Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030” атты даму стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2006 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықты қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсеке қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсекеқабілеттілігі мен оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Кез-келген кәсіпорынның, жалпы республиканың экономикалық және әлеуметтік өміріндегі хал-жағдайы осы мәселенің оң шешілгеніне байланысты болады. Сол себептен де курстық жұмысымның тақырыбы көкейтесті сұрақтардың бірі болып табылады.
Қазір тауардың бәсеке қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтынушылық қасиеттері (функционалдығы, дизайн) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана жөндеу мүмкіндігі емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген нүктесінде жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсекеқабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмаларының сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттік көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар сипаттамасының интегралдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып кәсіпорынның бәсеке қабілеттік сұрақтары бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету әдістемесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің) нақты нарығының жағдайына талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сондай-ақ тауарлардың және қызметтердің бәсеке қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға талпындық.
Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- «Смак» ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып сүт өнімдерін өндіруге маманданған «Смак» ЖШС табылады.
Зерттеудің
теориялық және әдістемелік негізіне
отандық және шетелдік ғалым-экономистердің
экономикалық бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз
ету аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу
нәтижелері алынды. Қазақстан Республикасының
отандық экономиканы реттеуге, импортты
алмастыруға, отандық тауар өндірушілерді
қолдауға арналған зандары, заңдылықтары,
нормативті-құқықтық құжаттары зерттелді
және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік
базасы ретінде Қазақстан Республикасының
статистикалық Агенттігінің, кәсіпорынның
есептік мәліметтері, тұтынушылардан
анкеталық сұрау нәтижесінде алынған
ақпараттар қолданылды. Курстық жұмыста
мәліметерді өңдеу барысында салыстырмалық
талдау, статистикалық топтау, шаруашылық
қызметті кешенді бағалау, эксперттік
зерттеу, экстрополяция, бюджеттеу сынды
экономикалық зерттеу әдістері пайдаланылды.
1
Өнім сапасын көтерудің
1.1
Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық
тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы
Соңғы он жылдықта сапа менеджмент аясында ең бiр маңызды идеялардың бiрi болды. Тұтынушылардың әртүрлiлiгi, өнiмге, қызметке, персоналдарға талаптар және менеджмент әдiстерi сапа түсiнiгiнде жаңа мазмұнмен толықтырылады. Арзан әрi тез өнiмдi өндiрiсте және қызмет көрсетуде жаңа қағидалар пайда болды: сапалы етiп өнiм шығару, ең тиiмдi әдiс оны тез әрi арзан етiп жасау, осылардың бәрi кез-келген ұйымдар бөлiмшелерде сапаны толықтай кеңейту үшiн жасалынады.
Сапаны көтеру тұрақты даму
өндiрiсiнде техникалық
Өнiм
сапасын тұрақты түрде
Сапаны жоғарылату өнiмдi дайындау сапасын және техникалық деңгейiн көтерудiң тұрақты жұмысында, сапа менеджментi жүйесiн жетiлдiру және өндiрiс жағдайын көтеруде көрiнедi. Сапаны тұрақты жоғарылатудың мақсаты тұтынушылардың iшкә және сыртқы талаптарына сәйкес келетiн өнiмдер деңгейiн көтеру болып табылады, сапаны тұрақты түрде көтеру фирманың сапа жөнiндегi саясатының бөлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасында сапаны көтеру мәселесiн шешпей тұтынушылық тауар әлемдiк нарықта ғана емес, сондай-ақ iшкi нарықта да бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Бәсекеге қабiлеттiлiк әрқашанда «сапа-баға-сервистен» кейiн тұрады, республикада «баға-сапа- сервис» аумағы құрылған.Қазақстанда ( нарықтық экономикаға өту кезеңiнде) сапа үшiн атқарылар жұмыстар төмендедi. Сол себептен Қазақстанда тұтынушылық тауар сапасын көтеру мәселесiн шешу сапаны реттеушi заңнамалық базаның және тауар сапасы жүйесiнiң құрылуын талап етедi. Отандық тауарлар сапасына бақылау жүргiзу Қазақстандық кәсiпорындар өнiмдерiнiң бәсекеқабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Оның үстiне, соңғы жылдары республикамызға келiп жатқан және әлi де келетiн сапасыз шетелдiк өнiмдердiң саны көбейiп жатыр. Сондықтан өнiм сапасын көтеру мәселесi елiмiздiң ең басты бағытының бiрi болып отыр. Сол үшiн, яғни отандық өнiмдердiң сапасын көтеруде келесi негiзгi бағыттарды ұсынамыз:
- сапа тұтынушы талабына сәйкес екi методикалық әдiстеменi орындау керек
- кәсiпорын өзiнше өз өнiмдерiнiң сапа деңгейiн анықтау керек, халықтың қауiпсiздiгi үшiн, бәсекенi қамтамасыз ету үшiн, республикамызға заңдық нормаларды, реттеушi және стандартты әдiстемелердi енгiзу қажет;
- сапа жәй ғана бақыланып қоймау керек, ол тауарлардың бiрнеше түрi бойынша барлық өндiрiсте қамтамасыз етiлу керек. Өндiрiстiк процесте қамтамасыз етiлмеген тауар сапасын және сапасыз өнiмдердi жарнамалағаны үшiн үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жаза қолданылу керек;
- тауар сапасының төмендiгi және оны тез арада жоғарылату жолдарын iздестiру .
Өнiм сапасын жөғарылату қоғамдық өндiрiстерде және жеке кәсiпорындарда тиiмдiлiктi көтерудiң ең маңызды бағыты болып табылады.
Өнiм сапасын жоғарылатудағы
Тиiмдiлiк=сапа сату көлемi / шығындар
Өндiрiс тиiмдiлiгi ол сату көлемiнiң қысқару кезiнде де жоғары болуы мүмкiн, ол тек мынадай жағдайда, егер өнiм сапасы өте тез қарқынмен өссе онда сату және шығару көлемiнiң қарқыны төмен болады. Тәжiрибеде мұндай әдiстеме өндiрiсте өнiм сапасын көтерудегi тиiмдiлiктi анықтауда қолданылмайды.
Өнiм сапасын көтерудегi экономикалық тиiмдiлiктi анықтау үшiн келесiлердi ескеру қажет:
Соңында бұның бәрi кәсiпорынға қосымша пайда түскенте көрiнедi. Ол мына формуламен анықталады.
П=П+Пу±(Сд–Сбр)
Мұндағы: П- өнiм сапасын жақсартудан түскен қосымша жалпы түсiм.
Пv- кәсiпорынның өндiрiс көлемiн және өнiмдi өткiзу көлемiн кеңейтуден түскен қосымша түсiм.
Пу- сату бағасының өсуiнен түскен қосымша түсiм.
Сд- өнiм сапасын көтерумен байланысты өндiрiсте өнiмдi өткiзудегi қосымша шығын.
Сбр-өндiрiстiк ақаулардың қыскаруымен байланысты шығынның төмендеу көлемi.
Көлемдi есептеудiң әдiсi П мына формуламен анықталады:
Сст,
Сн- өнiм сапасын көтеруге дейiнгi
және кейiнгi өнiм шығарукөлемi
Э=П-ЕнК
Мұндағы: Е- ақша қаражаттары тиiмдiлiгiнiң нормативтi коэффициентi
К- өнiм сапасын көтеру үшiн кәсiпорынға қажеттi қосымша ақша қаражаты.
Ақша қаражаттарының экономикалық негiзделуi үшiн (К) өнiм сапасын көтеру үшiн ақша қаражатының (Е) тиiмдiлiгiнiң абсолюттi коэффициентiн анықтау керек және оны нормативтi көлеммен (Ен) немесе кәсiпорындардың активтер тиiмдiлiгiмен (Rа) салыстыру керек:
Е=П/К
Егер Е>Ен немесе Е >Rа болса, онда мұндай жағдайда кәсiпорында өнiм сапасы тиiмдi және керiсiнше.
Өнiм сапасына әсер ететiн
Бұлардың әрқайсысы өнiм