Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Қазіргі уақытта жалғастырылуы қажет өнеркәсіптің басым салаларындағы кәсіпорындарда 9000 және 14000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемаларды талдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Отандық кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыру мақсатында Республикада «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» және «Қазақстанның ең үздік тауарлары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысына ізденуге конкурстар құрылды.
Сынақ
қорын жабдықтау үшін өнімнің, шикізаттың
және материалдардың әлеуетті қауіпті
түрлеріне сертификаттық
Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізімдерінде тіркелген мамандар жоқ. Халықаралық және өңірлік ұйымдарда мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу қажет. Осылайша, қазіргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелері халықаралық талаптарға, соның ішінде саудада техникалық кедергілер мен санитарлық және фито-санитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің талаптарына және ТМД елдерінің еркін сауда аймағындағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдерге сәйкес келтірілмеген.
Төменде проблеманың күшті және әлсіз жақтары берілген.
Күшті жақтары:
Мүмкіндіктер:
Әлсіз жақтары:
Кез-келген
өнімдерді шығарудан бұрын оны
жасаушылар нормативтік және технологиялық
құжаттармен, әдістемелермен және өлшеу,
бақылау құралдарымен қамтамасыз етілуі
қажет.
3.2
«Смак» ЖШС кәсіпорында өнім
сапасын жақсартудағы негізгі
бағыттар мен алғышарттар
Өнімнің бәсеке қабілеті өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен, сонымен қатар тұтынушы талғамын салыстырып талдауға және индекстік әдіспен бағаланады. Егер өнімнің физикалық қасиеті болмаса баллдық есептеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс (дифференциалды) бәсекені қамтамасыз ету мақсатында тұтынушының тауарды таңдап алған кезде әр бір параметірдің ықпал етуін көрсетпейді, тек қана өнім параметірлерінің өсуін немесе төмендеуін бақылауға болады. Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелік, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әр бір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Бұл келесі формуламен есептелінеді: К= Р/С* max. Мұндағы: Р – тиімділігі (өнімнің сапасы); К - өнімнің бәсекелік қабілеті; С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар; Экономикалық параметрлер бойынша көрсеткіштердің топтық есебі келесі формуламен есептеледі: Тэп =3/3э Мұндағы: 3/3 э – салыстырылып отырған өнімге және эталонға сәйкес тұтынушының барлық шығындары.
Кәсіпорынды көтеру жолдары:
БҚқ ТҚДқ Бб СҰДқ
ТҚДб Бқ СҰДб
Мұндағы: БҚқ-қарастырылып отырған тауардың бәсекелік қабілет көрсеткіші;
ТҚДқ және ТҚДқ –қарастырылып отырған және бәсекелес тауарлардың тұтыну құнының деңгейін бағалау;
Бб және Бқ – қарастырылып отырған және бәсекелес тауардың бағасы;СҰДқ және СҰДб – салыстырылып отырған тауарлардың сатылуының ұйымдастырлу деңгейін балмен бағалау.
Әрбір бағаланып отырған
БҚД квалиметрия ережелеріне сәйкес, орташаланған геометриялық шамалар ретінде анықталады.
БҚД= q1 m1* q2 m2 *...* qn mn
q1, q2, …, qn – бұйымның жекелеген тұтыну қасиеттерінің баллдық бағасы;
m1 m2,…, mn – тұтыну қасиеттерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.
Нарықта тауарды таңдай отырып,
сатып алушы тек оның бағасы
мен тұтыну қасиеттеріне ғана
қызықпайды. Ол үшін маңызды рөлді
тауардаң сатылуының
СҰД = b1 n1* b2 n2 *... *bp np
b1 b2…..bp – тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштердің баллдық бағасы;
n1 n2….np - тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.
Сатып алушы А тауарын және басқа бәсекелестердің тауарларының бәсекелік қабілет деңгейін, бағасын және сатудың ұйымдастырылу деңгейін салыстырады, және осы салыстыру негізінде бір тауарды қалайды.
1.1-ші формуладан бәсекелік қабілетті арттырудың негізгі бағыттары шығады. Бұл бағыттарды үш топқа бөлуге болады:
техникалық, экономикалық және ұйымдастыру.
Техникалық бағыт ең алдымен өнімді дайындау технологиясын, дәмін, иісін, сіңімділігін және т.б.-ны жетілдірумен байланысты.
Экономикалық
бағыт бағалық саясатпен
Мұнда мәселе бағаның төмендеуіне әкелетін бағалық бәсеке жайлы болады. Фирмалар кейде нарықта қалу үшін ғана бағаны тауардың өзіндік құнынан төмендетеді де шығынға ұшырайды. Бұл одан да көп шығын болдырмай және уақыт жеңуге жол беретін соңғы шара. Уақытты ұту өндірісті қайта құруға, жаңа технология енгізуге және шығындарды қысқартуға жорл береді.
Нақты
өнімнің бәсекелік қабілет
Бағаны белгілі деңгейге дейін төмендетуге болады. Өзара байланысты үрдістердің байланысы келесідей: бағаны төмендету- сату көлемін ұлғайту - өнімді көп мөлшерде шығару -өнімнің өзіндік құнын шартты тұрақты шығындар есебінен және озық технологияны пайдалану арқылы төмендету – пайданы көбейту.
Нарықта меңгеру мен нығаю саласында кәсіпорының болашақ табысы маркетингтік қызметті ұйымдастыру деңгейіне тәуелді, өйткені ол кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуына баға белгілеу саласындағы оның стратегиясына, дайын өнім өткізуді ынталандыруына, жаңа тауарларды дайындау мен меңгеруіне бағытталған басқару шішімінің сапасына әсер етеді.
Кәсіпорындағы жұмыстың сапасындағы бәсекелестік күресте кәсіпорынның табысқа тәуелділігі шет елдегі дамыған және жабылып қалған компаниялардың тәжірибесі дәлелдейді. Көптеген фирмалар өздерінің маркетингтік жол ұстануын айтқанымен, тәжірибеде қолданбайды. Олар маркетингтің формальды элементтерімен шектеліп қалады. «Шынайы маркетигті» қолданатын кәсіпорындар өндіре алатын өнімді емес, тұтынушыларға қажетті өнімді өндіруге қарай философиясын бағыттаумен ерекшеленеді. Өндірісті сатып алушының қажеттілігіне және керектігіне бағыталуы өнімнің тиімді дайындалуы мен бәсеке қабілеттілігін арттыруына жағдай жасайды.
Осылайша,
маркетигтік жұмыс сапасын
Кәсіпорындардың өндірістік-өткізу мүмкіндіктерінің талдауы да маркетингтік зерттеудің маңызды түрі болып табылады, оның бөлек құраушылары бұрын қолданған, бірақ кешенді тәсілі болған жоқ, себебі өндірістің қызмет өнім сапасына тәуелсіз мемлекетпен кепілдендірілгендіктен, өнімді өткізуді ескермеді. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорындардың маркетингтік қызметі нарық талаптарын зерттеп, оларды кәсіпорындардың нақты мүмкіндіктерімен сәйкестендіруі және негізделген өндірістік бағдарламаны және нарықтағы кәсіпорын стратегиясын жасап шығару қажет.
Жоғарыда жүргізілген зерттеулер, маркетингтік қызметтермен нарықтық даму болжамын, кәсіпорынның нарықтағы мінез-құлық стратегиясы мен ұстанымын, оның тауарлық, бағалық, өткізу және коммуникациялық саясатын біріктіретін кәсіпорындардың өндірістік-өткізу қызметінің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарын жасаудың негізі болып табылады.
Өнімдердің бәсеке қабілеттілігі оны шығарушы кәсіпорындарға да, мемлекетке де тиімді, осы тұрғыдан, оған қол жеткізудің экономикалық негіздері мемлекет деңгейінде де, кәсіпорын деңгейінде де құрылуы керек. Мемлекет деңгейіндегі мұндай экономикалық механизмнің қызметі ең біріншіден, қаржы-несие және салық саясатында тәуелді. Қаржы-несие тетіктерін пайдалану, біздің ойымызша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: