қатар олардың
уақыт кеңістігіне қарай
Демография
туудың, өлімнің, көші-қонның
Туу, өлім,
некеге тұру, ажырасу, қала мен
село халқының саны және
Демографиялық қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысын зертеп, қорытады. Демографиялық қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық проблема.
Қазіргі кезде біздің республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55 пайыздан астамы қазақтар, 35 пайызы орыстар.
Туу, өлім
және халықтың табиғи өсімі
– демографиялық процесс
Адам өмірінің ұзақтығы әр кезеңде әр түрлі болады: 1978-1988 жылдар арасында жалпы орта жасы 67,4-69,8 жыл болды. Оның ішінде ерлердің орта жасы 61,9-64,8 әйелдердің орта жасы 72,4-74,1 жыл болды. Жалпы алғанда әйелдерден 10 жас артық өмір сүрді. Оның негізгі себептері: әйелдер ерлерден салыстырғанда әр түрлі ауруларға аз ұшырайды, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты өзгермейді, үй шаруасы, бала тәрбиелеу, немереге қарау сияқты жұмыс түрлері көбейе түседі. Ал егер адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты күрт өзгереді. Біздің елімізде халықтың орта жасы Жапония, Финляндия, Голландия, т.б. елдерден әлдеқайда төмен. 1991 – 1997 жылдардағы әлеуметтік - экономикалық қиындық адам өміріне кері әсерін тигізгені сөзсіз. 1993-1994 жылдардағы есеп бойынша Республикамызда туудан өлімнің көрсеткіші артып отыр.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 60 мыңдай адам шығын болды. Сөйтіп үш демографиялық апаттың нәтижесінде Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде 4,5 млн. адам шығып болған.
Дүние жүзіндегі қазақтардың саны 1990 жылдың ортасында 10 млн. адамға жетті. Демографтардың зерттеуіне қарағанда, ХХІ ғасырдың аяғында қазақ халқының демографиялық мүмкіндігі, өсіріп айтқанда 33 миллиондай адамға, шамалап алғанда – 28 млн. адам, ал орташа айтқанда 30 млн. адамға жетеді деп болжанып отыр. Қазақтардың саны 2015 жылға қарай (сыртқы миграцияны қоса есептегенде) 15 миллонға жетпек. Қазақстанда 13 млн. қазақ тұратын болады, ол еліміздің жалпы тұрғындарының 65 пайызын құрамақ.
IV кезең: Сабақты бекіту. Әлемдік экологиялық проблемаларға тоқталып, олардың шығу себептері мен танысу. Демографиялық мәселелер орын алған елдерге тоқталу. Қазіргі кездегі демографиялық көрсеткіштер.
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Әлемдік мұхит проблемалары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: әлемдік мұхит проблемаларының орын алуы
Дамытушылық: проблемалардың туу себептері
Тәрбиелік: алдын-алу ашаралары
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-өткенді қайталау
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит - суының салмағы 1,4-1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы планетадағы су қорының 97%-ын құрайды. Сондай-ақ Әлемдік мұхит планета халқының тағам ретінде пайдаланатын барлық жануарлар белоктарының 1/6 бөлігімен қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі тіршілікті сақтауда негізгі роль мұхитқа, оның ішінде мұхиттың жағалаудағы аймақтарына жатады. Өйткені планета атмосферасына түсетін оттегінің 70% планктондарда жүретін фотосинтез процесінің нәтижесі. Әлемдік мұхит биосферадағы тепе-теңдікті сақтауда үлкен роль атқаратын болғандықтан, оны қорғау халықаралық экологиялық өзекті мәселелердің бірі.
Әлемдік
мұхиттың зиянды және улы
Мұхитты қатты ластаушылардың
бірі мұнай жоне мұнай өнімдері
Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. Орташа және төмен деңгейдегі радиоактивті қалдықтарды көму тек арнайы рұқсатпен жүргізілетін болды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Аймақтық көпжақты: Солтүстік-Шығыс Атлантика теңіз ортасын қорғау Конвенциясы (Париж, 1992 ж.); Қара теңізді ластану дан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.) және бірқатар басқа да келісімдер жасалды.
IV кезең: Сабақты бекіту. Әлемдік мұхитты пайдалану және проблемалары, олардың шығу себептері мен танысу. Мұхиттың жер бетіндегі аумағы және игерілуі
V кезең: Бағалау
VI кезең: Үй тапсырмасы
Тақырыбы: Ғарышты бейбіт мақсатта игеру
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: әлемдегі ғарыш саласының орны
Дамытушылық: ғарышты игерудегі кездесетін мәселелер
Тәрбиелік: ғарыштың бейбіт мақсатта игеілуін қадағалау
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: география пәніне арналған оқулықтар, дәптер, дүние жүзінің саяси картасы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Лекция
Сабақтың жоспары:
I кезең-ұйымдастыру
II кезең-өткенді қайталау
III кезең-жаңа тақырыпты меңгеру
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Уақыт талабы бойынша
әлем елдері арасындағы ғарышты игеру
жолындағы бәсеке де жаңа заманға лайық
өзгеріп жатыр. Бір кездегі КСРО мен АҚШ
арасындағы қырғи-қабақ соғыстың ғарыштық
бәсекесі енді келмеске кеткен тарих.
Қазіргі әлем ғарышты игеру саласына әскери-саяси
тұрғыдан емес, коммерциялық тұрғыдан
қарайтын болды. Сондықтан ғарыштық бәсекешілдерге
жаңа ойыншылар қосылып жатыр. Қытай, Үндістан,
Жапония және Израиль сынды елдердің қай-қайсысында
ғарышты игеру бағдарламасы жұмыс жасап
тұр. Сондай-ақ Бразилия, Оңтүстік Корея,
Қазақстан сынды ғарышқа жер серігін ұшыруға
қабілетті елдердің легі тағы бар. Қысқасы,
ғарыштық бәсеке әлі де тоқтаған жоқ. Осы
жерде «ғарышты игеру мәселесі мемлекеттер
үшін неге қажет?» – деген сұрақ туындайды.
Бұл саяси қажеттілік пе, ғылыми сұраныс
па, әлде табыс көздеген коммерциялық
жоба ма?
Алғашында адамзат баласы атмосферадан
тысқары шықсақ болғаны деп ұмтылған еді.
Ондағы мақсат әскери саладағы артықшылықтарға
қол жеткізгісі келді. Алайда кейіннен
мұның басқа да пайдалы тұстары көп екені
белгілі болды. Мәселен, саяси мойындалып,
әлем елдерінің құрметіне ие болуы мүмкін.
Дегенмен имидждік жоба үшін қыруар ақша
салу өзін-өзі ақтай ма? Әсіресе кедейшілік
дендеп, ауызсу тапшылығына ұрынып отырған
елдің ғарыштық жобаларға миллиардтарды
төгу қаншалықты логикаға сыяды. Ғарыштық
держава атанған елдердің мамандары бұл
сауалға байыпты қарайды. Олардың айтуынша,
ғарышқа жұмсалған әрбір тиын да орнына
қайтады. Басқаны қойғанда, спутниктер
арқылы іске қосылатын ұялы байланыстар
мен интернет, ауа райы болжамдарының
өзі қыруар табыс әкеледі.
Ғылыми-техникалық, қаржылық мүмкіндіктері
бола тұра Еуропа елдері ғарышты игеру
мәселесін көп кешіктірген еді.
Алайда Arian-5 қуатты зымыран- тасығышты
жасап шығарғалы бері бірнеше рет көкке
сәтті көтеріліп, ғарыштық жобалардың
көшбасшысы АҚШ-ты қуып жетуге аз қалды.
Сонымен қатар қазір Қытай, Үндістан, Жапония,
Израиль елдері өзінің ғарыштық бағдарламаларын
барынша жетілдіруге күш салып жатыр.
Қазақстан – ғарыштық
бәсекелестер қатарында. Әлемдегі ғарыштық бәсекеге
түсіп, ғарыштық державалықтан үмітті
елдердің қатарында Қазақстан да аталады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгiлеген
Қазақстан Республикасының стратегиялық
дамуының басым бағыттарының бiрi зымыран-ғарыштық
саласының дамуы болып табылады. Қазақстан
шикiзат мемлекетiнiң мәртебесiнен жоғарғы
технологиялы, зияткерлiк-дамыған мемлекеттiк
мәртебеге өту деңгейіне көптен бері ұмтылыс
жасауда. Дегенмен ғарыштық державалыққа
ұмтылушы Қазақстан бұл саланың барлық
бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды.
Яғни «ғарыштық держава» деген жалаң атақ
үшін қыруар қаржыны бекер шығынға сала
алмайды. Біз үшін Марс пен Шолпанда не
болып жатқаны, «Күн жүйесінде қандай
ауытқулар бар», «Өзге ғаламшарлар мен
жатпланеталықтар бар ма» деген секілді
сұрақтар негізгі міндет емес. Дәл қазір
Қазақстан үшін қолданбалы әрі табыс әкелетін
жобалар маңызды. Атап айтқанда, коммуникациялық
спутниктер орнату, жерді қашықтан зондтау,
Қазақстандағы және Орталық Азиядағы
географиялық құбылыстарды, оның ішінде
жерасты қазба байлықтарын айқындау, теңіздегі
шашылған мұнайды әшкерелеу, экологиялық
жағдайлар, өрт сөндіру, су тасқындары
кезінде тағы басқа адамның өмірі үшін
маңызды оқиғаларды жоспарлау.
Әлем Қазақстанды «ғарыштық держава»
ретінде мойындап үлгермесе де, елімізде
осыған қажетті барлық атрибут бар. Алдымен,
аты аңызға айналған «Байқоңыр» ғарыш
айлағы мен қазіргі кездегі «Сарышаған»
полигонын атауға болады. Зымыран-ғарыш
саласында тәжірибесі мол және сапалы
білім алған жоғары білікті кадрлар, дамыған
инфрақұрылым бар. Ғарыштық мәселелермен
айналысатын «Қазғарыш» ұлттық компаниясы,
«Қазақстан ғарыш сапары», «Ғарыштық байланыс
орталығы» акционерлік қоғамдары, «Жердің
ғарыштық мониторинг орталығы» сияқты
бірқатар құрылымдар жұмыс істейді. Алдағы
уақытта шағын және орта Жер серіктерін
жасайтын жоғары технологиялы зауыт салынуы
әбден мүмкін. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінде Қазақстандағы
алғашқы Ғарыштық техника және технологиялар
кафедрасы құрылды.
Түптеп келгенде, ғарышты игеру біз үшін
саяси, әскери немесе имидждік жоба емес,
ол ең алдымен, экономикалық, коммерциялық
жоба. Әлемде бес ғарыш айлағы бар болса,
соның бірі Қазақстанда орналасқан. Енді
Байқоңыр қаласының құқықтық реттеу құзыры
толықтай қазақ мемлекетінің өзіне қайтарылатыны
сөз болып жатыр. Қазақстан «Байқоңыр»
ғарыш айлағын Ресейге жалға беру арқылы
жыл сайын 115 млн АҚШ долларын алып отырғаны
белгілі. Бұл, бір жағынан, салмақты сома
болып көрінгенімен, Ресей тарапы қаржыны
уақтылы әрі нақты валютамен төлеп отырған
кезі есімізде жоқ. Есесіне, жыл сайын
Байқоңыр қаласында әлеуметтік, территориялық
даулар бой көтеріп тұратыны анық. Мамандардың
айтуынша, Қазақстан тарапы «Байқоңырды»
игеру ісінде Ресейден бөлек жолдарын
табуға да қабілетті. Ондай жағдайда Қазақстан
жерін жалға берумен ғана шектеліп қалмай,
өзі де түрлі жобалардың үлескері, тіпті
бастамашысы бола алады.
Мәселен, ғарышты туризмге айналдырушылардың
үміті ақталып жатыр. Америкалық ғарыш
мамандары туристік сапармен Айға барудың
құнын бір адамға 20 млн доллар деп белгілеп
үлгерді. Яғни сапар барысында бір ғана
адамды ілестіріп ала кету – жобаның айтарлықтай
шығынын жауып отыр. АҚШ-тағы жекеменшік
SpaceX компаниясы ғарышқа он шақты Жер серігін
ұшыру арқылы ғана 1,4 млрд доллар пайда
көрген. Бұл сома – NASA-ның бір жылдық бюджетінің
он екіден бір бөлігі. Соңғы 20 жылда әлем
елдері ғарыштық жобаларға 3 триллион
доллар қаржы жұмсаған екен. Мамандар
болжамынша, 2050 жылдары әлемдегі ғарыштық
туризм, Жер серіктерін ұшыру, астероидтардан
сирек кездесетін минералдар іздеуші
жобалардан жыл сайын 150 миллиард доллардан
пайда түсіп отыратын болады. Яғни бұл
саладағы айналып жатқан қаржының көлемі
өте ауқымды.
Осыдан біраз бұрын Ұлттық ғарыш агенттігінің
төрағасы Т.Мұсабаев Қазақстандағы ғарыштық
саланы қалыптастыру стратегиясы мен
еліміздегі ғарыш саласын дамытудың мемлекеттік
басқару реформасы бойынша ғарыш саласына
2020 жылға дейін жыл сайын 316 миллион АҚШ
доллары көлемінде қаржы қажет болатынын
айтқан еді. Бұл өтінішке біраз депутат
жағасын ұстап, таңданыс білдіргені де
бар. Алайда мамандар айтып жатқандай,
ғарыш саласына салынған әрбір доллар
өзін бес, он есеге дейін ақтайды екен.
Ендеше, біз де елдің индустриялық-инновациялық
даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш
индустриясы кластерінің құрылуы мен
дамуына, халықаралық маңызды серпінді
жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми
және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне
ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға
міндеттіміз.
Ғарышты игеру бейбіт мақсатта
болуы керек . Өкінішке қарай, әлемдегі ғарышты игеруші
елдердің жоспарында әскери мақсат, әскери
қарулану, әсіресе ядролық жобалар жоқ
емес. Атом өндірісін әскери мақсатта
пайдалануға болмайтыны секілді, ғарышты
да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға
болмайды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қойылатын
талап болуы қажет. Себебі бұл саланың
да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық
қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір
ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға
күш салып жатқан елдер де бар. Әскери
қорғаныс саласын жетілдіру жолында АҚШ
пен Иран секілді зымырандарға қарсы қорғаныс
орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін
тиімсіз болар еді. Еліміз Қазақстан өзінің
соңғы 20 жылдық тарихында қай салада болса
да, әскери амбиция танытқан емес, тек
бейбіт мақсаттарды көздеуде.