Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Кәсiпорынның
Нарықтық қатынастар жағдайында өнiм сапасы оның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң ең маңызды көрсеткiшi болып табылады. Сапасыз тауардың шығуы кәсiпорынға тура жоғалтуларды, өндiрiске қатыссыз шығындарды, қайта жөндеудi, материалдар мен шикiзаттарға деген шығындарды алып келедi.
Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi- тұтынушының нақты қажеттiлiктерiн қанағат тандыру дәрежесi және оны сатып алу мен атқару деңгейi бойынша өнiмнiң баламалы өнiмдерден айырмашылығы сипаттамаларының жиынтығы. Ал сапа- бәсекенiң ең маңызды көрсеткiшi, оның нақты реттеушiсi болып табылады. Сондықтан экономикалық әдебиеттерде тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi және оның экономикалық, техникалық жағынан басқа тауарлармен салыстырмалылығы жөнiнде өте көп қарастырылады. Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi нарықтың ерекше шарттарын қанағаттандыруға жол берумен, тұтынушылық (сапалы және санды) сипатпен анықталады. Бәсекеге қабiлеттi өнiмдер нарықта өте тез және жеңiл сатылады. Шын мәнiнде тауар қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейiнде тексеруге өтедi.Олар тұтынушылардың анықталған тобы арасында дәмi және артықшылылығы жөнiнен нарыққа шығарылады, сондықтан бәсекеқабiлеттiлiк деген түсiнiк әрқашанда нақты. Нарық жағдайында тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзiнiң ерекшелiгiнiң жиынтығы сатып алу мен сату актiсiнде көрiнедi. Мұндай ерекшелiктiң үйлесуi, өндiрушi мен тұтынушының мүдделерiнiң сақталуы негiзiнде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын,сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестiгiн бәсекенiң жарамдылығы деп атайды.
Өнiмнiң бәсекеге жарамдылығы
ерекше жағдайын
Сонымен, тауарға бәсекенiң жарамдылығын, оның сапалық және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсiнуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi және сатып алушы үшiн тиiмдiлiгi ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленедi.
Бәсекелестiкте жалпы 2 түсiнiктi бөлiп қарастыруға болады:
1.
«Кәсiпорынның
2. «Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi»
Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл кәсiпорынның қаржылық, өндiрiстiк және еңбек мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану шеберлiгi арқасында бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мүмкiншiлiгi.
Тауардың
бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл тұтынушылар
үшiн тиiмдi және тұтынушылардың нақты
қажеттiлiктерiн
Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгiн анықтау тәжiрибесi тауар ерекшелiктерiнiң жиынтығы, тұтыну бағасы бойынша және нақты қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейi бойынша тауар бәсекемен салыстырмалы талдауда негiзделедi.
Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiшi арқылы мөлшерлi болуы мүмкiн.
Осы маңызды көрсеткiштi анықтаудың бiрнеше әдiстерi белгiлi. Олардың ең көп таралуына байланысты тоқталып өтейiк:
Бiрiншi
әдiс. Техникаға бәсекенiң
Ш – бұл өнiмдi тұтынушылардың шығындары (оның барлық нормативтiк мерзiм iшiндегi қызметi).
Тұтынушылар үшiн барлық шығындар 2 негiзгi категорияға бөлiнедi. Бiрiншiден, бұл тұрақты шығындар ұзақ уақыт бойы өзiнiң мөлшерiн өзгертпейтiн, яғни, өнiмнiң сату бағасы. Орнатуға, монтаждауға кеткен шығындар және т.б. бiруакытта орындалады. Екiншiден, бұл ауыспалы шығындар өнiмдi пайдалану процесi кезiнде қалыптасады, сонымен бiрге пайдалану шығындары (энергия, шикiзат, жұмыс күшi ) ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету кезiнде iске асырылады.
Заңды тұлғалар үшiн ауыспалы шығындар көлемiн (Ип ) мына формуламен анықтаймыз:
Ип =
( ЗП+И рем +И мр + А +Ипр)Тн
Мұндағы: ЗП- қызмет етушi персоналдардың әлеуметтiк қажеттiлiкке аударымдар мен жылдық еңбекақысы
Ирем – ағымдағы жөндеу және қызмет көрсетуге кеткен жылдық шығындар.
Имр – отынға, энергияға, жанармай, майланатын және басқа да материалдарға кеткен жылдық шығын.
А – амортизацияның жылдық мөлшерi.
И пр – басқа да жылдық шығындар.
Тн – қызметтiң нормативтiк мерзiмi.
Өнiмдердiң ескiру мөлшерi бойынша ауыспалы шығындардың сомасы артады және тұтыну бағасында олардың үлесi кеңейедi. Осы қарама-қарсы тенденциялардың негiзiнде тұтынудың тиiмдi бағасы қалыптасады. Тұтыну бағасының бiрқалыпты қарқынмен тиiмдi деңгейге жету кезеңi өнiмнiң экономикалық ресурсы деп аталады. Осы әдiсте техникалық параметрлер бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтауда тiкелей қатыспайды, бiрақ барлығы жанама түрде ескерiледi (тұтыну және сату бағасында).
Екiншi әдiс. Тауардың бәсекеге
қабiлеттiлiгiн анықтағанда
Үшiншi әдiс. Бұл әдiс техникалық деңгейiн және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестiк тауарларды салыстыруға негiзделген. Бұл әдiске сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткiштерiнiң деңгейi және базалық үлгiлер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК = ККэ ККт ККс
Мұндағы: КК- тауар деңгейiнiң кешендi көрсеткiшi;
ККэ- эстетико-эргономикалық деңгейiнiң кешендi көрсеткiшi;
ККт- техникалық деңгейдiң кешендi көрсеткiшi;
ККс-
көрсеткiш кешенiнiң
Екiншi кезеңде бәсекеқабiлеттiлiк
көрсеткiште тауардың және
Пкi = КПi
/ Цi Пкб
= КПб
/ Цб
Мұндағы: Пкi, Пкб – тауар-эталон және үлгiнiң салыстырмалылығының
бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiшi;
КПi, КПб- тауар-эталон және сапа деңгейiнiң кешендi көрсеткiшiнiң салыстырмалы үлгiсi;
Цi, Цб- тауар-эталон және үлгiнiң сату бағасы.
Егер Пкi > Пкб болса, онда салыстырылатын тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары болады, егер Пкi < Пкб болса, онда төмен бәсекеқабiлеттiлiк болады, ал егер де Пкi = Пкб яғни тең болса, онда бәсекелестiк бiрдей болады. Бұл әдiстiң бiр кемшiлiгi салыстырылатын тауардың тұтыну бағасын емес, сату бағасын ескередi, яғни тауардың пайдалану кезiнде қаншалықты сапалы екенiн ескермейдi.
Төртiншi әдiс. Бұл әдiсте бәсекеқабiлеттiлiк деңгейi қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негiзде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды. Содан кейiн олардың әрқайсысының техникалық параметрi, индексi есептеледi, соның негiзiнде әр салыстырылған өнiм бойынша жинақталған параметрлер индексi (Imn) анықталады.
Imn n i=1Ii ai
Мұндағы: Ii = i техникалық параметрлердiң жеке-дара индексi.
а-i параметрлердiң салмағы.
Өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру механизмi iс-әрекеттiң жиынтық көрiнiс ретiнде оларды жүзеге асыратын бiрнеше тетiктерге тәуелдi. Бұл тетiктер өзiндiк сипаттамалары бойынша 4 топқа бөлiп қарастырады.
1) өнiм сапасын арттыру шаралары немесе кәсiпорынның сапа жүйесiн жетiлдiру.
2) өнiмнiң бағасын қалыптастыру немесе кәсiпорынның сапа жүйесiн жетiлдiру.
3) өнiмнiң тартымдылығын арттыру немесе кәсiпорынның маркетингтiк жүйесiн жетiлдiру.
4) өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету немесе өндiрiстi мемлекеттiк қолдау. Осы топтағы тетiктердi iске асырудың көптеген бағыт-бағдары мен жолдарын ашып көрсетуге болады (3 сурет )
Әлемдiк
тәжiрибеде бәсекелестiк негiзде
ел экономикасын көтеруге зор мән
берiледi. Қазiргi экономикалық дамуда қалыптасқан
заңдылықтар басқа елдермен қарым-қатынасты,
сауда-саттықты ұлғайтуды көздейдi. Бұл
елдiң iшкi ресурстарын ұтымды пайдалануға,
экономикасын көтеруге мүмкiндiк бередi
және өндiрiсте ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
өңдейтiн кәсiпорындар ашуға мүмкiндiк
туады, ауылда пайдаланылатын техникаға,
жанармайға сұраныс қалыптасады. Сондықтан
ауылдағы кәсiпкершiлiктiң бәсекелiк деңгейiн
көтеру үлкен мақсатты, үлкен талапты
қалыптастырады.
2 «Смак»
ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару
тиімділігін бағалау
2.1
Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау
«Смак» ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының бірігуінен бастаған болатын.