Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 05:37, отчет по практике
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
- несиенің механизмін қарастыру;
- коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
- екінші дейгейдегі банктердің дағдарыс жағдайында салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы.................... 4
1.1«Цеснабанк» АҚ қалыптасуы мен тұрақтануға шолу.................................. 4
1.2 «Цеснабанктің» АҚ құрылымы...................................................................... 9
1.3 «Цеснабанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау................. 12
2. «Цеснабанк» АҚ банктік операциялары.......................................................... 18
2.1 Депозиттік (жинақтық) операциялар......................... .................................. 18
2.2 «Банк клиент» жүйесі ..................................................................................... 20
2.3 Қаржы лизингі, бөлшектік операциялар................................. ...................... 22
2.4 Төлем карталары.............................................................................................. 25
2.5 Банктің басқа да операциялары...................................................................... 29
3. «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру....... 34
Қортынды................................................................................................................ 46
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................. 47
Клиенттер санының көбеюі Банк штатының
және қызмет көрсету нүктелерінің көбеюіне
әсер етті. 2011 жылы еліміз бойынша 25 қосымша
жай ашылды, сондай-ақ Алматы филиалының
орталық офисі қазіргі заманға
сай «Нұрлы Тау» көпфункционалды
орталығына орналасты. Ағымдағы жылдың
сәуірінде Банктің Щучинск
Осылай, 20 жылдық межеден өтіп, дағдарыс бұл – тек қана шығасы ғана емес, сонымен қатар өсу мүмкіндігі екенін дәлелдей отырып, Цеснабанк өзін тұрақты әрі сенімді қаржы институты ретінде мәлімдеді.
Корпорация ұраны - «Алысқа жетелейтін арманды біріктіре отырып»
Корпорация ұраны оның
ұмтылыстарын дәл көрсетеді. Нарық жағдайларында
жаңа ерекше шешімдерді іздеу және оларды
тәжірибеде қолдану - бұл да"Цесна» бизнесін жүргізудің
ерекшелігі. Сәтті болуға ұмтылу және басқаларға көмектесу -
бұл «Цеснаның" қағидасы. Макроэкономикалық
параметрлер бойынша айтатын болсақ, бұл еліміздің
кәсіпкерлік саласын дамытуға қосылған қомақты
Бүгінгі күні Корпорация болашаққа сеніммен қарап, уақыт талаптарын абыроймен қарсы алады.
1993 жыл, Алматы мен Қостанай қалаларында филиалдар ашылды.
1996 жыл, орталық Азия - Америкалық кәсіпкерлікті қолдау қорымен (Азиялық кредиттік компания) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасалды.
1997 жыл, Степногорск және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды.
1998 жыл, Азия даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті дамытуға арналған кредиттік желілері ашылды және Дүниежүзілік банкпен Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейін қолдау жөнінде келісімге қол қойылды.
2000 жыл, «Цеснабанк» АҚ Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорына мүше болды.
2001 жыл, Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында «Цеснабанк» «Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған деп танылды.
2003 жыл, ауыл шаруашылық министрлігі жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік банктің кредиттік желісін іске асыруға қатысушы банктердің арасында үздік деп танылды, Қазақстандық қор биржасының Биржалық кеңесінің шешімімен банк акциялары КАSЕ-нің «А» санатты бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді, банкті Еуропалық қайта құру және даму банкі ең сапалы кредиттік қоржыны бар банк ретінде атады, Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасы қорытындысында банк банктік ақпараттық технологияны автоматтандыруға қатысты Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына өткен деп танылды.
2007 жыл, Астана қаласында Астаналық филиал жұмысын бастады, Көкшетау қаласында КЕБ және Қарағанды қаласында филиал ашылды, банк VISA халықаралық төлем жүйесіне ассоциацияланған мүше және Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қорына мүше ретінде қабылданды.
2010 жыл, банк сомасы 125 млн. АҚШ доллары болатын 3 жылдық еврооблигация шығарылымын жоспарлы өтеуді жүзеге асырды, банктің Екібастұз қаласында филиалы ашылды, банк жарғылық капиталын 5 млрд. теңгеге көбейтті.
2009 жыл, банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы іске асырылған Шағын және орта бизнес жобаларды қаржыландыруды тұрақтандыру бағдарламасының екінші траншының қаражатын ойдағыдай игерді, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» арқылы бөлінген екі транштың қаражатын ойдағыдай игерді, банк «Еуразиялық сауда жүйесі» тауарлық биржасында есеп айырысу ұйымы ретінде таңдалды, жылжымайтын нарықтағы мәселелерді шешу және тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтауды уақытында қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында, Банк пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың арасында «Самұрык-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен екінші деңгейлі банктердің арасында жылжымайтын нарықтағы мәселелерді шешу бойынша өзара әрекеттестік туралы Келісім жасалды.
2008 жыл, банк шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ақша қаражатын бөлу бойынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (ШОКД) бағдарламасына қатысты, «Цеснабанк» АҚ пен «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорация» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, банктің жарғылық капиталы 2 млрд. теңгеге көбейді.
2007 жыл, «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында жарғылық капиталды 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге көбейту туралы шешім қабылданды, банк жаңа қызмет көрсетуді - мобильді банкингті, ұялы телефондардағы SMS-хабарламалар көмегімен карточкалық шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы бақылау жүйесін енгізді. банк Қазақстанда бір ай ішінде 3 филиалды – Тараз қаласында, Қызылорда қаласында және екінші филиалды Алматы қаласында ашты, «Цеснабанк» АҚ пен Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі «Цеснабанк АҚ қызметінің ашықтығын көтеру мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы» екі жақты меморандумға қол қойды,Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды.
1.2 «Цеснабанк» АҚ басқару, ұйымдастыру құрылымы
Банкті басқару органының құрылымы: жоғарғы орган – Акционерлердің жалпы жиналысы ; басқару органы - Директорлар Кеңесі; атқару органы – Басқарма ; бақылаушы орган - ішкі аудит қызметі.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне мынадай мəселелер жатады:
1) банк жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе оның жаңа редакциясын бекіту;
2) Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарына сəйкес
Банкті ерікті қайта
3) банктің жарияланған акцияларының санын өзгерту жөнінде шешімдер қабылдау;
4) есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) банктің Директорлар Кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеудің мөлшері мен шарттарын анықтау;
6) банк аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
7) жылдық қаржы есеп- қисапты бекіту;
8) банктің есептік қаржы жылындағы таза табысын бөлу тəртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдау жəне жыл қорытындысы бойынша Банктің бір жай акциясы есебімен дивиденд мөлшерін бекіту;
9) қолданыстағы заңдарда қарастырылған жағдайлар болған кезде Банктің жай жəне артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер туралы шешім қабылдау;
10) банкті құруға немесе өзге тұлғалардың Банкке тиесілі барлық активтердің жиырма бес сомасын жəне одан көп пайызын құрайтын активтердің бөліктерін беру немесе бірнеше бөліктерін беру жолымен қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
11) банктің ірі мəмілелер мен жасалуына Банк мүдделі мəмілелер жасауы туралы шешімін бекіту ;
12) банк міндеттемелерін оның меншікті капиталының жиырма бес жəне одан көп пайызды сомасына көбейту туралы шешім қабылдау;
13) банктің акционерлерге Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама түрлерін анықтау жəне мұндай ақпаратты баспа басылымына орналастыру туралы шешім қабылдау;
14) акциялардың оларды Банк Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарына сəйкес сатып алу кезіндегі құнын анықтау əдістемесін бекіту;
15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тəртібін бекіту;
16) акцияларды бөлшектеу (сплит) жəне шоғырландыру;
17) акционерлерге Банк қызметі туралы ақпаратты жеткізу тəртібін анықтау, соның ішінде баспа басылымын анықтау.
Директорлар кеңесінің айрықша құзіретіне мынадай мəселелер жатады:
1) банк қызметінің басым бағыттарын белгілеу;
2) акционерлердің жылдық жəне кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
3) банк акцияларын орналастыру жəне оларды жарияланған акциялар саны шегінде орналастырудың бағасы туралы шешім қабылдау;
4) банктің орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алуы туралы шешім қабылдау;
5) банктің жылдық қаржы есеп – қисабын алдын ала бекіту;
6) жай акциялар бойынша
дивидендтер төлеу туралы
7) банктің облигациялары мен туынды бағалы қағаздарын шығару жағдайын анықтау;
8) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның басшысы мен мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
9) басқарма басшысы мен мүшелерінің лауазымдық еңбекақыларының мөлшерін жəне еңбекке төлеу шарттарын жəне сыйлық беруді белгілеу;
10) ішкі аудит қызметінің жұмыс тəртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлері еңбегіне төлеу мөлшері мен шарттарын жəне сыйлық беруді белгілеу;
11) бағалаушылар мен аудиторлық ұйымның қызметіне төлем мөлшерін белгілеу;
12) банктің резервтік капиталын пайдалану тəртібін белгілеу;
13) банктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту (Басқарма Банк қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылдаған құжаттардан басқа);
14) банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру жəне жабу, олар туралы ережені бекіту жөнінде шешім қабылдау;
15) банктің басқа ұйымдарды құру мен қызметі туралы шешім қабылдау;
16) банк міндеттемесін оның меншікті капиталының он жəне одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
17) бұрынғы тіркеушімен шарт бұзылған жағдайда Банк тіркеушісін таңдау;
18) қоғам немесе оның
қызметтік, коммерциялық
19) ірі мəмілелер мен жасалуына Банк мүдделі мəмілелер жасау туралы шешім қабылдау;
20) акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатпайтын өзге мəселелер.
21) банк қызметінің тəртібін белгілейтін, Банктің ішкі құжаттарын бекіту, оның ішінде Банктің Ішкі ережелерін өткізу операцияларын жəне Ішкі несие саясатының жалпы жағдайлары жөніндегі Ережені бекіту.
Банктің қаржы – шаруашылық
қызметіне бақылау жасауды
Ішкі аудит қызметінің
қызметкерлері Директорлар
Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар Кеңесіне бағынады жəне өз жұмысы жөнінде олардың алдында есеп береді.
Ішкі аудит қызметі кез келген уақытта өз бастамасымен Акционерлердің жалпы жиналысы, Директорлар Кеңесі шешімі бойынша Банктің қаржы – шаруашылық қызметіне бақылау жасау мақсатында тексеру жүргізуге құқылы.
Ішкі аудит қызметі осы мақсатта Банктің барлық құжаттамасына сөзсіз кіру құқығына ие.
Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрылымы:
Кесте 1
Акционерлік қоғамның ұйымдастыру құрылымы
Банк басшылығы Атқаратын лауазымы |
Аты-жөні |
Басқарма Төрағасы |
Кожахметов Куат Бакирович |
Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары |
Ордабаев Галым Жуманович |
Басқарма Төрағасының орынбасары |
Баишева Вера Ивановна |
Атқарушы Директор |
Жусупов Алпысбай Дюсембаевич |
Кесте 2
Банктің негізгі құрылымдық бөлімшелері
Бөлімшелердің атауы |
Бухгалтерлік есеп жəне есептеме департаменті |
Қарыздар мен лизингтік операциялар департаменті |
Операциялық қызметті үйлестіру департаменті |
Заң департаменті |
Банктік тəуекелдік департаменті |
Талдау жəне болжау департаменті |
Ақпараттық технологиялар департаменті |
Ішкі аудит басқармасы |
Қазнашылық басқармасы |
Бас бухгалтерия |
Халықаралық қатынастар басқармасы |
Банк ішіндегі операциялар басқармасы |
Банктік карточкалар басқармасы |
Қарыздық операциялар басқармасы |
Мониторин жəне қарыздарды жіктеу басқармасы |
Аппараттық қамтамасыз ету басқармасы |
Бағдарламалық қамтамасыз ету басқармасы |
Қауіпсіздік басқармасы |
Информация о работе «Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы