Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Орап өлшеу көлемінің маңыздылығын бағалау 8-кестеден 61 (47(маңызды)+14/(өте маңызды))-ге тең. Тауарлардың тұтынушылар сұранысына сәйкестілігін өлшеу үшін, пайыздарда бейнеленген қанағаттану / маңыздылық қатынасын(Қ/М) пайдаланылады. Тұтынушылардың айранды орап өлшеу көлемімен қанағаттану деңгейі (77/61)*100%=126,2%.
Нарық белсенділігінің ең күрделі және қиын болжауданатын элементтерінің бірі –баға саясаты. Көпшілік жағдайда бәсекелестердің іс-қимылына негізделіп, шығарылатын өнімге баға эзгеріп отырады.
8-ші кестеден «Смак» компаниясы ең арзан, ал басқа компаниялар қымбат нарық сегментінде қызмет көрсететіні көрініп тұр. Ең бағалық бәсекелестер «Фуд мастер» және «Адал» болып табылады.
Бәсекелестердің тауарлық саясатын оқып үйрену тауарлардың ассортименті мен талдауды бейнелейді. Алматы қаласының нарығында көрсетілген сүт өңдейтін кәсіпорындардың негізгі өндірістік ассортиментіне мынадай дәстүрлі сүт тағамдарын жатқызады: айран, сүт, қайырлған сүт, ряженка, қаймақ, ванильмен және кішміш қосылған сүзбелік ірімшік, сүзбе, сары май.
«Адал» фирмасының ассортиментті саясатының ерекшелігі тек аталған өнімдерді өндірісі болып табылады, оның ішіне сүт пен айран 2,5% және 3.5% майлылығы, ал басқа зауыттардың бұл өнімдерді өндірісінің майлылығы 2,5% ғана, ал «Фуд мастер» зауыты қант диабеті ауруына шалдыққан адамдар үшін майсызданған айран шығаруды жүзеге асырады. Компания 0,9 литр және 0,450 литр көлемді полиэтиленді орама қолданалады. Қазірге сүт өнеркәсібінде республика бойынша лидер болып «Фуд Мастер» компаниясы болып табылады. Есік қаласында «Фуд Мастер» компаниясы үшін бірінші өңдейтін сүт зауыты модерзацияланған және өндіріске енгізілген.
Бірінші
уақытта кәсіпорын бүгінгі
8- кесте – Эталон – айранына қатысты өндіруші фирмалар айранының бәсеке қабілеттілігінің интегралды коэффициенттері
Qі | Фуд Мастер | Смак | Адал | Қайсар |
Qп | 114,29 | 1,75 | 34,95 | 3,08 |
Qэ | 111,72 | 2,71 | 3,49 | 3,5 |
К | 1,023 | 0,65 | 1,002 | 0,88 |
Бәсеке қабілеттіліктің интегралды көрсеткіштердің экономикалық мағынасы-шығынның бірлігіне тұтынушы К бірлік тиімді эффект алады дегенді білдіреді. Есептеу нәтижесі бойынша компаниялардың бәсеке қабілеттіліктің интегралдық коэффициенттері: “Фуд Мастер”-1,023, “Адал”-1,002, “Қайсар”-088, “Смак” – 0,65. Бәсеке қабілеттілік деңгейі бірден жоғары болса, К1 ол сапа деңгейі шығыннан жоғарылығын білдіріп, К1 тауар белгілі нарықта бәсеке қабілетсіз. Біздің мысалымызда “Фуд Мастер” компаниясының айраны бағалық көрсеткіштер жиынтығы бойынша эталондық үлгіге сәйкес келеді. Бірдей бәсеке қабілеттілігінде К бірге тең 5-кестеде сүт өнімдерінің “Фуд Мастер” компаниясының өнімдеріне салыстырмалы бәсеке қабілеттілік көрсеткіштері келтірілген.
Анкета
талдауы компаниямен зерттелген
сүт өнімдерінің бәсеке қабілеттілік
көрсеткіштерін бағалауға және олардың
тұтынушылар жағдайы есебімен қамтылу
факторларын айқындауға мүмкіндік береді.
9-кеcте – Өндіруші компаниялардың сүт өнімдерінің бәсеке қабілеттілік
коэффициенті
Өнім атауы | Фуд мастер | Смак | Адал | Қайсар |
Сүт | 0,96 | 0,99 | 1,05 | 0,9 |
Қаймақ | 0,97 | 0,98 | - | - |
Айран | 0,92 | 0,93 | 1,01 | 0,92 |
Ряженка | 0,92 | 0,90 | 0,98 | 0,88 |
Кілегей | 0,87 | - | 1,2 | 0,85 |
Сүзбе | 0,98 | 0,93 | 0,99 | 0,89 |
Сүт өнімдерін бәсеке қабілеттілік параметрлерінің мәнін анықтау және тұтынушылар қанағаттану талдауы респонденттер өнімнің табиғилығы, иісі, түсі, консистенциясы мен дәмдік қасиеттерін анықтайтын өнімнің майлылық критерийі көрсеткіштеріне сезімталдығын көрсетті.
Бәсеке қабілеттілікті жоғарылату “Смак” компаниясының даму стратегиясы болуы керек, тек сонда ғана ол сол нарықта қызмет етумен қатар өз жұмысын кеңейіп, нарықтағы үлесін жоғарылатады. Тауар бәсекестігі бағалық немесе сапа бойынша болуы мүмкін.
Тауардың сапасы мынадай параметрлер мен анықталынады:
Жүргізілген
талдау бойынша мынадай қорытынды
жасауға болады: компания әртүрлі көрсеткіштерге
ие. “Адал” компаниясының бәсеке артықшылығы
жоғары деңгейде тауардың сапасы, ол төменгі
деңгейде жарнама және өткізуді ынталандыру
болып табылады. Бәсеке артықшылықтың
біреуі болып, өнімде Алматы тұтынушылары
үшін қажетті йодты медициналық көрсеткіштің
болуы.
10-кесте – Қазақстанның сүт өнімдер нарығының бәсекелестік ортасы
Бәсеке қабілеттілік көрсеткіштері | Фуд Мастер | Адал | Агропродукт | Қайсар | Смак |
1.Ұсынылатын тауар-лардың ассортименті | 5 | 2 | 4 | 3 | 2 |
2.Тауардың сапасы | 5 | 5 | 3 | 3 | 4 |
3.Бағалар деңгейі | 2 | 3 | 5 | 4 | 4 |
4.Тұтынушылар мотивіне ассорти-менттің сәйкес келуі | 5 | 2 | 4 | 3 | 3 |
5.Жарнама және өткізуді ынталандыру | 5 | 4 | 2 | 1 | 1 |
6.Өнімнің қорабы | 5 | 3 | 3 | 2 | 2 |
Фирма
қызметінің профилі мен бәсекелестердің
позициясын зерттеу “Смак” компаниясының
қызметін тек бір атрибут бойынша жетілдіруге
болатынын көрсетеді. Ол бағаның жоғары
деңгейі. Сонымен қатар, оның мынадай көрсеткіштер
бойынша артықшылығы бар: тауар сапасы,
тұтынушылар талғамы мен мотивіне
ассортименттің сәйкес келуі, өнім ассортиментінің
кеңдігі мен әртүрлілігі. Негізгі бәсекелестердің
қызметін талдайық. “Қайсар” фирмасы
белгілі орташа көрсеткіштерді алады.
Барлық көрсеткіштер үш баллмен бағаланған,
тек қорабы және өткізуді ынталандыру
құралдары ғана төмен баллды қамтиды.
“Агропродукт” фирмасы өзінің бәсекелестерінен
айырмашылығы бар. Ол төменгі бағалар-бұл
олардың бәсекелестік артықшылығы, сонымен
бірге компания жеткілікті мөлшерде әртүрлі
ассортиментті қамтиды. Бұл фирма өнімінің
сапасы бойынша көбінесе ат қою, сондықтан
бұл өнімді пайдаланбайтын тұтынушылар
бар. Алайда, халықтың төменгі төлем қабілеттілігінен,
“Агропродукт” компаниясы Қазақстанда
белгілі.
3
Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру
жолдары
3.1
Кәсіпорында өнім сапасын
Қазақстанның БСҰ-ға өту мерзімі экономиканың тиімділігі мен сапасын арттыру мәселесі неғұрлым көкейкесті бола түсуде. БСҰ-ға мүше болу Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және ел ішіндегі бәсекелестік климатын күшейтуде маңызды роль атқаратыны анық. Сонымен қатар, Қазақстандық кәсіпорындарды олардың өнімдерінің сапасын стандарттау және басқару тұрғысында үйлестіру өте жауапты қызмет болып табылады. Стандарттау мен сертификаттау бұл өнім істеп шығару мен оның сапасы бойынша әлемдік тәжәрибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпорындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады.Қазақстанда өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отырады. Бұл министрлік 2005-2008 жылдары жергілікті рәсімдерін халықаралық нормаларға сәйкестендіруі тиіс. Өндірісті стандарттау мен сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриялдық дамуының негізі болып табылады.
«Қазақстан
Республикасының Индустриялдық-
Қазіргі
уақытта, осы айтылған іс-шараларды
Қазақстан Республикасының
Аталған қызметтер мәліметі бойынша, қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 12832 кәсіпорынның тек қана 116-сы ғана Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сапа басқару сертификатталған. Ендігі бар болғаны 94 кәсіпорын сапа жүйесін енгізуге дайындықтарын жалғастыруда. Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі комитет 13000 -нан астам халықаралық стандарттарға иелік етеді. Оның тек 288 -і, яғни 2,2 %-ы ғана отандық кәсіпорындар талабына сай келеді. Машина жасаумен айналысатын 1400 кәсіпорынның тек қана 14-і ИСО-9000 сериясының талаптарына сәйкес сапа жүйесімен сертификатталған. Бұл жағдай машина жасау саласының халықаралық бәсекеге жауап бере алмайтындығын көрсетеді. Қазақстанда құрылыс индустрияның құрылыс саласында қазіргі кезде 40 кәсіпорын сапа жүйесімен сертификатталған болып, бұл салада жағдай біршама дұрыс.
Елімізде 2007 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабыоданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әлемдік рынокқа шығуына жағдай жасау үшін өзіне стандарттау, сәйкестікті бағалау, акктедиттеу, сапаны басқару, мемлекеттік қадағалау мен бақылау жөніндегі жұмыстарды жетілдіруді қамтитын техникалық реттеу саласындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне Қазақстан Республикасының өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымына жағдай жасау болып табылады.
Осы бағдарламаға сәйкес отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндірісте сапа менеджменті жүйесінің болуына тікелей байланысты болады. Республикада қазіргі уақытта ИСО стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін шамамен 116 кәсіпорын ғана сертификаттады, олардың ішінде нақты секторда тек әрбір салада 3-4 тен ғана болады.
Сапа менеджменті жүйелерін енгізуге кәсіпорындардың қызығушылықтарының төмендігінің негізгі себептерінің бірі сапа саласындағы саясатын әлсіз насихаттау мен ғылыми-әдістемелік базаның болмауы еді. Таяу жылдарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сертификаттау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік қолдау қажет.