Кәсіпорын өнім сапасын көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.

Работа состоит из  1 файл

БАУКА.doc

— 386.50 Кб (Скачать документ)

         Еңбек затының бiрлiк көрсеткiштерi еңбек затының ерекшелiгiне  байланысты  ерекше болып келедi. Мысалы, темiркендi  шикiзат  темiрдiң маңыздылығын, iрiлiгiн, оның пайдалы және пайдасыз  қоспалары сияқты және т.б.  көрсеткiштердi сипаттайды.

        Тағайындау көрсеткiштерi- бұл өнiмдi пайдалану аймағында белгiлi атағы  шыққан және тағайындалған өнiмдi пайдаланудан пайдалы, тиiмдi эффектiлермен  сипатталады.

        Үмiткерлiк көрсеткiштер- бұл қарсы болмау, сақтау, жөндеуге жарамдылық, сондай-ақ өнiмдi ұзақ уақытқа пайдаланушылық, бағаланған өнiмнiң ерекшелiктерiне қарай  үмiткерлiк сипаты үшiн барлық төртеуi сияқты пайдалануға болады. Кейбiр өнiмдер де адамдар қауiпсiздiгi үшiн қарсы болмау негiзгi болуы мүмкiн.

          Қауiпсiздiк көрсеткiштер-  өнiмбi сатып  алуда және пайдалану барысында,  сақтауда, жөндеуде, құрастыруда және  қызмет көрсетудегi қауiпсiздiгi т.с.с.  сатып алушы мен қызмет көрсетушi қауiпсiздiгi ерекшелiктерiмен сипатталады.

         Экономикалық көрсеткiштер-  өнiмдi экономикалық жағынан (өзiндiк  құн, сату бағасы, түсiм, тиiмдiлiк,  тұтыну бағасы) сипаттайды.

         Жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер  жиынтығы өнiм сапасын қалыптастырады. Өндiрiлген өнiм сенiмдi, эстетикалық жағынан талапқа сай, өз қызметiн  дұрыс атқаратын, иеленушiнiң қажетiн өтейтiн болуы тиiс.

         Сапа көрсеткiштерi сондай-ақ қасиеттердiң  ұсынылуына байланысты абсолюттi және қатысты көрсеткiштер болып  бөлiнедi.

         Абсолюттi көрсеткiштер  әртүрлi өлшем бiрлiктегi немесе өлшеусiз көлемдегi сапа көрсеткiштерiнiң мәнiн көрсетедi.

         Қатысты көрсеткiштер- бұл абсолюттiк  көрсеткiштердiң базалық көрсеткiштерге  қатысын сипаттайды.

        Қатысты сапа көрсеткiштерi мына  формуламен сипатталады:

        q=Pi/Piб;                                                                                     

        q = Pi / Piб       i = 123......n                                                      

       Мұндағы:  n- өнiм көрсеткiштерiнiң  саны 

       Жоғарыдағы 1 формула өнiм сапасын жоғарылатудағы көрсеткiштер үшiн қолданылады.

       Халықаралық стандарт сапаны  экономикалық категория ретiнде  ғана қалыптастырып қойған жоқ,  сондай-ақ оның кестеден көрiп  отырғандай, яғни сапа көтсеткiштерiн  әр түрлi жағынан бiр қалыпты  әдiстемелiк негiздерiн белгiледi, және оларды стандарттаушы және реттеушi деп екiге бөлдi. (1 кесте ) 
 

1-кесте – Тауар сапасының бiрқалыпты көрсеткiштерi

                                                                                                                                             

        Сапа көрсеткiштерi
        Стандарттаушы     Реттеушi
           Белгiлеу        Патенттiк-құқықтық
           Экономикалық        Қауiпсiздiк
           Техникалық        Экологиялық
           Органолептикалық        Физика-химиялық
           Басқалар        Басқалар
 

          Өнiм сапасы көрсеткiшi тура және жанама көрсеткiш болып бөлiнедi.  Тура көрсеткiштер өнiм сапасының және қасиеттерiнiң  сипатын бiлдiредi (мысалы, бөлек заттарбың массалық үлесi). Жанама көрсеткiштер- бұл негiзгi қасиеттермен байланысты өнiм сапасын жанама түрде сипаттайды, ал ұн өнiмдерi- оның тауарлық сұрыпын жанама сипаттайды.

        Өнiм сапасы оған әсер ететiн  факторларға немесе жағдайларға  және оның қасиеттерiнiң  деңгейiне  байланысты.

        Факторларға шикiзат, материалдар,  станок, машина, құрал-жабдықтар, аспаптар, белгiлеу құралдары жатады. Сонымен қатар адам факторлары және жұмысшылардың бiлiмдiлiгi жатады.

        Өнiм сапасына әсер ететiн барлық  факторлар обьективтi және субьективтi болып бөлiнедi.

        Обьективтi факторлар тобы көп  түрлi және өнiмнiң шығуы және  қолдану өндiрiсiнде, еңбек ұйымының әдiсiмен және формасымен, техникалық құралдардың  қасиеттерiмен, сипатымен байланысты.  Бұлардың қатарына:

  • бұйым құрылымы;
  • өндiрiстiк базаның техникалық деңгейi;
  • жаңа өнiмдердi  ұйымдастырудағы дайындық;
  • өндiрiстiң механикалануы және автоматтандырылуы,
  • бақылаудың техникалық және технологиялық құралдары;
  • қолдану базасының техникалық деңгейi.

        Сонымен қатар iшкi факторларға  мынадай факторлар қосылады: техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк, психологиялық.

        Техникалық факторлар- өнiм сапасына  ерекше әсер етедi. Сондықтан жаңа  техника мен технологияларды  енгiзу, жаңа материалдарды, өте  сапалы шикiзаттарды бәсекеге  қабiлеттi өнiмдердi материалдық негiзбе шығаруды қолдану.

        Ұйымдық факторлар- өндiрiстi және  еңбектi  ұйымдастыруды  жетiлдiрумен,  өнiм сапасына жауапкершiлiктi  және өндiрiстiк  тәртiптi жоғарылатумен,  өндiрiстiк мәдениеттi  қамтамасыз  етумен, бiлiктi мамандар                        

деңгейiнiң  сәйкестiгiмен, сапаны басқару  жүйесiн  қолданумен байланысты.

         Әлеуметтiк-психологиялық факторлар едеуiр көлемдегi ұжымдағы  әлеуметтiк-психологиялық климаттың құрылуына, жұмыс жағдайының жақсы болуына,  персоналдардың кәсiпорында  жұмысқа деген ынталылығын бағалау, жұмысшылардың  жұмысқа деген қарым-қатынасының адал болуын моральдық ынталандыруға әсер етедi. Бұлардың бәрi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң  шығуы үшiн маңызды. Кейде техникалық немесе әлеуметтiк, психологиялық факторлардың  мәселесiн шешуге қандай факторлар маңызды екенiн түсiну қиынға соғады.

         Экономикалық факторлар - өнiмдi пайдаланудағы қолайлылықты бiлдiредi, сонымен бiрге өнiмдi шығарудағы және өткiзудегi шығындармен, жоғарғы сапалы өндiрiсте персоналдарды экономикалық ынталандыру жүйесiмен бағалау саясатымен байланысты.

          Субьективтi факторлар тобына  адамның өндiрiстiк қызметiмен байланысты факторлар жатады. Олар адамдардың өндiрiстiк функцияларды орындау қабiлеттiлiгiне байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • профессионалдық шеберлiк;
  • жалпы бiлiм беру деңгейi;
  • адамның психологиялық ойы;
  • еңбек қызығушылығы.

        Тәжiрибе көрсеткендей, жұмысшының  профессионалдық  шеберлiгi неғұрлым  жоғары болған сайын, солғұрлым  ол жоғары өнiм шығарады. Ал  жұмысшылардың жеке өндiрiстiк  қызығушылықпен сәйкес келедi  және де жұмысшылардың жоғары  сапалы  өнiмдi шығаруда ынталылығымен қызығушылығы болса, онда еңбек сапасы артады тұрақты болады.

         Өнiм сапасы оның өмiрлiк кезеңiнiң  барлық кезеңдерiнде қажеттiлiктi анықтаудан бастап, оны қанағаттандыруды  бағалауға дейiн (зерттеу және  жобалау; дайындау және өндiру; сақтау және транспорттау; пайдалану немесе тұтыну; утилизациялау) қалыптасуы керек. Содан кейiн осы келтiрiлген барлық стадиялар бойынша сапаны басқаруды қамтамасыз ету қажет.

        Зерттеу стадиясында техникалық  және экономикалық қағидалар  қаралады, өнiмнiң жобалық және тәжiрибелiк үлгiлерi құрылады. Құрылымдық-технологиялық жұмыстар стадиясында өндiрiсте өнiмдердi шығару дайындалады.

        Зерттеу стадиясының маңызды  рөлi маркетингке қатысты, онда  нарықты таңдау және iздеу функциясы,  өнiм сапасы талаптарын бекiту, тауардың қажеттiлiгiн анықтау, нарық сиымдылығы, берiлген нарық сигментiнде  тұтынушыларға толықтай сипаттама беру жұмыстары қарастырылады. Бұл ақпарат қажеттi тауар санының шығуы, және сапа жөнiнде  сатып алушылардың сұранысының ерекшелiгiнiң толық сәйкестiгi үшiн қажет.

        Бүгiнде нарықтық экономика жағдайында  сапа тұтынушылардың позициясынан  көрiнедi.Өнiм нарықта келесi талаптарға  жауап беруi тиiс:

    • тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру;
    • қолдану және белгiлеу аясында анықталған қажеттiлiктерге толық   жауап беру;
    • стандартпен немесе техникалық жағдаймен сәйкестену;
    • бәсекеге қабiлеттi баға бойынша тұтынушыға ұсыну;
    • өндiрушiге пайда әкелу.     

       Бұл мәселелердi шешуде кәсiпорында  өндiрiстiң теөникалық деңгейiнеәкiмшiлiк  және адамгершiлiк қарым-қатынасты бақылау, сапасыз өнiмдердiң шығуын қысқарту және т.б. жағдайларды қарастыру керек.

      Сапа жұмысы фирманы функционалдауды  қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Сапа жұмысы шығарылған өнiммен  байланысты болып келедi (технологиялық  үрдiстiң сапасын бақылау және т.б.) Өнiм сапасы сапа жұмысының құраушысын және iзденушiсiн бiлдiредi. Осы кезеңде жылдық өнiм және тұтынушының көзқарасы бағаланады.

      ИСО 9004 стандартында сапа философиясы  сапаны қамтамасыз ету жүйесiнде  жұмыс жасауы керек, ондағы  мәселелердi ескеру қажет. Содан кейiн кәсiпорында сапа туралы  жұмыстарды орындауда өнiм сапасын басқарудың жүйелiк әдiстемесiнiң қажеттiлiгi туындайды.

      Сол сияқты сапа өндiрiстiң   барлық деңгейiнде жинақталады.  Сапа пирамида түрiнде көрiнуi мүмкiн.

    Пирамиданың негiзi болып өнiм сапасы табылады. Онда кәсiпорынның барлық қызметi қарастырылады. Жұмыстың сапасы фирманы функционалдаумен тығыз байланысты. Бұл басқару және жетiлдiру сапасы (жоспарлау, талдау, бақылау). Жоспарлау сапасынан (стратегияны өңдеу, саясатты қалыптастыру, мақсатты жоспарлау жүййесi және т.б.) сапа аумағына қойылған мақсаттарға қол жеткiзiледi. 

    
    1. Өнiмнiң  бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және

    анықтау әдiстерi

         

           Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға көшуiмiзге байланысты ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды. Әсiресе елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсекеқабiлеттiлiк деген ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың, яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субьектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет көрсетуi, өнiм өндiруi бәсекеқабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.

      Қазiргi кезде көптеген кәсiпорындар  үшiн кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiн  арттыру ең негiзгi мәселе болғандықтан, көпшiлiк тарапынан осы бiр мәселеге көбiрек назар аударады. Ол сату нарықтары, өткiзу көлемдерi, қосымша табыс табуты көздейтiн өндiрушiлердiң экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсiпорындар әрi шығарылатын өнiмдердiң бағаларын төмендету арқылы әрi нарықта бар өнiмдерден сапалық көрсеткiштерi жағынан ерекшеленетiн өнiмдерiн өндiру арқылы бәсекелестердi ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы қажет.

    Бәсекеқабiлеттiлiк  ұғымы көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң тауар секiлдi құрамдас бөлiктерiн сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары болып табылады  және өндiрiс технологиясын қамтиды.

    Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату уақыты  мен нарықта  бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде көрiнуi мүмкiн.

      Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл экономикалық, ұйымдастырушылық техникалық  мүмкiндiктердiң жиынтығы. Ол бәсекелестiк күрес жағдайында өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткiлiктi әлеуетi.

      Бәсекеқабiлеттiлiгiнiң 2 жағы бар.  Бұлардың бiреуi, оның элементi  және құраушы бөлiктерi (тауардың  жоғарғы сапасы, тауардың қосымша  қызметi т.б.) және нақты жағдайдағы  тауар сату мiндеттерiнiң нақты  шешiмi (жеке қабiлеттiлiктерi бар нақты сатып алушы мүмкiндiгi және өзiндiк талғамы бойынша нарықта бәсекелесушi кәсiпорындардың iшiнен ұнайтынын шешуi, сатушының жеке қасиеттерi)

Информация о работе Кәсіпорын өнім сапасын көтеру