Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 05:37, отчет по практике
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
- несиенің механизмін қарастыру;
- коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
- екінші дейгейдегі банктердің дағдарыс жағдайында салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы.................... 4
1.1«Цеснабанк» АҚ қалыптасуы мен тұрақтануға шолу.................................. 4
1.2 «Цеснабанктің» АҚ құрылымы...................................................................... 9
1.3 «Цеснабанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау................. 12
2. «Цеснабанк» АҚ банктік операциялары.......................................................... 18
2.1 Депозиттік (жинақтық) операциялар......................... .................................. 18
2.2 «Банк клиент» жүйесі ..................................................................................... 20
2.3 Қаржы лизингі, бөлшектік операциялар................................. ...................... 22
2.4 Төлем карталары.............................................................................................. 25
2.5 Банктің басқа да операциялары...................................................................... 29
3. «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру....... 34
Қортынды................................................................................................................ 46
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................. 47
4) құнды металдардан және құнды тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есеп жүргізу, сақтау және сату;
Банк тазартылған құнды металдарды сатып алу/сату бағамдарын, сонымен қатар, құнды металдардан жасалған тиындар мен зергерлік бұйымдарды әрі құнды металдардан және құнды тастардан тұратын зергерлік бұйымдарды сатудың бағамдарын (бағаларын) дербес белгіленеді. Сонымен бірге, Банк тазартылған құнды металдардың нарықтың құнының деңгейін, қаржылық нарықтың конъюнктурасын және баға белгілеудің басқа да маңызды факторларын басшылыққа алады. Тазартылған құнды металдардың бағамдары, сонымен қатар, құнды металдардан жасалған тиындардың әрі құнды металдардан және құнды тастардан тұратын зергерлік бұйымдардың бағамы (бағасы) Банктің уәкілетті органымен/тұлғасымен белгіленеді.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру – Цеснабанктің басты бағыттарының бірі болып есептеледі. 2007 жыл бойы Банк шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелендіру қарқынын арттырып, аталмыш топтың қарыз қоржыны көлемінің өсу шараларын жүзеге асырды. Нарықтағы Банк қалыптарын оңтайландыру мақсатында қолданыстағы несие шараларына бірнеше рет өзгерістер енгізілген болатын. Осының салдарынан, ШОБ клиенттеріне жеке және икемді қатынастар сақталып, несие бағдарламасы өнімдерінің бәсекелестіктігі жоғарлаған болатын.
2007 жылдың бірінші жартсынан бастап, ШОБ бөлімдерінің/секторларының клиенттері мен Банк қызметкерлеріне арналған бағдарламалық акциялар өткізілген болатын. «Бизнеске арналған жеңілдіктер жиынтығы» атты акция және ШОБ өнімдерін сататын филиалдар басшыларының арасында жарыс акциясы несиелер санының және берілген несиелер ауқымының өсуіне, сонымен клиент базасының кеңеюіне әкелді.
Банк филиалы желісінің кеңеюімен қатар, ШОБ бөлімдеріне /секторларына қызмет көрсететін қызметкерлерді іріктеу және тұрақты тұрғыда семинарлар өткізіп, қашықтықта оқыту және дәрежесін өсіру жұмыстары атқарылды.
2007 жылдың соңында Банк «Шағын және орта бизнесті дамыту қоры» АҚ бөлген қаржыны игеруге қатысты. Соның салдарынан, Банк ҚР Үкіметі бастаған шағын және орта кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мемлекеттік саясатының жобасын жүзеге асыратын жеті серіктес-банктердің қатарына кіріп, осы салада өз үлесін қосты.
Цеснабанк бөлшек бизнесті дамытуға стратегиялық түрде бағытталған. Қызмет көрсету сапасының өсуі және дәстүрлі әрі жаңа банк өнімдерін ұсыну потенциалды клиенттерді тартуға және берік әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнатуға ықпал етеді. Бұған ұсынылып отырған қызметтерді сату көлемінің және Банктің клиенттер базасының өсуі айғақ бола алады. Атап айтар болсақ, 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың саны 97 000 астам клиенттерді құрады. 2007 жылы жеке тұлғалардың клиенттер базасының өсімі 202%-ды құрады.
Соңғы жылдары еліміздегі кәсіпкерлік саласы өркендеп, айтарлықтай дамып келеді. Кәсіпорындар, оның ішінде отандық өндіріс орындарының саны артып отыр. Бұрынғыдай емес, кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығы да артып, олардың әрбір жаңа бастамалары мен жобаларына мемлекет тарапынан қызу қолдау көрсетілуде. Банктердегі қызмет түрлерінің біршама көбеюі де жағымды жәйт. Өйткені бүгінде кәсіпкер айналымдағы қаражаттың жетіспеуі, қосымша инвестиция немесе қарызды қайта қаржыландыру қажеттігі сияқты қандай да бір кедергілерге тап болса, банк ол қиындықтан шығудың қолайлы жолын ұсына алады. Соңғы кезде келісімшарт бойынша болашақтағы кірісті қаржыландыру қызметі үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Бағдарлама «Цесна-Контракт»
деп аталады. Ол дамыған инфрақұрылымы,
жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ, осы
келісімшартқа ұқсас
Несиені алу сатылары: ең алдымен, несие алушы мен тапсырыс берушінің арасында келісімшарт жасалуы қажет. Осы келісімшартта «Цеснабанк» деректемесі, жұмысты орындау жоспары, мәміленің бұзылу шарттары, сонымен қатар келісімшарт бойынша төлеу кестесі мен шарттары көрсетілуі тиіс. Осыдан кейін барып кәсіпкер қаржыландыруды сұрап банкке келеді. Банк мамандары мәміле шарттарының бағдарлама талаптарына сәйкестігін мұқият тексеріп, қолайлы төлем кестесін жасайды. Несие тұтынушының қажеттілігіне сай бір немесе бірнеше траншпен беріледі. Келісімшарттағы міндеттемелерін орындауына және тапсырыс берушіден көрсетілген қызмет немесе жеткізілген тауарлар үшін алған ақысына байланысты компания банк алдындағы берешегін өтей бастайды. Кәсіпкердің өтініші 5-7 күннің ішінде қаралады. Банктің жобаны қаржыландыру туралы шешім шығару мерзімі негізінен несие алушының жауапкершілігіне байланысты. Егер компания белгіленген мерзімде қажетті құжаттардың толық тізбесін ұсынатын болса, әрине, оның өтініші де шұғыл түрде қаралатын болады. «Цесна-Контракт» бағдарламасы бо-йынша кепілзат ретінде қаржыландырылатын келісімшарт бойынша талап ету құқығы немесе несие алушының есепшотына түсетін қаражат, барлық кәсіп иелерінің кепілдігі, сондай-ақ берілетін несиенің сыйақысы мен негізгі қарыздың бір айлық төлемі мөлшеріндегі депозит саналады. Тапсырыс беруші келісімшарт бойынша ақысын кешіктірген жағдайда төлем осы депозиттен алынады. Қаржыландыру жобасы бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін болса, несиені қосымша кепілзаттар ұсыну арқылы алуға болады. Қаржыландыру келісімшарт сомасына, сондай-ақ өткен есептік кезеңдегі орындалған келісімшарттардың көлеміне сәйкес болады. Банк тұтынушының осыған ұқсас келісімшарттарды орындау тәжірибесін, ағымдағы қаржылық жағдайын зерттей келе, әлеуетті несие алушының жұмыс көлемін мөлшерлейді. Осыған байланысты алдын ала болжам жасалып, жаңа жобаны іске асыра алуын шамалайды.
Келісімшартты орындау үшін банк берген кепілдемені қоса алғанда, қаржыландырудың ең жоғарғы сомасы келісімшарт сомасының немесе өткен есептік кезеңде жүзеге асырылған жобалар сомасының 70 пайызынан аспауы тиіс. Несие мерзімі 3 айға дейін болса, сыйақы мөлшері жылына – 12 пайыз. Несие мерзімі ұзарған сайын сыйақы мөлшері де арта түседі. Әр тұтынушының жағдайы әртүрлі болғандықтан, «Цеснабанк» оларға қолайлы жолын ұсынуға тырысады. Соған байланысты сыйақы мөлшерін төмендетіп, қолайлы төлем кестесін жасап, несие төлеуді кейінге ысыра тұруы ықтимал. Өйткені «Цесна-Контракт» бағдарламасы мүмкіндігінше қолжетімді болып, кәсіпкерлердің ісін дөңгелетуге септігін тигізсе дейміз.
Жобаны қолдау үшін кәсіпкердің осыған дейінгі несие тарихы мүлтіксіз таза болып, бюджет алдында қарызы болмауы тиіс. Ал оның тапсырыс берушісі «Цесна-Контракт» бағдарламасы бойынша тапсырыс берушілер тізіміндегі ірі компаниялардың бірі болуы керек. Мұндай ұйымдардың саны 40-тан астам. Әрине, ұлттық компания-ларға басымдық береміз. Толық тізімді кәсіпкерлер банктегі маманнан алуына болады. «Цеснабанктің» шарттары өте қолайлы, қаржыландыру түрлері ыңғайлы және филиалдары да көп. Бүгінде банк еліміздің қаржы нарығындағы тұрақтылығымен ерекшеленіп отыр. Биыл банк 20 жылдық мерейтойын тойлайды. Осы атаулы күнге сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да жақсы көрсеткіштермен келеміз. 2011 жылдың қорытындысында біз активтер мөлшері бойынша Қазақстанның ірі банктерінің рейтингінде 8-орынға табан тіресек, меншік капитал мөлшері мен жеке және заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі бойынша ондыққа ендік. Ал таза кіріс мөлшері бойынша 7-орынды иелендік. Бүгінде өзге де қаржы институттары осыған ұқсас қызметтерді ұсынуы мүмкін. Алайда «Цеснабанктің» ерекшелігі – ол өз тұтынушыларының бас-тамаларына сеніп, әрқайсысына қол ұшын беруге әзір.
«Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беру нарығында белсенді жұмыс жүргізуде. Қаржыландыру теңгемен, АҚШ долларында және еурода ұсынылады.
Кредит берудің бір қатар бағдарламалары бар:
Кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде келесілер ұсынылуы мүмкін: депозиттегі ақша қаражаты, жылжымайтын мүлік, автокөлік, МТҚ, үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктері, келісімшарт бойынша болашақта түсетін ақша қаражаты.
Кредиттер тек қолданыстағы бизнесі бар кәсіпкерлерге ғана емес, ЖК/ЖШС-ке, сондай-ақ жеке тұлғаға ресімдеу мүмкіндігімен өз бизнесін ұйымдастыруға ниетті тұлғаларға да беріледі.
Сізге Цеснабанктің білікті менеджерлері Сіздің тілегіңіз бен қажеттіліктеріңізге сай келетін ең тиімді кердит беру бағдарламасын таңдауда көмек көрсетеді
- ШОБ-қа қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалар
- шағын бизнес субъектілеріне кредит беру
- орта бизнес субъектілерін кредиттеу
«Цеснабанк» АҚ кәсіпкерлік субъектілерге қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы.
1. ауыл шаруашылығы министрлігі 039 «Ауыл шаруашылығын қолдау кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің орнын толтыру»
Мақсатты топ - ауылшаруашылық өнімін, балық өңдейтін және/немесе дайын тамақ өнімдерін өндіретін жеке, заңды тұлғалар меншік формасына қарамастан, шаруашылық (фермерлік) қожалығын қоса алғанда.
2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
Мақсатты топ - Қазақстан Республикасы аймақтары үшін экономиканың басым салаларындағы қызметтерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС) болып табылатын субъектілер.
Бағдарламаны жүзеге асыру үш бағытта жүргізіледі:
1-бағыт -жаңа және қолданыстағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілетін жаңа банктік қарызды алу мүмкіндігін көздейтін жаңа бизнес бастамаларды қолдау;
2-бағыт - қолданыстағы қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаражаттандыру арқылы кәсіпкерлік секторды сауықтыру.
3-бағыт - кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдіктерін төмендету. Осы бағытта валюталық түсімі бар кәсіпкерлерге банктерде бар кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бөлігін қаражаттандыру түрінде қолдау көрсетіледі.
3. агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне көктемгі-дала жұмыстарын және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін кредит беру жобалары және инвестициялық жобалар бойынша «ҚАЗАГРО» ҰБХ» АҚ пайдасына банктік кепілдіктер беру.
4. «Даму Аймақтар 2» бағдарламасы
Осы «Даму Аймақтар 2»
аймақтық басымдықты жобаларды қаржыландыру
бағдарламасын Қазақстан
Мақсатты топ - Қазақстан Республикасы аймақтары үшін экономиканың басым салаларында қызметтерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС) болып табылатын субъектілер.
Несиелеу элементі |
Несиелеу шапты |
Қарыз валютасы |
Теңге, АҚШ доллары |
Мақсатты топ |
Қолданыстағы бизнесі бар жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар - 25 жастан асқан ҚР резиденттері. |
Қарыздың мақсаты |
Тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу/қайта қаржыландыру |
Қарыз сомасы |
Жылжымайтын мүлік құнының 70%-ына дейін |
Сыйақы мөлшерлемесі |
жылдық 10, 5%-дан, жылдық тиімді
сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11, 3%-дан
бастап. |
Ең аз бастапқы жарна |
Сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан 30% (жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілзат ұсынған кезде жылжымайтын мүлікті бастапқы жарнасыз сатып алу мүмкін) |
Қарыз мерзімі |
20 жылға дейін |
Қамтамасыз ету |
Кепілзатпен қамтамасыз ету ретінде сатып алынатын және/немесе пайдалануға берілген меншіктегі жылжымайтын мүлік ұсынылуы мүмкін. |
Қарызды ұйымдастыру үшін алынатын комиссия |
Қарыз сомасының 0, 5%-ынан бастап |
Кесте 6
Орта бизнес субъектілерін несиелеу шарттары
Несиелеу элементі |
Несиелеу шапты |
1 |
2 |
Қарыз валютасы |
KZT/USD*/EURO* |
Мақсатты топ |
ЖК/ЖШС/АҚ |
6 кестенің жалғасы | |
1 |
2 |
Қарыздың мақсаты |
- Айналым қаражатын толықтыру - Инвестиция (негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу және жаңғырту, жылжымайтын мүлік сатып алу, өндірісті кеңейту және т.б.) - Ағымдағы несие берешекті қайта қаржыландыру |
Қарыз сомасы |
1 000 000 000 теңгеге дейін |
Сыйақы мөлшерлемесі |
жылдық 11, 5%-дан* |
Қарыз мерзімі |
120ға дейін |
Қамтамасыз ету |
|
Информация о работе «Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы