«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 05:37, отчет по практике

Описание

Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
- несиенің механизмін қарастыру;
- коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
- екінші дейгейдегі банктердің дағдарыс жағдайында салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3
1«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы.................... 4
1.1«Цеснабанк» АҚ қалыптасуы мен тұрақтануға шолу.................................. 4
1.2 «Цеснабанктің» АҚ құрылымы...................................................................... 9
1.3 «Цеснабанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау................. 12
2. «Цеснабанк» АҚ банктік операциялары.......................................................... 18
2.1 Депозиттік (жинақтық) операциялар......................... .................................. 18
2.2 «Банк клиент» жүйесі ..................................................................................... 20
2.3 Қаржы лизингі, бөлшектік операциялар................................. ...................... 22
2.4 Төлем карталары.............................................................................................. 25
2.5 Банктің басқа да операциялары...................................................................... 29
3. «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру....... 34
Қортынды................................................................................................................ 46
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................. 47

Работа состоит из  1 файл

Отчет Цесна банк.docx

— 156.46 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.....................................................................................................................

3

1«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы....................

4

1.1«Цеснабанк» АҚ қалыптасуы мен тұрақтануға шолу..................................

4

1.2 «Цеснабанктің» АҚ құрылымы......................................................................

9

1.3 «Цеснабанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау.................

12

2. «Цеснабанк» АҚ банктік операциялары..........................................................

18

2.1  Депозиттік (жинақтық) операциялар......................... ..................................

18

2.2 «Банк клиент» жүйесі .....................................................................................

20

2.3 Қаржы лизингі, бөлшектік  операциялар................................. ......................

22

2.4 Төлем карталары..............................................................................................

25

2.5 Банктің басқа да операциялары......................................................................

29

3.  «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру.......

34

Қортынды................................................................................................................

46

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................

47


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан банк жүйесі ТМД елдерінің  ішінде алдыңғы қатарда орын алатын халықаралық дейгейде танылып отырған  банктік жүйе болып табылады. Экономикалық өсу банк жүйесінің тұрақтылығына  оң әсерін тигізуде. Екінші деңгейдегі банктердің активтері күн санап  өсіп отыр. Солардың ішінде экономиканың секторларына және халыққа берілген несиелер көлемі артуда. Қазіргі кезде  бағасы қымбат несие банктің басты  табыс көзіне айналуда.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты – нарықтың дағдарыс жағдайында коммерциялық банктердегі несие беру қызметіне талдау жасай отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында  мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

- банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;

- несиенің механизмін қарастыру;

- коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;

- екінші дейгейдегі банктердің дағдарыс жағдайында салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;

- дағдарыс жағдайында несиені беруді дамыту жолдарын қарастыру.

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Респубилкасының Ұлттық Банкінде «Цеснабанк» коммерциялық банкі тіркелді.

Банк активтер, несиелік қоржын және депозиттер бойынша нарықтық үлесінің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, дамыған  филиалдар желісі бар әмбебап  қаржы институты ретіндегі жайғасымын нығайтып, сондай-ақ өзінің басты капиталы – сенімді серіктес атағына қажырлы  еңбегімен қол жеткізді.

Активтердің мөлшері бойынша ҚР ең ірі екінші деңгейлі банктердің ондығына Цеснабанктің енуі маңызды  оқиғаның бірі болды. Ұзақ уақыт бойы тұрақты 12-орында болған Банк 1 жылдың ішінде 4 сатыға көтеріліп, жақын орналасқан бәсекелестерін артта қалдырды.

Банк қызметінің негізгі мақсаттары нарығындағы тұрақты позицияларды сақтау:

  • банктің басым бағыттары - ШОБ пен бөлшек сауданы дамыту
  • дамыған филиалдық желісі бар әмбебап банк позициясын сақтау

Мемлекеттің барлық тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу

Ішкі сапалық өзгерістерді қалыптастыру:

  • банктің жалпы табыстық құрылымында пайыздық емес операциялық табыстың көбею;
  • клиенттер сегментациясына деген көзқарастың өзгеруі;
  • өнімдер мен қызметтің тиімділігін бағалау жүйесін құру;
  • корпоративті басқару сапасын көтеру;
  • тәуекелдік жүйесін көтеру - халықаралық стандарттар деңгейіне дейінгі менеджмент;
  • ішкі рейтингтік және скорингтік үлгілерді енгізу.
  1. «Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы

 

1.1 «Цеснабанк» АҚ қалыптасуы мен тұрақтануға шолу

 

 

Цеснабанктің іргетасы 1992 жылдың 17 қаңтарында Целиноград (Астана) қаласында  қаланған. Банк бүгінгі күні еліміздегі ірі 10 банктің құрамына кіретін танымал, тұрақты және серпінді дамып келе жатқан қаржы институты болып табылады. Ашылған сәтінен бастап Банк,әр клиенттің жеке қажеттіліктерін банк қызметтерінің кең спектрінде қанағаттандыра отырып, әмбебаптық және тиімділік қағидаларын ұстанады. Сенімді әрі тұрақтықаржы мекемесінің лайықты беделінбанктің Қазақстандағы клиенттері және шетелдегі серіктестері мойындап отыр.

2012 жылдың мамыр айында Банктің  филиадар желісінің саны 19-ға жетсе, Қазақстанның облыстық және аймақтық орталықтарындағы клиенттерге қызмет көрсету пункттері 100-ден асты. «Цеснабанк» АҚ активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктер ондығыныңқұрамына кірсе, жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі бойынша сегізінші орынға ие.

2011 жылдың қорытындылары бойынша  Цеснабанк британиялық World Finance журналының  жыл сайынғы жобасы аясында, әлемнің үздік 100 компанияларының тізіміне кіріп, ТМД елдері ішіндегі осы беделді марапатқа ие болған алғашқы компания болды.

Даму, өрістеу, клиенттік  база мен ұсынылатын қызметтер ассортиментін  кеңейтуге бағытталған толассыз қызмет нәтижесінде Банк еліміздің он ірі банктер қатарына кіретін танымал, тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан қаржы институтына айналды.

Ашылуынан бастап қызметінің кең спектріндегі әр клиенттің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, Цеснабанк әмбебаптық және тиімділік қағидаттарын ұстанады. Өнімдер және қызметтердің жоғарғы сапасы, жеделділік және қаржы тұрақтылығы Цеснабанк қызметінің негізін құрайды.

2000 жылдан бері Цеснабанк  депозиттерге кепілдемелер беру  Қазақстан қорының, ал 2007 жылдан бастап, ипотекалық несиелерге кепілдеме беру Қазақстан қорының мүшесі болып табылады.

Цеснабанк Қазақстанның алғаш мөлдір банкі болып атанды. 2009 жылдың маусым айында Цеснабанк Қазақстан Республикасының қаржы нарықтары мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау Агенттігімен «Банк қызметінің мөлдірлігін арттыру сұрақтары бойынша қызметтестік және өзара әрекеттесу туралы» меморандумына қол қойған болатын. Банк үшін мөлдірлік қағидаттарының мәні 2008 жылдың қараша айында өскен еді. Осы уақытта «Цесна» Корпорациясы «Цеснабанк» АҚ банк холдингінің мәртебесін алған болатын. Болашақ инвесторлар, клиенттер және басқа да қызыққан тұлғалар үшін, ақпарат қолжетімдігі мен, ақиқаттылығын қамтамасыз ете отырып, Банк өзінің меншік құрылымын айқара ашқан еді.

2009 жылы Банк капиталдың халықаралық нарықтарындағы қаражаттарды белсенді түрде тарта бастаған болатын. 2009 жылдың мамыр айында Банк 22 млн. АҚШ доллар сомасын құрайтын дебюттік бірлескен қарыз тартуын жүзеге асырды. 2009 жылдың желтоқсан айында 50 млн. АҚШ долларына тең екінші бірлескен қарыз, ал 2007 жылдың шілде айында 54 млн. АҚШ долларын құрайтын қарыз тартылды. Барлық жағдайларда шетелдік инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс болуына орай, қарыздың бастапқы сомасы екі есеге көбейтілген болатын.

Қаржы мекемесінің сенімді  әрі бекем абырой-беделін Цеснабанктің Қазақстандағы клиенттері мен шетелдік серіктестері дәлелдеп отыр. Банктің стратегиялық міндеттерді жүйелі орындауы, сәтті операциялық қызметі, қаржы есептілігінің мөлдірлігі мен ашықтығы, сонымен қатар бірлескен басқарманың ең жоғарғы деген стандарттарына сәйкес болуы арқасында «Euromoney» беделді халықаралық қаржы журналы 2007 жылы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азияда менеджменті үздік банктерінің бірі деп мақұлдады.

2010 жылдың ақпан айында  Цеснабанк 125 млн. АҚШ доллар сомасын құрайтын 3-жылдық еурооблигациялар шығарылымын толығымен және уақытылы өтеп шықты. Еурооблигациялардың аталмыш шығарылымы 2007 жылдың ақпан айында Банктің Tsesna International B.V. мамандандырылған еншілес компаниясымен «Цеснабанк» АҚ кепілдемесіне орналастырылған болатын. Бүгінгі күні Банктің басқа ірі сыртқы қарыздары жоқ.

Цеснабанк «Даму» кәсіпкерлікті  дамыту Қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылатын орта және шағын бизнесті қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысып, бөлінген қаражаттарды уақытылы әрі толық көлемде меңгеруде. 2010 жылдың шілде айында Банкке корреспонденттік қарым-қатынастар саласындағы қызметтестік пен төлемдердің жоғарғы сапасы үшін Citigroup және Commerzbank AG әлемнің жетекші қаржы институттарының марапаттары табысталды. Аталған халықаралық наградалар клиенттерге қызмет көрсетудің жоғарғы-деңгейін, корреспонденттік қарым-қатынастар саласындағы жемісті жұмыс, төлемдерді ресімдеу сапасын арттыру және есептердің жүзеге асырудың тиімді құралдарын қолданудың дәлелі болды.

2011 жылы Цеснабанк SAP ERP жобасын енгізу бойынша SAP Special Award for Quality марапатына ие болды.

Аталмыш марапат SAP шешімдерін енгізу барысында жобаларды жүргізудің, бизнес талаптарды жүзеге асырудың және енгізудің техникалық аспекттерін сәтті жүзеге асырудың жоғарғы сапасын көрсеткен клиенттерге беріледі.

Банк активтер, несиелік қоржын және депозиттер бойынша нарықтық үлесінің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, дамыған  филиалдар желісі бар әмбебап  қаржы институты ретіндегі жайғасымын нығайтып, сондай-ақ өзінің басты капиталы – сенімді серіктес атағына қажырлы еңбегімен қол жеткізді.

Активтердің мөлшері бойынша ҚР ең ірі екінші деңгейлі банктердің ондығына Цеснабанктің енуі маңызды  оқиғаның бірі болды. Ұзақ уақыт бойы тұрақты 12-орында болған Банк 1 жылдың ішінде 4 сатыға көтеріліп, жақын орналасқан бәсекелестерін артта қалдырды.

Активтердің бұндай өсуі депозиттер өсуі болмаған жағдайда мүмкін болмайтын  еді, осы қарқын бойынша Цеснабанк  Қазақстандағы сөзсіз лидер болып, отандық депозиторлардың күннен күнге артып келе жатқан сенімін  анық көрсетті.   Шетелдік инвесторлардың сенімін ақтай отырып, Цеснабанк дағдарыс кезінде қазақстандық банктердің ішінде алғашқысы болып барлық ірі қарыздарды, соның ішінде еурооблигацияларды толық әрі уақытылы төлеп шықты. Тұрақты жұмыс пен мықты менеджмент командасының еңбегінің арқасында Цеснабанк жаңа, Банк үшін маңызды корпоративтік клиенттерді тартуды жүзеге асырды, соған қоса кредиттік қоржын сапасын саладағы ең жоғары деңгейде сақтап қалды.

Аталған жетістіктер шетелдік қауымның Банкті мойындауына негіз болды. 2011 жылдың нәтижесі бойынша Цеснабанк  «World Finance» британдық журналының жыл сайынғы жобасы әлемнің 100 жетекші компаниялары мен лидерлері тізіміне еніп, осы беделі жоғары марапатты алған ТМД-дағы алғашқы банк атанды. Сарапшылардың пікірінше, Цеснабанктің даму стратегиясы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, дағдарыстан туындаған мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашты.

SAP ERP жүйесін сапалы енгізу үшін 2011 жылдың қараша айында Цеснабанк  SAP Quality Award марапатына ие болды. SAP корпорациясының тарихында алғаш  рет енгізу сапасы үшін берілетін  марапатты иелену мәртебесіне  Қазақстандық компания ие болып  отыр.   

«Цесна» Корпорациясы» АҚ Банктің 20 жылдық мерейтойының құрметіне табыс  еткен «Цесна» алтын белгісінің де Банк үшін маңызды марапат екенін атап өту керек. Осы Корпорацияның 23 жылдық тарихында алғашқы рет  осы ең жоғары үздік белгі «Цесна»  құрамына кіретін ұйымның қызметкеріне емес, компанияның өзіне беріліп  отыр.  

Дағдарыс кезеңінде Банк сапалы клиенттерді тартуды нығайта  түсті. Бұл көбіне жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға арналған өнімдер  желісінің жаңаруымен қамтамсыз  етілген, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ-пен  түрлі бағдарламалар бойынша, соның  ішінде «Бизнестің жол картасы 2020»  белсенді қызмет атқаруына байланысты. Қосымша Банк жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жекелеген бизнес-процестерді  қайта қарастырды,   IT-инфрақұрылымды нығайтты, сондай-ақ тәуекелдіктерді басқару бойынша әлемдік деңгей стандарттарын енгізді. 

Банк үшін 2011 жылғы күз айларының  маңызды оқиғасы ретінде VISA ХТЖ  принципиалды қатысушысы статусына  ие болуын атап өткен жөн. Аталған  мәртебе белгілі бір қаржы  жетістіктеріне қолжеткізген  кезде беріледі және Банкке VISA Халықаралық төлем жүйесімен тікелей қызмет етуге, өнімдер желісін кеңейтуге және төлем карточкаларының иеленушілеріне икемді тарифтік саясатпен үйлесім таба отырып жаңа қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

Информация о работе «Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы