- азық-түлік
өнімдерін өндіруді дамытуға несие ұсынысы;
- несиенің
жаңа нысандарының дамуы.
Қазақстанда
экономиканы одан әрі дамыту еліміздің
әлеуметтік-экономикалық, саяси өркендеуінің
басты басымдылығы болып қалуда,
ал экономикалық өсудің максималды жоғары
қарқынына жету - міндеті болып отырғаны
белгілі. Осы орайда, мемлекеттің тарапынан
экономиканы максималды либерализациялау
және инфрақұрылымды құру жөніндегі оңтайлы
істерді белсенді түрде жүзеге асыру көзделген.
Қорытынды
Курстық
жұмысты орындау барысында біз
сапаның өнімнің бәсекелік қабілеті
мен өндіріс тиімділігіне үлкен
әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа
- әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын
көрсететін синтетикалық көрсеткіш
болып табылады. Бұл түсінік өнімнің
құрамын және сипаттамаларын білдіреді.
Өнім
сапасын арттыру стратегиясын дайындауда
қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты
болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың
сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің
бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық
стандарттарының негізінде құрылуы қажет
сапаны басқару жүйесі табылады.
Өнімнің
сапасын көтеру стратегиясын жүзеге
асырудағы кері байланысының маңызды
элементі болып олардың сертификациялануы
табылады. Мұнда жаңа отандық тексеру
және сертификациялау орталықтарын
құру, сертификациялау орталықтарын жарнамалау
жұмыстарын жандандыру қажеттілігі туындайды.
Курстық
жұмысты орындау барысында біз
өнімнің сапасына ішкі және сыртқы
секілді факторлар топтары әсер
ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторлар
ішкі факторлар секілді өндірілетін
өнім көлеміне тікелей әсер етеді, сондықтан
сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға
сай болулары керек:
- өндіріс тиімділігінің
жоспарлы өсуіне септесуі;
- қазіргі заман
ғылымы мен техникасының жетістіктерін
және халық шаруашылығы саласындағы техникалық
ілгерілеудің негізгі бағыттарын ескеруі;
- тұрақты болуы;
- өнімнің жарамдылығын
көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;
- бағытталуына
қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;
Кәсіпкерлік
стратегиясына жаңаша көзқарас -
сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын
сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетудің
ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.
Курстық
жұмыстың орындалуы барысында статистикалық,
ақпараттық және т.б.мәліметтерді, шетелдік
және отандық ғалымдардың еңбектері
мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны
басқару мен сапаны көтерудің теориялық
мәніне толық сипаттамлар жасалып,тәжірибелік
тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп,
бірқатар талдаулар жасалынды. Негізінен
бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның
қаржылық-экономикалық жағдайын анықтау,
кәсіпорын өндіретін өнімінің жергілікті
бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып
маркетингтік талдаулар (анкеталық сұраулар
жүргізу, эксперттік баға беру) жасау арқылы
өндірілетін өнімнің беделін, сапасын,
жағымдылық қасиеттерін, бәсекелік қабілетін
және т.б.анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу
түрі мен оған бірқатар ұсыныстар келтіру
және өндірілетін өнім сапасын анықтау
(ҚР МемСТ-на сәйкестігін) сонымен қатар
ҚР-ның Президентімен және Үкіметімен
ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу
тәртібімен танысу қарастырылды.
БСҰ-на
мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан
жұмыстар мен олардың нәтижелері
де назардан тыс қалған жоқ. Өнімнің
сапасын арттыру жолында бір-бірімен
сабақтас әр сала кәсіпорындарының тізбектелген
жүйесін құру мен осы шараларды ұйымдастыруға
қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың
қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі
анықталып, ұсыныстар жасалды.
Кәсіпорында
өндірілетін өнімнің сапасын
арттыруда басты рөлге ие болатын
өндірістің қызметін әлеуметтік және
экономикалық ұйымдастыру жұмыстары мен
өндіріске қазіргі заман талабына сай
инновациялық жетістіктерді енгізу екенін
ескеру қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығы
өндірісінде жоғары білікті мамандардың
жетіспейтіндігі, мұндағы жұмыскерлер
жалақысының қала жұмыскерлерімен салыстырғанда
3 есеге дейін төмендігі, сондықтан білікті
мамандар түгілі университет қабырғасынан
жаңа түлеп ұшқан жас мамандардың ауыл
шаруашылығына аса қызығушылық танытпайтындығы,
кәсіпорын қызметін шығынға ұшыратпай,
экономикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру
қажеттілігі, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі
техника, құрал-жабдықтарының 70 пайызға
жуығы бәсеке қабілетті өнім өндіруге
жарамсыз кешегі күн құралдары екенін,
ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман
талабына сай жаңа құрал-жабдық қана емес
сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың
болуы шарт екені баршамызға белгілі.
Осы мәселені басшылыққа ала отырып Курстық
жұмыстың 3-тарауының 1-бөлімшесінде өнімнің
сапасын көтерудегі инновация және маркетингтік
жүйені тиімді ұйымдастыру арқылы қол
жеткізуге болатындығын, яғни ауыл шаруашылық
кәсіпорындарына белгілі мөлшерде қаржы-қаражатты
шоғырландыру (ұсақ серіктестіктерден
неғұрлым ірі корпорациялар, акционерлік
қоғамдар, концерндер құрып, бағалы қағаздар
шығару) арқылы қазіргі заманғы соңғы
ғылыми жетістіктерге, жаңа техника, технологияларға
қол жеткізіп, білікті мамандарды қызықтыру
(тарту) арқылы бұл саланың экономикалық
деңгейін толық бәсекелестік күреске
дайындауға болатындығына сеніміміз мол.
Жалпы
алғанда Курстық жұмысты орындау
барысында Қазақстандық қана емес,
сонымен қатар әлемдік статистикалық
ақпараттарға сүйене отырып өнімнің (тауардың)
сапасын көтеру мәселесі кең көлемде зерттеліп,
талданды деген ойдамыз. Өйткені өнімнің
сапалылық көрсеткіштеріне теориялық
тұрғыдан анағұрлым тереңірек бойлап,
тәжірибе жүзінде тексерулер, маркетингтік
талдаулар, Қазақстан Республикасының
басқа да стандарттарына, зерттелетін
сала бойынша сәйкес қызметпен айналысатын
Алматы қаласының кәсіпорындары туралы
мәліметтерге қаныққандық Курстық жұмыстың
орындалуының негізгі сүрегі болды.
Пайдаланылған
әдебиет көздері
- Нурпейсова
М.М. «Качество-ключ к завоеванию рынка»
Учебн. пособие // КазЭУ. Алматы. Экономика.
2003 год.
- 2005-2015 жылдардағы
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық
даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының.Президенті
және Үкіметінің актілер жинағы
- Ерімбетов
И.Р. «Сапаны жақсарту стандарттан басталады»
// Егемен Қазақстан 2007, 27 қыркүйек, 2004,
№30.
- Қазақстан
Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық
даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен
2003 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735,
Астана 2003.
- А.Абдрахманов,членПравления
МО "СовАсК"
Ш.С.Тажибаев Институт стандартизации,
метрологии и сертификации, «Проблемы и перспективы
управления качеством в Республике Казахстан»
: Алматы, 2007г.
- ҚР-ның Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан
өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»
, «Егемен Қазақстан» 2008, 2 наурыз.
- «Стандарттау
мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы
// «Егемен Қазақстан» // 1993, 17 ақпан.
- Нұрпейісова
А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде
бәсекелік қабілетті басқару базасы //
«ҚазЭУ Жаршысы», «Экономика» 2007, №3, 72-76
беттер.
- Узун А. Өнім
даярлау стандарттары мен сертификаттары
инновациялық менеджменттің негізі ретінде
// Ізденіс 2007 жыл №2, 262-264 бет.
- Жанаев Д.А.
Зарубежный опыт повышения конкурентноспособности
промышленной продукции // Транзитная
экономика 2007год. № 5
- Ибрагимов
С.Р.Сертификация ИСО 9001- это вполне реально
// Бухгалтер и налоги 2007год, №11.
- Ермекова
Ж.К. «Качество, конкурентноспособность
продукции и ценообразование // Вестник
КазЭУ 2005, №4, с. 8-13.
- Дулатов
Б.Н. ИСО 9000- Всемирный стандарт систем
обеспечения качество // Бухгалтер и налоги
2007 год, №11.
- Ж.Е Басовский
. «Управление качеством» Учебник. Москва.
2004г.
- Азгальдов
Г.Г. Теория и практика оценки качества
товаров. – М.: Экономика, 1982.
- Огвоздин
В.Ю. Управление качеством: основы теории
и практики. учебн. пособие. Москва. 1999
год. 160 стр.
- Сағадиев
Ж, Смағұлов А, Барақбаев Б, Қалиев А. «Сертификаттау»
Алматы 2002 жыл.
- Минин Б.А.
Уровень качества. Социально- экономические
вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.:
Изд-во стандартов, 2004.
- Ряполов
А.Ф. Сертификация. Методология и практика.-
М.: Изд-во стандартов, 1987.
- Баяхметов
С. «Құрылыс экономикасы» Алматы 2005ж
- Каренов
Р.С. Терминология рыночной экономики
и бизнеса. Алматы: Гылым, 1994
- Турсумбаев
Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы
организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск,
Южно-Уральское кн. изд-во, 2003
- Трубилин
А. Конкурентоспособность – главный фактор
эффектив-ности производства // АПК: экономика,
управление, 2004.
- Шувалов
А.И. Некоторые аспекты оценки конкурентоспособности
изделий. Обновление продукции и конкурентоспособность.
М: Знание, 2005.
- Сергеев
И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е,
перер. и доп. М: Финансы и статистика, 2002.
- Герчикова
И.Н. Маркетинг и международное коммерческое
дело. М: Внешторгиздат, 2002.
- Белый Е.,
Барашков С. Конкурентоспособность и качество
продукции: два уровня управления // Маркетинг,
2005, №4.
- Мамыров
Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес.
Менеджмент государственного сектора.
Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2004.
- "О вступлении
Казахстана в ВТО" С.Туржанов - директор
Департамента малого бизнеса Аппарата
Акима г.Алматы. «Казахстанская правда»
// №29, 2004, 23 июль.
- «Взгляд
Президента» // «Казахстанская правда»
// №13, 2007, 31 марта.
- Маркетинг:
Учебник /А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов,
СА. Красильников и др.: Под ред.
А.Н. Романова. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ,
1996
- Юданов А.Ю.
Конкуренция: теория и практика: Учебное
пособие; 2-е изд.,с испр. и доп. — М.:
Ассоциация авторов и издателей
“Тандем”; Изд-во“ГНОМ-ПРЕСС”, 1998
- "Менеджмент
систем качества", Учебное пособие/
М.Г. Круглов, С.К. Сергеев, В.А. Такташов
и др.: ИПК Издательство стандартов, 1997.
- «Поручение
Президента РК Правительству и акимам».//
Астана. 31 января. КАЗИНФОРМ.
- Ильенкова
С.Д., Гохберг Л.М., Ягудин С.Ю. и др. Инновационный
менеджмент. Учебник.– М.; Изд. "Банки
и биржи", ЮНИТИ, 1997 Ақпараттық
Интернет сайттары www.standard.ru, www.marketingmix.ru, www.beermarket.ru, www.minagri.kz.