«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 05:37, отчет по практике

Описание

Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
- банктік несиенің ұғымын және түрлерін нақтылау;
- несиенің механизмін қарастыру;
- коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
- екінші дейгейдегі банктердің дағдарыс жағдайында салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3
1«Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы.................... 4
1.1«Цеснабанк» АҚ қалыптасуы мен тұрақтануға шолу.................................. 4
1.2 «Цеснабанктің» АҚ құрылымы...................................................................... 9
1.3 «Цеснабанк» АҚ жалпы экономикалық көрсеткіштерін талдау................. 12
2. «Цеснабанк» АҚ банктік операциялары.......................................................... 18
2.1 Депозиттік (жинақтық) операциялар......................... .................................. 18
2.2 «Банк клиент» жүйесі ..................................................................................... 20
2.3 Қаржы лизингі, бөлшектік операциялар................................. ...................... 22
2.4 Төлем карталары.............................................................................................. 25
2.5 Банктің басқа да операциялары...................................................................... 29
3. «Цеснабанк» АҚ шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру....... 34
Қортынды................................................................................................................ 46
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................. 47

Работа состоит из  1 файл

Отчет Цесна банк.docx

— 156.46 Кб (Скачать документ)

2007 жылы EDC (Канада экспортты  дамыту корпорациясы), Deere Credit Inc. оны қолдайтын US Eximbank, Landesbank Berlin AG оны қолдайтын SACE (экспортты-несие агенттігі, Италия) сияқты ұйымдармен сауда қаржыландырудың келісіміне қолқойылды.

2007 жылдың қараша айында  Цеснабанк АҚ Ресейде, Мәскеу қаласында ресми түрде өкілдігі тіркелді. Өкілдіктің басты мақсаттары: Ресей Федерациясының банк секторындағы ахуалды және экономикалық жағдайды сараптау, Банктің клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсету, халықаралық ынтымақтастықты нығайтумен қатар, Ресей несие ұйымдарымен қарым-қатынасты ұлғайту және өсіру.

Дәйекті және сенімді бизнес-стратегияның жүзеге асуы барысында, сондай–ақ халықаралық менеджменттің стандарттарына сәйкес болуының арқасында, 2007 жылдың мамыр айында белсенді халықаралық «Euromoney» қаржы журналы «Best Managed Companies 2007» номинациясы бойынша Цеснабанк Орта, Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең үздік менеджменті бар банктердің бірі екенін мойындады.

Осы марапат барлық Банк қызметшілерінің кәсіптік маман деңгейінің жоғары сатыда екендігін дәлелдейді және команданың нысанасы басқару жүйесін үнемі жетілдіруінде екендігіне көз жеткізеді.

Клиенттердің кең таралымына қызмет көрсетуді неғұрлым қолайлы  етуге ұмтылған Банк өзінің филиалдық желісін әрдайым дамыту үстінде.

2007 жылы Цеснабанк 5 жаңа филиалды Шымкент, Алматы, Тараз, Қызылорда қалаларында, сондай–ақ Алматы облысының Каменка кентінде ашты. Сондай–ақ 27 елді мекенде қосымша офистер ашылды. 2007 жылдың аяғында Цесна-банк Қазақстан банктік қызмет көрсету нарығында 19 филиалымен және 59 бөліммен көрсетілді.

2.5 Басқа да банктік  операциялар

 

 

Цеснабанк түрлі төлем  әдістерін қолдайтын, құжаттық операциялар бойынша (аккредитив, инкассо, банктік кепілдіктер) халықаларық банк саласында қолданып отырған, экспортты-импортты операцияларды жүргізетін корпоративті клиенттердің мүддесін кепілді қорғайтын жоғары сенімді есеп айырысудың халықаралық түрін ұсынып отыр.

Клиеттің мүддесін барынша  қорғау мақсатында Банктің қызметкерлері экспортердің/импортердің таңдауы бойынша есеп айырысудың ең тиімді шарттарына кеңес  беру қызметін көрсетеді.

Цеснабанкте ашылған ағымды шоттар бойынша клиент келесі операцияларды  қолдана алады:

1) Банктің ішінде немесе  басқа банктерге ақша аудара алады (теңгеде немесе шетел валютасында):

- алынған немесе берілген тауарлар, жабдықтар, өндірісітік өнімі, істелген жұмысы, көрсеткен қызметі үшін аудара алады;

- жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы салымдарын төлеуге және

- міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударым жүргізе алады;

- салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу мақсатында аудара алады;

- Қазақстан Республикасының  заңнамасына қайшы келмейтін  басқа мақсаттарға пайдалана  алады.

2) қолма-қол ақшасыз шетел  валютасын конвертациялау (сатып  алу/сату);

3) кіріс және шығыс  төлемдері бойынша (теңгеде және  шетел валютасында) тексеру;

4) қолма-қол ақшамен операциялар  жасау (ағымды шотқа ақша салу  және ағымды шоттан ақша алу).

Банк филиалдарында өздерінің  жеке инкассация қызметі бар, соның  салдарынан клиент өзіне қолма-қол  ақшаны инкассациялауының ыңғайлы  кестесін таңдай алады. Арнайы жаттықтырылған қызметкерлер, брондалған автокөліктер – осының бәрі бизнес-клиенттердің құндылықтар мен ақшаларын қауіпсіз жеткізулері және сенімді қорғанысы.

Қолма–қол ақшаның және айырбастау тиындардың жеткізілуі және инкассация клиентпен келіскен уақытында  әкелінеді. Ол сауда–саттық әрекетін жасап жүрген, қолма–қол ақшамен  жұмыс істейтін клиенттерге, қауіпсіздіктің аса жоғары дәрежесін қосқанда, өзінің сауда орындарының жұмыстарын оңтайландыруға мүмкінді береді.

Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала  отырып, Цеснабанк клиенттердің валюталық  операцияларын жүргізеді. Валюта бақылауының  агенті бола отырып, Банк клиенттерге  қызмет көрсетудің кең тарауын ұсынып отыр:

Қазақстан Республикасының  заңнамасына және құқықтық-нормативті актілеріне сәйкес Банктің Клиенттері жүргізген валюталы операциялардың сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының  валюталы заңнамасының талаптарына  сай сыртқы экономикалық шарттар, сондай–ақ  шарттар жобаларының сәйкестігі жөніндегі мәселеге кеңес береді;

Валюталық заңның талаптарына  сәйкес Банк құжаттардағы бланкілерді  толтыру тәртібінің орындалуына  көмек көрсетіп, кеңес береді;

Қазақстан Республикасының  кедені арқылы тауарлардың өтетінін ескеретін келісімдер бойынша мәмілелер  паспортын жасайды (валюталық бақылауға  алу);

Клиенттің сұрауы бойынша  валюталық бақылауға алу құжаттардың  дубликаты мен көшірмелерін беру;

Қазақстан Республикасында  валюталық заңнамасы өзгерген жағдайда, валюталы операцияларды өткізу және валюта тәртіптерін реттеу (паспортизациялау, тіркелу, ескертіп хабарлау) жайында  түсіндірмелерді көрсетіп, клиенттерді  хабардар етіп айқындау;

Өз клиенттерінің халықаралық  келісімдері толық аяқталғанға  дейін бақылауға алу. Банк клиенттеріне валютаны реттеу мен қадағалау мәселесі бойынша кеңестер тегін беріледі, соның салдарынан ол уақыт алмай халықаралық келісімдерді жасауға, келісім паспортының ашылуына көмектеседі. Осының бәрі тауардың кеденнен өту құжаттарының толтыруына немесе төлем жасауына уақытты қысқартып, келісім шарттарының міндеттемелерінің уақытылы орындалуына жол береді.

Валюталық заңнаманың нормалары  бұзылған жағдайда жауапкершіліктері туралы мәселелерге біздің кеңесіміз, клиентті заңбұзушылықтан сақтап алдын-ала ескертіп қояды да валютаны қадағалау мен реттеу органдарының әкімшілік айыппұлдарынан сақтайды.

Банк Клиенттерге –  жеке тұлғаларға келесі қызмет түрлерін ұсынады:

1) теңгеде де, шетелдік  валютада да банктік шоттар  ашу және жүргізу. Банктік шоттарды  ашу барысында Банк клиенттің  пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші  тұлғаларға тиісті ақша сомаларын  аудару (беру) туралы өкімін орындауға  және банктік шот шартында  қарастырылған басқа қызметтерді  көрсетуге міндеттенеді;

2) клиенттерге тиесілі  құндылықтарды арнайы бөлмеде  жеке сейфтік ұяшықтарда сақтау  үшін сейфтік ұяшықтар беруге;

3) келесілерге төлем жүргізу  үшін төлемдерді жүзеге асыруға:

- коммуналдық және телекоммуникациялық  қызметтерге;

- мемлекеттік баждарды, салықтарды  және жиындарға;

- зейнетақылық және әлеуметтік  төлемдерге;

- көрсетілген түрлі қызмет  түрлеріне;

- және басқаларға.

4) аудару операцияларын  жүзеге асыру. Банк клиенттің ақша аудару бойынша тапсырмасын орындайды:

- ішкі банктік аудару  жүйесі бойынша;

- банктің таңдауы бойынша төлемдік аудару операторларының жүйелері бойынша.

Жеке тұлғалар валюталық  операциялар бойынша банктік  шоттар ашпай Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасының талаптарына  сәйкес төлемдер және аударымдар жүргізуге  құқылы.

Жеке тұлғалардың валюталық  операциялар бойынша төлемдері  мен аударымдарының көлемдері шектелмейді. Төлемдер және аударымдардың мақсаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына  қайшы келмеуі тиіс.

5) шетелдік валютамен  жүргізілетін айырбастау операциялары. Банк қолма-қол шетелдік валютаны сату/сатып алу бойынша операцияларды Банктің айырбастау пункттері арқылы және қолма-қол ақшасыз шетелдік валютаны Банк дербес белгелеген айырбастау/конвертация жасау бағамы бойынша айырбастау арқылы жүзеге асырады.

Қолма-қол шетелдік валютаны сату/сатып алу Банк белгілеген бағам бойынша жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшасыз шетелдік валютамен жүргізілетін операциялар Банктің валютасын Қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамына сәйкес жүргізіледі. Банк сатып алынатын/сатылатын валютаның көлеміне, биржадағы бағамға, Банктің қажеттілігіне байланысты Клиентке жеке валюта бағамын белгілеу туралы шешім қабылдай алады.

6) кассалық-есеп айырысу операцияларын жүргізу. Банк уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау және орауды және басқа операцияларды жүзеге асырады.

7) халықаралық төлем жүйелерінің  дебетті және кредитті төлем  карточкаларын шығару және олар  бойынша қызмет көрсету.

Клиенттер алатын төлем карточкаларының  саны және түрлері шектелмейді. Бір карт-шот бойынша клиент төлем карточкаларының бірнеше түрлерін ала алады. Төлем карточкаларының иелері өз карт-шотына, олар бойынша ақша жұмсау лимитін белгілеу немесе лимитін белгілемей қосымша карточкалар шығару арқылы басқа жеке тұлғалардың қол жеткізуіне рұқсат бере алады.

Банк айналысқа шығарған төлем карточкаларын шығару Банкте жеке және заңды тұлғаларға арналған қолданыстағы карточкалық бағдарламалардың шарттарында жүзеге асырылады.

8) түрлі банктер мен  компаниялардың чектері бойынша,  оның ішінде «American Express» компаниясының  жол чектері бойынша операциялар:

- чектерді инкассоға төлеу және қабылдау;

- жол чектерін сату.

9) жеке тұлғаларға ұсынылатын, жүргізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа операциялар, ҚБА және Банктің ішкі ережелерімен берілген лицензиялар.

Банк клиенттерге –  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге келесі қызмет түрлерін ұсынады:

1) теңгеде де, шетелдік  валютада да банктік шоттар  ашу және жүргізу. Банктік шоттарды ашу барысында Банк клиенттің пайдасына түскен ақшаларды қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомаларын аудару (беру) туралы өкімін орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа қызметтерді көрсетуге міндеттенеді;

Заңды тұлғаларға/жеке кәсіпкерлерге банктік шотты ашу туралы Банк Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің есептік тіркеу орны бойынша салықтық органдарға мәлімдейді.

2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру. Банк клиенттің тапсырмасы бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырады:

- банктік шоттар ашу  арқылы;

- бюджетке салықтық және  басқа міндетті төлемдерді, сонымен қатар, зейнетақылық жарналарды және әлеуметтік төлемдерді және т.б. төлеуі үшін клиенттің банктік шот ашпай;

3) құндылықтарды арнайы  бөлмеде жеке сейфтік ұяшықтарда  сақтау үшін сейфтік ұяшықтар  беруге;

4) кассалық-есеп айырысу операцияларын жүргізу. Банк банкноттар мен тиындарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптаужәне орауды жүзеге асырады;

5) шетелдік валютамен  жүргізілетін айырбастау операциялары. Банк қолма-қол ақшасыз шетелдік валютаны сату/сатып алу бойынша операцияларды айырбастау арқылы жүзеге асырады.

6) клиенттің құндылықтарын  инкассациялау;

7) коммерциялық карточкалық  өнімдер бойынша:

- корпоративті карточкалар  шығару;

- сауда және қызмет  желісіндегі эквайринг;

- еңбекақы жобалары.

8) факторингтік операциялар:  төлемеу қатерін қабылдаумен,  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)  сатып алушыдан төлеу талаптарының  құқығын алу;

9) форфейтингті операциялар  (форфетирование): сатушыға қайтусыз вексель сатып алу жолымен, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыздық міндеттемелерінің төлемі.

10) құжаттық операциялар  бойынша қызметтер:

- аккредитивтер;

- инкассо;

- бакнтік кепілдер.

11) лизингтік операциялар  бойынша қызметтер,

12) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ұсынылатын, жүргізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және Банктің ішкі Ережелеріне қайшы келмейтін басқа қызметтер.

Банк құнды қағаздар нарығында келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) клиенттердің шоттарын номиналды иесі ретінде жүргізу құқығымен делдалдық және дилерлік қызметті;

2) кастодиалды қызмет.

Банк тазартылған құнды  металдарға байланысты келесі операцияларды жүзеге асырады:

1) жеке және заңды тұлғалардың,  осы тұлғаға тиесілі тазартылған құнды металдардың және құнды металдардан жасалған тиындардың заттық саны көрсетілетін металдық шоттарын ашу және жүргізу;

2) сенім білдірушінің  мүдделерінде және тапсырмасы  бойынша аффинирленген құнды  металдарды сенімдік басқару;

3) құйма тазартылған құнды металдарды (алтын, күміс, платин, платин тобының металы), құнды металдардан жасалған тиындарды сатып алу, кепілге қабылдау, есеп жүргізу, сақтау және сату;

Информация о работе «Цеснабанк» АҚ жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы